Раупова Надежда Алимовна КӨркем еңбек оқыту əдістемесі мазмұны



бет1/128
Дата15.11.2023
өлшемі436,32 Kb.
#123800
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Байланысты:
Көркем еңбек оқыту әдістемесі 3-сынып


Раупова Надежда Алимовна


КӨРКЕМ ЕҢБЕК
ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ

Мазмұны
Алғы сөз 3
«Көркем еңбек» пəні бойынша ОƏК-нің негізгі құрамы 5
Ұзақмерзімді жоспар 9
Тақырыптық-күнтізбелік сабақ жоспары 11
Ортамерзімді жоспар 14
Қысқамерзімді жоспар 74
№1 қосымша 171
№2 қосымша 176
Оқу - əдістемелік б а с ы л ы м Раупова Надежда Алимовна КӨРКЕМ ЕҢБЕК
ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ
Жалпы білім беретін мектептің 3-сынып мұғалімдеріне арналған Редакторы Н. Бекхожаева
Көркемдеушi редакторы А. Бекқожанова
Техникалық редакторы Ұ. Рысалиева
Корректоры Ү. Бахова

205
Компьютерде беттеген И. Джарбулова




1-сабақ
«Жанды табиғат» бөлімі


Сабақтың тақырыбы: Сені қоршаған орта. Симметрия дегеніміз не?

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

СЫНЫП: 3

Қатысқан оқушылар саны

Қатыспағандар

Оқу мақсаттары

Жанды табиғатқа деген сүйіспеншіліктері мен қызы- ғушылықтарын ояту. Табиғаттағы әртүрлі құбылыс-
тарды түсінуге ықпал ету.

Бағдарламалық міндеті

3.2.1.1
3.2.3.1

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: «жанды табиғат» түсінігімен, таби- ғаттағы әртүрлі нысандармен, табиғаттағы симметрия құбылысымен таныстыру. Екі жағы бірдей
симметриялы бейнелер жасап үйрету.
Оқушылардың шығармашылық міндеті: әртүрлі тәсілдермен симметриялы бейне жасау. №1 жұмыс
дәптерінің 3–5-беттеріндегі тапсырмаларды орындау.

Оқушылардың міндеті

«Жанды табиғат» терминінің мағынасын түсіндіре білу, табиғат нысандарын суреттеу. Оқулықтағы және мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.
Табиғат басты суретші екенін дәлелдеу.
Екі жағы бірдей симметриялы құбылысты түсіндіре білу.
Тірек сөздер: табиғат, жанды табиғат, жанды табиғат нысандары, екі жағы бірдей симметрия, симметрия осі.


Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:
1. Табиғат дегеніміз не?
Жауап. Табиғат – адамды қоршаған орта. Табиғатты адам жасаған жоқ, ол ұзақ даму нәтижесінде пайда




болды. Теңіз, мұхит, өзен, тау мен тас, шөл дала,
өсімдіктер мен жануарлардың бәрі табиғатқа жатады.



  1. Табиғат нысандарын атаңдар. Жауап. Табиғат

нысандары – микроағзалар, өсімдіктер мен жануарлар және адамның өзі.



  1. Неліктен табиғатты басты суретші деп атайды? Жауап. Түсі, пішіні әртүрлі гүлдер мен өсімдіктерге, жануарларға назар салып қарасаң, табиғаттың нағыз суретші екеніне көзің жетеді. Суретшілердің

туындыларынан көріп жүргеніміздің бәрі табиғаттан алынған.



  1. Симметрия деген не?

Жауап. Кез келген заттың оң жағы мен сол жағы сәйкес келсе (бірдей болса), екі жағы бірдей симметрия деп аталады.



  1. Симметрия құбылысын қай жерден көруге болады? Жауап. Жан-жануарлар: аңдар, құстар, жәндіктер симметриялы. Ағаштағы жапырақтар, гүлдер, басқа да көптеген заттар симметриялы.




  1. Симметриялы бейнені қалай жасауға болады?

Жауап. Симметриялы бейнені монотипия тәсілімен, екі бүктелген қағазды қию арқылы жасау оңай.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет