4-Тақырып. Математиканы оқытудың әдістері
1) Мақсаты.
Математиканы оқыту әдістерінің мәнін түсіну және оқытудың нақты жағдайларында оны қолдана білу, білім алушыларды ғылыми ойлау әдістерімен қаруландыру. Математиканы оқыту барысында алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу. Математиканы оқытудың әдістерін қолданудың оқыту процесінде пайдалы жақтарын білу және оның тиімділігін бағалай білу қажет. Математикалық теорияны құрудың формальды-логикалық қағидаларымен қатар, индукция мен дедукцияның, анализ бен синтездің диалектикалық бірлігін құрайтын таным әдістерін игеру.
2) Сұрақтар.
1. Математиканы оқытудағы индукция мен дедукция.
2. Математиканы оқытудағы анализ бен синтез.
3. Математиканы проблемалап оқыту.
4. Математиканы оқытудың ғылыми әдістері.
3) Тапсырмалар.
1. Оқып - үйрену әдістері ғылыми және оқу әдістері болып бөлінеді. Ғылыми әдістеріне: салыстыру мен аналогия және т.б. жатады. Салыстыру мен аналогия әдісіне сипаттама беріңіздер. Осы әдіс қандай сыныптарда кең қолданылады? Қандай тақырыптарды өткенде осы әдістемені қолданады?
2. Оқу әдістері орта мектеп математика педагогикасында математиканы оқытуды дамыту үшін арнайы жасалынған әдістер болып табылады. Оқу әдістеріне жататындар: эвристикалық әдіс, модельдер арқылы үйрету әдісі, бағдарламалық оқыту әдісі және т.б. Өзіңізге белгілі оқу әдістеріне сипаттама беріңіздер. Қандай сыныптарда оны қолдануға болады? Осы және басқа әдістерді меңгеру деген не? «Сүйір және доғал бұрыштар», «Жай және құрама сандар» тақырыптарын оқытқанда осы әдістердің қайсысын қолдануға болады?
3. Оқып үйрену әдістері ретінде бақылау мен тәжірибе әдістеріне сипаттама беріңіздер. Математиканы оқытуда олардың қолданысы қандай? Матеметиканың негізгі ұғымдарын тәжірибе арқылы оқушыларға қалай түсіндіруге болады? Мектеп математика курсында бақылау мен тәжірибені қолдануға мысал келтіріңіздер. Математиканың негізгі ұғымдарын тәжірибе арқылы оқушыларға қалай түсіндіруге болады?
4. Математиканы оқып үйрену әдістері ретінде анализ бен синтездің мазмұнын ашыңыздар. Анализ бен синтез математиканы оқыту үрдісінде ұғымдарды қалыптастыруға, теоремаларды дәлелдеуге және есептерді шығаруда кеңінен пайдаланады. Анализ бен синтезді қолдануға мысалдар келтіріңіздер.
5. Проблемалап оқыту - дамытушылық сипаттағы оқыту. Проблемалап оқытудың мақсаты қандай? Проблемалап оқыту кезінде сабақ барысы қандай этаптарға бөлуге болады?
6. 5-6 сынып математикасын оқытуда проблемалық ахуалды ұсыныңыздар. Тақырыпты өзіңіз таңдаңыздар.
7. Математиканы оқытудағы индукция мен дедукция әдістерінің мәнін сипаттаңыздар.
8. Математиканы оқытуда проблемалап оқытудың ерекшеліктерін атаңыздар.
9. Ғылыми таным әдістеріне жалпы сипаттама беріңіздер (жалпылау, нақтылау, абстракциялау, бақылау мен тәжірибе, салыстыру мен аналогия, анализ бен синтез).
10. Мектеп математика курсынан теоремаларды дәлелдеу, ұғымды анықтау, фигура қасиеттерін үйретуге аналогия әдісін қолдануға мысалдар келтіріңіздер.
11. «Үлкен немесе кіші» тақырыбы бойынша қандай әдістер қолданасыздар?
12. Толық индукция әдісінің математикалық индукция әдісінен қандай айырмашылығы бар?
Достарыңызбен бөлісу: |