Құрастырушы: профессор, п.ғ. к., доцент Алпысов А.Қ


-Тақырып. Математиканы оқытуды ұйымдастыру



бет67/82
Дата31.12.2021
өлшемі1,85 Mb.
#22749
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   82
6-Тақырып. Математиканы оқытуды ұйымдастыру.
1) Мақсаты.

Математикадан оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – сабақ. Сабақтың өзіне тән міндеттері, мақсаты, бағыт-бағдарына тоқталу. Сабаққа даярланғанда алдымен оның мақсаты мен міндетін анықтап, оларды жүзеге асырудың тиімді жолдары мен әдістерін іздестіру, оқу жұмысын ұйымдастырудың түрлерін таңдау. Сабақтың басты белгісі – оның дидактикалық мақсатына тоқталу. Осы белгінің негізінде сабақтың типін анықтау, сараптау. Сабақ құрылымына тоқталу оның тұтастығы мен әр алуан түрлерін, негізгі көріністерінің сақталуын қамтамасыз ететін сабақ элементтерінің жиынтығын айту. Сабақ құрылымы қойылған мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, қолданылатын оқыту әдістері мен тәсілдеріне, оқушылардың дайындық деңгейіне және оқу процесінде сол сабақтың алғы шарттарына байланысын анықтау.


2) Сұрақтар.

1. Сабақ, оның құрылымы.

2. Сабаққа қойылатын негізгі талаптар.

3. Сабақтың түрлері.

4. Мұғалімнің сабаққа даярлануы.

5. Математика сабағын талдау.


3) Тапсырмалар.

1. Жаңа тақырыпты түсіндіру үшін қандай сабақ түрлерін білесіздер? Осы түрі бойынша сабақтың негізгі элементтерін айтыңыздар. Дәріс сабақты өткізудің жақсы жағы мен кемшілігі қандай?

2. Математика сабағының құрылымы көбінде әртүрлі болады. Олардың негізгі элементтері: үй тапсырмасын тексеру, жаңа тақырыпты тексеру, есеп тексеру, үйге тапсырма. Сабақтың құрылымы әрқашан осылай болу керек пе? Қандай сабақ элементтерін қолдануға болады?

3. Білім беруде қандай бекіту сабақ түрлерін білесіздер? Осы сабақтың негізгі элементтерін айтыңыздар. Осы мақсатта бейне-сабақты қолдануға бола ма?

4. 7-9 сыныптарға арналған оқулықтарды талдаңыздар. Олардың әдістемелік негіздері қандай? Олардың құрылымдарын тұжырымдаңыздар.

5. Математика сабағында кері байланыс тәсілін ойластырыңыздар. Қандай тәсілдерді меңгердіңіздер? Кері байланысты (оқушы-мұғалім) график, сызба, кесте бойынша қалай іске асыруға болады? Мысал келтіріңіздер.

6. «Шеңбер» тақырыбын оқыңыздар. Сабақты осы тақырыпты түсіндіру жоспарын құрыңыздар және үй тапсырмасын жасаңыздар. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында 10-15 минут бақылау жұмысын құрастыңыздар.

7. «Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы және биіктігі» тақырыбын оқыңыздар. Үшбұрыштың биссектрисасы, биіктігі және медианасының айырмашылықтары қандай?

8. Математика сабақтарында өздігінен орындайтын жұмыстардың қандай түрлері пайдаланады? Оларға түсініктеме бер.

9. Сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарды тиімді ұйымдастыру үшін қандай оқу құралдары керек.

10. Өзіндік тапсырмалардың орындалуын тексеру әдістемесін сипаттаңыздар. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығумен ғана шектеле ме? Жауабын тұжырымдаңыздар.

11. Құрама сабақ қандай жоспарда жүргізілуі мүмкін, сипаттама беріңіздер.

12. Математика сабағына дайындалу үшін мұғалім нені анықтау керек?

13. Бір тақырып бойынша сабақ жоспарын жасаңыздар. Өзіндік және бақылау жұмысын құрастырыңыздар.

14. Білім беруде қандай бекіту сабақ түрлерін білесіздер? Осы сабақтың негізгі элементтерін айтыңыздар.

15. Кейбір мұғалімдер жаңа тақырыпты сабақта талдап, үйретеді де, үй тапсырмасын берумен ауыртпалық жасамайды. Осы әрекеттің пайдасы қандай? Үй тапсырмасын тексеру әдістемесі қандай болу керек?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет