5. Математикалық олимпиадалар V-ХІ сынып аралығында жыл сайын өткізіледі. Оның мақсаты қандай? Мектеп олимпиадасын өткізу үшін 5-9 сынып оқушыларына арналған олимпиада тапсырмаларының бір нұсқасын құрастырыңыз. Бұл тапсырмалар қандай талапқа негізделген? Математикалық олимпиаданы өткізу әдістемесі қандай? Мектепте олимпиада неше турда өткізіледі?
6. Мектепте математикалық кештерді өткізу әдістемесімен танысыңыздар. «Қазіргі кездегі математика» тақырыбы бойынша математикалық кешті өткізу жоспарын құрастырыңыздар және оған керекті әдебиеттерді көрсетіңіздер.
7. «Математика апталығын» өткізу жоспарын жасаңыздар. Онда оқушылардың ролі кандай?
8. ІХ сыныпқа арналған сыныптан тыс жұмыстарды өткізу нұсқаларын ұсыныңыздар. Математикалық конференцияны даярлау және өткізу әдістемесін тұжырымдаңыздар.
9. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың қандай түрлері бар, қандай бағытта жүргізіледі, негізгі мақсаттары қандай?
10. Мектепте математикалық кешті ұйымдастыру және математикалық үйірмені жүргізу әдістемесін сипаттаңыз.
11. Үйірме жұмысына өте жақсы оқушыларды қатыстыруға бола ма? Үйірме жұмысында қандай тақырыптар қарастырылуы тиіс?
12. Факультативтік сабақтардың мақсаты кандай? Математикадан факультативтік сабақты ұйымдастыру үшін не қажет және нені білу керек?