айқын аңғарар едік. Тұжырып айтсақ, алғашқы тұста профессор
Х.Бекхожиннен дәріс тыңдап, Алаш арыстары мұрасымен жіті танысуы,
академик Р.Нұрғалидің бағыттауымен нақты туындыларын оқуы,
Х.Оралтайдан азаттық-бостандық маңызын терең түсінуі, сөз жоқ
Т.Жұртбайдың азамат ретінде қалыптасуымен қатар, ұлтқа қызмет ету
жолын, тарихтан тағылым алуды, алашшыл азаматтардың асыл мұраты мен
еңбектеріндегі ел-жер, руханият төңірегіндегі ізденіс, көзқарастарын өмірлік
ұстаным етуі – кеше мен бүгін байланысын, қазіргі кезеңнің шындығын
айқын көрсетеді.Ұлт мұраты мен руханиятына шынайы қызмет етуін еселеп
арттырады.
«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар
мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.
Астана.11-12 қараша, 2011 жыл
Т.Жұртбайдың «Сүре сөз» атты публицистикалық еңбегі тәуелсіздік
кезеңінің күнгейі мен көлеңкелі тұстары, елдік мұрат-мүдде жайындағы
танымал тұлғалардың жанкешті әрекет-қимылдары, ұлт тарихы мен
тағылымы төңірегіндегі ойлар мен толғаныстар жиынтығынан тұрады
(Алматы: Экономика, 2005.- 400 бет).
Кітаптың тұтас табиғатынан елдік мұрат-мүдде мен руханият мәселелері,
қоғамдық орта мен әлеуметтік арналар, әдеби-мәдени мұра мен білім-ғылым
ісі, тәлім-тәрбие тағылымдары терең танылады. Бұдан басқа, атап айтқанда
ұлттық идея мен мәңгілік ел жайлы толғам-толғаныстар, көне кезең
жәдігерлерінің сыры мен сымбаты, зар заман ағымы мен көркем ойлау
жүйесі, Алаш идеясы мен Желтоқсан қозғалысының мәні, Александрия
кітапханысының тарихы мен тәжірибесі, «Отырар кітапханасын» құру мен
оның бастапқы һәм қазіргі халі, Абай әлемінің иірім-сырлары т.с.с. елдік
тұрғыдан қозғалып, адамдық һәм азаматтық парыз-қарыз биігінде сөз етіледі.
Ақиқаты сол, кітап авторы аталған тақырыптардың қай-қайсысында
көңіл көрігінде қорытып, ақыл-парасат таразысына тартып, одан кейін
түйінді тұстарын, ұлт пен ұрпаққа, ел-жерге қатысты мәселелерін
тамыршыдай тап басып көрсетеді. Мәселен, «Мәңгілік аңсар» ─
көшпелілердің рухани кеңістігі, қасиет болмысы, ұлт пен ұрпаққа аманаты
төңірегінде ой қозғаса, «Ойсоқты аңсар» зар заман ағымы мен көркем ойлау
жүйесінің тарихи тамырларынан сыр тартады.
Ал, «Александрия кітапханасы» мен «Кеудесі қуыс қалған далам-ай»
сынды мақала-зерттеулер ұлт руханияты, ел тарихы мен оның қымбат
қазыналары хақында сөз етсе, «Ұлттық идея», «Ұлтымыздың» рухани
ұйытқысы, «Тәуелді-тәуелсіздік», «Несіне жетісеміз», «Теріс тұжырымдар»,
«Оларды да ұмытпайық», «Жас жүрек жайып саусағын» т.с.с.кеше мен бүгін
мәселесі, тарих пен таным, тіл мен дін төңірегіндегі өзекті ойлар, саралы да
сүрелі сөз жүйелері кең орын алады. Асылы, «Сүре сөз» - ұлт руханиятының
арғы-бергі кезеңдерінен сыр тартып, бүгін мен болашақтың биігінен келелі
де кемел ойлар қозғайды. Тарих пен танымның тағылымды тұстарын
басшылыққа алған, оны өмір һәм шығармашылық тәжірибемен табиғи
сабақтастықта берік ұштайды. Жазушы еңбегі мен шығармашылық үдеріс,
авторлық ұстаным мен қолтаңба мәнері, зерттеу мен зерделеу жүйесі бейнелі
де бедерлі, еркін де терең көрініс береді. Кеше мен бүгінге көзқарас айқын.
Ұлт пен ұрпақ қамы, елдік мүдде һәм руханият ісі алдыңғы кезектен орын
алады. Оны айту мен жеткізу жолдары жеңіл, жүйелі, байыпты баяндалады.
Әсіресе, аталмыш кітап беттерінен кең орын алған: «Ғаламдық сана мен
ойлау жүйесінің мәні»/ 9 бет/, «Көркем ой-сананың сүзбесі»/ 116 бет/,
«Рухани тәуелсіздікке жетпеген ұлт – мәңгілік басы байлы ұлт болып қала
береді»/120 бет/ , «Әлемдік өркениетке таза ұлттық рухымызбен үлес
қосайық»/123 бет/, «Идея-мәңгілік,идеология-өтпелі» /134 бет/, «Жаны
жаншылып,рухы езілген елдің ұлы мұратын анықтап берген, қызыл
«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар
мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.
Астана.11-12 қараша, 2011 жыл
қырғыннан сақтандырған «Алаш» көсемдерін патшалық самодержавие
тұтқындап, жер аударып,әйтеуір жанын олжаға қалдырып еді»/ 286 бет/ т.т.
ой-пікір үзіктерінен, көзқарас пен қолтаңба бедерінен елшіл-қоғамшыл
белгілер, ортақ мұраттар, ұлттық рух пен руханият ісінің өзекті мәселелері
айқын аңғарылады. Демек, Т.Жұртбай шығармашылығындағы көсемсөздері:
– елдік мұраттарды тереңнен толғайды
– тарих пен танымның байланыс-бірлігіне ерекше мән береді
– руханият ісіндегі дәстүр мен жаңашылдыққа,әдеби-мәдени үдерістерге,
көркемдік-эстетикалық құндылықтарға ұлттық мұраттар тұрғысынан қарап,
қазіргі кезеңнің шындықтары мен талап-тілектері, әлемдік даму мен өркениет
өрістері басты назарда тұрады..
Ұстаз-ғалым, қаламгер Т.Жұртбайдың БАҚ жүйесінде, дөңгелек үстел,
телеарна, пікірталас пен сұхбаттар тұсында сөйлеген сөздерінде ұлт мұраты
мен тарихы, Алаш идеясы мен оның танымал тұлғаларының тағдыр-талайы,
таным мен тіл, дін мен діл т.с.с. кең орын алады. Айталық., «Ар ілімі – өз
жүрегіңе ұйыған иманың...» атты сұхбатында («Алтын Орда», 2011, 27
қаңтар-2 ақпан) ұлт мұраты мен руханият ісі, Алаш идеясы мен оның
қайраткерлерінің өмір- кезеңі, қоғамдық қызметі мен шығармашылық
мұрасы, білім-ғылым жүйесі, тарих пен таным тоғысы, дін мен діл сипаттары
кеңінен сөз етіледі. Әсіресе, Құнанбай мен Абай әлемі, М.Әуезов пен
Қ.Мұхаметханов байланысы, Қ.Бекхожин мен Р.Нұрғали т.б. әсер-ықпалы
руханият ісі төңірегінде кең өріс алса, ар-иман мәселесі Шәкәрім
шығармашылығы аясында байыпты баяндалады. Алланы танудың ғылыми-
танымдық арналары – «Шариғат», «Тариқат», «Мағрифат», «Ақиқат» арқылы
көрсетілсе, білім-ғылым жүйесі – Шәкәрімнің ар ілім төңірегінде кең көлемде
қозғалады. Абай мен Шәкәрімнің білім-ғылым, дін-иманға қатысты
көзқарастары үлгі-өнеге етіледі.
Ал, Алаш идеясы бес түрлі мақсат-мұраттар төңірегінде топтасқаны
(мысалы, жер мен оның асты-үстіндегі байлық, тіл мен дін, діл мен дәстүр)
алуан мысал-деректер негізінде кеңінен көрсетіледі. Сұхбат сырына еркін
енетін болсақ, онда Т.Жұртбайдың жекелеген ой-пікірлерінің негізі барын
аңғару қиын емес: «Ар ілімі дегеніміз – иман, эстетиканың және көркем
ойлау жүйесінің негізі. Мұның барлық жолы шариғат, мағрифат арқылы
ашылуы керек...
...Дүниені қабылдайтын адамды екіге бөліп қараймын. Біреуі пейілдің,
біреуі пиғылдың адамдары деп. Пиғыл жүрген жерде шайтан өрмек салады.
Біреуге сүрініп кетсе де, жамандық ойлаған жауың болса да, «әттеген-ай»
деп, соған жаны ашып немесе демеуге тырысқан адамды ақ ниетті, ақ
жүректі деп атайды. Екінші, пиғылға жеңгізгендер – қараниеттілер. Мысалы,
адам сүрінсе, неге қатты сүрініп кетпеді немесе біреу бір жағдайға түсіп
қалса, өзіне соны мазақ қылып, рахат табу пиғылды танытады. Онда қанша
білімді болса да, Ар ілімі оның бойына қонбаған.
«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар
мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.
Астана.11-12 қараша, 2011 жыл
...Құран сөзі мен хадис сөзін жәдиттік көзқараспен қабылдаумыз керек.
Әйтпесе, бұл діннің толық қасиетін бойға сіңіре алмаймыз. Иман жүрекке би.
Өкінішке орай, осы бағыттағы уағыздар толыққанды жүргізілмейді деп
айтуға болады. Мықты адам - өзінің пиғылын жеңген адам. Сондықтан,
біздің қоғамның арын жаппай тазартуымыз керек.
...Тәуелсіздік дегеніміздің өзі – адамның санасына ой еркіндігімен енген
дүние. Ой еркіндігі жоқ адам жеке тұлға болып қалыптаса алмайды. Осы
сәби сананы ұлттық жүйеге, қоғамға, саясатқа т.б. орайластыра пайдалануға
болады. Негізі жоқ идеология ешқашан үгіт-насихатпен іске аспайды. Мықты
ұлттық идеология бір тамырға бекуі тиіс».
Бұдан шығатын түйін: ұлт мұраты, адам әлемі, өмір мәні, қоғамдық
құбылыстар, уақыт сыры т.с.с. өзіндік өзгешіліктері бола тұра адамзаттық
құндылықтарымен маңызды болып табылады. Ар ілімі, ақыл-парасат
еркіндігі, адами-имани мұраттар алдыға шыққанда – өмір жолы ашылып,
дүние сыры айқындалып, ақиқатқа құштарлық арта түседі. Өмір мұраты мен
мәні бұрынғыдан да бедерленіп, адалдық, әділеттілік, еңбексүйгіштік сынды
белгі-ерекшеліктер айқын көрініс береді. Адам мұраты, өмір өнегесі мен
еңбек баяны осыған саяды. Адам мұраты, өмір мәні де осында болса керек.
Бұдан басқа, профессор Т. Жұртбайдың ұлттық тұғыр – тәуелсіздік
туралы өзіндік таным-түсінігі бар:
«– Қазақ тәуелсіздік алар тұста қоғамдық құрылым үш топқа бөлініп
тұрды. Біріншісі – еліміздің тәуелсіз болғанына жан-тәнімен қарсы және
ұлттық идеяның жандануына түршіге қарайтын, кеңестік империяға көзсіз
беріліп, алаңсыз қызмет еткен, өзі һәм бала-шағасы құлдықтың игілігін әбден
көрген қазақтар. Бұлардың көбі мемлекеттік тұтқада болғандар. Бір қызығы
бұл топтың үрім-бұтақтары әлі де мемлекеттің биік орындықтарында мығым
отыр. Қазанның құлағы қолдарында, қоғамды қалай бұрғысы келеді, солай
бағыттайды.
Екінші топ – қазақ зиялылары. Соның ішінде – қоғамтану саласындағы
белсенді зиялылар. Соның ішінде – Жазушылар одағы. Өйткені, тәуелсіздік
идеясын қаламгерлер көтере білді, және соны дәріптеді, жол көрсетті.
Жазушылардың сол екпіні 2000 жылға дейін ентікпей келді. Қазірдің өзінде
нағыз Алаш идеясы сіңген кейбір қайраткерлер белсенділігін жоғалтқан жоқ.
Үшінші топ – тәуелсіздікке немкетті қараған, терең түсінбеген, яғни
ойына кіріп-шықпағандар. Жаңа заманда алып-сатарлықпен бетпе-бет келіп,
бірден дүние қуып кеткендер. Бұлардың қалталары да, беттері де қалың,
жүрек қатпарына ыстық қан жүгірмеген, суық. Қай мемлекетте өмір сүрсе де
бәрібір, ақша тапса болды, алдына келгенді қарпып қалғаннан өзге мақсат
жоқ. Ессіз аш көздер. Ол әдеті өлсе де өзгермейді. Өйткені, олардың тұтыну
қабілеті ерекше жетілген. Аран мен тәбеттен басқа ештеңе жоқ. Қазір
бұлардың дәурені де жүріп тұр.
«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар
мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.
Астана.11-12 қараша, 2011 жыл
Міне, біз тәуелсіздікке осындай бір-біріне үйлеспейтін мүдделер мен
пиғылдар тоғысқан түрде келдік « (Жалған ғылым қазақтың миын шырмап,
шайтани өрмек салып жатыр.( Намыс. КZ, 2010,№ 5. 9-бет ).
Ал, тәуелсіздік мұраты хақында төмендегіше ой түзіп, түйін түйеді:
« – Қазақтың бүкіл өмірі ерліктен тұрады. Соның бәрі тәуелсіздік
жолында жасалды. Айталық, қазақтың алдағы жолын айқындап, көсегесін
көгертпек мақсатпен бас біріктірген Алаш зиялылары, беріде атайлоп алаңға
шыққан қазақ жастары өздерінің атақ-абыройын арттыру мақсатында алаңға
шыққан жок. Олар туған-туысының, ағайынының жағдайын ойлап емес, ең
алдымен елдің болашағына алаңдады. Соққыға да жығылды, түрмеге де
жабылды, қудаланды. Міне, сол ерліктердің ешбірі ұмытылмауы керек.
Қазіргі күні қазақ Тәуелсіздіктің туын желбіретіп отырса, ол сол кездегі
жалынды жастардың арқасы. Дәл қазір өткен жолы мен бұлтарыстары көп
бұрмаланған тарихымызды басқа қырынан танитын кез келді. Ұлтжандылық
– ұлы ұғым. Өз басым бүгінгі жастардың бойынан халқының тарихын танып
білуге деген құлшынысты көргім келеді « // Дала мен қала. 2011, 6 маусым//.
Тұтастай алғанда, ғалым-қаламгер Т.Жұртбай шығармашылығында:
– елдік мұраттар арқау етілген;
– тарих пен танымға табан тіреген;
– атамұраға адалдық танытқан;
– Алаш идеясы мен оның қайраткер-қаламгерлерінің өмірі мен кезеңі,
мұра-мирастар өмір шындығы, уақыт бедері тұрғысынан таразыланады;
– кеше мен бүгін байланысы, зерттеу мен зерделеудің тағылымды
тұстары кең орын алады. Нәтижесінде: өмірі мен өнерін, зерттеу мен
зерделеу жүйесін ақиқат жайттарға құрып, ұлт тарихының белесті
тұстарын,танымал тұлғалардың тағдыр-талайын уақыт шындықтары
тұрғысынан батыл да еркін, терең де тағылымды саралауы-қазіргі кезеңнің
мақсат-мұраттарымен,талап-тілектерімен табиғи үндестік табады. Өмір
ақиқаты-өнер шындығына айналады. Шындық жүзі анық та айқын, өткір де
өктем. Одан:
– ақиқат жолы
– ар айнасы
– абырой биігі айқын аңғарылады.
Бұл-басты бағыт, ортақ мұрат.
Бұл- жазушы еңбегі мен шығармашылық үдерістің бәрі-баршасына
қатысты түйіндердің бірі.
Бұдан, әрине қаламгер – ғалым Т.Жұртбайдың : ұраны –Алаш, мұраты –
мирас екені терең танылады.
Т.Жұртбай шығармашылығының бір қыры, мың сан арнасына қатысты
ойлар мен толғаныстардың басым бағыттары, ортақ жүйесі осыған келіп
саяды.
Достарыңызбен бөлісу: |