Ұранқай үйлерімен ғана көшкен. Ас-су, қазан-аяқ қорада. Екі ауылдың арасы қозы көш жер


Әлиманың қадірі, әсіресе перзент көтеріп, ауыл ағасының



бет3/5
Дата27.11.2023
өлшемі23,3 Kb.
#130090
1   2   3   4   5
Әлиманың қадірі, әсіресе перзент көтеріп, ауыл ағасының
өзегін өртеген өмір бойғы зар-күйігін іңгәлаған бала
дауысымен тарқатқаннан беріде өзгеше арта түседі. 1862
жылы туып, ақсақалы төртінші мүшеліне тақаған шағында
сүйген тұңғышының есімі - Қазиза. Екі жылдан соң Әлима
тағы да перзент көтереді. Жасы қырық тоғызға шыққанда
төртінші мүшелінде зарығып та, сағынып та көрген үлына
Имекең ерекше қуанып, ат жарыстырып, палуан күрестіріп,
той жасаған деседі.
Қасиетті Құран кітабын қолына ұстап отырып, азан
айтып, аузы дуалы Құрмантай абыздың нәрестеге еншілеген
есімі - Ғабдулғазиз, арабшадан аударғанда Ғабділ - құл,
Ғазиз - адал деген үғымның баламасы, демек, ол адамның
емес, Алланың адал құлы болуға тиіс. Алайда адам баласы
долбарлайды, ал жазмыш өзінше жасайдының кері болды.
Имантай шаңырағына мол қуаныш әкелген сәби анасының
сол сәтте аузына оралған Бөкеш деген байырғы қазақы
есіммен ауыл-аймағына танылды. Тек ресми құжаттарына
азан аты қысқарып, Fазиз деп жазылмақ.
Әлиманың алғашқы күйеуі Қанафия марқүм өкпесін
дендеген құрт ауруынан опат болған. Құдай қосқан жарына
марқұмның қалдырып кеткен «мүрасы» да - кеуде дерті.
Сол дерт байғүс әйелді жаңа жүртында да босатпай, балалы
болып, бағы жанып, қадірі артқан сайын бойын меңдеп,
шыр айналдырып баққан. Әсіресе, биылғы қыс. Бір күн
сау болған жоқ, ыңқыл-сыңқылы көбейіп, көш-қонды,
жол тауқыметін көтере алмайтын дәрменсіз халге жеткен.
Оның үстіне, байғүс әйелдің аяғы ауыр, босанатын мезгілі
таяу-ды. Сол мезет жақындаған сайын қажыға қарасты екі
ауыл жүкті ананың қасына кексе әйелдерден күтуші қойып
шыдамсыздана тосуда…
Көкек айының туарына бір тәулік қалғанда ақ түйенің
қарны ақтарылды. Әлима үл туды.
Бұл жолы да Құрмантай абызға жаушы жіберіледі. Бұл жолы да Құрмантай абызға жаушы жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет