Құрастырушы: профессор, п.ғ. к., доцент Алпысов А.Қ



бет41/82
Дата31.12.2021
өлшемі1,85 Mb.
#22749
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82
Сабақтың құрылымы деп оның тұтастығы мен әр алуан варианттылығын, негізгі көріністерінің сақталуын қамтамасыз ететін сабақ элементтерінің жиынтығын айтады. Сабақтың құрамдас бөліктері өзара тығыз байланысты болады және белгілі тәртіпте жүзеге асырылады. Сабақ құрылымы қойылған мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, қолданылатын оқу әдістері мен тәсілдеріне, оқушылардың дайындық деңгейіне және оқу процесінде сол сабақтың алатын орнына байланысты анықталады. Сабақ құрылымы әр алуан болады. Тіпті параллель сыныптарда өткізілетін сабақтардың құрылымы бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген факторларға байланысты сабақтың құрылымы ұдайы өзгеріп, сыныпқа бейімделіп тұрады. Әр сабақта әрбір мұғалімнің өзіне тән қолтаңбасы көрінеді.

Мысалы, құрама сабақ мынадай жоспарда жүргізілуі мүмкін: 1) ұйымдастыру кезеңі; 2) үй тапсырмаларын тексеру; 3) өткен материалдарды қайталау; 4) жаңа материалды өту; 5) өткен материалды баяндандыру; 6) үйге тапсырма; 7) қорытындылау, бағалау.

Алайда бұл жоспарды ұдайы сақтауға болмайды, сыныптың ерекшелігіне, оқушылардың дайындық дәрежесіне және т.б. факторларға байланысты ол өзгеріп, кемелдендіріліп отырады. Жалпы құрылымның әрбір бөлігі өзінің мазмұны және көлемі бойынша, тіпті кең мағынада қарастырылады. Мысалы, бұрын алған білімін қайта еске түсіру қажеттігін көрсету және амалдар тәсілдері тек бұрын алған білімін жай еске түсіріп қоймай, оны жаңа жағдайларға пайдалану оқушының танымдық белсенділігін арттыруға, білімнің меңгерілуін тексеруге қолдану т.б. сияқты мәселелерден тұрады. Жалпы дидактикалық құрылымның бөліктерінен оқытудың әр алуан тізбектік, әр алуан байланыстағы барынша нақты үрдісін аламыз. Математика сабағының құрылымы ұғымын пайдалана отырып, көптеген мүмкін жағдайлар ішінен сабақтың негізгі кезеңдерін бөліп аламыз:

1. Сабақтың мақсатының қойылуы;

2. Жаңа материалмен таныстыру;

3. Жаңа материалды бекіту, а) ақпаратты еске түсіру және сондағы әрекеттің тәсілі; б) білімін көтеру, оны шығармашылықпен қолдана білу;

4. Оқушының білім, білік дағдысын тексеру;

5. Алынған білімді жүйелеу және жалпылау (тақырып, тарау бойынша).



7.2 Сабақтың құрылымын талдағанда сабақтың мақсаты басты роль атқарады. Сабақтың мақсаты оның құрылымын анықтайды және сабақтың кезеңдерінің арасындағы байланысты орнатады, сабақтың бір бүтіндігін қалыпқа келтіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет