Транскрипцияның алғашқы өнімдері
Транскрипция нәтижесінде эукариоттарда жетілмеген пре-РНҚ (пре-аРНҚ, пре-тРНҚ, пре-рРНҚ) синтезделінеді, себебі эукариоттар генінің құрылысы бактерияларға қарағанда күрделірек, яғни ол экзон-интрондық құрылысқа ие болады және транскрипция кезінде пре-РНҚ-ларда экзондық-интрондық учаскелері түгел көшіріліп жазылады (34-сурет).
а) пре-аРНҚ-жетілген а-РНҚ-ларға қарағанда әлде қайда ұзын болады, себебі олардың құрамына спейсерлер (реттеуші, құрылымдық қызметтер атқаратын ДНҚ учаскелері), мағналы ДНҚ учаскелері-экзондар, мағнасыз учаскелері-интрондар кіреді. Сондықтан да пре-РНҚ-ларды кейде гетерогендік ядролық РНҚ (гя-РНҚ) деп те атайды.
пре а-РНҚ-келесі ерекшелігі оның 51 ұшында «қалпақшаның» (КЭП), 31 ұшында-поли (А)-фрагменттің болмауы.
б) рРНҚ-ның кластерлі 3 гені біртұтас транскрипцияланады және синтезделген пре-рРНҚ немесе 45S РНҚ-құрамында жетілген үш түрлі рРНҚ-ға 18Ѕ, 5.8Ѕ, 28Ѕ-рРНҚ-сәйкес келетін бірізділіктер болады. Бұл бірізділіктер спейсерлермен бөлінген, бірақ онда интрондар болмайды. Сонымен қатар, бұл жерде жетілген рРНҚ-ларда кездесетін модификацияланған нуклеотидтер-де болмайды.
Пре-а РНҚ және пре-р РНҚ
в) Барлық пре-РНҚ-лардан ерекше пре-тРНҚ–лар тек жетілген бірізділіктерді қамтиды. пре-тРНҚ молекуласының сырт пішіні «жөке ағашының жапырағына» («кленовый лист») ұқсас үшқұлақты болады, бірақ оның жетілген тРНҚ молекуласынан төмендегідей ерекшеліктері белгілі.
Пре-т РНҚ
-молекуланың екі ұшында және ортасында қосымша бірізділіктер
болады;
-минорлық (модификацияланған) нуклеотидтер болмайды;
-акцепторлық ілмекше (ЦЦА) толық қалыпатаспаған
-антикодон өз орнында емес, басқа жерде орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |