«развитие науки и инновации в современном мире: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет10/49
Дата03.03.2017
өлшемі4,76 Mb.
#6701
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49

                                                                   
Әдебиеттер 
 
1. Тулепбаев К. Казахская модель пенсионного обеспечения населения. – Алматы: Гылым, 
2003. – 273 с.   
2.  Касаткин И. Индексы пенсионного рынка// Рынок ценных бумаг. 2005.- № 12.- С. 38-42. 
3. Аманжолов С. А. К вопросу о методике рейтинговой оценки накопительных пенсионных 
фондов// Вестник НАН РК . 2005.- № 1.- С. 115-120. 
 
 
 
 

82 
 
ӘОЖ   35.087.43:364(574) 
ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ШЕТ ЕЛДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ 
ТӘЖІРИБЕЛЕРІ 
 
Магистрант  Әбілдабеков Қанат Айдарбекҧлы 
 
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті 
 
Резюме 
          В статье рассматриваются  зарубежный опыт пенсионного обеспечения населения РК  
 
Summary 
The article deals with foreign experience of pension provision of Population 
 
Қазақстан  Республикасындағы  зейнетақымен  қамтамасыз  ету  жүйесiн  құру 
зейнетақы жүйесі оң нәтиже берген нарықты экономикасы дамыған мемлекеттердің 
тәжірибесіне сүйенуді талап етеді. Себебі зейнет ақы жүйесін салыстырмалы талдау 
әлеуметтік–экономикалық  тұрғыда  дамудың  алғы  шарттарын  тиімді  пайдалануға 
мүмкіндік береді. 
        Бұл  әдіс  халықаралық  тәжірибе  негізінде  зейнетақымен  қамтамасыз  етудің 
шарттарын  жеңілдетуді  міндеттемейді,  себебі,  ӛзінің  тарихи  даму  жолын  ӛткен 
әрбір  мемлекет  үшін  ерекшеліктері,  соның  ішінде  зейнетақымен  қамтамасыз  ету 
ортасында  да  ӛзіне  тән  ӛзгешеліктері  болады.  Зейнетақымен  қамтамасыз  ету 
жүйесінің салыстырмалы талдауы дамудың әлеуметтік-ыңғайлы нұсқауын іздеудегі 
бастапқы кезең ретіндегі мәні болады.  
Тәжірибелер 
кӛрсетіп 
отырғандай, 
күрделі 
ӛзгерістерді 
ӛткерген 
мемлекеттердің даму үлгісінде оны жүзеге асырудың нақты мақсаттары мен айқын 
стратегиялары  кӛп  жағдайда  анықталмаған,  бұл  қоғамдағы  ауыр  әлеуметтік 
салдарлар мен күйзелістің ӛсуіне алып келеді.  
Ӛтпелі  экономикалы  бірқатар  мемлекеттердің  тәжірибелерін  талдаудың 
нәтижелері  кӛрсеткендей,  зейнетақы  сферасына  ӛзгерістер  енгізу  кезінде,  кӛп 
жағдайда оның табысты жүзеге асуына қажетті әр түрлі кезеңдері ескерілмеген. Бұл 
экономикалық  мемлекеттерде  зейнетақымен  қамтамасыз  ету  саласында  ғаламдық 
қайта құрулар жүргізу барысында олардың он жылдық күш салуларына қарамастан, 
бастан ӛткерген қиыншылықтарының бірден-бір себебі болып табылады.  
Зейнетақымен 
қамтамасыз 
ету 
нарықтық 
экономикасы 
дамыған 
мемлекеттердiң  барлығында  тек  XІXғ.  соңы  мен  XXғ.  алғашқы  ширегінде,  яғни 
экономикалық дағдарыстардың жиiлеп, тереңдеген кезiнде пайда болған. 
Әлеуметтiк  қамсыздандыру,  соның  iшiнде  зейнетақымен  қамтамасыз  ету 
қазiргi  түсiнiктеме  бойынша  тек  XІX  ғасырдың  соңында  ғана  қалыптасқан.  Ең 
алғашқы мемлекеттiк зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесi XІX ғасырдың соңында 
Германияда  тосын  жағдайлардан  және  науқастығы  жӛнiнде  сақтандыру,  қарттығы 
мен мүгедектiгi бойынша зейнетақы енгiзу туралы, сонан соң Канадада, Францияда, 
Италияда,  Ұлыбританияда  және  басқа  да  мемлекеттерде  заңдарды  қабылдауға 
байланысты құрылған. Аталмыш заңдардың қабылданған жылдары әр елде әрқалай 
( кесте 1). 
Кесте 1- Әлемдегі зейнетақы жүйесін реттеу мен зейнетақы қорларын    
толтырудағы қабылданған заңдар  
Елдер 
Зейнетақы 
Науқастығы 
туралы 
сақтандыру 
Сәтсіз 
оқиғадан сақтандыру 
Германия 
1889 
1883 
1884 
Канада 
1927 
1971 
1930 

83 
 
Франция 
1905/1919 
1930 
1898/1946 
Италия 
1919 
1928/1943 
1898 
Ұлыбритания 
1908 
1911 
1887/1906 
Швеция 
1913 
1910 
1901 
Испания 
1921 
1931/1942 
1900/1932 
Ескеру: ДДБ статистикалық мәліметтері негізінде автор құрастырған 
 
Қазіргі  уақытта  Бүкіл  әлемдік  банктің  «Қартаю  дағдарысын    жою:  жасы 
ұлғайғандарды  қорғау  саясаты  және  экономикалық  ӛсуге  ықпал  жасау»  (Мадрид, 
1994 ж.) тақырыбында жасалған баяндамасында кәрілікті қорғаудың үш жақтамалы 
үлгісі ұсынылуда [1]. 
Зейнетақымен  қамтамасыз  етуді  қайта  құру  жолдарын  таңдауда  әлемдік 
тәжірибелерді қарастыру Қазақстандағы сондай ӛзгерістер  үрдісінде пайда болған 
мәселелерді  тереңірек  танып білуге, қажетті  қорытындылар жасап,  зейнетақыдағы 
ӛзгерістердің  орталық  буынын  талқылауға,  соның  ішінде  зейнетақы  жүйесі  мен 
капиталдардың ішкі нарықтарымен ӛзара байланысын зерттеуге мүмкіндік береді. 
Әлемнің  кӛптеген  мемлекеттерінде  зейнетақымен  қамтамасыз  етудің 
ӛзгермелі  экономикалық,  демографиялық,  әлеуметтік  жағдайларға  бейімделуі 
мәселесі  тұр.  Мемлекеттік  зейнетақымен  қамтамасыз  етуді    қайта  құруға 
мәжбүрлеп  отырған  себептердің  бірі  халықтың  экономикалық  белсенді  бӛлігімен 
зейнеткерлерге  берілетін  қаржылай  құралдардың  зейнеткерлер  санының  ӛсуіне 
байланысты үнемі тұрақты ӛсу қажеттілігіне негізделген. Бұл мәселені шешу үшін, 
зейнеткерлік  жасты  ӛспелі  түрде  ӛзгерту,  және  сонымен  қатар,  әйелдер  мен 
еркектердің  бірыңғай  нормативті  жасын  бекіту  ұсынылады  [2].
   
Әлем  елдеріндегі 
зейнеткерлік жас ерекшеліктері тӛменде келтірілген (сурет 1). 
 
 
Ескерту:  Теориялық  материалдарды  қорытындылау  негізінде  автор 
құрастырған 
       Cурет  1
 
-      Әлем  елдеріндегі  зейнеткерлiкке  шығудың  жас  ерекшеліктері 
(2015ж.) 
Зейнетақы жүйесiн құрудың әлемдiк тәжiрибесi сан қилы. Әрбiр мемлекетте 
зейнетақымен  қамтамасыз  етудің  әртүрлi  сипатқа  ие.  Атап  айтсақ,  Германияның 
зейнетақымен  қамтамасыз  ету  жүйесі  үш  құрылым  арқылы  қызмет  етеді: 
мемлекеттік міндетті зейнетақылық сақтандыру, ерікті ӛндірістік (фирма-кәсіпорын 
деңгейінде) сақтандыру және ресми емес (жеке) сақтандыру.  
0
10
20
30
40
50
60
70
А
Қ
Ш
Ф
ра
нц
ия
 
Д
ан
ия
 
Ге
рм
ан
ия
 
И
та
ли
я 
Қ
аз
ақ
ста
н 
ерлер
әйел

84 
 
Қазіргі кезде Германия үкіметі зейнетақылық тӛлемдерді үнемдеу бойынша 
іс-шаралар  жасауда.  Зейнеткерлік  жасты  67-ге  дейін  ӛсіріп,  жарнаның  мӛлшерін 
17%-дан 19,3%-ға ӛсіру мәселесі қарастырылуда [3]. 
Британдық  зейнетақымен  қамтамасыз  етудің  қағидасын  жалпы  түрде 
пайдалануға  ұмтыла  отырып,  отандық  қайта  құрулар  оның  ең  басты  жетістігі  – 
сақтандыру  қағидасын  ескермейді.  Бұл  зейнеткерлердің  ӛмір  сүру  деңгейін 
жоғарлату  мақсатын  кӛздейді.  Ал,  Қазақстанда  керісінше,  ауытқу  зейнеткерлік 
жеңілдіктерді  жою,  орын  алмасу  коэффициентін  тӛмендету,  бірыңғай  әлеуметтік 
салық енгізу және т.б. бағытына қарай жүргізілуде. 
Италияның  зейнетақымен  қамтамасыз  ету  жүйесі  жұмысшылар  мен 
қызметкерлерді  зейнетақымен  қамтамасыз  етудің  жалпы  бағдарламасы  аясында 
жүзеге асырылады. Одан басқа, ӛнеркәсіп пен сауда жетекшілері үшін, мемлекеттік 
қызметкелер,  ӛздігінше  жұмыспен  қамтылған  жұмыскерлер  (фермерлер, 
қолӛнершілер),  еркін  кәсіп  иелері,  темір  жолшылар,  азаматтық  авиация 
жұмыскерлері,  коммуналдық  шаруашылық  жұмыскерлері,  журналистер  үшін 
арнайы бағдарламалар бар. Бұл мемлекетте зейнетақыны кӛтеру деңгейі жіктеледі, 
яғни жоғарылатудың әртүрлі пайыздары қолданылады. 
Жапонияның зейнетақымен қамтамасыз етуі ұлттық деңгейде екі бағдарлама 
арқылы  жүзеге  асады:  20-дан  60-қа  дейінгі  елде  ӛмір  сүретіндердің  міндетті 
зейнетақылық  сақтандырудың  ұлттық  бағдарламасы  және  жалданып  жұмыс 
істейтіндердің 
зейнетақылық 
сақтандыру 
бағдарламасы. 
Зейнетақылық 
сақтандырудың 
арнайы 
бағдарламаларының 
кӛлемінде 
мемлекеттік 
қызметкерлердің,  ауыл  мектептері  мұғалімдерінің  және  ауылшаруашылығы 
жұмысшыларының  зейнетақылық  қамтамасыз  етуі  жүзеге  асырылады.  Жапонияда 
қатысушы еңбек ақының 5,15% тӛлесе, мемлекеттік мекеменің әкімшілігі – 15,85% 
тӛлейді.  
Францияның  зейнет  ақы  жүйесiнiң  ұйымдастырушылық  құрылымы 
жеткiлiктi  деңгейде  күрделi:  елде  кiшi  топтарға  бӛлiнетiн  шамамен  100  негiзгi 
(базалық) және 300-ден астам зейнет ақы тӛлеудiң қосымша ережелерi әрекет етедi. 
Әрбiр  ереженiң  (кiшi  топтың)  ӛзiне  тән  қаржыландырудың  ерекшелiктерi  бар. 
Мысалы, жалпы ереже бойынша ӛнеркәсiп пен ауылшаруашылығының жалдамалы, 
жұмыскерлерiне  негiзгi  зейнетақыларын  тӛлеу  үшiн  зейнет  ақы  қоры 
кәсiпкерлердiң  жарнасының  есебiнен  қалыптасады.  Олардың  шамасы,  тӛленген 
еңбек ақының орта есеппен 8,2% –ын құрайды. 
Сонымен,  ӛнеркәсiбi  дамыған  елдердiң  тәжiрибесiн  зерттей  отырып,  не 
нәрсенi үлгi етуге және қай нәрсеге ойлануға қажет болатындығын бiлуге болады. 
Қазiргi  уақытта  кӛптеген  дамыған  мемлекеттердiң  (Франция,  Германия,  Италия, 
АҚШ)  зейнетақылық  жүйелерi  демографиялық  және  әлеуметтiк-экономикалық 
дамудың  оң  қарқындарына  байланысты  айтарлықтай  маңызды  сынақтарға 
ұшырады.  
Шетел  мемлекеттерiнің  зейнетақымен  қамтамасыз  ету  жүйесi  әр  түрлi 
ұйымдастырушылық-экономикалық  құрылымдардан  тұрады.  Бұл  құрылым  ӛзiнiң 
сипаты бойынша кӛп деңгейлi болып табылады. Олардың кӛпшiлiгiне үш деңгейлiк 
жүйе тән: бiрiншi деңгей – мемлекеттiң әлеуметтiк кӛмегi. Бұл деңгейдiң ерекшелiгi 
зейнетақымен  олардың  табыс  кӛлемi  мен  сақтандыру  жарналарын  тӛлегендiгiне 
байланыссыз  қамтамасыз  ететінінде.  Бұл  зейнетақымен  қамтамасыз  ету 
құрылымындағы 
базалық 
деңгей. 
Ол 
салықтық 
түсiмдердiң 
есебiнен 
қаржыландырылатын әлеуметтiк зейнетақыны анықтайды. 
Сақтандыру  құралдарының  есебiнен  ұсынылатын  негiзгi  зейнетақымен 
қамтамасыз  ету  екiншi  деңгейдi  қалыптастырады.  Бұл  жүйе  мемлекеттiк 

85 
 
орындармен  немесе  ӛзiн-ӛзi  басқаратын  сақтандыру  қоғамдарымен  жүзеге 
асырылады.  Бiрiншi  деңгейдегi  зейнетақымен  қамтамасыз  ету  жұмыс  берушiлер 
мен жұмыскерлердiң ӛздерi орындайтын сақтандырушылық бӛлiнулердiң кӛлемiне 
байланысты  болады.  Бұл  деңгейде  зейнетақымен  қамтамасыз  етудің  шарттарын, 
кӛлемiн,  оларды  үшiн  бiрiңғай  стандарттар  бойынша  беру  тәртiбiн  реттейтiн 
мемлекеттiк  заңдылықтармен  бекiтiлген  нақты  мӛлшерлерiнiң  әрекет  ететiндiгiн 
айта кету керек. Стандарт еңбек салымы мен табыс деңгейi арқылы ӛрнектелiнетiн 
еңбек табысын ескеруi қажет. Сонымен қатар зейнетақымен қамтамасыз ету әртүрлі 
сипатқа ие: 
-  зейнет ақы мемлекеттiк бюджетпен тӛленедi. Мұндай зейнетақылар барлық 
мемлекетте  бар.  Швецарияда  немесе  Францияда  олар  зейнеткерлер  табысының 
айтарлықтай  бӛлiгiн  құрайды.  Чилиде  ол  ешкіммен  қамтылмағандарға  тӛленедi 
және күнкӛрiс шетiнен де тӛмен қаржыны ұсынады. 
Мұндай зейнетақы жобасында қаржыландыру кӛзi салықтар болып табылады. 
АҚШ  ӛкiметi  басқа  да  кӛптеген  мемлекеттер  сияқты  iрi  зейнетақылық 
бағдарламаларға 
қатысады. 
Адамдардың 
алдын-ала 
кӛрiп-бiлушiлiгiнiң 
жеткiлiксiздiгiнен  немесе  еңбек  еткен  кездерiнде  қор  жинауға  мүмкiн 
болмағындығынан,  ӛз  қажеттiлiктерiн  ӛтеуде  аштықтан  ӛлуiне  қоғамның  жол 
бермейтiн кӛзқарастары да бар.  
Осының  салдарынан  адамдар  мемлекттiк  кӛмектiң  мүмкiндiктерiн  түсiнiп, 
соған  есептеп  жинақтаулар  жасамағандықтан  «психологиялық  тәуекелдiлiк»  деп 
аталатын  мәселе  туындайды.  Оның  мәнi    жинақтаулар  жасамайтын  адамадарды 
қамтамасыз  ете  отырып,  қоғамның  жинақтаулар  жасауға  ынтасыныңтӛмендетеді. 
Бұл  мәселенi  шешу  екi  жағдайға    байланысты.  Бiрiншiсi,  аз  қамтылған  егде 
адамдарға  шектеулi  кӛмек  бағдарламасын  жүзеге  асырудан  тұрса,  екiншiсi, 
жинақтауды бастауға мәжбүрлеудi ұйғарады. 
Экономикасы  дамыған  мемлекеттерде  адам  зейнетақы  алуға  екi  жағдайда 
мiндеттi:  ұзақ  мерзiмдi  сақтандыру  салымы  мен  заңмен  бекiтiлген  зейнеткерлiк 
жасына жеткенде ғана құқы бар.  
Бiрқатар  мемлекеттерде  (Канада,  АҚШ)  сақтандыру  салымына  еңбекшiнiң 
заңмен  бекiтiлген  деңгейден  тӛмен  жалақы  алған  жұмыс  iстеу  мерзiмдерi 
қосылмайды.  Канадада  жылына  600  доллардан  аспайтын  жалақы  алған  еңбек  ету 
мерзiмi  жалдамалы  жұмысшының  сақтандыру  салымынан  автоматты  түрде 
шығарылып тасталынады. АҚШ-да еңбекшiлер, қарттығы бойынша зейнет ақы алу 
құқығына  ие  болуы  үшiн  кем  дегенде,  сақтандыру  бағдарламасымен  қамтылған 
салаларға  кiретiн  бiр  кәсiпорында  он  жылдық  жұмыс  салымы,  және  толық 
сақтандырылған салымы болуы қажет [3]. 
Зейнет  ақы  құқығын  алу  үшiн  қажеттi  сақтандыру  салымы  әр  түрлi 
мемлекеттерде  бiрдей  болмайды.  Кӛпшiлiк  Батыс-Европа  мемлекеттерiнде  ең 
тӛменгi зейнет ақы алу үшiн ең тӛменгi сақтандыру салымы бекiтiледi, ал мӛлшерлi 
толық  зейнет  ақы  айтарлықтай  ұзақ  мерзiм  бойы  сақтандыру  жарналарын 
тӛлегеннен  кейiн  тӛлене  бастайды.  ФРГ-да  толық  зейнет  ақы  алу  үшiн  қажеттi 
сақтандыру  мерзiмiнiң  ұзақтығы    35  жылды  құраса,  ең  тӛменгi  мерзiм  –  15  жыл, 
Италияда сәйкесiнше 40, және 15-10, Францияда – 37,5 және 15 жыл. Нидерландыда 
толық  зейнет  ақы  алу  үшiн  сақтандырылған  адам  жарналарды  50  жыл  кӛлемiнде 
тӛлеуi  тиiс.  Данияда  ұлттық  ең  тӛменгi  зейнет  ақы  алу  құқығына  ие  болу  үшiн 
сақтандыру жарналарын 40 жыл бойы тӛлеулерi қажет [2]. 
Жоғарыда аталғандай, еңбектiк зейнетақыны алу үшiн екiншi  қажеттi  шарты 
заңмен бекiтiлген зейнеткерлiк жасы болып табылады. Кӛптеген мемлекеттерде ол 
жеткiлiктi түрде жоғары.  

86 
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.Тулепбаев К. Казахская модель пенсионного обеспечения населения. – Алматы: Гылым, 
2003. – 273 с.   
2. Касаткин И. Индексы пенсионного рынка// Рынок ценных бумаг. 2005.- № 12.- С. 38-42. 
3. Аманжолов С. А. К вопросу о методике рейтинговой оценки накопительных пенсионных 
фондов// Вестник НАН РК . 2005.- № 1.- С. 115-120. 
 
ӘОЖ   657.471 
КӘСІПОРЫННЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАЛПЫ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Магистрант  Байғон Асылзат Пернеханқызы 
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті 
Резюме 
     
  В статье рассматриваются  основные проблемы внешнеэкономической деятельности 
предприятия  
 
Summary 
The article discusses the main problems of foreign economic activity of the enterprise 
 
           
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің негізгі түрлері тауарларды 
экспорттау  мен  импорттау  болып  табылады.  Тауарларды  экспорттау  -  тауарларды 
(жұмыстарды,  қызметтерді)  сатып  алушының  еліне  жӛнелту  арқылы  шетелдік 
сатып  алушыға  салу;  импорттау  –  тауарды  сатып  алушының  еліне  әкелу  арқылы 
шетелдік сатушыдан алу. 
          Сыртқы экономикалық мәміле контрактімен рәсімделеді, онда олардың құқы, 
міндеттемесі  және  тараптардың  жауапкершілігі  кӛрсетіледі.  Сондықтан  дұрыс 
рәсімдеу  үшін  Халықаралық  сауда  палатасының  әзірленген  халықаралық  сауда 
терминін («Инкотермс») пайдалануды ұсынады.  
«Инкотермстің» барлық термині тӛрт базалық категорияға топтастырылған:  
           «Е»  тобының  шарты  бойынша  сатып  алушы  сатушының  қоймасынан 
жӛнелтуге  дайын  тұрған  тауарды  алады.  «Ғ»  тобының  шарты  бойынша,  сатып 
алушы  кӛрсеткен  транспорттық  құралына  дейін  тауарды  сатушының  ӛзі  жеткізіп 
беруге міндеттенген. 

1

         
«С»  тобының   шарты  бойынша  сатушы  тасымалдаушылармен  шартқа  отырады, 
бірақ  жүкті  жӛнелткеннен  кейін  пайда  болатын  шығыстарға  және  тауардың 
бұзылуына  (жоғалуына)  жауап  бермейді.  «Д»  тобының  шарты  бойынша  сатушы 
барлық  тәуекелділіктерді  және  жүкті  белгіленген  жеріне  дейін  жеткізіп  берумен 
байланысты шығындарды ӛзіне алады. 
СІҒ  тауарды  жеткізіп  беру  кезіндегі  жағдайында  сатушы  жүктің  әрбір  тоннасын 
сақтандырады,  фрахтысын  анықтайды,  жүкті  жӛнелтетін  портқа  жеткізіп,  оны  ӛз 
есебінен  мерзіміне  сәйес  порт  кемесіне  тиейді  және  сатып  алушыға  құжаттарын 
қоса береді. Сатушының міндетіне тауардың транспорттық тәуекелділігі де кіреді. 
Сӛйтіп,  CIF  шарты  кезінде  сатып  алушының  жабдықтаушыға  тӛлейтін  бағасының 
ішіне тауардың құны, фрахтысы және сақтандырулар кіреді. 
DAF  жағдайында  экспорт  үшін  рұқсат  етілген  белгіленген  орнына  дейін  тауарды 
жеткізіп  беру  бойынша  жауапкершілікті  сатушы  алады,  ал  сатып  алушы 
кӛрсетілген орында және кӛрсетілген уақытында тауарды қабылдап алуға міндетті. 

87 
 
FAS – жабдықтау шартына сәйкес сатушы кеме бортына дейін тауарды ӛз есебінен 
жеткізіп беруді мойнына алады, ал содан кейінгі шығыстарды (арту, фрахт) сатып 
алушы  алады.  Транспорт  құралына  дейінгі  тауардың  бұзылуын  және  басқа  да 
шығыстарын сатушы ӛз мойнына алады. 

2

         
ҒОВ  -  сату  жағдайына  сәйкес  жабдықтаушының  бағасына  тауардың  құнын,  кеме 
бортына арту және оған дейін жеткізу шығыстар, т.б. кіреді 
        «Инкотермс» ұсыныстық сипатта болады және оның белгілі бір бӛлігін немесе 
толық кӛлемін пайдаланылуы тараптардың келісіміне байланысты болып келеді. 
         Қазақатан  Республикасы  аймағына  әкелінетін  және  оның  шекарасынан 
шығарылатын барлық тауралардың кедендік бақылаудан ӛтетіндігін кӛрсетеді. Бұл 
кезде заңда қаралған кедендік тӛлемдер экспорттауға да, импорттауға да салынады, 
оның құрамына мыналар кіреді: 
-кедендік баж салығы; 
-кедендік рәсімдеу үшін кедендік алымдар; 
-тауаларды сақтауға алынатын кедендік алымдар; 
-шығарып салғаны үшін кедендік алымдар; 
-Қазақстан  Республикасының  кедендік  органына  лицензия  бергені  үшін  алынатын 
алым; 
-кеден  ісін  рәсімдеу  бойынша  машықтанған  мамандық  аттестатын  бергені  үшін 
алым; 
-алдын ала қабылданатын шешімдер үшін тӛлем. 
         Қазақстан 
Республикасының  кедендік  аумағынан  тысқары  жерлерге 
шығарылатын  тауарлардың  кедендік  құны;  шот-фактурада  кӛретілген  тауар 
бағасына,  сондай-ақ,  егер  шот-фактураға  енгізілмеген  болса,  онда  мынадай  нақты 
шығындар  :  тауарды  әуе  айлағына,  айлаққа  немесе  басқадай  жерге  дейін  жеткізіп 
беруге  жұмсалған  шығындар;  тауарды  Қазақстан  Республикасының   кедендік 
аумағынан  сыртқары  жерлерге  шығару  шығындары;  сатушының  шығарған 
шығындары;  сақтандыру  сомасы;  комиссиялық  және  брокерлік  сыйақылары; 
сондай-ақ  сыртқы  экономикалық  қызметтің   тауар  номенклатурасына   сәйкес 
бағаланатын тауарлармен бірдей нәрсе ретінде қаралмаса, контейнерлердің немесе 
бірнеше  рет  қайталанып  айналымда  болатын  ыдыс  құндары  негізінде 
анықталады. 

3

         
        Қазақстан  Республикасының  кедендік  аумағына  сырттан  әкелетін  тауардың 
кедендік  құны  мынадай  әдістерді  қолдану  арқылы  анықталады:  сырттан 
әкелелінетін  тауарларға  жасалған  мәміле  бойынша  ;  ұқсас  тауарларға  жасалған 
мәміле бағасы бойынша ; бірыңғай тауарларға жасалған мәміле бағасы бойынша ; 
құннан шегеру әдісімен; құнға қосу әдісімен; резервтік әдісімен жасалады. 
Кедендік тӛлем мӛлшерлері мынадай түрлерге бӛлінеді: 
Адволарлық
 
– салық мӛлшері салынатын тауарлардың кедендік құнына процентпен 
есептеледі; 
Ерекше
 
-  салық  мӛлшері  салынатын  тауарлар  бірлігінің  белгіленген  мӛлшерімен 
есептелінеді; 
Аралас
 
–  салық  мӛлшері  жоғарыда  аталған  кедендік  салық  түрлерінің  екеуінеде 
үйлестіріледі. 
         Шетелдік  валютасында  жасалатын  операцияларды  бухгалтерлік  есепте 
кӛрсету  үшін   №  9  БЕС  ережелерін  пайдаланады.  Шетелдік  валюталық 
операцияларына  шетелдік  валютада  жасалатын  мәмілелер  жатады,  олардың 
қатарына :  шетелдік валютаға сатып алынған немесе сатылған мүліктер жатады. 

4

         
        Валютамен алынған немесе берілген несиелер (қарыздар); басқа да жолдармен 
алынған  немесе  валютаға  сатылған  активтер  және  т.б.  Бухгалтерлік  есептің   Бас 

88 
 
шоттар   жоспарында  шетелдік   валютадағы   ақша  қаражаттарын  есептеу  үшін 
мынадай арнайы синтетикалық шоттар қарастырылған : 1032; 1040; 1012. Ал  басқа 
активтері  мен  міндеттемелерін  есептеу  үшін  мына  шоттарға  субшоттар  ашылады: 
5110;  1251;  1210;  3310;  3210  т.б.,  демек,  шетел  валютасында  жасалған 
операцияларын  бӛліп  кӛрсету  мүмкіндігі  зор.  Бірақ  ол  операциялар  бухгалтерлік 
есеп  жазбасында  тек  теңгемен  ғана  кӛрсетіледі,  яғни  Қазақстан  Республикасын 
Ұлттық  банкінің  белгіленген  бағамы  бойынша  қайта  есептелінеді.  Бірақ  олар 
алғашқы  құжаттарда  (касса  кітабында,  кіріс  және  шығыс  каса  ордерлерінде,  есеп 
регистрларында) номиналдық түрі бойынша кӛрсетілуі мүмкін. 
Кӛрсетілетін  қызметтің  импортталуы  кезінде  –  осы  қызметтің  нақты  тұтынған 
кезіндегісімен  және  соған  аударылған  ақша  қаражатының  күні  арасында  пайда 
болған айырма; 
       -     дебиторлық  және   кредиторлақ  қарыздардың  пайда  болуы  мен   олардың 
ӛтелу кезеңіне күнінің арасындағы болатын айырма; 
-        валюталық  қаражаттар бойынша қарызы бар болған  жағдайда,  яғни несиелік 
мекемелерден  немесе   басқа  да  қарыз  берушілерден  алынған  қарызды  теңгелік 
тұрғысынан бағалаған кезде пайда болады. 
Бағамдық айырманың пайда болу кезеңінен бастап қарыздың ӛтелу кезеңіне дейін 
есептеу арқылы анықталуы керек. 
         Сыртқа 
экономикалық 
қызметінің 
мәмілесіне, 
тауарлардан 
басқа 
жұмыстардың  атқарылуы,  қызметтің  кӛрсетілуі  мүмкін.  Сыртқы  экономикалық 
қызметтегі бұл мәміленің артықшылық белгісі салық салу тәртібі болып табылады. 
Мысалға,  қазақстандық  кәсіпорындарының  атқаратын  жұмысын,  кӛрсеткен 
қызметін  сату  орны  Қазақстан  Республикасы  болмаса  онда  оларға  қосылған  құн 
салығы салынбайды. 

5

         
         Кәсіпорынның 
сыртқы  экономикалық  қызметі  елдің  экономикасын 
тұрақтандырудың маңызды факторы. Қазіргі кезде  шаруашылық қызметінің негізгі 
буыны  –  кәсіпорын  болып  табылады.  Осы  деңгейде  сыртқы  экономикалық 
қызметінің  негізгі  нысандары  іске  асырылады.   Кәсіпкерліктің  сыртқы 
экономикалық  қызметінің  негізгі  нысаны  –  сыртқы  сауда  қызметі.  Ол  сыртқы 
экономикалық  байланыстардың  басты  түрі  болып  саналады.  Кәсіпорын  ӛзінің 
сыртқы  экономикалық  қызметін  дербес  іске  асыруға  құқықты.  Ол  үшін  оған 
халықаралық  рынокта  сыртқы  сауда  мәмілесі  бойынша  серіктестер  табу  қажет. 
Сыртқы  сауда  мәмілесін  іске  асыруда  сыртқы  сауда  шарты  жасалу  керек.  Онда 
сатушы (экспортшы) және сатып алушылар (импортшы) арасында сатып алу – сату 
шарттарының  барлық  кӛрсеткіштері  толығынан  қатыстырылуы  тиіс.  Қазақстан 
Республикасының  сыртқы  экономикалық  саясатының  негізгі  тұжырымдамасының 
қызметтің басым бағытындағы отандық тауар ӛндірушілерді қорғауға бағытталған, 
халықаралық  шарттар  шеңберінен  шықпайтын,  ақылға  сиымды  қолдаушылық 
болуға  тиіс.    Сол  сияқты  таяу  шет  елдермен  ұзақ  мерзімді  екі  жақты  және 
кӛп  жақты келісімдерді жалғастыра беру қажет. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет