Рефлексия. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен
бәрін жасап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды, қандай жаңа нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады.
19-сабақ
Сабақ тақырыбы: Бейнелеу өнерінің жанрлары
Мектеп
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні
СЫНЫП: 3
Қатысқан оқушылар саны
Қатыспағандар
Оқу мақсаттары
Эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру
Бағдарламалық міндеттері
3.1.2.1, 3.3.2.1
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер
Мұғалім үшін: «бейнелеу өнерінің жанрлары» түсінігімен таныстыру, бейнелеу өнеріндегі нақты туындының жанрын анықтауға үйрету.
Оқушылардың шығармашылық міндеті: жанр туралы білетіні бойынша бейнелеу өнері туындысын талдау, №2 жұмыс дәптерінің 6–7-беттеріндегі тапсырмаларды орындау.
Оқушылардың міндеті
Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, бейнелеу өнері жанрларын ерекшеліктерін көрсете
отырып суреттеу. Негізгі термин сөздерді үш тілде білу. Тірек сөздер:бейнелеу өнерінің жанрлары, портрет, пейзаж, натюрморт, анималистік жанр.
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар: Портрет дегеніміз не?
Жауап. Адамды бояу, сызық, пішіндермен бейнелеу өнері.
Пейзаж дегеніміз не? (Өткен материалды еске түсіреміз.)
Жауап. Табиғат көрінісін бояу, сызық, пішіндермен бейнелеу өнері.
Натюрморт дегеніміз не? (Өткен материалды еске түсіреміз.)
Жауап. Жансыз заттарды бояу, сызық, пішіндермен бейнелеу өнері.
Анималистік өнер дегеніміз не? (Өткен материалды еске түсіреміз.)
Жауап. Жануарларды бояу, сызық, пішіндермен бейнелеу өнері.
Бейнелеу өнері туындысының қандай жанрға жататынын қалай білуге болады?
Жауап. «Картинада (суретте) не бейнеленген?» сұрағы арқылы. Егер адам бейнеленсе (бірнеше адам), ол – портрет, егер табиғат бейнеленсе, бұл – пейзаж, егер жансыз заттар бейнеленсе, ол – натюрморт, егер
жануарлар болса – анималистік жанр.
Портрет бейнелеу өнерінің қай түріне жатады? Жауап. Кескіндемеге, графикаға, мүсін өнеріне.
Пейзаж бейнелеу өнерінің қай түріне жатады? Жауап. Кескіндемеге, графикаға, сәндік-қолданбалы өнерге.
Натюрморт бейнелеу өнерінің қай түріне жатады? Жауап. Кескіндемеге, графикаға, сәндік-қолданбалы өнерге.
Анималистік жанр бейнелеу өнерінің қай түріне жатады?