Сабақты талдаған кезде қозғалатын басқа да сұрақтар. Жалпы сабақ құрылымының үйлесімділігінің бағасы және басқа кезеңдеріне жіберілген уақыт. Уақыт босқа кетіп қалған жоқ па?
Оқу жұмысының формасын, әдістерін таңдап алуды негіздеу және олардың сабақ мақсаттарына сәйкес келуі.
Оқушыларды саралап оқыту: тапсырманың көлемі, қиындық дәрежесі оқушыларға көмек көрсету дәрежесі.
Сабақтың тәрбиелік мәні: логикалық ойды дамыту, дүние тану көзқарасының практикамен байланысы, өнегелік тәрбие жағы және т.б.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы, оның педагогикалық іскерлігі, мұғалім мен оқушылардың еңбек ету барысындағы мәдениеттілігі, ұқыптылығы, мінез-кейпі, оқушылармен қарым-қатынасы.
Сабаққа гигиеналық талаптарды сақтау: тазалық, жарықтың түсуі, оқушыларды дұрыс отырғызу және т.с.с.
Мұғалімнің сөзі дәл және айқын ба? Ол нақты жауаптарды талап ете ала ма? Математика кабинетінің мүмкіндіктерін пайдалану және сабақты ұйымдастыру туралы басқа да сұрақтар.
Мұғалім талдау барысында өз сабағына сырттай қарауға, оны тұтастай алғанда, құбылыс ретінде тануға жекелеген оқушылармен, сыныппен бірлесе отырып, тәжірибелік өзгерістер жасаудағы өзінің теориялық білімінің, тәсілдерінің жиынтығын мақсатты саралауға мүмкіндік алады. Бұл өзінің күшті және әлсіз жақтарын бағалауға, жүзеге аспайтын қорларды анықтауға, қызметтің жекелей стилінің кейбір сәттерін нақтылауға мүмкіндік береді.
Сабақты талдау процесі көп қырлы: ол – мұғалімнің өзінің, оның нақты бір сабақтағы қызметінің, ұйымдастыру, танымдық қабілеттерінің, өтілген материалдарды оқушының игеруіне әрекет етуінің, қажетті дағды мен білік қалыптастыруының, оқушылардың білім алу ерекшеліктерін сыныптың әлеуметтік қалыптары мен құндылықтарын, қарым – қатынастың басым жағдайын, жекелеген оқушылардың мәртебесін, оқу пәнінің ерекшеліктеріне негізделген «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы», «оқушы-мұғалім» жүйесіндегі қарым – қатынас заңдылықтарына сүйенуді есепке алудың психологиялық ерекшеліктері.
Сезіну және өз бетінше тану процесі ретіндегі сабақты талдау өздігінен мұғалімнің талдау қабілетін қалыптастырады, қызығушылығын дамытады және оқыту мен тәрбиелеудің проблемаларын үйренудің қажеттігін анықтайды. Күрделі педагогикалық құбылыстарға бақылау жүргізе білу, оларды талдау, жинақтау және ғылыми түрде негізделген қорытынды жасау кәсіби–педагогикалық шеберлікті жетілдірудің шынайы құралы болып табылады.
7.4 Математикадан өздігінен орындалатын жұмыстар деп берілетін тапсырманы, мұғалімнің басшылығымен не оның тікелей қатысуынсыз, оқушылардың өздері атқаратын жұмыстарын айтамыз. Бұл туралы айтқанда оның өзара тығыз байланысты екі міндетін ескерген дұрыс. Бұлардың біріншісі – оқушылардың танымдық қызметіндегі іскерлікті, дербестікті дамыту және одан әрі өрістету, оларды білімді өздігінен орындауға, игеруге, дүниеге көзқарасын қалыптастыруға үйрету. Екіншісі – оқушылардың алған білімін өздігінен іс жүзінде қолдана білуге баулу. Оқушылардың өздігіне атқаратын жұмыстары олардың ой еңбегін қалыпқа келтіруге бағытталған және мұғалімнің берген тапсырмаларын орындаудың ең тиімді тәсілдерін өздеріне іздестіру көзделген.
Математика сабақтарында оқушылар өздігінен орындайын жұмыстарды былай жіктеуге болады: оқулықпен, оқу құралымен, анықтама әдебиетпен, есептер жинағымен жұмыс, әр түрлі үлестірмелі материалмен, жолдастарының жауабын толықтыру, талдау, математикалық конференцияарда жасалған баяндамаларға немесе әр түрлі танымдық мәні бар хабарларға пікір айту, жеке және топтық тапсырмаларды орындау. Рефераттар жазу, көрнекі құралдар жасау, өлшеуге немесе есептеуге байланысты практикалық жұмыстар орындау. Мұғалім оқу процесінде өздігінен орындайтын жұмыстың әр түрін және олардың үйлесімділерін қолдануды жоспарлайды. Математикадан өздігінен орындауға берілетін тапсырмалар айқын мақсатты көздеуі және оқушылардың ынтасын арттыру үшін берілетін тапсырмалардың мазмұны терең, практикалық қолдануы анық зерттеу сипатында болғаны орынды [6]. Сонымен бірге, оқушыларға тапсырма бергенде материалды біртіндеп күрделендіру, олардың шығармашылық белсенділігі, жеке бас ерекшеліктері, жалпы математикалық мәдениеті тәрізді факторларға назар аударған дұрыс. Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинетінде дидактикалық материалды, үлестірмелі карточкалар т.б. оқу құралдары жинастырылып, бір жүйеге келуі керек және оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны бөлек.
Өздігінен орындалатын үй тапсырмасының тиімділігінің басты шарты – барлық оқушылардың тапсырманы өз уақытында орындауы, түсінуі, тапсырманы орындаудағы дербестік, сыныпта орындалған, шығарылған есепке ұқсас есеп шығара білу, одан соң үй жұмыстары негізінде математикалық диктант, сынақ т.б. тапсырмалар орындап, материалды бекіту, конспекті жазу.
Оқушыларға шамадан тыс қиын тапсырмалар беріп, қиындықтар туғызбау үшін үй тапсырмасының мазмұнын толық әрі анық тұжырымдап, ондағы қиыншылықтарды түсіндіру, оны меңгеру жолдарын көрсету керек. Егер мұғалім үй жұмысы үшін сыныпта орындалған есептен өзге есеп берсе оқушылар сөзсіз қиналады.
Жалпы сынып оқушыларына ортақ тапсырмалармен бірге, оқушылардың жеке ерекшіліктеріне сәйкес тапсырма берудің маңызы зор. Математикаға ынтасы бар, оқушыларға әртүрлі тақырыпқа шығармашылық тапсырмалар беріп, зерттеу сипаттағы есептерді, баяндамалар жазғанда т.б. қамқорлық жасау керек. Тапсырмалардың шамадан тыс көп болуы оқушыларды жалықтырыды, не уақытын көп алады. Дұрыс ұйымдастырылған үй тапсырмасы оқушылардың жауапкершілігін арттырып, өздігінен білім алу дағдысын қалыптастырады.
Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының бірі – шығармашылық жұмыстар. Математикадан өздігінен шығармашылық жұмыс орындау оқушылардың пәнге ынтасын арттырып, ізденгіштік қасиеттерін тәрбиелейді, математикалық ой – өрісін дамытады. Шығармашылық жұмыстарды орындау барысында оқушы оқып үйренген теорияның не есептің жаңа қырларын ашады, өзіндік пікірін айтады, табылған мәліметтер бойынша қорытынды жасауға үйренеді.
Оқушылардың шығармашылық жұмысына мыналар жатады:
үйреншікті тәсілдерді қолданбай есеп шығару немесе теорияны дәлелдеу;
бір есепті бірнеше тәсілдермен шығару;
есептер құрастырып, шеше білу;
математикалық шығарма жазу;
оқушыларға баяндама, не реферат жазғызу.
Егер оқушы математикалық шығарма жазғанда ізденгіштік қабілет танытса, қайсыбір фигураның қасиеттерін анықтап, математикалық сөйлемдерді өздігінен дәлелдесе, онда оның еңбегі соғұрлым құнды әрі қызықты болмақ. Математикалық шығарма жазу оқушылардан:
- қосымша әдебиеттерді оқуды;
- оқыған материалды қорытуды;
- жаза білу қабілетінің қалыптасуы;
- жазғандарын көркемдеуді талап етеді.
Сондықтан мұғалім қажетті әдебиет тізімін оқушыларға берумен қатар олардағы басты мәселелерге назар аудару, оқыған мазмұнды өз сөздерімен конспектілеуге, түйінді жерін бөліп алуға, оларды ретімен жазбаша баяндауға баулыған жөн. Оқушыларға мынадай тапсырмалар ұсынуға болады: 1) жай сандар; 2) симметриялы фигуралар; 3) квадрат теңдеулерді шешу тәсілдері; 4) табиғаттағы симметрия т.с.с.
Бір есепті бірнеше тәсілдермен шығаруға мысалдар құрастыру керек.
Мысал. Тік төртбұрыштың ауданы а2 – қа тең. Осы тік төртбұрыштың периметрінің ең кіші мәнін табу керек.
1 – тәсіл. Қабырғалары х,у. Бұларды жарты периметр арқылы өрнектейік.
– ең кіші мәні,
тепе – теңдігін пайдаланамыз. және болатын болады. р - ең кіші мәнге x-y=0 болғанда, яғни x=y болғанда жетеді. Бұл жағдайда p2=4a2, олай болса x=y. Яғни, р – жарты периметрдің ең кіші мәні x=y болғанда 2а – ға тең.
2 – тәсіл. Х - тік төртбұрыш қабырғаларының ұзындығы, сыбайлас қабырғалар ұзындығы р-х, онда ауданы х(р-х) = а2, яғни, х2-рх+а2=0. Бұларға 2ах-ті қоссақ, х2-2ах +а2+2ах-рх =0. не (х-а)2+х(2а-р) =0.
Соңғы теңдік 2а-р0 болғанда ғана мүмкін, өйткені х-а20, х0, яғни х2а. р-нің ең кіші мәні р – ға тең.
3 – тәсіл. Келесі белгілеулер енгізейік. мұнда - кез келген сан, - жарты периметр. Жүйені шешсек,
,
Ауданды тапсақ,
.
p2=4a2+q2 және q=0, яғни x=y болғанда, p – ең кіші мән қабылдайды, олай болса p=2a.
Достарыңызбен бөлісу: |