ЖОЛ ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІН БҰЗУ КҮНӘ МА?
Жол жүру ережесін сақтау – жаяу жүргіншіге де, көлік жүргізушісіне де ортақ
міндет. Жол жүру ережесін бұзу мемлекет заңына да, мұсылмандық шариғатқа да
қайшы. Өйткені, бұл адамның өміріне қауіп төндіреді және кісінің мүлкін бұзады. Жол
жүру ережесі Құран және хадисте ашық айтылмағаны рас. Алайда, әкімшілік жүйе –
заң. Бұл заңда Алла тағала харам еткенді адал және адал еткенді харам ету жоқ. Және
жалпылама шариғатқа қайшы заң емес.
27
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жолда отырудан сақ болыңдар,-дейді. Сонда: Уа, Алла
елшісі! Біз тек жолда әңгімелескеніміз болмаса, басқа еш нәрсе істемейміз-дейді.
Пайғамбар (с.ғ.с.): «Жолда отыратын болсаңдар, ақысын беріңіздер,-деді. Ададмдар:
жол ақысы не?,-деді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Көзді төмен салу, зиян тигізбеу, сәлемге жауап
беру, жақсылыққа шақыру және жамандықтан қайтару[1]», – деген.
Хадисте тағы: «...Адасып жүрген кісіге жол көрсетіп жіберу садақа... Жолдағы тас,
тікен және сүйекті алып тастау садақа...[2]», – деген сөздер бар.
Осыған орай жол үстінде жаяу жүргінші мен көлік жүргізушісі төмендегі қағидаларды
басшылыққа алғаны жөн.
1
.Жолда байсалдылық; Көптеген жол апаты адамдардың жолды кесіп өтуде
немқұрайлығы себебінен болса, көлік жүргізушілерінің жүргінші жолағына мән бермей
зуылдап өте шығуының да салдарынан болып жатады.
2.Дауыс бәсеңдігі; Құлақтықпен (наушник) ән тыңдап бара жатқан жаяу жүргінші
өте қауіпті. Сонымен бірге, көлігінде радио қабылдағыштың дыбысын жоғары етіп
қойған жүргізуші де апат жағдай тудырады.
3.Көзді жаман көріністен сақтау; Жолда бейәдеп көріністерден көзді сақтау
қажет. Мәселен, жүргізушінің басқа көлік ішіндегі қыз-келіншектерге қарай беруінің
соңы қайғылы жағдайға ұрындыруы мүмкін. Сондай-ақ, жаяу жүргіншінің де көшеде
және қоғамдық орындарда қыз-келіншектерге бейәдептілікпен қарай беруіне болмайды.
4.Зиян тигізуден аулақ болу; Сусын және тамақ қалдықтарын жол бойына
тастауға болмайды. Әбу Бараза (р.а.) пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) пайдалы іс үйретуді
сұраған кезде: «Мұсылмандардың жолынан зиянкесті алып таста[3]», – деген екен.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мен адамдарға кедергі еткен жол бойындағы ағашты
кескені үшін жәннатқа кірген адамды көрдім[4]»,– деген екен.
5. Жол – көпшіліктің меншігі; Жол жалпы қоғамның игілігі үшін болғандықтан,
адамдар бір-бірін құрметтеуі және зиян тигізбеуі керек. Жолды және жол бойын ластамау,
шамдар, орындықтарды ұқыпты пайдалану. Сол себепті де, намаз ғибадат болғанымен,
адамдарға кедергісі тиетіндіктен жол бойында намаз оқуға тиым салынады.
6.Жол қауіпсіз болуы қажет; Жол тәуліктің кез келген уақытында, әсіресе, түнде
адамдар үшін қауіпсіз болуы керек. Жолда адамдарды қорқытып, олардың заттарын
тартып алу сияқты жайт үлкен күнә болып табылады.
7.Қауіпсіздік белбеуі; Біз мұсылман ретінде амандық пен қауіпсіздік бір Алланың
қолында екеніне иман етіп, «Алла тағала ең жақсы қорғаушы (Хафиз) және ол ең
мейірімді» дейміз. Алайда, шариғат әрбір істің себебін орындауға әмір етеді. Ал, жол
жүру тәжірибесі қауіпсіздік белбеуі көлік апаты кезінде жүргізуші мен жолаушылардың
өмірін сақтайтындығын көрсетуде. Сондай-ақ, көлікке отырғанда және ұзақ сапарға
шыққанда оқитын дұғалар оқып, қауіпсіздік ережелерін ұстанғаны жөн.
Қорыта айтқанда, жол жүру ережесін сақтау шариғат талабы. Бұл ереже жолда
жүруді жүйелеу үшін мемлекет тарапынан бекітіледі. Ал, мұсылман басшыға бағынуға
міндетті. Бұл ережелерге қатысты «Мұсылман мемлекет тарапынан бекітілген жолда
жүру ережесіне қайшы келуіне болмайды. Жолда жүру ережесін бұзу өзіне және басқа
да жолдағы жаяу жүргінші және басқаларға қауіп төндіреді[5]»,-деген пәтуа бар.
[1] Муслим, 1212
[2]Тирмизи, 891
[3] Муслим, 2618
[4] Муслим, 1914
[5] Фатауа Исламия, 4/536
28
СТАКАН СОҒЫСТЫРУҒА БОЛАДЫ МА?
Арақ және басқа да мас ететін ішімдіктің кез келген түрін ішу тыйым салынғаны
туралы Құран Кәрімде: «Әй, мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (пұттар) және бал
ашатын оқтар лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыларсыңдар[1]», – деп
әмір етілген.
Сонымен қатар, арақты ішу харам болғаны сияқты арақ-шарап ішілген жерде
отыруға да тыйым етіледі. Тіпті, кісі араққа жақындамаса да ішкендермен бірге
отыруына тыйым етіледі.
Бұған Құран Кәрімдегі: «Расында сендерге Кітапта: «Алланың аяттарына қарсы
келгендігін және әжуаланғандығын сендер естіген сәтте; олар бұдан басқа сөзге
кіріскенше, олармен бірге отырмаңдар; әйтпесе сендер де солар сияқты боласыңдар» деп
үкім түсірді. Шәксіз Алла мұнафықтармен кәпірлерді біртұтас тозаққа жинаушы[2]»,-
деген аят негіз.
Құртуби тәпсірінде: «...Сендер де солар сияқты боласыңдар...» аятын
күнәһарлардан олар тыйым салынған бір іс жасаған кезде аулақ болу керектігіне дәлел
еткен[3]. Өйткені, тыйым амал жасаушылардан аулақ болмау, олардың ісін құптағанмен
пара-пар.
Ал, Омар бин Хаттаб (р.а.) өз сөзінде: «Уа, адамдар! Мен Алла елшісінен (с.ғ.с.)
«Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман етсе, арақ қойылған дастарқанға мүлдем
отырмасын[4]» деген сөзін естідім»,-дейді.
Сонымен бірге, адал сусын ішкенде стакандарды соғыстыру және т.б. арақ
ішушілерге тән қимыл-әрекет жасау дұрыс емес. Өйткен Ибн Омар (р.а.): «Кімде-кім
бір елге ұқсап бақса, ол солардың бірі[5]»,-деген.
Бұл жөнінде ғалымдар: «Қолындағысы су екенін біле тұра суды харам етілген
затты ішетін көріністе тұтынатын болса, арақ құйылатын ыдысқа арақ ішушілер сияқты
етіп ішсе, ішуде ұқсастық болғандықтан харам болады[6]»,-деген.
Ал, атақты хадисші имам Науаи «Арақ ішуші сияқты етіп су ішуді[7]» қатаң
ескертіп, жазаға лайықты деп таныған.
[1] Маида сүресі, 90-аят
[2] Ниса сүресі, 140-аят
[3] Тафсир Құртуби, 5-том, 418-бет
[4] Ахмад
[5] Әбу Дауд
[6] Әл-Ъирақи, Тарх әт-Тасриб, 2/19
[7] Рауд әт-Толибин, 10/174
САДАҚАНЫ КІМГЕ БЕРГЕН ДҰРЫС?
Әрине, Ислам адам баласына еңбек етіп, адал табыс табуға үндейді. Пайғамбарымыз
(с.ғ.с.) Абдулла бин Аббасқа (р.а.):«...Сұрар болсаң тек Алладан сұра. Ал, жәрдем
қаласаң, тек Алладан жәрдем тіле[1]»,– деп өсиет еткен.
Ал, қайыршылықпен айналысудың жамандығы жайлы Әбу Һурайра (р.а.):
«Кімде-кім байып кету үшін адамдардан қайыр тілейтін болса, оның сұрағаны – оттың
шоғы. Қаласа аз алсын, қаласа көп етіп алсын[2]», – деген хадисті риуаят еткен.
Қайыр тілеуді кәсіп ету адамды абыройдан айырады. Бұл жөнінде Ибн Омар
(р.а.): «Сендердің бірің Алла тағала құзырына барғанға дейін қайыр тілеуін тоқтатпаса,
оның бетінде бір кесек еті қалмайды[3]», – деп ескерткен.
29
Хадис негізінде, тек үш жағдайда ғана қайыр тілеуге болады.
1.Су тасқыны, өрт, құрғақшылық және т.б. табиғи апаттар салдарынан мал-
дүниесінен айырылған адам;
2.Сіңірі шыққан кедей. Ауылының үш адамы пәленше жоқшылыққа тап болды
деп айтқан мұқтаж адам.
3.Адамдардың арасын татуластыру үшін берілетін мал-мүлікті тасушы.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Әбу Бишр Қабиса бин Мұхариққа (р.а.): «Қайыр сұрау
тек үш адамға рұқсат. Бітімге берілетін дүние-мүлікті тасымалдаушы кісіге, мал-
дүниесіне апат келген кісі жағдайын түзегенше және жоқшылыққа тап болған кісі
жағдайын түзегенше, оның қауымынан үш кісі: пәленше жоқшылыққа тап болды деп
айтса. Ей, Қабиса! Бұдан басқаларға қайыр сұрау – харам. Бұлай мал тапқан адам –
харам жеуші[4]»,– деген.
Зекеттен басқа кез келген садақаны мұсылманға да, мұсылман емес адамға да
беруге болады. Тек мұқтажырақ адамға берген жөн. Осыған байланысты мынадай
ғибратты хадис бар.
Сахаба Әбу Һурайра (р.а.) риуаят етеді: «Бәну Исраилден бір кісі мен садақа
жасаймын деп нәзір етеді. Ол біреудің қолына садақа беріп кетеді. Ертеңгі күні жұрт
ұрыға біреу садақа беріпті деп айта бастайды. Әлгі кісі «Аллаһым, садақа лайық
емес адамның қолына тиіпті, алайда бұл Сенің қалауың болғаны үшін Саған мақтау
болсын», – деді. Екінші күні тағы садақа жасауды нәзір етеді. Түнделетіп бір әйелдің
қолына садақасын беріп кетеді. Жұрт бүгін түнде жезөкшеге садақа беріпті деп айта
бастады. Әлгі кісі «Аллаһым, садақа лайық емес адамның қолына тиіпті, алайда бұл
Сенің қалауың болғаны үшін Саған мақтау болсын», – дейді. Ол тағы да садақа беруді
нәзір етеді. Түнде шығып біреудің қолына садақасын беріп кетеді. Жұрт таңертең
бай адамға садақа беріліпті деп айта бастайды. Сонда: «Аллаһым, садақа лайық емес
адамның қолына тиіпті, алайда бұл Сенің қалауың болғаны үшін Саған мақтау болсын»,
– дейді. Сонда садақа берушіге түсінде: «Ұрыға берген садақаң оны ұрлық жасаудан
сақтайтын шығар, жезөкшеге берген садақаң оны ойнастықтан сақтайтын шығар, ал
байға берген садақаң оны ғибраттандырып өзіне Алла берген байлықтан адамдарға да
бере бастайтын шығар,-делінген екен[5]»
Бұл хадистің алынатын ғибрат:
1.Садақа алуға лайықты емес адам болса да, берушінің ниеті түзу болса, оның
садақасы қабыл болады;
2.Садақаны жасырып беру және амалда ықыластың орны;
3.Садақа берудің артықшылығы. Садақа берушіге, алушыға және жалпы
қоғамға әлеуметтік пайдасы.
4.Мұқтаж жандарға қол ұшын берумен адам жанын тазартуға ұмтылуы.
[1] Тирмизи
[2] Муслим
[3] Бұхари
[4] Муслим, Насаи, Әбу Дауд, Ахмед
[5] Мұттафақұн алейһи
30
ЛАҚАП АТ ҚОЮҒА БОЛАДЫ МА?
Құран Кәрімде: «...Бір-біріңді міндемеңдер, жаман ат тағыспаңдар...[1]»,-деп
әмір етілген. Осы аяттың тәпсірінде Әбу Жабира бин Даххак (р.а.) риуаят еткен хадисте
былай делінеді: «Бұл аят бізге Бәну Сәләмә руына қатысты түскен. Алла елшісі (с.ғ.с.)
Мәдинаға келгенде біздің ер кісілердің екі-үш аты болатын. Пайғамбар сол есімдердің
бірімен шақырса, біз: «Уа, Алла Елшісі! Ол кісі бұл атын жақтырмайды» дейтінбіз.
Сонда осы аят түскен еді[2]».
Тыйым етілген әзіл-оспақ түрі – жағымсыз лақап ат қою. Адамға естісе
жақтырмайтын және ел алдында масқара болатын ат беруге болмайды. Адам өзінің
діндес бауырына лақап ат қойуы әдепке жат және араздықты тудырады[3].
Қорыта айтқанда, лақап ат қою – шариғатқа жат. Алайда, адамның түр сипатын
суреттеу мақсатында айтуға болады. Мәселен, «қай Әлиді айтып тұрсың?» дегенде
«ұзын бойлы, қара торы Әлиді» дегендей. Сонымен бірге, Шоқанның азан айтып
қойған аты Мұхаммед Ханафия, Абайдың шын есімі Ибраһим екені мәлім. Бұл есімдер
адамның намысына тимейтін болғандықтан рұқсат етіледі.
[1] Хұжрат сүресі, 11-аят
[2] Ахмед, Әбу Дауд
[3] Әл-Халал уал харам фил Ислам, 273-бет
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ТАНЫСТЫҚТЫ ШАРИҒАТ ҚҰПТАЙ МА?
Қазіргі таңда қоғамымызда, әсіресе, жастар арасында әлеуметтік желі
пайдаланушылары өте көп. Әрине, әлеуметтік желінің жұмысымызды жеңілдетіп,
ақпарат алмасуға, белгілі бір жайттарды талқылап-сараптауға, көмек сұрауға келгенде
тигізер пайдасы бар. Әріптестер жұмыс бабымен студенттер оқуға қатысты өзарасында
қажетті құжаттар мен материалдарды жылдам жөнелтуде таптырмайтын құрал.
Сонымен бірге, әлеуметтік желінің зияны да баршылық. Көп кездесетін жайт –
бөгде еркек мен әйелдің танысу және сөйлесу үшін пайдалануы. Бейәдеп суреттерін
жеке парақшаларына салуы. Мұның залалы өте көп. Осындай хат және сурет алмасу
салдарынан көптеген неке бұзылып, отбасылардың ойраны шығуда.
Сондықтан әлеуметтік желіні әдеппен қолдану қажет. Әлеуметтік желі арқылы
тілдесулерде де бетпе-бет кездесулердегідей белгілі талаптар сақталуы керек.
1.Зәрулік жағдайында рұқсат етілетіндей тек қажетті сұрақтармен шектелу. Мәселен,
сауда-саттық жасау кезіндегі сөйлесу сияқты.
2.Сөйлесу барысында аса салмақтылық, ой тазалығымен бірге әзіл-қалжың аралас бос
сөздер болмауы керек. Сөздерді қолдануда әдеп шеңберінен асып кетпеу.
Құран Кәрімдегі: «... қылымсып сөйлемеңдер. Онда жүрегінде дерті бар әлдекім
дәмеленеді. Әдеттегі сөзді сөйлеңдер[1]» деген аят тілдесуге емес, қылымсып сөйлеуге
тиым етіп тұр;
3.Сөйлесушілер бір-бірінің ар-намысын құрмет ету. Бейәдеп және ашық суреттерді
салмау;
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Шын мәнінде шайтан адамның қан тамырымен жүреді[2]»,-
деген.
[1] Ахзап сүресі, 32-аят
[2] Бұхари
31
САУАБЫ ӨТЕ КӨП АМАЛДАРДЫ АЙТСАңЫЗДАР!
Алла құзырында ең ұнамды және сауабы мол амалдар хақында көптеген хадистер
бар. Мәселен:
1.Әбу Һурайра (р.а.) риуаяты: Алла елшісінен (с.ғ.с.) адамдар:
- Қай амал абзал ?
- Аллаға және елшісіне иман ету
- Сосын қай амал?
- Алла жолында күрес.
- Сосын қай амал?
- Қабыл болған қажылық[1],-деді.
2.Абдулла бин Масғұд (р.а.): «Мен пайғамбардан (с.ғ.с.) Алла тағалаға ең ұнамды
амал жайлы сұрадым. Ол кісі: «Уақытында оқылған намаз»,-деді. Мен: «Сосын қай
амал?» «Ата-анаға жақсылық». «Сосын қай амал?» «Алла жолында күрес»,-деді.
3.Әбу Һурайра (р.а.) риуаяты: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алла тағала: адам
баласының барлық амалы өзі үшін. Тек ораза Мен үшін, оның сауабын Өзім беремін...,-
дейді[2]».
Дініміздің тірегі бес парыз амалының сауабы көп және Алла тағалаға ұнамды амал.
Ешбір түнгі нәпіл намаз, күндізгі нәпіл ораза және қайыр садақа парыздың деңгейіне
жетпейді. Алайда, парыз және нәпіл құлшылықтың сауабын шынайы ниет пен ықылас
көбейтеді. Бұл жайлы пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім мұсылмандығын ықыласпен
орындаса, жасаған әрбір ізгі амалына оннан жеті жүзге дейін еселеп сауап жазылады.
Ал, бір қате-күнә амалына бір күнә боп жазылады[3]»,– деген.
Сонымен бірге, тұрақты түрде жасалған амал Жаратқанға ұнамды боп саналады.
Бұл жөнінде Айша анамыз (р.а.) «Алла тағалаға ең ұнамды амал аз болса да ұдайы
орындалатыны[4]» деген риуаят жеткізген. Иә, амалда нәтиже болуы үшін тұрақтылық
қажет.
Сонымен қатар, мына хадистерге назар салыңыз. Әбу Мұса (р.а.) риуаяты:
«Адамдар: Уа, Алла елшісі! Мұсылмандықтың қайсысы абзал? –деп сұрағанда,
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Мұсылмандар тілі мен қолынан зиян көрмеген адам
мұсылмандығы[5],– деді».
Және Абдулла бин Амр (р.а.): «Бір кісі пайғамбардан (с.ғ.с.): Мұсылмандықтық
қайсысы абзал?– деді. Пайғамбар (с.ғ.с.): Тамақ беру, таныған және танымаған
адамдарға сәлем беру, – деді[6]»
Осы санаттаға хадистер жайлы Тирмизи Сүнәні түсіндірмесі «Тұхфат Ахуазида»
«Осы және осы мағыналас хадистер төңірегінде ғұламалар абзал амалдар жайлы
жауап сұраушы кісілердің жағдайына қарай берілген. Амалдың абзалдығы уақыт пен
адамдардың жағдайына байланысты», – деп түсіндірген.
Демек, парыз амалдан соң ең сауапты амал шынайы ниет және ықыласпен, тұрақты
түрде жасалатыны һәм адамдарға пайдасы көбірегі деп білген жөн.
[1] Бұхари, Муслим, Насаи
[2] Мұттафақұн ғалейһи
[3] Бұхари, Муслим
[4] Мүслим
[5] Бұхари
[6] Бұхари
32
ТУҒАН КҮНДІ ТОЙЛАУҒА БОЛА МА?
Шариғат тұрғысынан алғанда, адамның өмірге келген күнін Жаратқанға
шүкіршілік етіп, туған күнді атап өтуге ешбір кедергі жоқ. Тек туған күн мереке
деп аталмауы және қабыл етілмеуі керек. Сонымен бірге, бөтен ер кісілер мен қыз-
келіншектердің араласуы, дастарханда харам зат қойылуы сияқты тиым салынған
амалдар орын алмауы талап етіледі.
Туған күн үшін шүкіршілік ету жайлы Құран Кәрімде: «Маған туылған күнімде,
өлер күнімде және тірілтіліп, тұрғызылатын күнім де амандық болады[1]»,– деген Иса
(ғ.с.) сөзі бар.
Ал, хадистерде Әбу Қатада әл-Ансари (р.а.) риуаятында: «Пайғамбардан (с.ғ.с.)
дүйсенбі оразасы жайлы сұрағанда: «Бұл күні туылдым және осы күні маған уахи
түсті[2]»,– деп жауап берген екен. Міне, бұл адамның дүниеге келген күні шүкіршілік
етуді талап ететін нығмет екендігін көрсетеді. Сондай-ақ, бұл хадис Алла тағаладан
берілген нығметтерді атап өтуге рұқсат екеніне де дәлел болады. Хадиске оралар
болсақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күні мен уахи түскен күні – ең үлкен нығмет.
Ал, Юнус сүресіндегі «(Мұхаммед (ғ.с.) олар, Алланың кеңшілігі мен мәрхаметіне,
осыларға қуансын...[3]» деген аят Алла тағаланың нығметін қуанышпен қабыл алу
керектігін көрсетеді.
Жақын туыстардың туған күн иесіне қуаныш сыйлау үшін бірге атап өтуіне
рұқсат. Өйткені, адамға шаттық пен қуаныш сыйлау – шариғат құптайтын амал.
Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбардан (с.ғ.с.) адамдар қай амал абзал деп сұрағанда:
«Мұсылман бауырыңа қуаныш сыйлауың, оның қарызын өтеуің және бір жапырақ нан
беруің[4]», – деген сөзін риуаят еткен.
Омар бин Хаттабтан (р.а.): «Пайғамбардан (с.ғ.с.): қай амал абзал деп сұрағанда:
«Мұсылманға қуаныш сыйлау, аш болса қарнын тойғызу, киімсіз болса киіндіру,
қажетін өтеуің[5]», – деп жауап берген.
Қорыта айтқанда, туған күн сияқты белгілі бір күнді шариғатқа сай, ешбір жаман
және ерсі әрекеттерсіз атап өтуге болады. Ал, рұқсат аясынан аттап өтсе, мұны фиқһ
ғалымдары жаман бидғат деп санаған.
[1] Мәриям сүресі, 33-аят
[2] Муслим
[3] Юныс сүресі, 58-аят
[4] Тарғиб, Ибн Шаһин
[5] Табарани, Аусат
ДЖИНСЫ КИЮГЕ БОЛА МА?
Құран Кәрімде киім жайлы: «(Мұхаммед (ғ.с.) Алланың құлдарына көркем
етіп шығарған нәрсесін (киімін) және берген жақсы несібелерін кім арам етті»,-де...
[1]»,-деген аят бар.
Демек, мұсылман үшін киімнің барлық дерлік түрі адал. Дегенмен, барлық заттың
белгілі бір талаптары болады. Әли (р.а.): «Мен Алла елшісінің (с.ғ.с.) оң қолына жібек
матаны, ал сол қолына алтын бұйымды ұстап тұрып: «Мынау екеуі (жібек пен алтын)
үмбетімнің ер азаматтарына харам»,-дегенін көрдім[2]»,-дейді.
Және Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) әйел киімін киген еркекті және
еркектің киімін киген әйелді лағынет етті[3]»,-деген хадисті жеткізген. Осы мағыналас
хадистер негізінен киімге қойылар талап барын аңғарамыз.
33
Міне сондықтан, қыз-келіншектер киіміне талап қойылғаны сияқты, ер азаматтар
киіміне де белгілі шарттар талап етіледі.
1.Әуретті жауып тұруы. Сол себепті, жаз маусымында тізеден жоғары шорты
киюге болмайды;
2.Тым жұқа болмауы. Яғни, әурет саналатын кіндік пен тізе арасында киімінің
дене терісі көрінетінде жұқа болмауы;
3.Тар киім болмауы. Мәселен, отырып-тұрғанда және намазда рукуғ және
сәждеге барғанда киімнің тарлығы және қысқалығынан ашылып кетуі сияқты;
4.Әйелдер киіміне ұқсап тұрмауы;
5.Мұсылманшылыққа жат киім болмауы. Мәселен, жейде және шалбарда өзге
дін белгілері боп табылатын «Будда» «Крест» бейнелері болмауы, жартылай жалаңаш
адам бейнесі бар немесе «Мен көркем қыздарды ұнатамын» деген сияқты арсыз сөздер
жазылған болуы;
6.Жібек матадан болмауы. Шалбар мен көйлек те жібек матадан болмауы шарт;
7.Тәкаппарлық және менмендікті білдіретіндей болмауы.
Қорыта айтқанда, джинсы шалбар киюге болады. Бірақ, тар болмауы, шалбар қалтасы
немесе басқа жерінде крест болмауы (көбіне кездесіп жатады) керек. Киімнің, әсіресе
шалбардың, тарлығы дін тұрғысынан тыйым етілсе, денсаулыққа да зиян. Тар киім
қан айналымының дұрыс болуына және дененің емін-еркін тыныстауына кедергі екені
мәлім.
[1]
Ағраф сүресі, 32-аят
[2]
Әбу Дауд
[3]
Әбу Дауд
“ТАМАҚҚА ҮРЛЕМЕ” ДЕГЕН ТЫЙЫМ БАР МА?
Ата-аналарымыздың алдымызға қойылған асты үрлеп суытудан тиюынан басты
себебі әдепсіз әрекеттердің бала болмысымызда қалыптаспауын қадағалағаны. Сондай-
ақ, шариғатымызда да асқа үрлеуге болмайтындығы жайлы айтылады. Бұл тақырыпқа
қатысты мынадай хадистер бар: Әбу Қатададан (р.а.) «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ыдысқа
үрлеуден тыйды[1]» және Әбу Сағид әл-Худариден (р.а.) «Пайғамбар (с.ғ.с.) сусынға
үрлеуге тиым салды[2]» және Ибн Аббастан (р.а.) «Алла елшісі (с.ғ.с.) тамаққа және
сусынға үрлеуге тиым салды[3]».
Ыдысқа үрлеу – ондағы асқа немесе сусынға (шайға) үрлеуді білдіреді.
Хафиз Ибн Хажар (р.а.): «Ыдысқа үрлемеу керектігі жайлы бірнеше хадис келген.
Өйткені, үрлеу тамаққа жаман исі беруі мүмкін. Бұл үрлеген адамның ауыз қуысынан
жаман иіс шыққандықтан немесе көптен бері мисуак қолданбағандықтан, ауызын
шаймағандықтан болады. Сондай-ақ, үрлегенде асқазанның буы сыртқа шығады[4]»,–
деп түсіндіреді.
Байқасаңыз, шариғат адам өмірінің барлық жағдайында әдеп пен тазалыққа
мән беруге үндейді. Тіпті, тамақтану және сусын ішу секілді жайттар да назардан тыс
қалмаған. Ал, біздің аталарымыз осы секілді әдептерді жай қарапайым сөзбен үйретіп
отырған.
[1]
Бұхари, Муслим
[2]
Термизи
34
[3]
Ахмед
[4]
Фатхул Бари
ШПАРГАЛКА ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ МА?
Түрлі айла-қулыққа қатысты сахаба Әбу Һурайра (р.а.): «Кімде-кім алдаса, бізден
емес (мұсылманға жат әрекет)[1]», – деген пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ескертуін риуаят
еткен.
Иә, емтихан мен сынақтарда осындай тәсіл қолдану қулық жасау болып табылады.
Мұндай әрекетпен емтихан тапсырушы ең бірінші біреуді емес өзін алдағаны. Бұл
жолмен алған бағасы оның шынайы білімінің көрсеткіші бола алмайды. Одан да
жаманы – шынымен оқуға түсуге лайықты талапкердің ақысына қол сұққан болып
саналады.
Түрліше шпаргалка қолдану – сауда-саттық және басқа да қарым-қатынастар
адамды алдаумен пара-пар. Алла елшісі (с.ғ.с.):«Кімде-кім алдаса бізден емес. Айла
мен алдау тозақта[2]», – деген. «Бізден емес» дегені – иманы кәміл мұсылмандар
қатарына жатпайды. Ондай адам мұсылман деген атқа кір келтіруші. Оған тәубе етіп,
райынан қайтуы қажет.
Алаяқтық және алдап соғу – тыйым салынған жиіркенішті әдет. Алладан қорқатын
мұсылман мұндай жат қылыққа жоламайды. Осы секілді жайттар біздің қоғамның
дамуына үлкен кедергі келтіреді. Сондықтан да, мұндай көріністермен күресу қажет.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кімде-кім жат істі көрсе қолымен өзгертсін (тоқтатсын), оған
шамасы келмесе тілімен өзгертсін (тоқтатсын), оған шамасы келмесе жүрегімен. Бұл –
иманның ең әлсізі[3]»,-деген.
[1]
Муслим
[2]
Ахмед, Тирмизи
[3]
Муслим
ЗИНА ТУРАЛЫ БЕЙНЕРОЛИКТЕРДІ КӨРУДІң ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
Үлкен күнәлардың бірі – зина. Ал, зинаның барлық түрі харам екені мәлім.
Алла тағала көзді харамнан сақтауды әмір етіп: «(Мұхаммед (ғ.с.) Мүміндерге айт:
(бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын.
Бұл олар үшін өте жақсы. Рас, Алла олардың не істегендерінен хабар алушы. Мүмін
әйелдерге де айт (бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан)
қорғасын...[1]», – деп бұйырады. Сондықтан мұндай арсыз фильмдерді көруге қатаң
тыйым салынады.
Тозаңның түйіріндей жақсылыққа сауап жазылатыны секілді, мұсылман он екі
мүшесімен жасаған титтей күнә үшін де жауап бермек. Құран Кәрімде:«... Расында
құлақ, көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады[2]», – деп айтылған.
Мұндай бейәдеп бейнелер адамның мұсылманшылығына және санасына өте
зиян. Бұл сияқты фильмдер адамға арсыздықты үйретіп, иман мен ұяттан жұрдай етеді.
Ақыр соңы ауыр күнәға итермелеп, жүректі қарайтады.
Арсыз фильмді көрген адам өз әрекетіне өкініп, тәубе жасауға және бұдан былай
қайталамауы қажет.
[1]
Нұр сүресі, 30-31 аяттар
[2]
Ісра сүресі, 36-аят
|