Құрамына тек бір элементтің атомдары ғана кіретін заттар. Күрделі заттар құрамына әртүрлі элементтер атомдары кіретін заттар



бет2/3
Дата08.12.2022
өлшемі26,88 Kb.
#56000
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ

Еселік қатынас заңы. 1803 жылы ағылшын ғалымы Д. Дальтон еселік қатынас заңын ашты. Ол былай аталады: егер екі элемент бір – бірімен бірнеше молекулалық қосылыс түзетін болса, онда бір элементтің белгілі бір тұрақты массасына келетін екінші элементтің массаларының өзара қатынасы кіші бүтін сандардың қатынасындай болады.
2. Моль – заттың мөлшерінің бірлігі, көміртегі-12 атомының 0,012 кг массасындағы атомдар санына тең, яғни 6,02× 10²³ .
Заттың мольдік массасы - бір мольдің мөлшерінде алынған заттың массасы.
Молярлық көлем - қалыпты жағдай кезінде заттың 1 молінің алатын көлемі
3. Авогадро тұрақтысы NA - кез келген жүйенің (N) бөлшектер санының жүйе заттарының мөлшеріне қатынасы n: N/n = NA моль-1 = 6,02×10²³ моль⁻¹.
Осыдан : 1) әртүрлі газдардың бірдей жағдайда (t,p) бірдей көлемдеріндегі молекулаларының саны бірдей болады; 2) Қалыпты жағдайда (қ.ж.) газдардың молярлық көлемі 22,4л/моль болады. Олай болса, 1 моль газдың қ.ж. көлемі 22,4л.
Заттың эквиваленті - 1 моль сутегі атомдарымен ( 0,5 моль оттегі атомдарымен) қосыла алатын не сондай сутегі (оттегі) атомдарының мөлшерін химиялық реакцияларда ығыстырып шығара алатын мөлшері.
ГАЗДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДАРЫ
Газдардың физикалық күйін үш параметр – көлем V, қысым – р, температура – Т (Т=273+ t) анықтайды. Қысым 1,013×10⁵ Па (760мм сынап бағ.), температура 273К не 0°С газ күйінің қалыпты жағдайы (қ.ж.): р₀, Т₀ , t₀, V₀ .
Бойль - Мариотт заңы. Тұрақты температурада газдың берілген массасының көлемі қысымға кері пропорционал өзгереді: V₁p₁ = V₂p₂ = …,Vpconst, V₁/ V₂ = p₁ /p₁.
Гей-Люссак заңы. Тұрақты қысымда газдың берілген массасының көлемі абсолютті температураға тура пропорционал өзгереді: V1/ V2 = T1/T2 Тұрақты көлемде: р₁/ р₂ = T₁/ T₂.
Менделеев-Клапейрон теңдеуі. Бойль-Мариот және Гей-Люссак заңдарын біріктіріп газ күйінің теңдеуін алады. V₁p₁/ T₁ = V₂p₂/ T₂ не V pT = V₀р₀/ T₀(егер күйлердің бірі қалыпты болса)
Кез келген газ үшін заттың 1 моль мөлшеріне V₀p₀ /T₀ тұрақты және бірдей, оны универсал газ тұрақтысы ® деп атайды, сонда V p = RT, ал n моль газ үшін Vp = nRT Vp = nRT. Сонда Vp = mRT/ M - Менделеев-Клапейрон теңдеуі. R – мәні көлем мен қысым өлшем бірлігіне байланысты болады.
Есептерде көбінесе мына мәндер алынады: 22,4 л; 273К, 8,31 Дж×моль⁻¹×К⁻¹.
Газ не бу тәріздес заттардың молярлық массаларын олардың молярлық көлемін және тығыздығын пайдаланып та есептеуге болады.
D = M₁/ M₂. DH₂ = 18,8 / 2 = 9,4; Dауа = 18,8 / 29 = 0,65.
4. Жай (металл, бейметалл) және күрделі (оксид, қышқыл, негіз, тұз) заттардың барлығының өзара байланысы генетикалық байланыс деп аталады.
Енді осы генетикалық байланыстарды тұздарды алудың мысалы
1. Кейбір металдар мен бейметалдар езара әрекеттесіп (синтез әдісі) тұз түзеді:
Fe + S = FeS
2. Негіздік оксидтер мен қышқылдық оксидтердің өзара әрекеттесуі де тұз береді.
СаО + СО2= СаСО3
3. Қышқыл мен негіздік оксидтің әрекеттесуінен де тұз түзіледі.
MgO + H24= MgSО4+ H2O
4. Негізбен қышқылдық оксидтердің әрекеттесуі де тұз тудырады.
ЗСа(ОН)2+ Р2О5= Са3(РО4)2+ ЗН2О


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет