Нуклеин қышқылының бірінші құрылымында мононуклеотидтер белгілі тəртіппен
орналасады. Нуклеин қышқылының екінші құрылымы макромолекулалардың кеңістікте
қос шиыршық болып орналасуын көрсетеді. Бұл кезде молекулалар арасында жəне
молекула ішінде сутектік байланыс арқылы əрекеттесу болады.
Нуклеин
қышқылдарының
маңызы:
Нуклеин қышқылдары биологиялық
тұрғыдан маңызды рөл атқарады. Олар тірі организмдердегі генетикалық ақпаратты
сақтайтын жəне тасымалдайтын клетканың (жасушаның) маңызды кұрам бөліктері болып
табылады. Нуклеин қышқылдары белок биосинтезіне қатысады жəне тірі организмдерде
тұқым қуалаушылықты сақтап, оның бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуін қамтамасыз
етеді. ДНҚ жасуша ядросының хромосомасында (99%), рибосомаларда жəне
хлоропластарда, ал РНҚ ядрошықтарда, рибосомаларда, митохондрияда, пластидтер мен
дитоплазмада кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: