2-Тақырып. Математиканы оқытудың мақсаттары
мен мазмұны
Мақсаты.
Математиканы оқытудың жалпы білім беру мақсатында - мектеп бағдарламасы анықтайтын математикалық білімнің, іскерлік пен машықтың барлық жүйесін терең және саналы меңгеруін қамтамасыз ету, математикалық тілді меңгеруге үйрету, оқушылардың нәрселер мен құбылыстардың арасындағы қатынастардың өздігінен орнату іскерліктерін шыңдау. Математиканы оқытудың тәрбиелік мәнінде - дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, математикалық ойлауын дамыту, математикалық мәдениетке тәрбиелеу. Практикалық мақсатта - алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, практикалық есептерді шығаруға, өздігінен білім алуына көмектесу. Дамытушылық мәнінде - танымдық мүмкіндіктерін дамыту, оларды өздігінен білім алып, ғылыми-техникалық және саяси жаңалықтардан хабардар болуға үйрету мен шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру.
2. Сұрақтар.
1. Математиканы оқытудың білім берерлік мақсаты.
2. Математиканы оқытудың тәрбие берерлік мақсаты.
3. Математиканы оқытудың практикалық мақсаты.
4. Математиканы оқытудың дамытушылық мақсаты.
3. Тапсырмалар.
1. Математиканы оқытудың мақсаты жалпы білім беру, тәрбиелік және тәжірибелік болып бөлінеді. Осыларға сипаттама мен тұжырымдама беріңіздер. Сіздің көзқарасыңыз бойынша мектеп бағдарламасына математика курсы бойынша білім мен біліктілікті қалыптастыруда жалпы білім беру және тәжірибелік мәні қаншалықты кең қарастырылған.
2. Математиканы оқыту үрдісінде оқушыларды тәрбиелеуде өзекті мәселелерге жататындар дүниеге диалектикалық - материалистік көз-қарасты қалыптастыру, патриоттық, эстетикалық тәрбие беру. Осыларға сипаттама беріңіздер. Математиканы оқыту үрдісінде оқушыларды тәрбиелеуге қандай тәрбиелеу жүйесін елестетесіз?
3. Математиканы оқыту процесінде оқушыларды тәрбиелеуге қандай тәрбиелеу жүйесін елестетесіз?
4. Оқушыларды дамытып оқыту әдістеріне сипаттама беріңіздер.
5. Мектеп математика курсының мазмұны мен құрылымын қарастырғанда арқау болатын қағидалар.
6. Оқыту мен тәрбиелеу мақсаттары дидактикалық тәсілдер мен құралдардың көмегімен іске асырылатын реттелген жинаққа түсініктеме беріңіздер.
7. Оқыту нәтижесінің жетістігін болжауда тақырыпты-логикалық талдаудың амалына түсініктеме беріңіздер.
8. Жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың мақсаттарына, оқушы тұлғасын тәрбиелеу мен дамытуға қол жеткізу неге тәуелді?
Достарыңызбен бөлісу: |