Разноцветные треугольники по углам



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі1,28 Mb.
#13801
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сыртқы құрылғыларды қосу және қызмет көрсету. - копия

Плоттер де (график сызғыш) мәлім­ет­терді, негізінен графиктік информа­ция­­ны қағазға шығарады. График сыз­ғыштар жобалау жұмыстарын автомат­тандыруда әр түрлі сызба (чертеж) түрін­дегі бейнелерді басып алу үшін қажет. Бұлар бір түсті, түрлі-түсті болып және де сызу сапасына қарай бірнеше топтарға жіктеледі.

  • Плоттер де (график сызғыш) мәлім­ет­терді, негізінен графиктік информа­ция­­ны қағазға шығарады. График сыз­ғыштар жобалау жұмыстарын автомат­тандыруда әр түрлі сызба (чертеж) түрін­дегі бейнелерді басып алу үшін қажет. Бұлар бір түсті, түрлі-түсті болып және де сызу сапасына қарай бірнеше топтарға жіктеледі.

Плоттерлер (plotter) – ЭЕМ-дағы графикалық ақпаратты қағаз бетіне кескіндеуге арналған баспа құрылғысы. Олар күрделі архитектуралық сызбаларды, көркем және иллюстративтік графиктерді, карта, үш өлшемді бейнелерді түрлі түсті етіп басып шығаруға арналған. Мұндай құрылғыны алғаш рет 1959 жылы Cal Comp фирмасы Cal Comp-565 моделімен шығарды.Плоттердің жұмысы принтерлерге өте ұқсас, тек парақтың үлкен форматтарын шығарады. Бейнені қалыптастыру принципіне қарай плоттерлер векторлы және растрлы болып жіктеледі.

Жұмыстық принципіне қарай плоттерлер келесі түрлерге жіктеледі:


  • қаламұшты (перьелік);
  • сия бүріккіш;
  • электростатикалық;
  • термографикалық;
  • лазерлік.

  • Конструктивті құрылымына қарай планшетті әне барабанды болып жіктеледі. Планшетті плоттерде парақ қозғалмайды, тек баспа түйіндері орын ауыстырып отырады. Барабанды плоттерде бір координата бойынша баспа тиегі орын ауыстырса, екінші координата бойынша парақ жылжып отырады. Плоттердің негізгі сипаттамалары:
  • бейнені сызу жылдамдығы (өлшем бірілігі – мм/сек);
  • жұмыстық жылдамдығы (бір минуттағы шартты парақтар саны);
  • рұқсат ету мүмкіндігі (баспа сапасы).

Акустикалық жүйелер – компьютердің негізгі құрылғыларына кірмейді. Бірақ, мультимедиалық жүйелер үшін өте керек құрылғылар болып табылады.

Hi-Fi мамандандырылған жүйелерімен салыстырғанда компьютерлік акустикалық жүйелер төмен болғанымен дыбыс шығару сапасы біршама жоғары болады.

Акустикалық жүйелер пассивті және активті болып екі бөлінеді.

Пассивті акустикалық жүйелердің арнайы күшейту жүйесі болмайды және дыбыстық картаға қосылады. Олардың жеке күшейткіші (4 Ваттық) және дыбыс реттегіші болады.

Активті акустикалық жүйелер арнайы күшейткіштермен жабдықталған және дыбыстық картаның сызықтық шығысына немесе USB портарына қосылады. USB порты арқылы қосылған кезде акустикалық жүйелерге дыбыстар цифрлы формада беріледі. Ал, оны декодтау үшін колонкаларда арнайы кішкене чиптар орнатылады. Олар ішкі аккумуляторлар немесе қоректендіру блоктары арқылы энергиямен қоректендіріледі.

Дыбыстық картаның сызықты шығысы аудиожүйенің кірісіне қосылады.

Колонкалардың қуаты – оның негізгі сипаттамасы болып табылады. Ол Ватт өлшем бірлігімен беріледі. Қарапайым колонкалардың қуаты – 10-50 Вт аралығында болады.

Колонкалардың сапасын – жиіліктік сипаттамамен анықтауға болады. Бұл шама 40-60 Гц аралығында болады. Колонкалардың техникалық құжаттарында ең төменгі шекарасы көрсетіледі. Жақсы дыбыс шығару үшін бұл шаманың 50 Гц болғаны жеткілікті.

Колонкалардағы динамиктердің саны дыбыс жоғарылығы мен сапасына әрі нарықтық құнына әсер етеді. Динамик саны көп болған сайын бағасы да жоғарылайды. Қосымша динамиктері бар, төменгі жиілікті күшейткіші бар колонкалар «сабвуфер» деп аталады.

Физикалық құрылымына қарай наушниктер динамикалық және электростатикалық болып екіге жіктеледі. Электростатикалық наушниктер қосымша қоректендіру көзін қажет етеді. Есесіне сапалы дыбыс береді.

Сигнал беру принципіне қарай наушниктер желілі және желісіз болып екіге бөлінеді. Желілі наушниктер компьютерге арнайы проводтар – желілер арқылы қосылады. Желісіз наушниктер инфрақызыл сәулелерімен жұмыс істейді. Ол арқылы компьютердегі дыбысты одан кез-келген қашықтықта тыңдай аласыз.

Конструктивті құрастырылуына қарай наушниктер жабық, жартылай ашық және ашық болып үшке бөлінеді. Жабық наушниктер тыңдаушының құлағын сыртқы бөгде дыбыстардан, шудан толық изоляциялап тастайды. Бірақ, стереодыбыстық сапасы төмендейді. Ашық наушниктердің бірнеше саңылаулары болады, құлаққа компьютердегі дыбыстармен қатар сыртқы дыбыстар да естіледі. Жартылай ашық наушниктер жабық және ашық наушниктердің аралығында болады.

2.Сыртқы құрылғылар компьютердің жүйелік блогының ағытпасында өткізгіш немесе өткізгішсіз байланыс арқылы қосылады

Алғашында әрбір шеткері құрылғыларының арнайы порты болған. Мысалы, принтер үшін компьютерден принтерге алдын ала берілген пішімде деректерді жіберетін – параллельді порт

USB-порты өткізгішті шеткері қүрылғылардың қолдануын жеңілдетті. Бұндай құрылғыны іске қосу үшін жеке өткізгіштің қажеті жоқ

Динамикттер мен құлаққаптар жасыл түсті "мини-джек" атты ажырату көмегімен қосылады. Микрафон қызғылт түсті "мини-джек" атты ажырату көмегімен қосылады. Бұл құрылғыларды компьютердің істеп тұрған, тұрмағанына қарамай, қоса беруге болады.



3.Драйвер – компьютерде орналасқан құрылғы мен операциялық жүйенің әрекеттесуін қамтамасыз ететін программа.

1.https://www.download.p4c.philips.com/files/b/btm3360_12/btm3360_12_dfu_kaz.pdf 2. http://download.support.xerox.com/pub/docs/3250/userdocs/any-os/kk/Phaser_3250_UG 3. https://www.google.com/search?q=000662e9-ace6f5ea&oq=000662e9-ace6f5ea&aqs=chrome..69i57.409j0j7&sourceid=chrome&ie=UTF-8 4. Медешова А.Б., Габдуллаев Д.Г. Компьютер архитектурасы (41-48 беттер)


Электронды дереккөздер мен әдебиеттер:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет