Ұранқай үйлерімен ғана көшкен. Ас-су, қазан-аяқ қорада. Екі ауылдың арасы қозы көш жер


Жайлауға ұзап кеткен жолынан батагөй қарт кейін қайтады



бет4/5
Дата27.11.2023
өлшемі23,3 Kb.
#130090
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қаныш Сәтбаев роман-эссе (копия)

Жайлауға ұзап кеткен жолынан батагөй қарт кейін қайтады.
Екі ауылдың үлкен-кішісі Имантай бидің қонақүйіне
жиналып, алқа-қотан отырады. Енесін арда емген жабағының
астау толы еті желінгеннен кейін дастарқанға бата жасалады.
Иісі қаржастың үлкені саналып, дүйім ел қадір түтатын
Құрмантай ақсақалдың (Бұқар жырау Қалқаманұлының
ақындығы дарыған, XIX ғасырдағы Құреке аталған үрпағы)
алдына құндақтаулы нәресте келтіріледі.
- Қадірменді Имеке, - дейді абыз ауыл иесіне қарап,
мына балаңды ел билейтін бек, иә болыс, мырза, әлқисса ба-
тыр деген балама есімге байламаймын. Мүның да есімін ат
ұстар үлкенің Ғабдулғазизге ұқсатып Ғабдул қоямын. Тәу-
бешіл көңілің разы болғай, жадағай-жабы құл емес, еңсесі
биік һәм мәртебелі құл атансын деген үмітпен Ғабдулғани
атаймын… - Қарт абыз нәрестенің үлбіреген бетін ашып,
ашық маңдайын еміне иіскеп, құлағына тақай түсіп, - Ей,
бейкүнә балақан, бұдан былай сенің есімің Ғабдулғани, Ғаб-
дулғани, Ғабдулғани болады! - деп үш мәрте қайталап, дүға
оқып, рәсімді батасын жасап, бетін сипады.
Нәресте қыбыр еткен жоқ. Өзі үшін өзгеше оқиғаны
сезбеген, маужыраған қалпы Нұрым шешесінің алдына
қайтарылды.
Өз шаңырағындағы осы оқиғаны Имантай би Құран кітабы-
ның қалың мұқабасының ашық жеріне: «Доңыз жылында,
жаңа есеппен 1899 жылы наурыз айында, яки марттың
31-жұлдызында мейірімі мол Жаппар Жаратушы Имантай
есімді құлына цл сыйлады. Есімін Қасиетті кітаптан қарап,
Ғабдулғани қойдық», - деп төптіштеп жазып қойыпты.
Есімге ие болған, балақан өз анасының қасына апарыла-
ды. Алды-артына тау ғып үйілген қүс жастықтардың қымта-
уында, үлкенді-кішілі абысындарының қоршауында отырған
бақытты Әлима кішкене бөбегін мейірлене иіскеп: «Мәр-
тебелі құл деді ме абыз ата? - деп қайыра сұрайды да, кенет
ойнақы қылықпен жымиып, басын шайқайды. - Жоқ, Би-
атаның перзенті ешкімге құл болмайды, иә, иә, құлдың мәртебесі
биік еңселісі де… Ең абзалы, бұл шіркінді Ғани дейміз. Қысқа


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет