Растения красной книги



бет2/5
Дата07.10.2022
өлшемі7,26 Mb.
#41812
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынов

Ахмет Байтұрсынов – ең алдымен, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы. Ағартушылық мақсаты – өз алфавитін жасау, оқулықтар жазу. Осы мақсатты орындау үстіне ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап – танытқан зерттеуші әрі сол зерттеулерінің негізінде «Әліппе», «Маса», «Қырық мысал» атты оқулықтарын жазған.


Ахмет Байтұрсынов - ағартушы
А.Байтұрсынұлының еңбектері:
1926 жылы Ахмет Байтұрсынұлы «Жаңа Әліп-би» еңбегін жазады
«Баяншы»,
«Әліппе астары»,
«Нұсқаушы»,
«Тіл жұмсар» әдістемелік еңбектері мен «Баулу мектебі», «Жалқылау»,
«Қай әдіс жақсы»,
«Дыбыстарды жіктеу»

1912 жылы Орынборда шыққан «Оқу құралында» дыбыс пен әріпті оқыту дидактиканың «жеңілден ауырға» ұстанымы бойынша бірте-бірте күрделендіріледі. Онда тақырып бойынша бала өмірде күнделікті қолданатын, кездесетін сөздермен таныстыру ұстанымы сақталған. Әрі қарай баланы қызықтыратын жаңылтпаш, жұмбақтар және мақал-мәтелдер берілген. Одан кейін ғана қысқа мәтіндер мен өлең шумақтарын береді.

  • 1912 жылы Орынборда шыққан «Оқу құралында» дыбыс пен әріпті оқыту дидактиканың «жеңілден ауырға» ұстанымы бойынша бірте-бірте күрделендіріледі. Онда тақырып бойынша бала өмірде күнделікті қолданатын, кездесетін сөздермен таныстыру ұстанымы сақталған. Әрі қарай баланы қызықтыратын жаңылтпаш, жұмбақтар және мақал-мәтелдер берілген. Одан кейін ғана қысқа мәтіндер мен өлең шумақтарын береді.

Автор 1912 жылы мектеп балаларына арнап қазақша сауаттандыратын – әліппені «Оқу құралын» жазғаннан кейін, мектепте қазақ тілін пән ретінде оқытатын оқу құралын жазуға кіріседі.
«Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу – ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды. Жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сөйлегенде сөздің қисыны келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жаза білуге, қай сөз қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша біріне-бірі қиындасып жалғасатын жүйесін білу керек», деп жазады ұлы ғалым (Тіл құрал, 173-бет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет