Құрастырушылар: аға оқытушы ТугамбаеваТ. Б


Бейорганикалық тұздар технологиясы



бет4/7
Дата25.11.2023
өлшемі256,5 Kb.
#126554
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Бейорганикалық тұздар технологиясы. Натрийүшкөпфосфаты, оның көрсеткіштері, сапасы. Өндірістің физика-химиялық негізі.
Реактивті фосфор қышқылды тұздар өндірісі. Натрий ортофосфаты. Натрий ортофосфатын алу. Қоснатрийфосфатты алу және қолдану. Натрий пирофосфаты. Шикізат түрлері. Процестің химизмі. Бейтараптандыру процесінің көрсеткіштері және оның әсері. Пирофосфат өндірісінің технологиялық схемасы. Аппараттар мен олардың құрылысы. Nа2Р3О7 · 10Н2О сулы пирофосфатты алу. Жылу және заттардың ағындарының балансын есептеу. Өндіріс қалдықтары, оларды өңдеу және зиянсыздандыру жолдары.
Натрий тұздары. Өнім түрлері, қолдану, өнімге қойылатын талаптар. Табиғи тұздықтан NаН2РО4, Nа2НРО4, Nа3РО4 алу. Натрий сульфидін алуда қолданылатын шикізат. Технологиялық схемасы, қолданылатын аппараттарды таңдап алу, өндіріс қалдықтары, оның құрамы, өңдеу жолдары.
Калий тұздары. Өнім түрлері, қолдану, өнімге қойылатын талаптар. Технологиялық схемасы, қолданылатын аппараттарды таңдап алу, өндіріс қалдықтары, оның құрамы, өңдеу жолдары.
Сода өнімдері, оның қасиеті, өнімге қойылатын талаптар, қақталған соданы алу әдістері, өндірістің келешек жетістіктері. Өндірістегі бөлімдер және олардың байланысы. Қолданылатын шикізат сапасы. Әк тасын өртеу және әк сүтін дайындау.
Қақталған соданы аммиакты әдіспен алу жолдары. Абсорбция бөлімінің кескіні. Аппараттардың құрылысы, жұмыс істеу принциптері, құрамы. Абсорбция бағанасының материалды балансы.
Аммиакталған тұздықтың физика-химиялық негізі. NаСl – NН4НСО3 – Nа НСО3 – NН4Сl тепе-теңдігі. Натрийдің (қолдану) пайдалану дәрежесі. Карбонизациялау дәрежесі. Карбонизациялау бағанасының жұмыс істеуі. Nа НСО3 қақтау (кальцинация). Температураның әсері. Қолданылатын аппараттар. Аммиакты өңдеудің физика-химиялық негізі. Тұнбаның қасиеті. Аппаратуралық құрылысы.
Сода өндірісіндегі экологиялық жағдай, қосымша өнімдерді өңдеу. Қалдықсыз әдістер. Тазалау. Физика-химиялық негізі. Құрғақ және ылғал әдістер. Әдістің негізгі схемасы. Өндірістің негізгі сатысы.
Аммоний гидроксидінің технологиясы. Өндірістің физика-химиялық негізі. Алу әдістері, қолдану саласы, өнімнің сапасына сипаттама. Ауыл шаруашылығындағы маңызы.
Аммоний дихроматы, натрий, калий, хром триоксидін алу және оның технологиялары.
Хромқұрамды тұздар алу әдісі. Қолданылуы, шикізат, өнім құрамы. Натрий хроматы және хромат технологиясы. Өндірістің физика-химиялық негізі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет