Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағынабайланысқанқұрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас деп аталады



бет10/10
Дата06.01.2022
өлшемі118 Kb.
#11789
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Сабақтас құрмалас, жасалу жолдары, түрлері, тыныс белгісі. Аралас құрмалас сөйлем, тыныс белгісі

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқысыңарының баяндауышыныңжасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі

р/с

Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы

Баяндауышының тұлғалық белгісі

Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар




Көсемше

-ып/іп, -п

Қалай? Қайтіп?




Есімше

-дай/дей болып, күйі, қалпында

Қалай?




Есімше

-ма/ме, ба/бе, па/пе+ -с+-тан/тен

Қалай?

Мақсат бағыныңқы сабақтас.Құрамындағы жай сөйлемдердіңбағыныңқысы басыңқыдағы істің, қимылдың мақсатынбілдіретін құрмаластың түрімақсат бағыныңқы сабақтасдеп аталады. Мысалы:Жалпақ ел жауабын өз аузынан айтпақ болып (не етпек болып?), ұлыққа таң атпай келіп еді.

Мақсат бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарларына не үшін, не мақсатпен, не деп, неге? сұрақтары қойылады.

Мақсат бағыныңқы сабақтастың бағыныңқысыңарының баяндауыштары төмендегідей жолмен жасалады:

1. -мақ/мек, -бақ/бек, -пақ/пекмақсатты келер шақ етістікке болыпкөмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Ергештің жаман әдетін қойғызбақ болып (не мақсатпен?), балар әр түрлі амал істеген-ді.



2. Тұйық етістік пен үшін септеулік шылауының тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Аянның ертегісін тыңдау үшін (не үшін?), ауыл балалары күнде кешкісін Бапай шалдың үйінің іргесіне жиналамыз.

3. Болжалды келер шақ есімшенің болымсыз түріне үшін септеулік шылауының тіркесуі арқылы жасалады.Серіктері танып қалмас үшін(не үшін?), бет-аузын орамалмен таңып алыпты.

4. Қалау және бұйрық райдың ІІІ жағынан кейін деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы:Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп,(не деп?) атының аяғына киіз орап тастады.

Мақсат бағыныңқысабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқысыңарының баяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі

р/с

Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы

Баяндауышының тұлғалық белгісі

Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар




Мақсатты келер шақ етістік

-мақ/мек, -бақ/бек, -пақ/пек және болып

Не мақсатпен?




Тұйық етістік

-у және үшін

Не үшін?




Болжалды келер шақ есімше

-ма/ме, -ба/бе, -па/пе+ -с және үшін

Не үшін? Неге??




Қалау және бұйрық рай

-айын/ейін, -сын/сін және деп

 

 

Аралас құрмалас сөйлем.Құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріменсалаласып та, сабақтасып та байланысатын құрмаластың түріаралас құрмалас сөйлемдеп аталады. Аралас құрмалас сөйлемніңқұрамында кем дегенде үш жай сөйлем болады. Аралас құрмаластағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады: 1) ешбір жалғаулық шылаусыз іргелестұру арқылы; 2) жалғаулық шылаулар арқылы. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің – бағыныңқы, басыңқы сыңарларының орын тәртібі әр түрлі болады. Мысалы: Көктем шығып, күн жылынды, бірақ таудағы қар әлі еріген жоқ.Құрылысы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.

Күшік бауырын көтеріп, өздігінен тырбанып жүруге айналған соң, ас ішетін арнайы асқұйғыш дайындалды, жетектеп жүру үшін мойнына жіп тағылды. Құрылысы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.

Толқындай теңселген шалғынның ішіне кірсең, оның гүлге бөленген тереңіне сүңгігің келеді, жұпар иісті жасыл желегін жастанып, жаныңды жайландыра жатқың келеді. Құрылысы: бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы



Моп-момақан боп тұнып тұрған Есілдің суы қабықтай қалқытып ала жөнелгенде, сен малтымпаз болмасаң, суға кеттім деп үрейленесің, бірақ Есілдің суында тек аяғың мен қолыңды қимылдатсаң болғаны, Есіл сені көтеріп ала жөнеледі. Құрылысы: бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет