Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитеті Төрағасының
201_ жылғы “____” ___________
№ _______________ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Бұлшықет ішіне инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған 2.5 ХБ/1 доза ұнтақ еріткішімен (0.3% натрий хлориді ерітіндісі 0.5мл) және бір реттік шприцпен жиынтықта.
Құрамы Вакцинаның бір құтысының ішінде
белсенді зат – тазартылған және белсенділігі жойылған құтырма вирусының антигені 2.5 ХБ.
қосымша заттар:мальтоза моногидраты, адам альбумині.
еріткіштің құрамы: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы Ақ немесе дерлік ақ түсті лиофилизацияланған ұнтақ, мөлдір немесе сәл бозаңданатын ерітінді түзе отырып, еріткіште жеңіл ериді
Фармакотерапиялық тобы Вирустарға қарсы вакциналар. Құтырмаға қарсы вакциналар
Белсенділігі жойылған бүтін құтырма вирусы
АТХ коды J07BG01
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Қолданылмайды
Фармакодинамикасы Құтырма вирусының Pitman Moore штамынан Vero жасушаларында өсірілген антирабиялық вакцина β-пропиолактонмен тазартылған, белсенділігі жойылған, лиофилизацияланған, құтырма вирусына қарсы иммунитеттің өндірілуін индукциялайды.