Разноцветные боковые штрихи


Мазмұнын түсіну үшін тыңдау



бет3/3
Дата31.05.2022
өлшемі453,46 Kb.
#36033
1   2   3
Байланысты:
КУРСОВОЙ АДЕБИЕТ СЛАЙД сонгы

Мазмұнын түсіну үшін тыңдау – жалпы мазмұнын, идеясын түсіну үшін тыңдау. Нақты ақпараттарды алу үшін тыңдау – тыңдалымдағы қажетті ақпараттарды алу үшін тыңдау.
Детальді түрде тыңдау – әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін әрбір сөзін зер салып тыңдау, түсіну.
Cөйлеушінің қарым-қатынасын анықтау үшін тыңдау – сөйлеушінің көңіл-күйін не айтқысы келіп отырғанын түсіну үшін тыңдау.
Интенсивті тыңдалым – сөйлеу барысындағы сөйлемдердің грамматикалық құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін тыңдау. Мұндағы мақсат – оқушылардың тілді дұрыс қолдана білудегі білімін арттыру.
Экстенсивті тыңдалым – үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды (роман, әңгіме) тыңдау.

Тыңдалымға арналған тапсырмалар құрылымы

  • Тыңдалым алдындағы тапсырма: тақырыпты таныстыру; тыңдалымдағы маңызды сөздерді үйрету; тақырыпқа қатысты сұрақтар құра отырып, сол тақырыптағы оқушы білімін қозғау.
  • Тыңдалым тапсырмасы: әртүрлі тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар тобы; олар жалпы мазмұнын түсінуден бастап, детальді түсінуге бағытталады.
  • Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: тыңдалымдағы тақырып туралы сұрақтардан тұрады және ол сұрақтарға өз көзқарастарын білдіре отырып, тәжірибелерімен байланыстыра отырып жауап берулері тиіс. Сонымен қатар сұрақтар жауап беру барысында тыңдалымдағы сөздерді пайдалана алатындай құрылуы қажет.

ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

8-сынып.Тыңдалым тапсырмасы.

“Тоңған торғай” (аудиомәтін)

ҚОРЫТЫНДЫ

«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деп ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай бүгінгі таңда педагог кадрлардың мақсат – міндеттері сабақтың сапасын көтеріп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабақтың түрлерін жетілдіріп танымдық ізденімпаздылығын арттыру. Осы мақсатты алға қоя отырып қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушылар бойына тыңдалым дағдысын қалыптастыру барысында түрлі әдіс–тәсілдермен қатар аудиожазбалар арқылы әр сабағымызда мәтінмен жұмыс істесек. Сабақта қолданған әдістер арқылы оқушылардың сабақты бір – біріне түсіндіргені, сұрақты түрлендіріп қойғандары оқушылардың қызығушылықтарын арттырады және оларға ұнайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет