Зерттеу кезінде алып тасталынды:
1.2021 жылға дейін жүктілік бойынша есепте болмаған әйелдер, сондай-ақ осы аурулары жоқ жүкті әйелдер (анемия, гипотериоз, пиелонефрит,А гепатиті, желшешек).
Жүкті әйелдердің 20-дан 30-ға дейінгі және 30-дан 40-ға дейінгі жас топтары арасындағы мерзімінен бұрын босануға алып келетін анемия, гипотиреоз, пиелонефрит, А гепатиті, желшешек сияқты жиі кездесетін патологияларды көрсететін статисткалық кесте (кесте 1). 1-кесте. Мерзімінен бұрын босануға әсер ететін қауіп факторларын салыстырмалы бағалау
2021 жылдың қаңтар айынан 2022 жылдың қаңтар айына дейінгі мерзімінен бұрын босануларды сараптау барысында, 20-дан 30 жасқа дейінгі жүкті әйелдердегі экстрагенитальды патологиялардың ішінде темір тапшылықты анемия 67%-ды, ал 30 бен 40 жас аралығында 33%-ды құрады (график 2).Жүкті әйелдер анемиясының ең жиі таралған себебі темір тапшылығы болып табылады.
График-2.Темір тапшылықты анемиясы бар жүкті әйелдер
Сонымен қатар, біздің зерттеуімізде ең жиі кездесетін патологиялар гипотиреоз, пиелонефрит, гепатит А және желшешек. Бұл аталғандардың пайыздық қатынасы жүкті әйелдердің жасы бойынша топталуына тәуелді. 20-дан 30 жасқа дейінгі топта гипотиреозы бар жүкті әйелдер 55%-ды, ал 30-дан 40 жасқа дейінгі топта 45%-ды құрайды (график 3).