3. Мезгіл бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде айтылған істің мезгілінбілдіретін құрмаластың түрі мезгіл бағыныңқы сабақтас деп аталады.
Мезгіл бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтасабайланысады. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңары қашан, қашанға дейін, қашаннан бері, қай кезде?деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл бағыныңқысабақтастыңбағыныңқысыңарыныңбаяндауышытөмендегідей жолдармен байланысады:
1) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке -ша/ше жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы:Жиналыс аяқталғанша (қашан?),тізім жасалып та болды.
2) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке жатыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Бір күні Құрмаш Көксерекке ас беріп тұрғанда (қашан?), қара ала төбет Көксерекке ұмтылды.
3) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістіккесоң, кейін, сайын, бері, шейін септеулік шылауларыныңқатысуы арқылы жасалады.Мысалы: Күшік ауылға келген соң (қашан?), екі күннен кейін көзін ашты.
4) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістіккекезде, шақта, уақыттамезгіл мәнді көмекші сөздердің тіркесуі арқылыжасалады. Мысалы: Әбден қас қараюға айналған уақытта (қашан?) Көксерек жалғыз өзі ауылға келді.
5) -ғалы/гелі, -қалы/келі көсемше тұлғалы етістік арқылы жасалады. Мысалы: Жазғы демалысқа шыққалы (қашаннан бері?), тек дене еңбегімен айналысып жүр.
6) -са/се шартты райдың жұрнағы және -ысымен/ісімен деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Ұлпа уәделі жергекелсе (қашан?), аттың ізі бар да, жігіт пен ат жоқ. Қысбасталысымен (қашан?),Ораз да аңға шығуға дайындалады.