Құрастырушылар


Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру



бет53/103
Дата20.10.2022
өлшемі12,21 Mb.
#44325
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   103
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.
14 мин (15%)

  • Оқущылардың білімін жан жақты тексеру

  • Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру




  1. Ген түсінігі

  2. Цистрон түсінігі

  3. Прокариоттар гендері

  4. Эукариоттар гендері

  5. Мутон

  6. Қозғалғыш генетикалық элементтер

  7. Транспозондар

  8. Ген түсінігі

  9. Гендердің жіктелуі



Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)

  • Тақырыпты жоспарымен таныстыру

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы

  • Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.



Адамның сома жасушасындағы (2п) ДНҚ-ның жалпы мөлшері 6,4.109 н.ж. тең, яғни гаплоидтық хромосома жиынтығында (n)-3,2.109 н.ж. ДНҚ молекуласының 99,5 % хромосомаларда кездеседі және бұл ядро ДНҚ-сы болып табылады. Ядродан тыс ДНҚ молекуласы–митохондрияларда, цитоплазмада (0,5%)–сақиналы ДНҚ күйінде кездеседі.Адам геномын секвендеу, адам геномының табиғи нұсқаларын талдау, ең жиі кездесетін полиморфизм-жекелеген нуклеотидтер полиморфизімін, (SNP-Single Nukleotide Polymorphism) ашуға, полиморфизм картасын құрастыруға мүмкіндік берді. Жекелеген нуклеотидтер полиморфизмі дегеніміз-ДНҚ молекуласының бір бөлімінде бір нуклеотидтің екінші бір нуклеотидпен алмастырылуы. Бұл фермент белсенділігінің өзгеруіне алып келеді. ЖНП –ДНҚ-ның әрбір килобазасында (1 кб=1000 нуклеотидке тең) кездеседі. Адам геномының ұзындығы 3,2 млрд н.ж. тең десек онда геномда кездесетін ЖНП жалпы саны 1,6-3,2 миллиондай болады. Олардың 2,5 миллионға жуығы анықталды. Әрбір адам бір-бірінен ген құрамында кездесетін бір нуклеотидтер жұбының өзгеше болуы арқылы ерекшелінеді және бұл адамдар фенотипінің сан алуан түрлі болуына алып келеді. ЖНП қартасын құрастыру мультифакторлы полигенді патологиялардың, мыс. рак, диабет, психикалық аурулар т.б. дамуына жауапты гендерді идентификациялауға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда адамның 3000-нан астам тұқым қуалайтын ауруларының нақтылы гендерінің орналасқан жерлері анықталды, 20 мыңдай гендердің хромосомаларда орналасу орны белгілі болды, көптеген хромосомалық делециялық синдромдардың себептері анықталды. ЖНП-нің көпшілігі гендер экзондарында кездеседі. Адам геномын зерттеулер нәтижесінде қазіргі таңда біз өз гендеріміздің 50% -ының құрылысын, қызметтерін жақсы білеміз, қалғандары белсенді түрде зерттелуде және жақын арада анықталады деп күтілуде. Бүгінгі күні кез-келген адам өзінің генетикалық төлқұжатын жасатып, соған сәйкес салауатты өмір сүру бағдарламасын құрастыруға мүмкіндік алып отыр. 2000-2003 жылдан бері қарай адамзат постгеномдық дәуірде тіршілік етуде, себебі осы жылы «адам геномы» атты халықаралық ғылыми бағдарлама табысты аяқталды (Ф.Коллинз, 2000). Бұл бағдарламаның аяқталуы генетиканың әрі қарай дамуының 3 жаңа стратегиясын қалыптастырды: 1) генетика -медицина үшін (пренатальдық диагностика, тұқым қуалайтын аурулар); 2) генетика – денсаулық үшін (аурулардың алдын алу -болдырмау); 3) генетика қоғам үшін (дәрігерлерге, көпшілікке генетиканы үйрету). Жоғарыда айтылғандардың бәрі ядро хромосомаларындағы геномға жатады. Сонымен қатар, адам геномы митохондрия геномын және цитоплазмада, ядрода кездесетін сақиналы ДНҚ молекулаларын-да қамтиды. Митохондрия ДНҚ-сының (мтДНҚ) геномы 16569 н.ж. тұратын қос тізбекті сақиналы молекула болып табылады. Әрбір митохондрияда 10-шақты ДНҚ молекуласы кездеседі. мтДНҚ-сында интрондар болмайды, оның құрамында 2р РНҚ, 22-т РНҚ және 13 фосфорлау полипептидтерінің гендері кездеседі. Митохондрий геномы 1981 ж. толық анықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет