Құрастырған
Мұхамеджан ЕСТЕМІРОВ
Әмірсейт қажы Дәулеталиев
УАҒЫЗ
(365 КҮНГЕ АРНАЛҒАН УАҒЫЗДАР)
Шымкент, 2015 ж
ББК 86.38
ББК 86.38
«УАҒЫЗ (365 күнге арналған уағыздар)»
240 бет. 2015ж.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
ОҚО бойынша өкілдігінің тапсырысы бойынша
Құрастырғандар;
Мұхамеджан ЕСТЕМІРОВ,
ОҚО облыс имам орынбасары
Дәулеталиев Әмірсейт қажы Дәулетәліұлы,
Шымкент қалалық қажылардың төрағасы
Пікір жазғандар:
Ахметжан қажы Керімбек,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
ОҚО бойынша өкіл имамы.
ISBN 9965-9985-8-2
«УАҒЫЗ (365 күнге арналған уағыздар)» деп аталатын бұл уағыздар
жинағында Ислам дінінің негізгі құндылықтары жөнінде тақырыптар қамтылған.
Кітаптағы дерек көздері нақтылы, тілі қазақи түсінікті, қызықты шағын хикаялар
мен ғибратты мысалдамалар жүйелі қолданылған.
Діни еңбек мешіт имамдары мен жалпы жамағат оқырман қауымға арналып
отыр.
3
«Еліміздегі дәстүрлі исламның бірден-бір мойындалған құрылымы –
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Діни қатынастарды реттейтін жақында
қабылданған Заңда мемлекет халқымыздың рухани өмірінде исламның ханафи
бағытының орны мен рөлін мойындайтыны атап көрсетілді. Бұл – өте дұрыс.
Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сондықтан біздің дін саласындағы саясатымыз
конфессияаралық татулық пен тағаттылықты нығайтуға бағытталған. Бізде діни
сенім бостандығына Конституция кепілдік береді. Діни басқарма өкілдері тек дін
саласында ғана емес, өзге салаларда да өз білім-біліктерін арттыруға тиіс».
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев
«Біздің бағытымыз – дәстүрлі Әбу Ханифа мазхабы мен Матуриди ақидасын
берік ұстану және оны насихаттау болып қала береді. Сонымен қатар, мешіт
жамағатын мұсылмандардың ауызбірлігі мен еліміздің ынтымағын нығайта түсу
үшін дәстүрлі ханафи мазхабын ұстануға үндейміз».
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы,
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы
4
«Жындар мен адамдарды өзіме құлшылық
қылулары үшін ғана жараттым
».
Құран Кәрім (51:56)
«Адамдардың қиямет күнінде алғаш есепке
тартылатын амалы мен іс-әрекеті - намаз
».
Хадис-шәриф
Бисмиллаһир рахманир рахим
مي ِح َّرلا ِنَمْحَّرلا ِالله ِمْسِب
ِهِباَحْصَأ َو
ِهِلآ ىَلَع َو نيِلَس ْرُمْلا ِفَرْشَأ يَلَع ُملاَّسلا َو ُةلاَّصلا َو َنيِمَلاَعْلا ِّب َر ِ َّ ِل ُدْمَحْلا
نيِعَمْجَأ
Аса мейірімді, Мейірбан Алланың атымен бастаймын. Барлық мадақ
әлемдердің Иесі Аллаға тән. Салауат пен сәлем елшілердің төресіне, оның әулеті
мен сахабаларына болсын.
Құрметті мұсылман бауырлар! Бүгінгі таңда, елімізде қасиетті дініміз туралы
көптеген құнды еңбектер, түрлі діни әдебиеттер көптеп жарық көруде. Елімізде
дәстүрлі дінді одан әрі дамытуда мұндай жұмыстарды жүргізудің маңызы зор.
Шын мәнінде, ғылым мен білімнің көкжиегін кеңейтуде діни сапалы
әрі көп болуы маңызды екені сөзсіз. Бұл кітапты құрастыру барысында елге
белгілі ғұламалары мен дінтанушылардың, теологтардың, оқытушылардың, т.б.
еңбектері кеңінен пайдаланылып, топтастырылған.
Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни бастармасына қарасты
ресми www.muftuat.kz, «Әзірет Сұлтан» мешітінің www.muslim.kz және www.
oko-meshit
.kz
сайттарында жарияланған мақалалар мен сұрақ-жауап бөліміндегі
құнды еңбектер кеңінен енгізіліді.
Жалпы, кітаптың оқырманға берері мол деп білеміз. Алла тағала ізгі
ниеттерімізді қабыл етсін, әмин!
Құрасытырушы
5
ӘДІЛЕТТІ ХАЛИФА
Хазреті Омар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешітінде таң намазын оқып
жатып, шаһид болды. Атақты сахабаны Әбу Лулуа ал-Мажуси деген кісі өлтірді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Омар (р.а.) жайында үш түс көреді.
Бірінші: Имам Бұхари мен имам Мүсілім жеткізген хадисте Пайғамбарымыз
(с.ғ.с.) былай дейді: «
Ұйықтап жатқанымда түсімде көйлек киген адамдарды
көрдім. Олар маған келіп, көйлектерін көрсетіп жатыр. Кейбіреуінің көйлектері
шолақ, кеуделерінен аспайды, кейбірінікі одан да қысқа. Солардың ішінде Омар
(р.а.) да өз көйлегін көрсетті. Оның көйлегі ұзын, тіпті жерге сүйретіліп тұрды».
Сонда сахабалар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) түсті қалай жорығанын сұрайды.
Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Дін. Омардың діні оның бүкіл денесін жапты. Ислам бүкіл
кемшілігін жапты да оны көркем көрсетті. Оның аузынан тек шындық қана
шығатын болды».
Екінші: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Мен ұйықтап жатқанымда түсімде
маған ыдыспен сүт берілді. Одан іштім де қалғанын Омар бин Хаттабқа бердім» дейді.
Сахабалар: «Түсіңізді қалай жорыдыңыз, Расулуллаһ (с.ғ.с.) !» - деп сұрағанда Алла
Елшісі(с.ғ.с.): «Субханаллаһ! Бір адамға білім мен дінді Аллаһ бірге берді.
Үшінші: Бұхаридан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Мен
ұйықтап жатқанымда түсімде өзімді жәннатта көрдім. Жәннатта бір әйел үлкен
бір сарайдың жанында дәрет алып жатқанын көрдім де: «Бұл сарай кімдікі?» деп
сұрадым. Бұл Омар бин Хаттабтың сарайы деп жауап берді». Пайғамбарымыздан
(с.ғ.с.) осы хадисті естіген Омар (р.а.) жылап жіберді.
Аббас ал-Аққад былай дейді: «Омар мен Әбу Бәкірдің (р.а.) айырмашылығы: Әбу
Бәкір (р.а.)Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) жаһилет кезінен, Омар (р.а.) Пайғамбарымызға
(с.ғ.с.) пайғамбарлық келгеннен кейін білді». Омар (р.а.) қолына бір дүние түссе,
кедейлерге түгелдей үлестіріп беретін. Осындай мүміндер халифасының шапанында
14 жамауы болған. Күн бата салысымен Мәдина халқының жағдайын білуге асығатын.
Адамдар тәтті ұйқыда жатқанда халифа халықтың қамын ойлап, жұмыс істейтін. Омар
(р.а.) бір күні түнде халықтың жағдайын білуге ел ішін аралайды. Жанында Әслам
атты көмекшісі екеуі бір үйге келеді.
Үй ішіндегі әйелдің қасында жылап отырған балаларды көреді. Ал, бөлменің
ортасында оттың үстінде қазан тұрғанын байқайды. Омар үйге кіріп: «Ей, Алланың
құлы! Мына балалар неге жылап отыр?» деп сұрайды. Әлгі әйел балалардың аш екенін,
ал қазандағы суды қайнатып, оларды ұйықтап қалғанша алдап отырғанын айтады.
Мұны естіген Омар (р.а.) жылап жібереді. Ол қазынадан ұн, май, құрма, киім, ақша
алып, жанындағы Әсламға: «Мына қапты менің арқама қойып жіберші» дейді. Әслам
болса: «Уа, мұсылмандардың әмірі! Мен арқалап апарайын» дегенде Омар (р.а.): «Ей,
Әслам! Бұл қапты мен көтеремін. Себебі, қияметте олар үшін мен жауаптымын» -
дейді. Ол (р.а.) қапты әлгі әйелдің үйіне алып барып, тамақ дайындап, қазанның
астындағы отты үрлеп жатқан Омарды (р.а.)көрген көмекшісі былай дейді: «Мен
оның сақалының арасынан шығып жатқан түтінді көрдім. Ол асты ыдыстарға құйып,
балаларға тойғандарынша берді».
Омар бин Хаттабтың (р.а.) кезінде Әмір бин Ас (р.а.) Мысыр елінің басшысы
болып тұрған кезінде Омарға (р.а.) сол елдің бір адамы келіп: «Уа, Омар (р.а.)! Мен
өзіңнен көмек сұраймын. Маған Әмір бин Ас (р.а.) қамшымен дүре соқты» дейді.
Омар (р.а.) Әмір бин Асты(р.а.) өзіне шақыртады. Омар (р.а.) әлгі мысырлыққа:
«Қолыңа қамшы ал да сені қалай ұрған болса, сен де Әмір бин Асты солай ұр» дейді.
Міне, бұл Омардың (р.а.) әділдігі.
6
ОМАРДЫң (Р.А.) ӘДІЛДІГІ.
Һижраның 18-ші жылы елде қатты жұт болып, халық аштан қырыла
бастайды. Сол кезде Омар (р.а.) аш-жалаңаштарға көмек көрсетіп, өз қолымен тамақ
үлестірді.
Жұма күні Омар (р.а.) жамау шапанымен мінберге шықты. Құтпа айтып
тұрғанда іші аштықтан шұрылдай бастайды. Омар (р.а.) сонда өз ішіне қарап:
«Құрылда-құрылдама бәрібір мұсылмандардың балалары тоймай саған тою жоқ»,–
дейді. Бір күні Омар (р.а.) жамағатпен тілек намазын оқып, жылап тұрып Алла
Тағалаға дұға етеді. Дұғасын аяқталмай жатып, жаңбыр себелей бастайды. Мединада
қайта тіршілік басталады.
Кисри патшаның кеңесшісі әл-Һармазан үстіне жібек, қолына алтын тағынып,
үлде мен бүлдеге оранып, Омармен (р.а.) жолығуға Мәдинаға келеді. Адамдардан:
«Омардың (р.а.) сарайы қайда?» деп сұрайды. Мұсылмандар: «Омарда (р.а.) ешқандай
сарай жоқ» деп жауап береді. «Онда үйі қайда?» дейді. Мұсылмандар балшықтан
тұрғызылған бір кішкене үйді көрсетеді де: «Міне, осы халифаның үйі» дейді.
Сонда әл-Һармазан: «Оның күзетшілері қайда?» деп сұрайды. Мұсылмандар:
«Оның (р.а) күзетшілері жоқ» деп жауап береді. Ал-Һармазан Омардың (р.а.) үйінің
есігін қақты. Есікті халифаның ұлы ашты. Ұлы әкесін мешіттен табатынын айтты.
Патшаның шабарманы мешітке келсе ауладағы талдың астында шапанын астына
төсеп, Омар (р.а.) ұйықтап жатыр екен. Мұны көрген әл-Һармазан өз-өзіне сұрақ
қойды. «Расында, бүкіл араб түбегін жаулап алған Омар (р.а.)деген халифа осы ма?»,
«Қалайша талдың астында ұйықтап жатыр?!»– деп таңғалғанын жасыра алмайды.
Халифалығының соңғы жылында хазреті Омар (р.а.) халықтың алдында шығып:
«Егер мен біреуге зұлымдық істеген болсам, міне мен алдарыңда тұрмын, ақыларыңды
қайтарыңдар. Егер мен біреудің малын жеген болсам, міне малым ақыларыңды алыңдар.
Егер мен біреудің қанын төккен болсам, міне, денем, хақыларыңды алыңдар»,-деп
мінберден түсті.
Халифаны тыңдап тұрған мұсылмандардың көздеріне жас толды. Өйткені,
Омардың (р.а.) қоштасып тұрғанын сезді. Бұл хазреті Омардың (р.а.) ең соңғы
жұмасы және ең соңғы құтбасы еді. Омар (р.а.) ұйықтап жатып, түс көреді. Түсінде бір
әтеш келіп Омарды (р.а.)шоқи бастайды. Ұйқысынан тұрып сахабаларға: «Мені жат
жұрттық өлтіреді» - дейді.
Омар (р.а.) таң намазында «Фатиха» сүресін оқып болып, өзі жақсы көретін
«Жүсіп» сүресін оқи бастайды.«Қайран Жүсіп деп күйіктен көздері ағарып, сонда ол
қасіреттен іштен тынды» деген жерге келгенде Омар (р.а.) еңкілдеп жылап жібереді.
Ұйып тұрған мұсылмандар да қосыла жылайды. Содан кейін рукугке барғанында
Әбу Лулуа әл-Мажуси халифаның бірнеше жерінен пышақ салады. Жамағаттың
көбі мұны байқамай қалады. Тек Әбдірахман бин Ауф (р.а.) имамдыққа өткенде ғана
бірдеңені сезгендей болады.
Намаз аяқтаған соң мұсылмандар: «Омарға (р.а.)не болды? Біздің халифамыздың
дауысы естілмеді? – деген дауыстар шыға бастайды. Халифа қатты қиналып тұрғанына
қарамастан: «Мені кім жаралады?» - деп тіл қатады. Өзіне пышақ сұққан адамның
мұсылман емес екенін білген Омар (р.а.): «Аллаға сансыз мақтаулар болсын! Мені
өлтірген өмірінде сәжде жасамаған кісі екен», -дейді де: «Намазды оқып бітіре алдым
ба?» деп сұрайды. Намазды аяқтай алмағанын түсінген Омар(р.а.) бар күшін жинап
орнынан тұрады. Оның бар ойы қалайда намазды аяқтау болатын. Өйткені, ең қымбат
7
қазынасы да намаз еді. Өлім аузында жатып, халифалығы не бала-шағасы, дүниесі
жайында сұраған жоқ.
Мұсылмандар басшысын үйіне алып келді. Басына жастық қойғанда, Омар(р.а.):
«Басымды топырақтың үстіне қойыңдаршы. Мүмкін Алла Тағала маған рақым етер»
деді де көзіне жас алып, жылап жатып: «Патшалығы мәңгі таусылмайтын Раббым,
патшалығы уақытша болған бізді кешіре көр», –деп дұға етті. Халифа жақындары мен
балаларын шақыртты. Олардың барлығы үйге жылап кірді. Хазреті Омар (р.а.) ұл-
қыздарының беттерінен сүйді. Омармен(р.а.) қоштасуға Ибн Аббас(р.а.) пен бірге Әли
(р.а.) де кірді. Қос жанарына жас толған Әли (р.а.) Ибн Аббасқа (р.а) сүйеніп әрең
тұрды.
Омар (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген болатын: «Дүниеге ең алғаш
мен келдім, сосын Әбу Бәкір(р.а.), одан кейін Омар(р.а.) келді. Бұл жалғанмен бірінші
Мен, кейін Әбу Бәкір (р.а.), содан соң Омар (р.а.) қоштасады». Омар (р.а.) өлім аузында
жатып: «Мен қайда жерленемін?» - деп үн қатқанда мұсылмандар: «Пайғамбарымыздың
(с.ғ.с.) жанына жерлейміз» дейді.
Омар (р.а.): «Мен қарапайым мұсылманмын. Әуелі Айшадан(р.а.) рұқсат
сұраңдар» дейді. Мүміндер Айшадан (р.а.) Омарды (р.а.) екі досының жанына жерлеуге
рұқсат беруін сұрайды. Айша (р.а.): «Бұл орынды өзіме сақтаған едім. Бірақ уаллаһи
Омарға (р.а.)бердім»,– дейді.
Омарды (р.а.) кебіндеп, жаназасын оқуға жиналғанда Әли (р.а.) былай дейді:
«Уа, Омар(р.а.)! Мен Аллаһтың алдына тек сенің амалыңдай амалмен барғым келеді».
Ержан қажы Малғажыұлы,
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти
8
ИСРА ЖӘНЕ МИҒРАЖ ОҚИҒАСЫ
Бұл – ережеп айы. Ережептің 26-нан 27-не қараған түн исра және миғраж кеші.
Яғни, адамзат сұлтаны Мұхаммед (с.ғ.с.) Харам мешітінен Ақса мешітіне түнгі сапар
жасаған және жеті қат көкке көтерілген кеш. Аталмыш оқиға пайғамбарымыз (с.ғ.с.)
Мадина қаласына һижрат етуден он сегіз ай бұрын болды.
Мұхаммед Ғазалидің «Фиқһу сирасында» бұл жөнінде: «Исра Харам мешітінен
Құдыстағы Ақса мешітіне болған ғажайып сапар. Ал, миғраж исраның артынша болған
оқиға. Миғраж мүбәрак пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) аспан қабаттарына көтеріліп,
жаратылыстың білімі жетпейтін деңгейге дейін барып, қайтадан Меккедегі Харам
мешітіне оралу сапарын айтамыз», - дейді.
Бұл кеш Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жеке өміріне ғана қатысты емес, жалпы мұсылман
үмбеті үшін айтулы оқиға орын алған. Дініміз тарихындағы мұндай маңызды оқиға
әрбір мұсылманның жүрегіндегі иманын күшейтіп, Жаратушы Иесіне, пайғамбарына
деген махаббаты беки түседі.
Миғраж оқиғасы арқылы Алла Тағала ешбір адам баласы көрмеген, шексіз, ұшы-
қиырсыз ғарышты, көктегі аспан қабаттарын, пейіш пен тозақты көруді Мұхаммед
(с.ғ.с.) Пайғамбарға нәсіп етті. Онда Алла Тағала Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көптеген
мұғжизалар көрсетті. Исра және миғражды Мұхаммедке (с.ғ.с.) көрсетудегі мақсат,
аятта:
«... Оған белгілерімізді (мұғжизаларымызды) көрсету үшін[1]...», - деп
баяндалды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Исра жасағаны туралы қасиетті Құранда
айтылғандықтан бұған сену әрбір мұсылманға парыз.
Қасиетті Құран Кәрімде екі құбылыс екі бөлек сүреде баяндалады. Исра сапары
мен оның сыры:
«Пендесін бір түні оған белгілерімізді көрсету үшін Харам
мешітінен біз айналасын мүбәрәк қылған Ақса мешітіне (исра жасатып) апарған
Алла Тағала әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол естуші, білуші», - делінген
(«Исра» сүресі, 1-аят).
Бұл жерде «пендесі» деп тұрғаны Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар. Аятта Мұхаммедтің
(с.ғ.с.) аты айтылмай және де «пенде» деп қана қоймай «пендесін» деп қолданылуы
Пайғамбарымызға көрсетілген үлкен құрмет, ілтипат еді. Сондай-ақ, пайғамбарымыз
Мұхаммед (с.ғ.с.): «Мен Алланың пендесімін, құлымын», - деп мақтанып жүретін жан
болатын.
Ал, миғраж оқиғасы мен оның нәтижесі жайлы:
«Расында ол Жәбірейілді екінші
рет көрді. Тұрақтау ағашының жанында. Оның қасырда Мәуа жәннаты бар. Сол
уақытта ағашты қаптаған нәрсе қаптады. (Мұхаммедтің (с.ғ.с.) көзі таймады да
үстірт қарамады. Расында ол, Раббының ірі белгілерін көрді», - («Нәжм» сүресі,
13-18 аяттар), деп баяндалды.
Демек, исраның сыры Алла Тағала пендесіне, яғни пайғамбарымызға (с.ғ.с.)
Өзінің кейбір белгілерін көрсету үшін болды. Ал, миғражда Алла елшісі (с.ғ.с.)
Раббысының үлкен белгілерін өз көзімен көрді.
Ғажайып сапарға дайындық
Мекке шаһары мен Құддыс қаласы арасы бірнеше айлық жол болатын. Ал, жер
бетінен аспанға көтерілу қанша уақыт алатыны жайлы ол кезде мүлдем ойламайтын
да болар. Әз пайғамбар мұндай қашықтықты қандай көлікпен кесіп өтті? Ол бурақ
(қазақша пырақ) атты тұяғы көзінің ұшы жеткен жерге тиетін ғажайып жануар еді. Бурақ
«барқ» яғни найзағай сөзінен алынған. Яғни, шапшаңдығы жарық жылдамдығымен
тең жануар. Мәселенің екінші тұсы тағы бар. Әдеттегі жағдайда жер шарының бір
9
бұрышынан екіншісіне найзағай жылдамдығында жүріп өтуі мүмкін емес жайт. Бұған
үлкен дайындық керек. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сәби шағындағы «шаққус содр»
яғни кеудесін жару және жүрегін кәусар суымен жуып тазалау оқиғасы осы үлкен
сапарға дайындықтың басы еді.
Ұлық міндетті қабылдау
Ардақты расулдің (с.ғ.с.) өмірбаянын жіті оқып үйрену біздің Алла Тағаланың
таңдаулы құлына деген сүйіспеншілігіміз арттыра түседі. Сонымен қатар, ғибратты
ғұмырдан өзімізге өнеге аларымыз да белгілі. Ал, енді осы сырлы сапардан әрбір
мұсылман баласы нені ұғынуы қажет?
Неліктен «сидратул мунтаһаға» болған миғраж сапары бірден Меккедегі Харам
мешітінен басталмай, әуелі пайғамбар (с.ғ.с.) Байтул Мақдиске жол жүрді?
Бұл сауалдың жауабы өткен шақта жатыр. Пайғамбарлық ұзақ дәуір бойы Бәну
Исраил шежіресімен жалғасып келді. Байтул Мақдис уахи түсетін және жер бетін
нұрға бөлейтін құтты мекен болып есептелді. Мұндай киелі шежірені яһудилер қадір
тұта білмей уахидің қасиетін және көктен түсетін иләһи пәрменнің құнын көк тиынға
айналдырды. Осы себепті оларға Алла тағаланың лағынеті тиді. Осылайша мәңгілікке
олардан уахи кетті. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға уахидың келуімен әлемдегі рухани
басшылық бір халықтан екінші халыққа, бір қаладан екінші қалаға және Исраил
ұрпағынан Исмаил ұрпағына ауысты.
Осылайша Мұхаммед (с.ғ.с.) Ибраһим, Исмаил, Исхақ және Яқуб (ғ.с.)
пайғамбарлардың жолын жалғастырды. Алла тағаланың сөзін жер бетіндегі адам
баласына жеткізе бастады. Осы арада өткен шақ пен осы заманды байланыстырушы
Ақса мешіті болды. Сондықтан да Ақса мешіті мұсылманшылықта үш киелі мешіттің
бірі болып есептелді. Ал, Алла елшісінің (с.ғ.с.) исра кешінде сол мешітке баруы өткен
шақтағы уахи мекеніне деген үлкен құрмет еді.
Алла Тағала ол киелі мекенге өткен шақтағы тура жолға бастаушы пайғамбарларды
түгел жинады. Олар ең соңғы елшілік иесі Мұхаммедке (с.ғ.с.) құрмет көрсету үшін
Ақса мешітінде бас қосты. Өйткені, пайғамбарлық дегеніміз – бір-бірінің елшілігін
растау және кейін келуші әуелгі келгеннің орнын басудан тұрады.
Сахих хадистерде Алла елшісі (с.ғ.с.) пайғамбар бауырларымен Ақса мешітінде екі
ракат намаз оқығаны айтылады. Екі бас намазда пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) имамдыққа
өтуі Ислам діні Алла Тағаланың Өз пендесіне жолдаған соңғы сөзі екендігінің айғағы.
Сондай-ақ, бұл намаз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) және оның әкелген дінінің дәрежесін
көрсетеді.
Исра және миғраж оқиғасының сыры не?
Алла тағала Өз құдыретінің үлкен белгілерін көру үшін елшілеріне мүмкіндік
беретін еді. Бұл пайғамбарлардың жүректеріне сенімділік бек орнап, Алла Тағалаға
сүйенуі мықты болу үшін. Өйткені пайғамбарларға Алла тағаланың хақ сөзін жеткізуде
өз заманының қыр соңынан қалмайтын қырсық дінсіздері және залым патшаларымен
күресуде осындай үлкен күш-қайрат қажет. Ол күш-қайраттың қайнар бұлағы Алла
Тағаланың құдыретін көруден бастау алатын.
Алла елшісінің (с.ғ.с.) миғраж мұғжизасы шамамен пайғамбарлықтың он екінші
жылы болды. Мұның сыры неде? Әсілінде, пайғамбар қолындағы мұғжизаға сенбейтін
және соқыр сенімде сіресіп тұрып алған адамға көрсететін үлкен дәлел.
Ал, Құран әуел назыл болған күннен бастап-ақ, қырсық адамдардың тоң
мойындарын ақиқатқа иетін үлкен дәлел болып келді. Құраннан басқа да мұғжизалар
өз тәртібімен пайғамбарымызға беріліп отырды.
10
Ал, исра және миғраждың басты себебі Алла Тағала Өз пендесіне айрықша
көрсеткен құрметінің белгісі болды.
Сонымен қатар, аталмыш оқиға барлық пайғамбарлардың (ғ.с.) арасындағы
мықты жақындық байланысты көрсетеді. Ал, бұл Исламның негіздерінің бірі. Бұл
байланыс осы кеште пайғамбарымызға (с.ғ.с.) берілген «әманар расул» аяттарында
айқын көрініс тапқан.
«Елші, яғни расул өз Раббысынан түскен үкімге иман етті. Мүминдер де оған
иман келтірді», - дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жеті қат аспанға көтерілген сайын әр қабатта оны
пайғамбар бауыры қарсы алып, «Қош келдің, ізгі бауырым!» деп өз ілтипатын көрсетіп
жатты.
Исра және миғраж кешінде Ислам діні ең саф дін екені көрінеді. Ислам адам
болмысының діні екені білінеді. Саъсаъ бин Малик риуаят еткен Исра жайлы ұзын
хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «... сосын маған арағы бар кесе және сүті бар кесе
алып келінді. Мен сүтті алдым. Сонда Жәбірейіл (ғ.с.): «Бұл Сіз және үмбетіңіз болған
(фитра) болмыс», - деп айтты.
Расында шынайы болмыс Исламның дәні. Шын мәнінде аспан есіктері ішкі дүниесі
бұзық және жүрегінде дерті бар адам үшін ашылуы мүмкін емес жайт. Ал, жаман
болмыс лайланған бұлақ тәрізді. Одан тек қара қоқыс қана ағып шығады.
Көкте парыз болған ғибадат
Миғраж кешінде намаз парыз етілді. Намаз ұлық құлшылық. Күнделікті күйбең
тіршілік адам баласының басын көтертпей қояры анық. Ал, нәпсінің қалауы мен жалған
дүние алдаған сәтте пендені көкке көтеретін оның намазы. Намаз – мұсылманның
миғражы. Бес уақыт намаз жеті қат аспанда парыз болуының сыры да осында.
Бұл жөнінде Рамазан Бути өзінің еңбегінде: «Миғраждан кейін ертеңіне періште
Жәбірейіл (ғ.с.) келіп, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) намазды оқу және оның уақыты
тәртіптерін үйретті. Намаз парыз болмай жатып, Алла елшісі (с.ғ.с.) таң ертең және
кешкі мезгілде екі бас намаз оқитын. Бұл намаз Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардан қалған
еді»[2],-деп жазады.
«Алла тағала парыз еткен намаз қазіргі таңда көптеген адамдар оқып жүрген
намаз емес. Намаздың дұрыстығының белгісі оқушыны дүниенің жамандығынан
сақтауы. Ал, намазды көп оқыса да намазхан бұл дәрежеге жетпесе оның намазы жалған
болғаны», - дейді Мұхаммед Ғазали.
Бухари және Муслимде сахаба Хузайфа бин Йаманнан (р.а.) келтірілген хадисте:
«Адам баласының отбасына, мал-дүниесіне, бала-шағасына, өзіне және көрші қолаңына
қатысты болған фитнасын ораза, намаз, садақа, жақсылыққа шақыру және жамандықтан
тиюы кафарат етеді (жуып шаяды)»,-делінген.
Ал, өлген жүрек иесін намаз тазалай алмайды. Мұндай адамдар намаз оқумен
жүректері тазаланады немесе сол күйі топырақ астына кетеді.
Алла тағаламен тілдесу. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) миғраж кешінде Жаратушымен
тілдеседі. Бұл жайлы мынадай дерек бар:
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұнан кейінгі сапары жайында: «Жәбірейілмен қоштасқан
соң, қорқа бастадым. Сол мезет Раббым Алланың даусын естідім. Алла тағала маған:
Ей, Мұхаммед, менімен сөйлес!- деді. Мен сөйлеуге сөз таба алмадым. Бірақ Алла
менің көкірегіме сөз салды. Мен: «Ей, тәңірім Алла! Тіліммен, жан-тәніммен, мал-
дәулетіммен жасап жатқан құлшылығымның баршасы сен үшін», - дедім. Сонда Алла
тағала: «Ей, Алланың елшісі, саған сәлемім мен рахметім және берекетім болсын!»-
11
деді. Мен: «Сәлем бізге және Алланың ізгі пенделеріне болсын»,-деп тіледім.
Мұндағы бетпе-бет сөйлесуден кейін Ұлы Ғарышта-аспанның жоғарғы қабатында
періштелердің бір ауыздан оқыған мына сөзі естілді: «Алланың барлығы мен бірлігіне,
хазірет Мұхаммед Алланың пендесі және елшісі екендігіне куәлік береміз»,- деді. Біз әр
намазда оқып жүрген әт-таһиат дұғасы – Алла Тағала мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің
миғражда сөйлесуінен келіп шыққан дұға.
Иә, Пайғамбарымыз Миғраж түні «үмбеті үшін көп нәрсені тіледі, үмбетім,
үмбетім» деп көзіне жас алды, өзіне ілескен барлық мұсылмандар үшін көп дұға -
тілектер жасады, біліп, білмей жасаған кемшіліктері үшін ғапу сұрады. Тіпті, Алладан
әрбір үмбеті үшін, әрбір мұсылман үшін өзі көрген Миғражды нәсіп етуін сұрады. «Ей,
Тәңірім, Миғраж мұғжизасымен мені нығметтендірдің. Үмметім үшін де осындай бір
нығмет тілеймін», -дегенінде, Хақ тағала:
«Намаз - момындардың миғражы», - деп Мұхаммед пайғамбардың үмбетіне
миғраж дәрежесінде жүретін намаз ғибадатын сыйлады.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): Алла тағала маған және үмметіме әр күні елу
уақыт намаз оқуды парыз етті. Қайтарымда Мұсаға (ғ.с.) жолыққанымда, Мұса (ғ.с.):
Ей, Мұхаммед, Раббыңнан жеңілдетуін сұра. Себебі үмметің оның үддесінен
шыға алмай қалуы мүмкін. Мен сенен бұрын Бани Исраиыл қауымын сынап көргем,
- деп ол жерден мені қайтарды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қайта оралып, жеңілдік тілеп
еді, әр күні бес уақыт намаз оқу бұйырылды. Алла тағала: «Ей, Мұхаммед (с.ғ.с.), әр
күнгі және түнгі оқылатын елу уақыт намазды бес уақытқа қысқарттым. Осы бес уақыт
намаз менің құзырымда елу уақыт намаз боп саналып, әр намазға он сауаптан жазамын.
Сол секілді үмметіңнен кімде-кім бір жақсылықты (сауап істі) ниет етіп, орындамаса
бір сауап жазылады. Ал орындаса он сауап жазылады. Кімде-кім бір жамандықты
ниет етіп, істемесе еш күнә жазылмайды. Ал істесе бір күнә жаздырамын», - деді. Мен
Аллаға жалбарынып кейін қайттым. Осыдан қиямет қайымға дейін бес уақыт намаз
үмбетке парыз.
Алла Тағала осы айтылған ғибратты оқиғаны баршамыздың иманымыз
күшейуіне және намазхандардың намаз құлшылығына деген құлшынысы артуына
себепкер болсын. Баршамыздың намаз ғибадатымыз қабыл болған, қабылдығы біздің
амалымыздың түзелгенінен көрінуін нәсіп етсін.
Достарыңызбен бөлісу: |