Разработка организационных подходов по управлению хроническими заболеваниями суставов



бет1/4
Дата28.04.2023
өлшемі206,3 Kb.
#88234
  1   2   3   4

«Екіншілік экстрагенитальды аурулар кезіндегі мерзімінен бұрын босанудың жиілігі»

Орындаған: 78-ші топ, 7-ші курс, интерндер

Мамандығы: 5В130100. Жалпы медицина.

Ғылыми жетекшілері: магистр Насырова Наргиза Батырханқызы, «Денсаулық сақтау саясаты және менеджменті» кафедрасы, магистр Бузумова Жанар Омановна «Акушерия және гинекология» кафедрасы


«С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ
Акушерия және гинекологиядағы әлеуметтік детерминанттар бойынша ғылыми жобаның тақырыбы:
ААлматы, 2023

Өзектілігі


Мерзімінен бұрын босану (МББ) әлемдегі маңызды және өзекті мәселелердің бірі. Бұл аталық, аналық, ұрықтық және эпигенетикалық факторларды қамтитын «ірі акушерлік синдром» болып табылады [1]. Дүние жүзінде мерзімінен бұрын босану жиілігі (МББ) 5-тен 12%-ға дейін ауытқиды және соңғы 20 жылда төмендеу деңгейін көрсеткен жоқ.Осы мәселенің өзектілігі мерзімінен бұрын босану перинатальдық сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің деңгейін анықтайтынды[2].
ДДҰ-ның классификациясы бойынша 28 аптаға дейін (27 апта 6 күнді қоса алғанда) мерзімінен бұрын босану өте ерте болып табылады және барлық шала туылғандардың 5%-ын құрайды. Ауру мен өлім-жітім деңгейі өте жоғары [3].

Зерттеудің мақсаты


Мақсаты:2021 жылдың қаңтар айынан 2022 жылдың қаңтар айына дейінгі екіншілік экстрагениталды аурулармен ауыратын жүкті әйелдердің жас тобын анықтау.

Зерттеудің міндеттері


1. Алып тастау әдісімен 2161 науқасқа ретроспективті және клиникалық-статистикалық талдау жүргізу, мерзімінен бұрын босану қаупі бар 50 жүкті әйелді анықтау.
2. 20-дан 30-ға дейінгі және 30-дан 40-ға дейінгі жас тобында мерзімінен бұрын босану қаупін белгілеу.

Қойылған мақсаттарға жетудің материалдары мен әдістері


DamuMed ақпараттық жүйесі арқылы 2021-2022 жылдарға Алматы қаласы №36 ШЖҚ МКҚК антенаталдық диспансері негізінде 2161 науқас шағымына ретроспективті және клиникалық-статистикалық талдау жүргіздік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет