Жағымсызәсерлері Жағымсыз құбылыстар жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000).
Жиі емес
ісік, ауыру, қызару, терінің қышынуы және инъекция орнының тітіркенуі
Емдеу-профилактикалық вакцинациясы курсын өткізу кезінде басқа препараттармен вакцинация жасауға тыйым салынады. Құтырмаға қарсы вакцинация аяқталған соң басқа вакциналармен егулер жүргізуге 2 ай өтуінен ерте рұқсат етілмейді.
Профилактикалық вакцинацияны басқа инфекциялық ауруларға қарсы вакцинациядан кейін 1 ай өтуінен ерте жүргізбейді.
Кортикостероидтар және иммуносупрессивтік ем вакцинацияға иммундық жауапты төмендетуі мүмкін.