денесінде геннің белгілерді тежеуі белок молекуласының
құрылысын тежеу арқылы
белгілерге тікелей əсер ету түрінде де болады.
Генді алу жолдары:
1) клеткадағы ДНҚ-дн тікелей кесіп алу; 2) химиялық жолмен
синтездеу; 3) иРНҚ-дан кері транскриптаза арқылы синтездеу.
Рестрикциялау
– модификациялау құбылысы 50-ші жылдары байқаған болатын.
Рестрикция тоқтату деген мағынаны білдіреді, ал модификация – молекуланың белгілі бір
топтарын химиялық жолмен немесе оларға басқа топтарды жалғау арқылы өзгерту.
Рестрикция мен модификациялау құпиясын 1962 жылы В. Арбер ашты.
Генетикалық рекомбинанттарының мəні – екі хромосоманың өзара гендерімен
алмасуында. Екі немесе одан көп тұқым қуатын анықтауышы бар клетканың немесе
организмнің пайда болуына əкеп соғатын кез келген процесті 1958
жылы Понтекров
рекомбинация деп атады. Гендер алмасуын, сондай-ақ клеткаға “бөтен” генді енгізуді
генетикалық рекомбинация арқылы
in vitro
организмнен тыс жасауға болады.
Молекулалық қлондуға арналған векторлар:
Вектор –
клондайтын ДНҚ-ның
бөлшегін тасымалдайтын ДНҚ молекуласы (лат. “vector”- тасушы).
Вектор бұл жерде тек тасушы емес бағыттағыш деген де ұғымды білдіреді.
Векторды да қолдан құрастырады жəне оған мынадай талаптар қойылады:
1)
Вектор клетка ішіне бөтен генді алып кірген соң алып клеткамен бірге
немесе өз алдына бөлініп көбейе алатын болуы керек, сонда
ғана ұрпақ клеткаларға
беріледі;
2)
Генетикалық белгілері болуы керек, сол белгілер бойынша оның қайтадан
клетка ішіне енгенін анықтайды;
3)
Құрамында рестриктазалар тауып үзе алатын
нуклеотидтер тізбегі болуы
крек жəне рестриктазамен бір рет үзіліп жалғанғаннан кейін ол репликацияланатын
қабілетін жоғалтпауы тиіс;
4)
Құрамына кірген геннің клетка ішінде дұрыс реттеліп жұмыс істеуін
қамтамасыз ететін болуы керек;
5)
Оның клетка ішіндегі көшірмесі жетерліктей көп болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: