Құрастырушылар: б.ғ. к. Утаубаева А. У., оқытушы, магистр Сарсенова А. Н


Негізінен ген инженериясының классикалық селекцияданайырмашылығы



Pdf көрінісі
бет60/82
Дата04.11.2023
өлшемі5,89 Mb.
#122157
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   82
Байланысты:
38. Силл - Молекулалык биология

Негізінен ген инженериясының классикалық селекцияданайырмашылығы:
Ген инженериясымен салыстырғанда селокционерлер өсімдіктердің жаңа сортын, 
жануарлардың тұқымын немесе микроорганизмдердің расаларын(нəсілдерін) шығарарда 
төмендегідей тосқауылдарға кезігеді: 
1) туыс емес түрлерді шағылыстыруға болмайды;
2) организмде рекомбинация процесін басқара алмайды;
3) қандай ұрпақ жаралатынын болжауға болмайды. 
Молекулалық биологияның ғылыми жетістіктерінің нəтижесінде пайда болған ген 
инженериясы организмнің бағалы қасиетін сақтап, оған жаңа əрі саналы қасиет те бере 
алады. “инженерия” деген атау құрастыру деген мағынаны білдіреді. Ген инженериясының 
дəуірі басталмай тұрып, 1969 жылы Г. Корана нуклеотидтерді белгілі бір жүйемен 
орналасқан ДНҚ синтезінің əдістемесімен жасап берген. 
Ген инженериясының дүниеге келген уақыты 1972 жыл деп есептеледі. Сол жылы 
АҚШ-та П. Бергтің тобы алғаш рет пробиркада үш түрлі микроорганизмнің ДНҚ-ларының 
фрагменттерінен жаңа гибридтік ДНҚ құрастырды. 
Клеткада жұмыс істей алатын гибридтік ДНҚ-ны 1973 жылы алғаш С. Коэн мен 
Г.Бойер құрастырды. Олар басқа организмнен бөліп алған ДНҚ фрагментін бактерия 
плазмидасының құрамына енгізген. Ол плазмидадағы бөтен гендердің алғаш рет жаңа 
организм ішінде жұмыс істей алатынын көрсетті. 
Ген инженериясы деп жаңа комбинатнтты ДНҚ- лар жасап, оларды басқа тірі 
клеткаларға енгізуді айтады. 
Ген инженериясы шешетін мəселелер:
1) генді химиялық немесе ферментті 
қолдану жолымен синтездеу; 2) клеткаға гендерді енгізу жіне бөтен белокты синтездеу; 3) 
бөтен генге ие болған клеткаларды таңдп бөліп алу жолдарын ашу; 4) əр түрлі организмне 
алынған ДНҚ фрагменттерін бір-бірімен жалғастыру; 5) бөтен генді жаңа клеткаға 
векторлық ДНҚ арқылы жеткізу жəне олаардың қызмет жасауын қамтамасыз ету; 
Соңғы жылдары ғалымдар жоғары организмдердің гендерін бактериялар мен 
ашытқы саңырауқұлақтарының организміне енгізуді іске асырды. Соңынан оларды белок 
синтездеуге пайдаланды. Мысалы, инсулин генін осылайша "жұмыс істеткізді". Адам 
инсулині ең алғаш рет Е. соlі деген бактерияның көмегімен 1982 жылы алынды. 
Осылайша бір типтегі организмнен алынған генді басқа типтегі организмге енгізуді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет