Құрастырушы: химия пәнінің мұғалімі: Курмашова А. Ж


Түссіз Таңқурай түсті Лакмус Қызғылт



бет5/8
Дата18.09.2022
өлшемі227,14 Kb.
#39422
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
химия есеп

Түссіз
Таңқурай түсті
Лакмус
Қызғылт
Көк
Метилоранж
қызғылт
Сары

Енді осы айтылғандарға байланысты 1-есепті орындауға болады.


Алдымен 3 сынауықтағы ерітіндіге де индикатор ерітіндісімен немесе индикатор қағазымен әсер етеміз. Мысалы, фенолфталеин ерітіндісімен әсер етсек, қай сынауықта натрий гидроксиді бар екенін анықтаймыз, себебі сілті ерітіндісінде фенолфталеин таңқурай түске боялады. Егер лакмусты немесе митилоранжды қолдансақ, қандай түске боялатынын да 1-кестеден көреміз. Ендеше тұз қышқылы және натрий гидроксиді, бар сынауықты анықтау үшін лакмус немесе метилоранж ерітінділерін қолданған дұрыс болады. Екі сынауықтағы заттар анықталған соң үшінші сынауықтағы заттың натрий хлориді екені өздігінен белгілі болады. Сенімдірек болу үшін соңғы сынауыққа күміс нитраты ерітіндісін құюымызға болады, сонда ақ түсті күміс хлориді тұнбаға түседі.
Реакция теңдеуі:
NaCl +AqNO3 → AqCl↓ + NaNO3


Қорытынды. Бұл реакция хлорид ионға сапалық реакция, ендеше үшінші сынауықтағы ерітінді - натрий хлориді ерітіндісі.
Ескерту: Күміс тұздары қалдығын төкпей бір ыдысқа жинауымыз керек!


2-есеп.Бір сынауықта дистильденген су, екіншесінде калий хлориді ерітіндісі бар. Өздеріңізге берілген осы заттардың қайсысы қай сынауықта екенін анықтаңыздар.
Шешуі. Бұл есепті шығару үшін екі сынауықта да күміс нитраты ерітіндісін құямыз. Сонда дистильденген суы бар сынауықта өзгеріс байқалмайды, ал калий хлориді бар сынауықта күміс хлоридінің ақ түсті тұнбасының түзілетінін көреміз.
Реакция теңдеуі:
KCl+AqNO3 → AqCl↓ +KNO3


Қорытынды. Бұл реакция да жоғарыдағы мысалдағы секілді хлорид ионға сапалық реакция.
Ескерту: Күміс нитратын үнемдеу үшін екі затты да заттық шыныға тамызып буландыруға болады. Суы бар заттық шыныда дақ қалмайды.


3-есеп. Екі сынауыққа да кальций оксиді мен магний оксиді берілген. Олардың қайсысы қай сынауықта екенін анықтаңыздар.
Шешуі. Екі сынауыққа да дистильденген су құямыз, сонда кальций оксиді бар сынауықта шабытты реакция жүреді, ал магний оксиді сумен әрекеттес-
пейді.
Реакция теңдеуі:
CaO + H2O → Ca(OH) 2 + Q


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет