Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы бағыныңқы мен басыңқысөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай алты түрге бөлінеді: 1) шартты бағыныңқы; 2) қарсылықты бағыныңқы; 3) себепбағыныңқы; 4) мезгіл бағыныңқы; 5) қимыл-сын бағыныңқы; 6) мақсатбағыныңқы.
1. Шартты бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдерінің біріншісі екіншісіндегі істің орындалу не орындалмау шартын білдіретін құрмаластың түрі шартты бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Шартты бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдердіңбағыныңқысыңарының баяндауышы тиянақсыз болып, сабақтаса байланысады. Шартты бағыныңқысабақтас сөйлемнің сыңарларыныңарасына үтірқойылады.
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқысыңарының баяндауышыныңжасалу жолдары:
1) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің -са, -се шартты рай тұлғасынанболады. Мысалы: Айтқан сөзің дұрыс болса, қалғанын өздері түсіне жатар.
2) көсемше тұлғалы етістіктің -ма+й, -ме+й немесе -майынша/мейінше,
Байынша/бейінше, -пайынша/ пейінше жұрнақтарынан болады. Мысалы: Бұл оқиға дәл осы күндердің өзінде тыным алмай, ұзын құлақ арқылы тамам Тобықтыны шарлап шықты. Шындықтың бетін ашпайынша,жарғақ құлағы жастыққа тимеді.
3) жатыс септігіндегі өткен шақтық есімшеден болады. Мысалы: Мылтығын алып шықпағанда, азулы қасқырдан құтылуы екіталай еді.
Достарыңызбен бөлісу: |