Құрастырушы: профессор, п.ғ. к., доцент Алпысов А.Қ


Сабаққа қойылатын үшінші талап



бет44/82
Дата31.12.2021
өлшемі1,85 Mb.
#22749
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82
Байланысты:
Силлабус. М-31. МФ-31. МИ-31 МПМ. Алпысов А.К. (1)

Сабаққа қойылатын үшінші талап – сабаққа қажетті жабдықтар мен әдістерді, оқытудың тәсілдерін, сабақ кезінде тәрбие берудің тиімді әдістерін таңдап алу. Сабаққа аса қажетті жабдықтарды, әдістер мен тәсілдерді таңдап алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жұмыс. Мұғалім жұмысының табысты болуы оқушылардың жалпы дайындығына, олардың жеке ерекшелігіне, сабаққа керекті жабдықтардың тиімділігіне және оқу материалының ерекшелігін мұғалім қаншалықты дәрежеде айта білді, оқу жұмысында танымдық мәселелерді оқушылар алдына қаншалықты дәрежеде қоя білуіне тікелей байланысты. Оқыту жұмысында кез келген құрал-жабдық, дәріс, тәсілдердің ешбірі универсалдық сипатта бола алмайтынын ескеру керек. Тек бір әдіс не тәсілдің өзін ғана пайдалану нәтиже бермейді. «Математика» пәнінің ерекшелігі сонда, оқытуда негізгі мәселе көрнекі жабдықтар әр түрлі формада қолданылуы тиіс. Сондықтан сабақта көрнекі және техникалық құралдарды кешенді түрде пайдаланып және кітаппен істелетін жұмыс түрлерін көбейту керек. Математикалық ұғымдардың абстракциялық сипаты оқушылардың түсінуін қиындатады. Бұл қиындықты пәндік модельдер, графиктік, таңбалы т.б. модельдер арқылы жоюға болады. Математика сабақтарында әр түрлі күрделі мәселелерді жай түрде баяндағанда суреттер мен сызбалар қарастырылатын негізгі ұғымды сипаттайтын көрнекіліктер қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет