Құрастырушылар: б.ғ. к. Утаубаева А. У., оқытушы, магистр Сарсенова А. Н



Pdf көрінісі
бет57/82
Дата04.11.2023
өлшемі5,89 Mb.
#122157
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82
Гибридологиялық əдіс. 
Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеудің 
ғылыми негізін.Мендель қалады. Ол өз тəжірибелеріне қолайлы объект ретінде 
асбұршақты (Pіsum satіvum) алды. Себебі, басқа өсімдіктермен салыстырғанда 
асбұршақтың мынадай айрықша қасиеттері бар: 
1) бірнеше белгілері бойынша бір-бірінен айқын ажыратылатын көптеген сорттары 
бар; 
2) өсіруге қолайлы; 


3) гүліндегі жыныс мүшелері күлтежапырақшаларымен толық қалқаланып 
тұратындықтан, өсімдік өздігінен тозаңданады. Сондықтан, əр сорт өзінше таза дамып 
жетілетіндіктен, белгілері ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз беріледі; 
4) бұл өсімдіктің сорттарын қолдан тозаңдандыру арқылы өсімтал будандар алуға 
болады. 
Қазақстанда тұңғыш рет М.А.Айтхожиннің басқаруымен молекулалық биология 
жəне ген инженериясы саласында көптеген зерттеулер жүргізіліп, ғылымға айтарлықтай 
жаңалықтар қосылды.Соңғы жылдары елімізде генетиканың аса маңызды салалары: 
молекулалық генетика, экологиялық генетика жəне радиациялық генетика бойынша 
ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 
Ген инженериясыныңəдістерінің ашылуы биотехнология деген ерекше өндіріс 
түрінің дүниеге келуіне ықпал жасап отыр. Биотехнология дегеніміз микроорганизмдердің 
жəне таза белоктардың (ферменттердің) жүргізетін биологиялық процестерін халық 
шаруашылығында əртүрлі салаларында пайдалану. Ген инженериясы молекулалық 
биологияның жаңа саласы. Ол лабораториялық əдіс арқылы генетикалық жүйелер мен 
тұқымы өзгерген организмдерді алу жолын қарастырады. Ген инженериясының пайда 
болуы генетиканың, биохимияның, микробиологияның жəне молекулалық биологияның 
жетістіктерімен байланысты.
Бұл атаудың екі түрі қолданылады: «генетикалық инженерия» жəне «ген 
инженериясы». Соңғы кезде «генетикалық инженерия»жалпылама түрде қолданылып жүр, 
ген инженериясы да осының ішіне кіреді.«Инженерия» деген атау құрастыру деген, яғни 
генинженериясы 
дегенді 
тең 
құрастыру 
деген 
мағынаны 
білдіреді.Ген 
инженериясыныңдəуірі басталмай тұрып, 1969 жылы Г. Корана нуклеотидтерді белгілі бір 
жүйеменорналасқанДНҚ синтезінің əдістемесін жасап берген. 
Ген инженериясы деп рекомбинатты ДНҚ-лар жасап, оларды басқа тірі клеткаларға 
енгізуді айтады. Ген инженериясы шешетін мəселелер: генді химиялық немесе ферментті 
қолдану жолымен синтездеу; əртүрлі организмнен алынған ДНҚ фрагменттерін бір-
бірімен жалғастыру; бөтен генді жаңа клеткаға векторлық ДНҚ арқылы жеткізу жəне 
олардың қызмет жасауын қаматамасыз ету: клеткаларға гендерді немесе генетикалық 
жүйелерді енгізу жəне бөтен белокты синтездеу;бөтен генге ие болған клеткаларды таңдап 
бөліп алу жолдарын ашу. Адамзаттың микроорганизмдер биотехнологиясымен 
шұғылданғаннан бері көп ғасыр өтті, қазіргі қуатты технология, гендерді тасымалдаумен 
байланысты, жақын мерзімде-мөлшермен 1970-шы жылдардың ортасында шықты. 
Өндірістік ген инженериясының басталуы 1980 жыл деп есептелінеді, АҚШ-та мұнайды 
ыдырата алатын ген-инженерлік микроорганизмдердің штаммына бірінші патент берілген. 
Ген-инженерлік əдістерді қолдану нəтижесінде қазіргі өндірістік микробиологияның 
мазмұны төмендегі аспектілерге өзгерді. 
Микроорганиздердің өнімділігі, қосымша гендерді еңгізу, олардың санын немесе 
белсенділігін көбейту жолымен əжептəуір өсті. 
Микроб клеткасына жаңа гендерді еңгізу нəтижесінде микроорганизмдердің 
қоректену талабын өзгертуге, яғни оларды басқа ортада өсіруге мүмкіндік туды. 
Микроорганизмдерде 
өздеріне 
тəн 
емес 
заттарды 
синтездей 
бастады. 
Микроорганизмдердің клеткасында синтезделген адамның кейбір белоктары, соның 
ішінде инсулин, интерферондар, интерлейкиндер терапевтік қолдануға жарады. 
Биотехнология саласындағы жетістіктердің жемісін жеген ел негізінен АҚШ оның 
үлесіне барлық биотехнологиялық медициналық препараттардың-63% таяуы, Батыс 
Европа елдеріне-25%, Жапония-7% тиесілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет