Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығарма- шылық жағдай жасау. Бірінші және екінші сыныптағы
«Портрет» жанры туралы білетіндерін еске түсіреді. Өткен материалды қысқаша қайталайды. Балаларды портрет туралы көп нәрсе білетіндерін айтып,
мақтайды.
Графикалық, кескіндеме және мүсін портрет- терінің репродук- циялары.
Алған
Әрбір үйде отбасылық альбомдар бар. Біз суреттерге
кескіндеме портреті қарқынды дами бастады. Рафаэль,
Боттичелли, Леонардо да Винчи, Ян Ван Эйк және т.б.
суретшілер асқан шеберлері болды. Бұрынғы портреттерде адамдар салтанатты түрде бейнеленген болса (осыдан салтанатты портрет атауы шыққан), енді суретшілер адамдарды қарапайым киіммен
бейнелей бастады. Олардың портреттері шағын, бөлмеге, яғни «камераға» сыйып кететін болған.
«Камера» – латынның сөзі, ол «бөлме» деген мағынаны білдіреді. Камералық портрет суретшінің қалауымен бейнеленеді. Ол адамды қалай салғысы келсе, солай салады. Сондықтан камералық портреттер шындыққа жақын, суретшілер онда натураны түрлендірмейді, қалай көрсе, солай
бейнелейді. Кәне, салыстырып көрейікші (оқулықтағы репродукцияларды пайдалануға болады, ал басқа салтанатты және камералық портреттермен толықтырса тіпті жақсы). Оқушылар салтанатты және камералық портреттерді салыстырады. Олар қандай әсер қалдыратынын қорытындылайды. Суретшілер портрет салғанда адамның айналасындағы заттарға да көңіл бөледі. Ойын ойнайды: бірінші топ баскиім,
киім, перделерді әкеліп, салтанатты портретке модель дайындайды, екінші топ камералық портретке модель таңдайды. Керек заттарды да әзірлеп қояды (кітап, сурет салатын альбом, қайшы, қолөнер бұйымдары
және т.б.). Модельді дұрыс отырғызып, бір іспен шұғылдандыру керек. Содан кейін портреттердің бірі салтанатты, бірі камералық екенін айтады.
Бір емес, бірнеше адам бейнеленген портреттерді көрген боларсыңдар?! Олар топтық портреттер деп аталады. Топтық портреттерде отбасы мүшелері, кейде ортақ кәсіптегі адамдар бейнеленеді.
Көп жағдайда олар салтанатты болады, кейде камералық портреттер де болады. Мысалы,
Ә. Қастеевтің «Жайлауда» портреті, Б. Кустодиевтің
«П. Капица мен Н. Семеновтің портретінің» тарихын айта кету керек. Портреттегі модель әртүрлі бейне- ленуі мүмкін. (Көрерменге тік қарап тұрған сурет – қасбет, бір қырынан қарап тұрған сурет – профиль,
белуарға дейін, ұзына бойы және т.б.) Суретші портрет салғанда модельдің мінезі мен көңіл күйін дәл беру үшін ерекше қалыпта бейнелегісі келетініне назар аударыңдар. Кейде тура қарап тұрған адам мен бір қырынан тұрған адамның бейнесі өзгешеленетіні сонша, оларға қарап бір адам бейнеленгеніне сену
қиын. Оқулықтағы қаһарлы сұлтан мен суретші туралы аңызды айтып беріп, суретші сұлтан риза
боларлықтай оның суретін қалай салғанын сұрайды. Суретші қандай жолды тапса да, оның ең басты мақсаты – адам туралы айтып беру. Суретші модельге мұқият қарап, әсерлегіш құралдармен еркін жұмыс
істейді. Шоқан Уәлихановтың салған суреттері туралы қысқаша әңгімелеседі.