Құрастырған Мұхамеджан естеміров әмірсейт қажы Дәулеталиев уағыз (365 КҮнге арналғАН уағыздар) Шымкент, 2015 ж


СЫЙЛЫҚ ЖАСАҒАНЫМЫЗ ҮШІН САУАП БЕРІЛЕДІ МЕ?



Pdf көрінісі
бет6/32
Дата06.03.2017
өлшемі1,6 Mb.
#7845
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

СЫЙЛЫҚ ЖАСАҒАНЫМЫЗ ҮШІН САУАП БЕРІЛЕДІ МЕ?
             Екі дүние сардары Мұхаммед пайғамбарымыздың әрбір амал-әрекеті – адамзат үшін 
асыл мұра, адастырмас ақиқат жол екендігі даусыз. Ендеше, сүйікті пайғамбарымыз 
жасаған әрбір амал-әрекетті қайталау – біздерді сауапқа кенелтері сөзсіз.
            Сүннеттердің ішіндегі ең нәзігі – сыйлық жасау дәстүрі. Бұл адамдардың 
арасында  достық  пен  сүйіспеншілікті  нығайтады.  Әбу  Һурайра  (р.а.):  «Бір-біріңе 
сыйлық жасаңдар, бір-біріңді жақсы көресіңдер[1]», – деген хадис жеткізген.
Осы орайда сыйланған заттың қымбат-арзандығына қарамастан, шын көңілмен 
қабыл  алудың  да  пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  сүннеті  екенін  ұмытпағанымыз  жөн. 
Алла Елшісі (с.ғ.с.) жай қарапайым затты сыйлық етіп берсе де қабылдайтын. Әнас 
бин Малик (р.а.): «Пайғамбарға (с.ғ.с.) Барира өзіне садақа етіп берілген етті сыйлады. 
Сонда пайғамбар (с.ғ.с.): «Бұл ет оған (Барираға) – садақа, ал бізге – сыйлық», – деген 
екен[2]».
Бұл сүннетті орындау үшін аса көп қаражат жұмсаудың қажеті шамалы. Кітапша, 
гүл, қаламсап сияқты қарапайым заттарды шын ықыласпен ата-анаға, әйеліне немесе 
күйеуіне, аға-ініге сыйға беру олардың көңілін бір марқайтып тастайтыны белгілі. 
[1]
 Байһақи 
[2]
 Муслим

43
МЕШІТКЕ БАЛАНЫ АЛЫП БАРУҒА БОЛА МА?
                Шариғат бойынша, оң-солын ажыратып қалған баланы мешітке алып келу 
– құптарлық амал. Мешіт – баланың бойына имани тәрбиені ұялатады. Оның мінез-
құлқына оң әсерін тигізеді. Бірақ, мешітке алып келмес бұрын балаға қоғамдық орын 
әдебі мен тәртібін үйрету қажет. Бала мешіттің мейірімділік және бауырмалдық мекені 
екенін сезініп өскені жөн. Ол мешітке деген сүйіспеншілікпен ер жету керек. Себебі, 
хадисте Алла Тағаланың мейіріміне бөленген жеті адамның ішінде: «... жүрегі мешітке 
байланған адам...[1]»,-деп көрсетілген.
              Мешітке баланы алып келуге рұқсат етілгендігі жөнінде, Әбу Қатада әл-
Ансаридің (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) қызы Зейнептің қызы Үмаматты көтеріп намаз 
оқушы  еді[2]»,-деген  және  сондай-ақ,  Әнас  (р.а.)  Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.):  «Мен 
намазға кірісемін де, оны ұзақ оқығым келеді. Бірақ сәбидің жылаған даусын естіген 
кезде,  намазды  жеңіл  оқып  бітіремін.  Өйткені,  сәбидің  жылағанынан  анасы  қатты 
мазасызданатынын білемін[3]»,-деген риуаятын дәлел етіп келтіруге болады.   
           Демек, бала намаз оқушылардың мазасын алмауы керек. Ең маңыздысы, намаз 
үстінде кедергі етпеуі тиіс. Адам ойы мен көңілін бір арнаға жинап, жан дүниесімен 
құлшылыққа берілу қажет. Бұл – ғибадаттың мәйегі. Ал, бала жылап намаз оқушылардың 
көңілін шалғытатын болса, мешітке алып келмеген дұрыс.
            Сонымен бірге, мешітте шулап жүрген баланы «бұзықтықтан» тимақ болып 
қабақ  шытып,  қатты  сөзбен  үрейін  ұшырудан  сақ  болыңыз.  Себебі,  үлкендердің 
мұндай әрекетінен бала қорқып қалу заңдылық. Және келеңсіздік тудырған баланың 
ата-анасына да дөрекілік көрсетпей, керісінше сыпайы да, жұмсақпен түсіндірген жөн.
[1]
 Бұхари 
[2]
 Бұхари, Муслим 
[3]
 Бұхари, Муслим
АҚ ТҮСТІң АРТЫҚШЫЛЫҒЫ БАР МА?
          Алла елшісінің (с.ғ.с.) ақ және басқа түсті киімдер кигені деректерде айтылған. 
Сондай-ақ, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) белгілі бір түсті киім киюді әмір етпеген. Дегенмен, 
ақ  түсті  ерекшелеп  айтқан  хадистері  бар.  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  ақ  түсті  тірі  және 
марқұм  мұсылманға  бірдей  құп  көрген.  Ибн  Аббас  (р.а.):  «Ақ  түсті  киімдеріңді 
киіңдер. Расында, ол – сендердің ең жақсы киімдерің. Және де мәйіттеріңді ақ матамен 
кебіндеңдер[1]», – деген пайғамбар (с.ғ.с.) хадисін риуаят еткен. Ақ түстің айрықша 
болуының себебі Самурат (р.а.) риуаят еткен хадисте былай түсіндіріледі: «Ақ түсті 
киімдеріңді киіңдер. Өйткені, ең таза, ең әдемісі  – сол түс. Және марқұмдарыңды ақ 
матамен кебіндеңдер[2]».
Ақ түсті киім кіршіксіз тазалықтың белгісі. Өйткені, ақ киімге тиген дақ лезде 
байқалады.      Бұл мұсылманның киімін таза ұстауына мүмкіндік береді. Ал, ең әдемісі 
деуі ақ түстен тыныштық пен рақаттың лебі есіп тұрады. Бұл өз кезегінде – көпшіліктің 
адамға деген ілтипатын тудыратын дүние.
[1]
 Тирмизи 
[2]
 Насаи

44
«КӨШЕДЕ ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІН» БІЛГІМ КЕЛЕДІ?
            Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адамдарға зияны тиетін, келеңсіздік пен қолайсыздық 
тудыратын  әрбір  әрекеттің  алдын  алуды  үйрететін.  Соның  бірі,  көше  әдебі.  Әдеп 
бойынша, көше немесе жол бойында ешбір шаруасыз, бостан босқа тұруға болмайды. 
Өйткені, көшедегі басқа адамдарға кедергісі тиетіні айтпаса да түсінікті. Ал, көше мен 
жол бойындағы жұмысшылар немесе аялдамада тұрған жолаушылар сияқты адамдар 
белгілі бір ережеге мән беруі тиіс. Бұл қоғамдық орындар оқыс жайттардың алдын 
алады. Көше талаптары:
    1. Көзді тию. Мысалы, бейәдеп нәрселерге және қыз-келіншектерге көз салмау 
сияқты; 
    2.Зиян тигізбеу. Тамақ қалдығы мен сусын ыдысын тастамау, дөрекі сөйлемеу және 
т.б.; 
    3.Сәлем беру. Кісіден уақыт немесе жөн сұрамас бұрын, әуелі сәлем беру немесе 
сәлем берген кісіге жауап қайтару; 
    4.Жақсылыққа шақыру. Көшеде немесе қоғамдық көлікте болған бейәдептілікке 
немқұрай қарамау; 
    5.Жамандықтан қайтару.
Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) риуаяты: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Көше бойында отырудан 
сақ болыңдар!,-деді. Адамдар: «Отырмасқа шара жоқ, біздің мәжіліс құрып басымыз 
қосылатын  жер  –  көше»,-деді.  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.):  «Егер  мәжіліс  құратын 
орындарың болса, көшенің ақысын беріңдер»,-деді. Адамдар: «Көшенің ақысы не?»,-
деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Көзді жаманнан тию, зиян тигізбеу, сәлемге жауап беру, 
жақсылыққа шақырып және жамандықтан қайтару[1]»,-деді.
Бұл  талаптар  қоғамның  салауаттылығымен  қоса  сауапты  амалдарды  қамтиды. 
Сүннеттің де тамашалығы осында. Сондай-ақ, мұсылманның ұстанымы «...Егер оған 
бағынсаңдар, тура жолмен жүресіңдер...[2]» екенін ұмытпаңыз.
[1]
 Бұхари 
[2]
 Нұр сүресі, 54-аят
ЖАңА АЙ ТУҒАНДА ДҰҒА ОҚУДЫң СЕБЕБІ НЕДЕ?
                        Ғаламдағы  барлық  жаратылыс  Алла  Тағалаға  құлшылық  ететіні  ақиқат. 
Құран Кәрімде: «Жеті көк және жер, сондай-ақ ондағы болғандар, Алланы пәктейді. 
Оны  пәктеп,  мақтамайтын  ешбір  нәрсе  жоқ.  Бірақ  сендер  олардың  тасбихтарын 
(құлшылықтарын) түсіне алмайсыңдар...[1]»,-деп баяндалған.
           Иә, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да жансыз құбылыстармен тілдесетін. Ол жайлы хадистер 
де баршылық. Алла елшісі (с.ғ.с.) мұсылмандарға жер, ай сияқты жаратылыстар және 
күннің күркіреуі тәрізді құбылыстар да адамдармен қатар Алла Тағалаға құлшылық 
ететінін хабарлаған. Талха бин Убайдулла (р.а.): «Пайғамбар (с.ғ.с.) жаңа ай туғанын 
көргенде: 
«Аллоһуммә  әһлилһу  ъәләйнә  бил  юмни  уәл  иман  уәс  сәләмәти  уәл 
ислам, Робби уә Роббукә Аллаһ» (мағынасы: Уа, Алла! Жаңа айда бізге жеңілдік бер. 
Иманда, амандық және Исламда (берік ет). Менің және сенің Раббың – Алла»,-деп дұға 
етуші еді[2]»,-дейді.
            Алла елшісі (с.ғ.с.) осы дұғаны жылына он екі рет қайталайтын. Жаңа туған айда 
берекет сұрап, дінде берік болуды тілеп қарсы алатын. Сонымен бірге, мұсылмандарға 
айдың  туу  уақытын  анықтауға  және  бақылауға  шақыратын.  Өйткені,  айдың  тууына 
қатысты  жасалатын  құлшылық  түрлері  бар.  Мәселен,  айдың  ортасында  үш  күндік 

45
ораза,  Ашура  оразасы  және  т.б.  Қала  берсе,  берекет,  амандық,  иман  және  Исламда 
берік тұруды сұраумен бірге сүннетке амал еткеннің сауабын алады. Бұл ғажап сүннет 
емес пе!
[1]
 Исра сүресі, 44-аят 
[2]
 Тирмизи
ҚАЛЖЫңДАП ҚОРҚЫТУҒА БОЛА МА?
       Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл жөнінде: «Кімде-кім бауырына өткір затты кезенсе, 
затын тастамайынша оған періштелер қарғыс айтады. Тіпті, ол бір әке, бір анадан туған 
бауыр болса да[1]»,-деп айтқан. Бұл хадисті имам Науаи: «Хадисте мұсылманның қадір-
қасиеті ерекше ескерілуде. Және мұсылманды қорқыту, көңіліне үрей салу және оған 
зиян тиетін бір әрекетке бару харам екендігі айтылып тұр. Хадистегі: «...Тіпті, ол бір 
әке, бір анадан туған бауыр болса да» деген сөз барлық адамға қатысты екендігі, оның 
күдікті немесе күдіксіз болуы, әрекеті әзіл немесе ойын болуы маңызды емес екендігі 
айтылып тұр. Өйткені, мұсылманды қандай жағдайда болмасын қорқыту харам»,-деп 
түсіндірген.
Абдурахман бин Әбу Лайлә риуаятында: «Сахабалар пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге 
сапарда  жүрген  кез  болатын.  Араларынан  біреуі  ұйықтап  жатқанда,  достары  оның 
қойнына әзілдеп арқан салып жібереді. Ұйқыдағы кісі қорқып кетеді. Сонда пайғамбар 
(с.ғ.с.): «Мұсылманды мұсылман қорқытуына болмайды[2]»,-деген».
            Және бір хадисте: «Ешбіреуің бауырының таяғын әзілдеп немесе шындап алушы 
болмасын. Кімде-кім бауырының таяғын алған болса, өзіне қайтарып берсін[3]»,-деп 
айтылған.  Демек,  шариғатта  адамды  қандай  жолмен  болмасын  қорқытуға  немесе 
көңіліне үрей салуға тыйым етіледі.
[1]
 Муслим 
[2]
 Әбу Дауд, Муслим 
[3]
 Тирмизи, Әбу Дауд, Ахмед
ҚҰРАН ТЫңДАУШЫҒА ҚАНДАЙ САУАП БАР?
Құранның  мың  сан  қасиеті  бар.  Құранды  оқушы  да,  оны  тыңдаушы  да  өзіне 
тиесілі жан азығын алары сөзсіз. Тіпті, дәретпен Құран кітабын қолға алып парақтап 
зер салудың өзі сауапты іс. Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Кімде-кім Алла 
Тағала кітабынан бір аятты тыңдайтын болса, оған еселеп сауап жазылады. Ал, кімде-
кім  Алла  кітабынан  бір  аятты  тиләуат  ететін  болса,  оған  (сол  аят)  қиямет  күні  бір 
нұр  болды[1]»,-дегенде  Құран  Кәрімге  құлақ  салып,  тыңдау  сауапты  амал.  Қадірлі 
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзі де арнайы Құран оқытып, жан-тәнімен тыңдайтын болған. 
Бұл  туралы  Абдулла  бин  Масғұд  (р.а.):  «Маған  Алла  елшісі  (с.ғ.с.):  «Маған 
Құран оқып бер»,-деді. Мен: «Уа, расул Алла! Сізге оқып берейін бе, (Құран) сізге 
түсірілді  емес  пе?,-дедім.  Пайғамбар  (с.ғ.с.):  «Ақиқатында,  мен  басқа  біреуден 
тыңдағанды  жақсы  көремін»,-деді.  Мен  ол  кісіге  Ниса  сүресін  оқып:  «Біз  әрбір 
үмбеттен бір куә келтіргенімізде және сені осылардың үстінен куә етіп келтіргенімізде 
жағдайлары қалай болар екен?[2]»,-деген жерге келгенімде: «Жеткілікті, тоқта»,-деді. 
Ол  кісіге  бұрылып  қарағанымда  екі  жанарынан  жас  төгіліп  жатыр  екен[3]»,-дейді. 

46
Демек, Құранды тілмен тиләуат еткен сияқты, оған құлақ қойып тыңдау да, зер салып 
қарау да сауапты амал. 
[1]
 Ахмед 
[2]
 Ниса сүресі, 41-аят 
[3]
 Муслим
АТА-АНАНЫ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ТЫңДАМАУ КЕРЕК?
          Алла Тағала ата-анаға жақсылық етуге әмір етеді. Ата-ананы құрметтеу және 
ерекше қадірлеу – әрбір мұсылманның перзенттік парызы. Құран Кәрімде: «Ал, егер 
ол екеуі өзінде білімі болмаған нәрсені Маған серік етіп қосуың үшін ұмтылып, әрекет 
етсе,  онда  оларға  бағынба.  Бірақ,  бұл  дүниеде  оларды  құпталғанға  сай  қарап,  күт...
[1]»,  –  делінген.  Демек,  әке-шешені  тыңдаумен  Алла  әміріне  қарсы  келуге  тыйым 
салынады.  Алладан  басқа  бір  нәрсеге  құлшылық  етуге  тәрбиелесе,  онда  ата-анаға 
бойұсынуға болмайды. Және хадисте: «Жаратылған (пендеге) бойсұнумен Жаратқанға 
күнә жасау жоқ[2]», – деп айтылған. Мысалы, дүкеннен арақ-шарап әкелуге жұмсаса, 
онда  тыңдамау  керек.  Тыңдамау  –  қарсы  шығу  емес.  Сондықтан,  қандай  жағдайда 
болмасын ата-анаға мейлінше жұмсақ қарым-қатынас жасау – перзентке міндет.
Түйіндей айтатын болсақ, тек бір жағдайда ғана атап айтқанда, Алла Тағалаға 
серік  қосу  және  күнә  амалдарға  бұйыратын  сөздерінен  басқа  барлық  жағдайда  ата-
ананың сөзін екі етпеу қажет.
[1]
 Лұқман сүресі, 15-аят 
[2]
 Ахмед, Хаким
ХАРАМ АС ЖЕГЕННІң ДҰҒАСЫ ҚАБЫЛ БОЛМАЙ МА?
Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте былай баян етіледі: «Алла елшісі (с.ғ.с.): 
«
Уа, адамдар! Ақиқатында Алла Тағала таза және тек тазаны ғана қабыл етеді. 
Алла Тағала мұсылмандарға Елшілеріне әмір еткенді орындауды бұйырады. Алла 
Тағала: «Ей, Елшілер! Таза (адал) нәрселерден жеңдер және ізгі амал істеңдер...
[1]»,  сонымен  бірге  «Ей,  иман  еткендер!  Біз  сендерге  берген  жақсы  нәрселерден 
жеңдер...[2]»,-деген.  Адам  ұзақ  сапар  шегіп,  үсті  басы  шаң-тозаң  болып  екі  қолын 
көкке  көтеріп:  «Раббым,  Раббым»,  –  дейді.  Алайда,  асы  –  харам,  сусыны  –  харам, 
киімі – харам және хараммен азықтанған. Оның дұғасы қалайша қабыл болмақ?![3]». 
          Қорыта айтқанда, адал емес табыс – дұға-тілектің қабыл болмауының басты 
себептерінің бірі.
[1]
 Муминун сүресі, 51-аят 
[2]
 Бақара сүресі, 172-аят 
[3]
 Муслим
ҚЫЗЫМА УММУ СӘЛАМА ДЕП ЕСІМ ҚОЙСАМ БОЛА МА?
Үмму  Сәлама  –  Сәламаның  анасы  деген  мағынаны  білдіреді.  Араб  халқында 
тұңғыш баласының есіміне Әбу (әкесі) және Үмму (анасы) деп қосып атау салты бар. 
Мұны Күния деп атайды. Мысалға, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) күниясы – Әбул-Қасым. 
Себебі, Қасым атты ұлы болған.
Үмму Сәламаның өз есімі – Һинд Үммаияқызы. Күйеуі қайтыс болып, топты бала-

47
шағасымен жесір қалған әйелге қамқорлық жасау мақсатымен үшін Пайғамбарымыз 
(с.ғ.с.) оған үйленеді. Осылайша, Үмму Сәлама – «мұсылмандар анасы» болады.
Қазақ  халқында  да  танымал  тұлғалардың  туылғанда  қойылған  есімдерінен 
бөлек,  ел-жұртқа  басқа  атымен  танылғандығын  тарихта  жақсы  білеміз.  Мысалға, 
Құнанбайұлы  Ибраһимнің  –  Абай,  Шыңғысұлы  Мұхаммед-Ханафияның  –  Шоқан 
деген атпен мәшһүр. Жұрт та баласына Абай немесе Шоқан т.б. есімдер беріп жатады. 
Сол  сияқты  Үмму  Сәлама  да  «Сәламаның  анасы»  емес,  тарихи  тұлға  есімі  сияқты 
қалыптасқан. Сондықтан, ерік өзіңізде. Ең бастысы – дені сау, иманды ұрпақ болғай!
 
ШЫМЫЛДЫҚ ӘДЕБІН БІЛЕМІЗ БЕ?
             Иә, ерлі-зайыптылардың төсек қатынасына байланысты бірнеше әдеп  ережелері 
бар.  Ол  әдеп  ережелерінің  мақсаты  жұбайлардың  адами  тұрғыдан  лайықты  түрде 
адал  төсек  ләззатын  алуы  үшін  түзілген.  Себебі,  ерлі-зайыптылардың  төсекте 
қанағаттанарлық  дәрежеде ләззат алуы харам ләззат, яғни зинадан қорғайтыны мәлім.
                  Шариғатымыздағы  шымылдық  әдебі  жайлы  хадистерді  негізге  ала  отырып, 
төмендегінше әдептерді атап өтуге болады:
1.Иіс су пайдалану. Ерлі-зайыптылар бір-біріне жақындағанда бойларынан қош 
иіс шығып тұруы бір-біріне деген ынтықтығын арттырады. Айша анамыз (р.а.): «Мен 
Алла елшісіне (с.ғ.с.) иіс су себуші едім...[1]», –деген;
2.Алғы шарт. Әйелдің бойынан құмарлығын ояту үшін құшақтау, сүю сияқты 
төсектің алғы шарттарын жасау;
3.Дұға оқу. Қосылмас бұрын алдын ала: «(Бисмиллаһ, Аллоһумма жаннибнаш 
шайтона, уа жаннибиш шайтона ма разақтана) «Бисмиллаһ, Аллаһым шайтанды бізден 
алыс ет және шайтанды бізге берген (перзенттен) алыс ет» дұғасын айту.
Ибн  Аббас  (р.а.):  «Сендердің  бірің  әйелімен  қосылар  болса:  «Бисмиллаһ,  Аллаһым 
шайтанды бізден алыс ет және шайтанды бізге берген (перзенттен) алыс ет» деп дұға 
етсін. Егер перзент сүюді жазса (сол түні ана құрсағына бала бітсе), ол балаға шайтан 
ешқашан зиян етпейді[2]», – деген пайғамбар (с.ғ.с.) сөзін риуаят етеді.
4.Қосылу әдісі. Әйелге алдынан да, артынан да жақындауға болады. Алайда, тек 
егін беретін (бала туатын) жерінен ғана қосылу тиіс. Құранда «Әйелдерің егіндіктерің. 
Егіндіктеріңе қалай қаласаңдар келіңдер...[3]» деген аят бар.
5.Ләззатты сезіну. Төсек ләззатын ерлі-зайыптылар бірдей сезіну үшін күйеуі 
әуелі әйелінің құмарлығын оятуы тиіс. Әнас бин Малик (р.а.) баяндаған хадисте: «Кісі 
жұбайымен қосылар болса, әуелі әйелін әзірлеп алсын. Әйелі ләззат алмайынша, өзі 
ләззаттанып қоюға асықпасын», – делінген. Ер кісі құмарлығын қандырып қойса, ал 
әйел ләззат алмаса зиян көреді.
6.Тыйым  салынған  әдіс.  Әйелмен  етеккір  немесе  босанғаннан  кейнгі  нифас 
кезеңінде,  сонымен  бірге,  артынан  қосылуға  тыйым  салынады.  Әбу  Һурайра  (р.а.) 
«Кімде-кім  әйеліне  етеккір  кезінде  немесе  артынан  қосылса,  Мұхаммедке  түскен 
кітапқа күпірлік еткені[4]», – деген риуаят жеткізген.
7.Сыр сақтау. Күйеуі де, әйелі де екеуі жеке қалғандағы қарым-қатынастарын 
құпия  сақтауға  міндетті.  Себебі,  ерлі-зайыптылар  арасында  болған  жайтты  бөгде 
кісіге айту үлкен күнәға жатады. Әбу Сағид әл-Хударий (р.а.): «Қиямет күні дәрежесі 
ең жаман адамдардың бірі – ерлі-зайыптылардың жеке қалып, сосын араларындағы 
сырды сыртқа жайып салушы[5]», – деген хадис келтірілген.
8.Ғұсыл құйыну. Ерлі-зайыптылар жүніп болғаннан кейін, сондай-ақ жыныстық 
мүшелері жанасса да ғұсыл құйынуы қажет. Бұл турасында  «Ұшы ұшына енсе, ғұсыл 
уәжіп болады[6]» деген хадис бар.

48
[1]
 Бұхари, Ғұсыл бөлімі 
[2]
 әт-Таж Жамиъ лил усул фи-ахадис расул, шайх Мансур Әли Насиф, Стамбул, «мактабат 
ханафия», 1-2 том, Неке бөлімі, шымылдық әдебі, 308-бет 
[3]
 Бақара сүресі, 223-аят 
[4]
 Әбу Дауд, Тирмизи 
[5]
 Муслим 
[6]
 Тирмизи
ҚЫЗҒАНЫШТЫң ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?
 
Қызғаныш – адам бойында біткен ең жақсы мінездің бірі. Қызғаныш – ер мен 
әйелге ортақ құп саналатын мінез. Тіпті, бұл мінез үшін адам сауапқа кенеледі. Сағид 
бин Зайд (р.а.): «Кімде-кім мал-дүниесін қорғап өлсе шейіт, жанын қорғап өлсе шейіт, 
дінін қорғап өлсе шейіт және отбасын қорғап өлсе шейіт[1]»,-деп риуаят етеді. 
Бірақ, кез келген мінез сияқты оның мөлшері мен шегі бар. Сол себепті орынсыз 
және шектен тыс қызғаныштың жаман мінезге айналары сөзсіз. Бұл жағдайда қызғаныш 
адамның өзіне де, отбасына да жақсылық әкелмейді.
Хадисте: «Қызғаныштың Алла тағала құп көретіні және жақтырмайтыны бар. 
Тәкаппарлықтың  да  Алла  тағала  ұнататын  және  ұнатпайтыны  бар.  Алла  тағала  құп 
көретін қызғаныш себеппен болғаны. Ал, себепсіз қызғанышты жақтырмайды. Алла 
тағала ұнататын тәкәппарлық соғыс алаңында болғаны, ал байлығы және даңдайсуы 
себепті болғанын жақтырмайды[2]», – деп айтылған.
Қызғаныш  мағынасы.  Адам  өзіне  тиесілі  затқа  біреудің  қол  сұғуын  сезген 
сәттегі ашуы оянып, жүрегі жылдам соға бастаған күйі.
Қызғаныш  көбіне-көп  ерлі-зайыптылар  арасында  болады.  Бұл  сезім  ер  мен  әйелге 
ортақ. Әйел затында қаттырақ болып келеді.
«...Әрі  олар  үшін  тап-таза  жұбайлар  бар...[3]»  аятының  тәпсірінде:  «Лас  пен  кірден 
және күнә мен зиян тигізуден таза болады[4],-деп түсіндірген.
Қызғаныш үкімі. Хадисте: «Алла тағала қызғанады, мұсылман да қызғанады. 
Алла тағала мұсылман харам амал істегенде қызғанады[5]»,-деп баяндалған.
Тағы бір хадисте: «Алла тағаладан асқан қызғанушы жоқ. Қызғаныш себепті Алла 
тағала пенделеріне арсыздықтың ашық және жасырын түрін харам еткен...[6]»,-дейді.
Орынды қызғану – ер адамның азаматтығының белгісі. Өйткені, бұл Алла тағала әмірін 
ұлық санаудан туған. Сонымен бірге, ар-намысты және өз отбасын қорғауға негізделген. 
Бұл мінез иманды күшейтіп, оның жүрекке бек орнығуына жәрдемдеседі. Ал, қызғану 
сезімі жоғалған қоғамда арсыздық пен отбасы қадір-қасиеті қоса жойылады.
Сондықтан, ер кісі әйелі дін тұрғысынан тыйым амалды жасап қойса, қызғануы 
дұрыс. Ал, керісінде мұндай жағдайда немқұрайлы болса, күнә болады. Тіпті, жәннатқа 
кіруіне кедергі болады. Аммар бин Ясирден (р.а.) Пайғамбар (с.ғ.с.): «Үш кісі ешуақытта 
жәннатқа кірмейді: Дәйіс (әйелін қызғанбайтын еркек), еркекшора әйел және араққа 
салынған маскүнем, – деді. Адамдар: Уа, Алла елшісі маскүнем кім екенін білеміз, 
дәйіс деген кім?– деді. Пайғамбар (с.ғ.с.): Отбасына кімнің кіргеніне мән бермейтін 
адам,-деп жауап берді»
Демек,  әйелі  қысқа  киіп,  орамалсыз  жүруіне  және  сол  күйі  көшеге  шығуына 
бейжай қарап, сырт көздерден қызғанбаған адам күнәһар болады.
              
Шектен  тыс  қызғаныш.  Адам  бойында  бұл  қасиет  шегінен  асып  кетсе, 
қасіретке  айналады.  Оның  зардабын  кісінің  өзі  де,  айналасы  да  тартады.  Кейбір 
ерлі-зайыптылар қызғану сырқатына ұшыраса, отбасылық өмірлерін төзімсіз етуі де 

49
ықтимал. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  үйіне түнделетіп келіп, отбасы тыныштығын бұзып, 
мін іздеуден тыйған[7]
Кісі ешбір себепсіз әйелі жайлы жаман ойға баруына болмайды. Әйелінің әрбір басқан 
қадамын аңдуы да дұрыс емес. Бұл ерлі-зайыпты қарым-қатынасты суытады.
Әли бин Толиб (р.а.): «Жұбайыңды көп қызғанып, өз мақсатың үшін ол жайлы жаман 
ойда болма»,– деген.
Тәмсіл.  Ибн  Касир  мынадай  дерек  жазады:  «286  һижра  жылы  оқиғасы.  Рай 
қаласының қазиына (қазіргі Иран мемлекетіне қарасты) отбасында кикілжің болып, 
өзінің 500 динар мәһрін талап етуші әйелден шағым түседі. Күйеуі бұл менің әйелім емес 
дейді. Әйел сөзінің растығына айғақ ретінде некеге куә болған кісілерді шақыртады. 
Куәлар: «Сол әйел екенін білу үшін бетін ашсын»,– дейді. Әйелдің бетін ашпақ болған 
кезде  күйеуі:  «Олай  етпеңдер,  ол  рас  айтады,  арызы  орынды»,–  деп  мойындайды. 
Сонда, оның жүзін күйеуі бөтен ер кісіге көрсеткісі келмейтінін байқаған әйел: «Мен 
дүние және ақыретте мәһр ақысын кештім»,– дейді. Дауда төрелік етіп отырған қази: 
«Бұл екеуінің бірін-бірі қызғануы неткен тамаша, бұл көркем мінез боп жазылады»,-
деген екен».
[1]
 Тирмизи 
[2]
 Ахмед 
[3]
 Бақара сүресі, 25-аят 
[4]
 Тафсир Ибн Касир, 1-том, 50-бет 
[5]
 Бұхари 
[6]
 Бұхари, Муслим 
[7]
 Муслим
КЕНЖЕ БАЛАНЫ КӨБІРЕК ЕРКЕЛЕТУГЕ БОЛАДЫ МА?
        Перзент ата-анасына қамқор болуы және бар жақсылығын аямауы парыз болғаны 
сияқты әке-шешенің де өз балаларының алдында тәрбие беру, бағып-қағу және әділ 
болу сияқты міндеттері бар.
           Құран Кәрімде: «...Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ. Және Алладан 
қорқыңдар...[1]»,-деп  әмір  етілген.  Әке  сыйлық,  киім-кешек  және  т.б.  зат  алуда 
балаларының  арасында  әділдік  жасауы  сүннет.  Бір  баланы  екіншісінен  артық  көру 
құпталмайды. Осыған қатысты мынадай хадис бар. Нұғман бин Башир (р.а.) риуаят 
етеді: «Әкем мені көтеріп Алла елшісіне (с.ғ.с.) алып барды. Әкем:
          - Уа, Алла елшісі! Куә болыңыз мына балама пәлен және түген мал-дүниені сыйға 
бердім,-деді.
          - Сен барлық балаңа Нұғманға бергендей сыйлық жасадың ба?,-деп сұрады Алла 
елшісі (с.ғ.с.).
        - Жоқ,-деді әкем.
        - Олай болса, менен басқа біреуді куә ет. Балаларың саған жақсылық жасауда тең 
болғанын қалайсың ба?,-деді.
- Иә,-деді әкем.
- Олай болса, бұлай жасама,-деді пайғамбар (с.ғ.с.)[2]».
Хадистегі «Олай болса, менен басқа біреуді куә ет» деген сөз негізінде балалар арасында 
теңдік ету – сүннет. Парыз емес.
Әділдік ету жайлы имам Мұхаммед бин Хасан, малики мен шафиғи ғалымдардың 
кейбірі  және  имам  Ахмед  ұл  балаға  мирас  үкіміндегідей  қыз  баланың  үлесінің  екі 

50
есесін беру десе, басқа ғалымдар ұл мен қызға тең қарауды құп санаған.
Сондықтан әке перзенттерінің арасындағы сүйіспеншілікке зияны тимейтін және 
өз балаларының мүддесіне сай келетін жайтты ескере отырып, осы екі пікірдің бірін 
таңдауына болады.
Жоғарыдағы  хадисте:  «Балаларың  саған  жақсылық  жасауда  тең  болғанын 
қалайсың  ба?»  деп  айтылғандай  балалардың  арасында  теңдік  жасамау,  аға-іні 
бауырлардың бір-біріне қала берсе әке-шешесіне деген реніш тудыруы әбден мүмкін. 
Бұл реніш кейде, бауырлардың, тіпті әке мен баланың арасы алыстап кетуіне себеп 
болуы ықтимал.
Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.):«Алла  тағаладан  қорқыңдар,  балаларыңның  арасында  әділ 
болыңдар[3]»,-деген.
Сонымен  бірге,  ата-ана  перзенттерінің  біріне  көбірек  көңіл  бөлуге  мәжбүр 
болатындай, бала ауырып қалу, студент боп оқуға түсу, бала-шағасы көп болу, белгілі 
себептермен жұмыссыз немесе қарыз болып қалу сияқты жағдайларда болады.
Қалған жағдайларда, перзентті ұл немесе қыз, тұңғыш немесе кенже деп ажыратпай 
араларында, тіпті беттерін сүюде де, тең қарау әке-шешеге міндет.
[1]
 Мәида сүресі, 8-аят 
[2]
 Бұхари, Муслим 
[3]
 Бұхари

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет