Құрастырушы: профессор, п.ғ. к., доцент Алпысов А.Қ



бет77/82
Дата31.12.2021
өлшемі1,85 Mb.
#22749
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
Силлабус. М-31. МФ-31. МИ-31 МПМ. Алпысов А.К. (1)

3) Тапсырмалар.

1. Геометрияны оқытудың негізгі кезеңдерін атаңыздар.

2. V және VI сыныптардағы геометриялық материалды баяндау әдістерінің салыстырмалы талдауын беріңіздер. Мысалдар келтіріңіздер.

3. «Шардың көлемі» тақырыбы бойынша сабақ жоспарын құрыңыздар.

4. «Кеңістіктегі түрлендірулер» тақырыбына логикалық және дидактикалық талдау жасаңыздар. Осы материалды баяндау кезінде қандай оқыту әдісі тиімді?

5. Стереомертия курсында «Векторлар» тақырыбын баяндау жүйесін талдаңыздар. Жазықтықтағы векторлармен аналогияны қолдану жағдайы туралы сұрақты талдаңыздар.

6. Мына тұжырымдар дұрыс бола ма:

а) төртбұрыш ромб болу үшін оның симметрия центрі болуы қажетті,

б) төртбұрыш ромб болу үшін оның симметрия центрі болуы жеткілікті,

в) төртбұрыш болу үшін оның симметрия центрі болуы қажетті және жеткілікті?

7. Келесі есепті шешудің әдістемесін жасаңыз: «Параллелограмның қарсы жатқан бұрыштарының биссектрисалары өзара параллель екендігін дәлелдеңіздер» Шешудің әр кезеңін ескеріп, есептің шешімін іздеуде есепті шешу схемасын қолдану керек пе? Шешу жабдықтарын ойластырыңыздар.

8. Тік призманың көлемін табу теоремасының дәлелдемесіне логикалық талдау жасаңыздар. Осы теореманы дәлелдеуде қандай қасиеттер көлемі қолданылады. Осы тақырып бойынша сабақ жоспарын құрастырыңыздар.

9. «Сыбайлас бұрыштар» тақырыбындағы тапсырмаларды талдаңыздар. Олардың ішінен «сыбайлас бұрыштар» ұғымын енгізудегі дәлелдеуді болдыратын, оның мазмұнын ашатын және енгізілетін ұғымды бекітетіндерін атап көрсетіңіздер. Осы ұғымды бекітетін тапсырмалар қандай оқу жаттығу түрлеріне жатады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет