Курстық жұмыстың мақсаты: Тыңдалым тапсырмаларын дайындауда оқушылардың жас ерекшелігіне сай жұмыстарды тиімді ұйымдастырылуын зерттеу.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері
Курстық жұмыстың зерттеу пәні
мектеп оқушылары
Қазақ әдебиеті
түсіндіру, зерттеу, баяндау, жүйелеу.
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ Тыңдалым дағдысы туралы түсінік және оның тиімділігі
Тыңдалым – төрт тілдік дағдының ең алғашқысы. Тыңдалым дегеніміз – ақпаратты құлақпен есту арқылы қабылдау. Біз тыңдағанда, әрбір жекелеген дыбыстарды (әріптер, ритм, пауза) қабылдау үшін құлағымызды пайдаланамыз және оларды қандай да бір мағынаға ие болатын хабарламаға айналдыру үшін миды іске қосамыз. Ғалым Ф.Оразбаеваның айтуы бойынша, түсіну – сөйлесім әрекетінің барлық түрлеріне тән ең басты көрсеткіш. Бір адам екінші адамның айтқанын түсінбесе, ұқпаса, онда пікірлесу мен сөйлесу жүзеге аспайды. Сөйлесім әрекетіне қатысты айту да, оқу да, жазу да, есту де, тілдесу де белгілі бір хабарланған, баяндалған ойды түсінуге негізделеді.
Мектепте оқитын оқушылардың ішінде тыңдалым дағдысы жақсы қалыптасқан оқушылар бұл дағдысы төмен сыныптастарына қарағанда, кез келген пәндер бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізе алады. Тыңдалым дағдысы жақсы қалыптасқан оқушылар, сонымен қатар, адамдармен қарым қатынас жасауда және мансап жолында жоғарылауда да табысты болады.
Негізгі орта білім берудегі тыңдалым тапсырмаларының құрылымы мен ерекшелігі
Тыңдалым оқылым сияқты рецептивті дағдылар қатарына жатады. Тыңдалым дегеніміз тілге сай әрекет ету, яғни тілдің дыбыстық мағынасын түсіну. Ол үшін біз контекстіні, тілді және ғалам туралы білімізді пайдаланамыз. Тыңдалым ауызекі сөйлеу тілін қамтығандықтан, оның тілі жазба тілден өзгеше болып келеді.
Тыңдалым түрлері: Әңгімелесу (диалог), әңгімелер (оқиға), хабарландыру, әндер, нұсқау, лекция және жарнама және т.б.
Тыңдалым дағдылары бірнеше ішкі дағдылардан тұрады: