Құрастырушылар


Трансляцияның терминациялануы



бет37/103
Дата20.10.2022
өлшемі12,21 Mb.
#44325
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   103
Байланысты:
метод-молбиология-леч.дело.пр.2к.каз.

Трансляцияның терминациялануы

Трансляцияның аяқталуы туралы сигнал рибосоманың А –орталығына 3 «мағынасыз» кодонның кез-келгенінің –УАА, УАГ не УГА орналасуы болып табылады.


Бұл кодонды аа-т-РНҚ емес , терминацияның ақуыздық факторлары (еRF) таниды. Мұндай факторлардың екеуі белгілі, олардың бірі-УАА, УАГ-кодондарын таныса, екіншісі- УАА және УГА кодондарын таниды.
еFR факторлары «өздерінің» кодондарын танып пептидил трансферазалық (ПТФ) орталықтың гидролазалық белсенділігін стимулдайды. Осыған сәйкес т РНҚ мен пептид арасындағы байланыс гидролизденеді .



Трансляцияның терминациялануы

УУА-терминациялық кодон; еRҒ-терминация факторы; ГА-гидролазалық белсенділік; И-инициаторлық аминқышқылы (метионин). Осыдан кейін пептидтік тізбек, т РНҚ және а-РНҚ диссоциацияланып рибосоманы тастап шығады, ал рибосома екі бөлшекке ыдырайды да жаңа полипептидті синтездеуге дайындалады.




Трансляция ингибиторлары
Көптеген антибиотиктер қожайын жасушасындағы трансляция процессіне айтарлықтай әсер етпей микроағзалар трансляциясының арнайы ингибиторлары болып табылады. Олар рибосоманың кіші не үлкен бөлшектеріндегі қызметтік орталықтарға әсер етеді.
а) Стрептомицин- рибосоманың кіші бөлшегіндегі П-орталыққа әсер етеді. Осылайша ол инициаторлық аа-т РНҚ-ның (формил мет-т РНҚи мет) П-орталықпен байланысуын қиындатады, яғни ақуыз биосинтезінің иницияциясына ингибиторлық әсер етеді.
Ақуыз синтезінің иницияциясы басталғанымен стрептомицин пептидил-т РНҚ–ның рибосоманың кіші бөлшегімен байланыуын әлсіздендіреді, бұл рибосомалық кешеннің әлсіз болуына және күні бұрын ыдырап кетуіне алып келеді.



Антибиотиктердің бактерия трансляциясына әрекет етуі
б) Тетрациклин-рибосоманның кіші бөлшегіндегі А-орталыққа әсер етеді, сондықтан да оның кезекті аа-т РНҚ-мен байланысуын бастырмалайды (ингибиторлық әсер етеді).
в) Левомицетин –ПТФ орталықтың белсенділігін бастырмалайды (ингибиторлық әсер етеді).
г) Эритромицин –рибосоманың үлкен бөлшегінің транслокацияға жауапты учаскесіне әсер етіп оны бастырмалайды. Нәтижесінде, жаңадан түзілген пептидил т-РНҚ П-орталыққа өтпей (ауыспай) А-орталықта қалып қояды. Бұл кезекті аа-тРНҚ-ның байланысуына кедергі болады.
Кейбір антибиотиктер–циклогексимид, пуромицин, интерферондар т.б. заттар эукариоттар трансляцияның ингибиторлары болып ақуыз синтезін шектейді.
Мысалы: циклогексимид левомицитин сияқты, ПТФ-орталықты бастырмалайды, бірақ ол бактерияның рибосомасының үлкен бөлшегіне әсер етпей, эукариоттардың рибосомасына (80 S) әсер етеді.
Пуромицин-бактериялар және эукариоттар рибосомасының А-орталығына орналасады да транслокация үдерісін бұзады. Осылайша пуромицин элонгацияны үзіп, қысқа пептидтің синтезделуіне алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет