Құрастырушы: профессор, п.ғ. к., доцент Алпысов А.Қ


Сабаққа қойылатын төртінші талап



бет45/82
Дата31.12.2021
өлшемі1,85 Mb.
#22749
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82
Сабаққа қойылатын төртінші талап – оқушылардың оқу әрекетін әр түрлі формада ұйымдастыру. Өз бетінше білім алу, өзін-өзі бақылау, бағалау, оқу әрекетін жекеше ұйымдастыруды дамыту талабын алға қояды және сабақтарда оқушылар көрнекіліктерді қолданады және топтық жұмыс формасын пайдаланады. Ғылыми–техникалық прогресстің жедел дамуы, ғылым мен өндірістің біте қайнасуы ой еңбегін одан әрі жетілдіруді талап етеді. Қазіргі таңда оқушының жалпы даму деңгейі, оның ойлауы мен өздігінен білім алу іскерлігі, алған білімін іс жүзінде қолдана алуы ерекше маңызға ие. Сондықтан ғылым негіздерін оқытып үйреткенде оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, олардың өздігінен білім алу іскерлігін қалыптастыру және оны одан әрі өрістету, алған білімін практикада қолдана білу машықтарын шыңдау бүгінгі таңда зор міндет болып табылады. Бұл өзекті мәселені жүзеге асыру күллі оқыту әдістері мен оқу–тәрбие жұмысын барынша жетілдіруді талап етеді. Осыған орай соңғы жылдары мектептерде оқу конференциялары мен семинарлары кең тарай бастады. Конференциялар мен семинарлар оқушылардың өздігінен ізденіп, білім қорларын байытатыны, ғылыми фактілерді талдап, қорытуға бейімделетіні, басқалардың ой–пікірлеріне сын көзбен қарауға икемделетіні іс жүзінде дәлелденіп отыр [7]. Оқу конференциялары мен семинарлары оқушылардың оқулық және қосымша әдебиеттерді өздігінен оқып үйренуді, ізденуді қажет етеді. Сондықтан оқушыларда ғылыми әдебиеттерді өздігінен оқып үйрену машықтарын қалыптастыру алдымен, олардың оқып шыққан материалдың ең маңыздыларын, ең негізгілерін атап көрсетуге, сол мәселелерді өз сөздерімен айтып беруге, бірнеше әдебиеттен оқығандарын қорытуға баулыған жөн. Оқу конференциялары сабақ кестесі бойынша бөлінген уақытта бүкіл сыныпта өткізіледі. Оқу конференцияларында математикалық ұғымдардың даму тарихы математикалық әдістердің тәжірибеде қолданылуы және т.б. оқулық немесе ғылыми әдебиеттерден оқушылар өздігінен оқып түсіне алатын материалды қарастырған жөн. Белгілі бір тақырып немесе тарау бойынша білімді жүйелеуге және қорытындылауға арнайы конференциялар ұйымдастыруға болады. Конференцияларды ұйымдастыру және өткізу кезеңдерінде мұғалім:

1) конференцияның мерзімін, қарастырылатын мәселелер мен олардың міндеттерін анықтайды;

2) оқушыларға арналған әдебиеттерді іріктейді;

3) оқушыларға таңдаған тақырыптарын үйлестіріп, баяндамалардағы басты мәселелер бойынша кеңес береді;

4) оқушылардың даярлығын ұдайы тексеріп, тиісті нұсқаулар береді.

Семинар сабақтары оқушылардың өздігінен білім алуына, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуге, пәнге ынтасын арттыруға, ғылыми әдебиеттермен өздігінен жұмыс істеу іскерліктерін дамытуға көмектеседі. Семинарлардың мақсаты алған білімді қайталау, жүйелеу және есеп шығаруға қолдана білу іскерліктерін дамыту болып табылады. Мұнда мұғалім негізінен мақсатын, міндетін және жоспарын түсіндіреді, реферат даярлайтын оқушыларға жеке тапсырмалар мен кеңестер береді. Өткізілу тәсілдеріне қарай семинарлар әңгімелеу, рефераттар мен баяндамаларды талқылау, есеп шығару қамтылатын аралас типті және комплексті болып бөлінеді. Комплекс сипаттағы семинардың негізгі мақсаты – математиканың басқа пәндермен байланысын қорытындылау мен жүйелеу.



7.3 Оқу процесінің тиімділігі, сабақтың жүйелігі мен сапасы, бағдарламаның орындалу барысы, білімнің тереңдігі бүкіл оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты [7].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет