Құрастырушылар


Транскрипция тетіктері (механизмдері)



бет27/103
Дата20.10.2022
өлшемі12,21 Mb.
#44325
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   103
Байланысты:
метод-молбиология-леч.дело.пр.2к.каз.

Транскрипция тетіктері (механизмдері)

Транскрипцияның ең алғашқы және маңызды кезеңі-оның инициациясы: РНҚ-полимеразаның промотормен байланысуы және алғашқы нуклеотидтераралық (фосфодиэфирлік) байланыстың түзілуі.


РНҚ полимераза мен промотордың байланысуы қалайша жүзеге асады?
Бактерияларда РНҚ полимераза промотор құрамындағы белгілі бір нуклеотидтер жұптарының бірізділігін тікелей таниды, мыс: Прибнов боксын. Бактерияның РНҚ полимераза ферментінің корферменті 3 түрлі субъединицадан -, β, β1, құрылған тетрамер болып табылады. Ол өздігінен промотормен байланыса алмайды, ал егер оған ерекше ақуыз-б-фактор жалғанса онда б-фактордың қатынасуымен РНҚ-полимераза ферменті промотордың Прибнов боксын танып, онымен байланысады да транскрипцияны бастайды.



Бактерия ДНҚ-сының транскрипциялану жобасы


Эукариоттарда промотормен көптеген ақуыздар байланысады, мыс: TFIID, ТҒІІА, ТҒІІС, ТҒІІЕ, ТҒІІН кешендері, сонымен қатар ген транскрипциясының иницияциялауы үшін осы геннің энхансерлерімен байланысатын басқа-да транскрипция факторлары (мыс: ақуыз Р-53) қажет.
РНҚ полимераза промотормен байланысып ДНҚ молекуласының локальды денатурациялануын, яғни ДНҚ тізбектерінің 1,5-2 ширатпа ұзындығында бір-бірінен ажырауын туғызады. Осылайша транскрипциялық «көзше» пайда болады және «көзшедегі» ДНҚ-ның матрицалық тізбегінде орналасқан нуклеотидтердің рНМФ-тармен комплиментарлы жұптасуына мүмкіндік туады.
Жаңадан синтезделуші РНҚ тізбегіне алғашқылардың бірі болып пуриндік нуклеотид-АТФ не ГТФ қосылады және ол өзінің 3 фосфат қалдығын сақтап қалады. Содан кейін екінші нуклеотидпен алғашқы 51-31- фосфаттық байланыс түзіледі. Осыдан кейін бактерияларда б-фактор РНҚ-полимеразамен байланысын үзіп түсіп қалады.
Инициациядан кейінгі кезең элонгация: синтезделуші пре-РНҚ тізбегінің жайлап ұзаруы терминациялық учаскеге дейін жалғасады. РНҚ синтезінде 1 секундта шамамен 30 нуклеотид жалғанады.
Жалпы алғанда транскрипция қателіксіз жүреді, себебі ол матрицалық (қалып), комплиментарлық принциптерге негізделінеді, бірақ кейде 2х104 нуклеотидтен біреуі қате жұптасуы мүмкін. Бұл қателіктер мутацияға алып келеді, сондықтан олар дер кезінде эндонуклеазалар арқылы жөнделіп отырады. Транскрипцияның соңғы кезеңі терминация, немесе транскрипцияның аяқталуы. Терминацияға сигнал болып геннің аяқ жағындағы ГЦ-га бай учаскелері саналады. Г-Ц байланысы (3 сутектік байланыс) мықты, берік болғандықтан ДНҚ-ның осындай учаскесінің локальды денатурациялануы (екі жіпшесінің ажырасуы) қиындай түседі. Бұл РНҚ–полимераза ферментінің жылжуын баяулатады және транскрипцияның тоқталуына (аяқталуына) алып келеді.
Синтезделген пре-РНҚ-ның ДНҚ молекуласынан босанып шығуын бактерияларда ерекше ақуыз- Rho-фактор қамтамасыз етсе, эукриоттарда жаңадан синтезделген пре-РНҚ-ның аяқ жағындағы ГЦ-бай учаскесіндегі нуклеотидтер арасындағы әрекеттесулер салдарынан пайда болатын «ілмекшелер» («шпильки») атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет