Үстеу
Үстеу- заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайлары мен сынның белгісін білдіретін сөз табы.
Сұрақтары:қалай?,қашан?,қашаннан?, неліктен?,не себепті?, не мақсатпен?.
Ахмет Байтұрсынұлы: "Үстеу дейміз- сын есім, сан есім,есімдік,етістік сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздер. Ғалым 5-ке бөледі: нықтаулық,сынаулық,өлшеулік,мезгілдік,мекендік
Құрамына қарай: дара және күрделі
Дара: негізгі және туынды
Негізгі:жылдам, әрең,әрез,әлі, бұрын,ерте,кеш,қазір,дереу т.б
Туынды: 2 жасалу жолы бар
1.сөзжасам арқылы.
-ша, -ше бүгінше,әзірше,итше
-ғарі,-гері ішкері,тысқары
-шалық, -шелік осыншалық,мұншалық,соншалық
-дайлық мұндайлық, сондайлық
-шаң,-шең көйлекшең,етікшең
-лай,-лей осылай,былай,өмірдей
-лап, -леп аздап,көптеп,жетелеп
2.көлемдік септіктер арқылы адвербиалданып, көлемденіп,үстеуге көшкен сөздер бар.
Барыс септігі:босқа текке,бекерге.дейін,шейін шылаулар тіркесу арқылы
Жатыс септігі:түнде, мұнда,күнде,баяғды, қапыда, лезде
Шығыс септігі:шетінен, шалқасынан, етпетімен +бері, кейін
Күрделі үстеу 3 жолы бар:
Бірігу арқылы:бүгін,биыл, жаздыгүні,ендігәрі, бүрсікүні
Қосарлану арқылы:оқта-текте,бірте-бірте,емін-еркін
Тіркесу арқылы: емін еркін,алдын-ала, ала жаздай
Сын-қимыл- қимылдың жасалу тәсілін, сынын, бейнесін білдіреді. Қалай? Қалайша? Қайтіп? Кімше?
Өз ішінен: негізгі- тез, әрең, үнемі, дереу, еркін, оқыс.
Туынды- а) ша, -ше жұрнағы: адамша, балаша
-шаң,шең жұрнағы:көйлекшең,
-лай, -лей, -дай, -дей: жартылай, осылай
ә) көл.сеп арқылы бірге зорға, лезде, жаймен, ретімен т.б
Күрделі- біржола, жайбарақат, бостан-босқа, емін-еркін, бетпе-бет.
Күшейтпелі- заттың сындық қасиетін және қииылдың сапа мөлшерін, көлемін күшейтіп не солғындатып көрсетеді. Ең, тым, өте, аса, орасан, нағыз, әбден т.б
Мақсат- қимылдың болу мақсатын білдіреді. Не мақсатпен? (Әдейі, қасақана)
Себеп-салдар- қимылдың болып, болмау себебін білдіреді. Не себепті? Неліктен? (Босқа, амалсыздан, бекерге)
Топтау- қимылдың топтық сипатын білдіреді. Қаншадан? Нешеден?
Туынды- лап, леп- мыңдап, екілеп
Күрделі- қос арқ- топ-тобымен, қос-қостап.
Сөйлемдегі қызметі.
1)Негізгі қызм. Пысықтауыш- Кеше ерте келдім.
2)Сөйлем соңында жіктеліп баяндауыш- Іркітің де
сонда, төлің де сонда.
3)Атау септ. Субстантивтеніп бастауыш- Еріншектің ертеңі бітпес
4)З.е, сын е тіркесіп келіп анықтауыш- Біршама уақыт өтті.
5)Суб. Атау мен іліктен басқа сеп. тұрып толықтауыш- Ертеңінді ойла.