Разработка организационных подходов по управлению хроническими заболеваниями суставов



бет2/4
Дата28.04.2023
өлшемі184,53 Kb.
#88230
1   2   3   4
Байланысты:
Проект ОМ78-группа (1)

Жүкті әйелдердің 20-дан 30-ға дейінгі және 30-дан 40-ға дейінгі жас топтары арасындағы мерзімінен бұрын босануға алып келетін темір тапшылықты анемия, гипотиреоз, пиелонефрит, А гепатиті, желшешек сияқты жиі кездесетін патологияларды көрсететін статисткалық кесте (кесте 1). 1-кесте. Мерзімінен бұрын босануға әсер ететін қауіп факторларын салыстырмалы бағалау


Ауру
 
 
Жүктілердің жас өлшемдері

Темір тапшылықты анемия

Гипотиреоз

Пиелонефрит

Желшешек

А гепатиті

20-30

10

6

3

7

3

30-40

5

5

3

5

2

2021 жылдың қаңтар айынан 2022 жылдың қаңтар айына дейінгі мерзімінен бұрын босануларды сараптау барысында, 20-дан 30 жасқа дейінгі жүкті әйелдердегі экстрагенитальды патологиялардың ішінде темір тапшылықты анемия 67%-ды, ал 30 бен 40 жас аралығында 33%-ды құрады (график 2).Жүкті әйелдер анемиясының ең жиі таралған себебі темір тапшылығы болып табылады.


График-2.Темір тапшылықты анемиясы бар жүкті әйелдер

Сонымен қатар, біздің зерттеуімізде ең жиі кездесетін патологиялар гипотиреоз, пиелонефрит, гепатит А және желшешек. Бұл аталғандардың пайыздық қатынасы жүкті әйелдердің жасы бойынша топталуына тәуелді. 20-дан 30 жасқа дейінгі топта гипотиреозы бар жүкті әйелдер 55%-ды, ал 30-дан 40 жасқа дейінгі топта 45%-ды құрайды (график 3).


График-3. Гипотиреозы бар жүкті әйелдер

Пиелонефриті бар жүкті әйелдер 20-30 жас аралығында 50%-ды және 30-40 жас аралығында 50%-ды құрайды (график 4). Жүктілік кезіндегі пиелонефрит - бұл мұқият тексеруді және кешенді емдеуді қажет ететін зиянды асқыну. Бүгінгі таңда пиелонефритпен асқынған жүктілікті 90% жағдайда сақтауға болады, дегенмен уақтылы алдын алу, диагностикалау және емдеу жүктіліктің асқынуын айтарлықтай төмендетеді және перинаталдық нәтижелерді жақсартады.


График-4. Пиелонефриті бар жүкті әйелдер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет