Сәтбайдан екі ауыл тарайды.Алғашқысы - қажының
қарашаңырағы орнаған Обалы биігінің іргесіндегі Үлкен
ауыл; екіншісі - Қарамұрын дөңінің түстік етегіндегі Кіші
ауыл - Имантайға қарасты екі-үш үй. Екі ауылдың арасы
қозы көш жер. Ортада шалғыны белуардан келетін кең өлке
жатыр, оны қақ жарып, Айырық
атты жіңішке өзен ағады.
Айырықтың теріскей жағасына Имантай ауылы шаңырақ
көтергенде небәрі екі түтін еді - Имантайдың отау үйі мен
аталас ағайын Қасеннің отбасы. Бертінде бұларға тағы да екі
үй қосылды. Айналасы бес-алты жылда жатаған қырқаның
етегі өріске шығарар қараң-құраңы едәуір көрікті мекенжай
болып бой көтерді. Бүгінде Кіші ауылдың түтіні бұрынғыдан
да жоғары. Екі ауылдың үлкен-кішісінен бір жан Имантайға:
«Би-аға, мұның не? Топырақ қауып ескі қыстауда қашанғы
отырамыз?» дей алмайды. Қайсысы болсын, алдына шақыр-
са - бидің қабағын бағып, не айтасыз дегендей қол қусырып
қарап тұрады… Иә, бүл күнде ол - Сәтбай қажыдан тарайтын
екі ауылдың көшбасшысы, көш-қоны ғана емес, өзге жөніне
де билік айтатын бірегей басшысы. Әлбетте, Имантай бидің
қадірі өзіне қарасты екі ауылмен ғана шектелмейді, оның
бір ауыз сәлемін ат шаптырым төңіректегі қаржас, бабас,
атығайда, бүкіл Ақкелін болысында екі айтқызбай орындау -
соңғы он-он бес жылда бұлжымас рәсімге айналған өнеге. Сөйте түра ол кеудесін кернеген өксіктен құралақан емес-
ті. Иә, Имантайдың өмірдегі зор өкініштерінің бірі - бала зары. Бәйбішесі Нұрым Тасболатқызына ол алпысыншы
жылдары үйленген. Содан бері отыз жыл өтті. Жастай
қосылған жарына өкпесі жоқ, өмірдің небір қызық, бақуатты
кезеңдерін жарастықпен өткізіп келеді. Тағдырдың қатал жазасына не шара, ертеректе көрген Күнше есімді қыз бала ғүмырлы болмады, жүгіріп жүргенде дүниеден өтті. Ал бала
зары жасы ұлғайған сайын зорайып, жүрегін сыздатады…
…Шарасыз жағдайды жүрек ділімен түсінген Кіші
ауылдың бәйбішесі төсек күндес жанды алты шақырым жердегі жақын ағайын Шорман ауылынан таңдайды: ол болса
-
күйеуі Қанафия (Қашапеддин) Мұстафаұлы жастай өліп,
жесір қалған Әлима, имандылығымен елге танылған Иса
қажының қызы еді…