3) Тапсырмалар.
1. Есеп шығаруға төмендегідей талаптар қойылады: қатесіз шығару, негіздеу, толық шығару, мүмкіндігінше тиімді жолмен шығару. Әр талаптар бойынша түсініктеме беріңіздер.
2. Математикалық есептерді шешу қандай кезеңдерден тұрады? Әр кезеңнің мағынасы неде?
3. Математиканы есеп арқылы оқытудың қандай әдістері бар. Есептердің шешімін табуда арнайы амалдар үлкен рөл атқарады: тапсырманы қайта тұжырымдау амалы, салдарды шығарып алу амалы және т.б. амалын сипаттаңыз, мысал келтіріңіз.
4. Математиканы оқыту процесіндегі есептердің ролі және математикалық есептердің білім берудегі мәні.
5. Математикалық есептердің тәрбиелік мәні.
6. Математикалық есептердің тәжірибелік мәні.
7. Математикалық есептердің дамытушылық мәні.
8. Тақырыпты оқу барысында теңдеулер мен теңсіздіктер саласындағы қолданбалы бағыттылық.
9. Математикалық есептер құрастырып, шешімін көрсетіңіз.
10. Математиканы оқытуда есептерді дамыта шешу міндеттерін қалай түсінесіздер? «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатыстар» тақырыбының есептеріне осы көзқарас бойынша талдау жасаңыздар.
11. Төменде берілген есептерді шешудің әдістемелік жұмыс нұсқаларын көрсетіңіздер:
а) Параллелограмның қабырғалары 10 см-ге және 3 см-ге тең. Үлкен қабырғаға ірегелес жатқан екі бұрыштың биссектрисалары қарама-қарсы қабырғаны үш кесіндіге бөледі. Осы кесінділерді табыңыз.
б) Тік призманың табаны-тең бүйірлі үшбұрыш. Оның тең қабырғаларының арасындағы бұрыш α-ға тең. Жоғары табанының төбесінен тең бүйірлі жақтарының диагональдары жүргізілген, олардың арасындағы бұрыш β-ға тең. Пизманың бүйір бетін табыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |