Құрастырушылар: б.ғ. к. Утаубаева А. У., оқытушы, магистр Сарсенова А. Н



Pdf көрінісі
бет33/82
Дата04.11.2023
өлшемі5,89 Mb.
#122157
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82
Байланысты:
38. Силл - Молекулалык биология

Рибонуклеин қышқылы (РНҚ)
— жоғары молекулалық байланыс; нуклеин 
қышқылдарының типі. Табиғатта кеңінен таралған. РНҚ-ның көмірсу бөлігінде рибоза 
қанты, ал азотты негіздері ретінде аденин, гуанин, цитозин жəне урацил болады. 
Рибонуклеин қышқылдары рибосомалық (рРНҚ), ақпараттық (аРНҚ) жəне 
тасымалдаушы (тРНҚ) болып бөлінеді. Рибонуклеин қышқылы тізбегі бірнеше ондаған 
нуклеотидтерден бірнеше мыңдаған нуклеотидтерге дейін созылатын біржіпшелі 
полинуклеотидтерден тұрады. Организмде РНҚ белоктармен кешенді байланысқан 
рибонуклеотидтер түрінде болады. РНҚ генетикалық ақпараттың жүзеге асуы мен белок 
синтезіне қатысып, барлық тірі организмдерде аса маңызды биологиялық рөл атқарады. 
Көптеген вирустарда РНҚ-н жалғыз нуклеинді компонент (құраушы) құрайды. Осындай 
РНҚ вирустарда РНҚ биосинтезімен қатар ДНҚ биосинтезінде де матрица рөлін атқара 
алады (кері транскриптаза).
Бактериялар, өсімдіктер жəне жануарлар клеткаларында құрылымы, метаболизмі 
жəне биол. қызметтері əр түрлі РНҚ типтері кездеседі. Мысалы, рРНҚ рибосоманың 
құрамына еніп, клеткадағы РНҚ-ның негізгі массасын құрайды жəне көлемі, құрылымы 
түрлі организмдерде əр түрлі болады. Клеткада негізінен рРНҚ-да белоктың биосинтезі 
жүреді; тРНҚ клеткада амин қышқылдары қалдықтарын жалғастырып алып, оны белок 
синтезі өтіп жатқан жерге тасымалдайды. Əрбір амин қышқылының өзіне сай арнайы 
тРНҚ (əдетте бірнеше) болады.
Барлық тРНҚ жоңышқа жапырағына ұқсас макромолекулалы құрылымға ие. 
Олардың рибосомаға жəне аРНҚ-на жабысатын, үш нуклеотидтен тұратын (антикодон) 
жəне амин қышқылы қалдығын жалғастыратын аймақтары бар. РНҚ-ның барлық түрлері 
клеткада 
ДНІ 
матрицасында 
синтезделеді, 
соның 
нəтижесінде 
ДНҚ-ндағы 
дезоксирибонуклеотидтер 
тізбегінде 
комплементарлы 
рибонуклеотидтер 
тізбегі 
құрастырылады, мұны транскрипция процесі деп атайды. Клетка ядросында матриц. РНҚ-
ның (мРНҚ) бастамасы болып келетін алып молекулалар табылған, олардың көп бөлігі 
ядрода ыдырайды да, аз бөлігі цитоплазмаға өтіп, нағыз мРНҚ-ын құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет