Құрастырушылар


Транскрипцияның негізгі инициаторлық кешені



бет26/103
Дата20.10.2022
өлшемі12,21 Mb.
#44325
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   103
Байланысты:
метод-молбиология-леч.дело.пр.2к.каз.

Транскрипцияның негізгі инициаторлық кешені
р-53 ақуызы-транскрипция факторы
р-53 ақуызы жасушаның көптеген құбылыстарын реттеуге қатынасады және оның қызметі сан алуан:
1. Жасуша құрылымдарының бұзылыстарына жауап ретінде р-53, не оның гені, активтенеді.
2. р-53 ақуызы 3 топ гендердің белсенділігін реттейді:
а) Р-21, GАDD 45 т.б. жасуша бөлінуін тоқтатын гендерді активтендіреді;
б) апоптозды іске қосатын ВАХ, Killer/ DR5, PIG т.б. гендерді активтендіреді;
в) апоптозды тежейтін BCL2, RELA гендерін репрессиялайды;
г) ангиогенезді тежейтін TSP1, BA11 т.б. гендерді активтендіреді яғни ақуыз р-53 көмегімен жасуша өз құрылымдарының бұзылыстарына төмендегідей жауап қайтарады:
-митоздық циклдың белгілі бір сатысында оның әрі қарай бөлінуін тоқтатып бұзылыстарды жөндеуге мүмкіндік жасайды;
-немесе әрі қарай бөлінуін мүлдем тоқтатып жасуша қартаю кезеңіне өтеді;
-немесе апоптоз іске қосылады да жасуша өліп жойылады.
Р-53 молекуласы 392 аминқышқылдарынан құрылған және көлемі, қызметтері әртүрлі 6 доменнен тұрады (32-сурет).
Орталық домен ең үлкен домен (200 аминқышқылы кездеседі) ген нысананың энхансерлерін танып білу қызметін атқарады және олармен байланысады.
Ақуыздың N ұшында N ұшы домені транскрипцияның жалпы факторларымен, яғни TFIID кешенімен әрекеттеседі.
Бұл байланысулар басқа да көптеген факторлардың (домендердің) бақылауында болады.



Р- 53 ақуызының құрылысы

N доменде ақуыз–ингибитор Mdm -2-мен байланысатын локус болады. Ол TFIID кешенін бастырмалайды. Осы жерде серин, трионин аминқышқылдары қалдықтары көптеп кездеседі және олар протеинкиназалармен фосфорланады. Бұл киназалар ДНҚ молекуласының құрылысы бұзылған кезде активтенеді де Mdm 2-ингибиторына әсер етіп, оны пассив күйіне көшіреді, нәтижеде N-домен TFIID кешенімен әрекеттесу қабілетіне ие болады. Орталық доменнің энхансерлармен әрекеттесуі де бақылауда болады, ол модификациялану арқылы жүзеге асады, бірақ бұл кезде орталық домен емес С-ұшы-домені модификацияланады және ол көптүрлі болып келеді: фосфорлану, ацетильдену, гликозилдену т.б.


Егер С-ұшы-домені модификацияланбаса орталық домен ДНҚ-нысанамен (энхансерлер) әрекеттесе алмайды.
Жоғарыда айтылғандай Р-53 ақуызы кейбір гендердің–BCL2, RELA, әрекетін репрессиялайды. Бұл қызметті С-ұшы домені атқарады. Бұл кезде ол ТFIID кешенімен байланысып оның белсенділігін тежейді.
Р-53 ақуызының басақа да домендері белгілі:  -ширатпалы домен С-доменге дейін орналасқан. Оның қызметі-Р-53 ақуызын тетрамерлік кешен күйіне көшіріп оның белсенділігін қалыптастыру болып табылады.
Орталық және -ширатпалы домендер арасында линкерлік (байланыстырушы) учаске орналасқан. Ол енді ғана синтезделген Р-53 ақуызының цитоплазмадан ядроға өтуі үшін қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет