«развитие науки и инновации в современном мире: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет9/49
Дата03.03.2017
өлшемі4,76 Mb.
#6701
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49

 
Әдебиеттер  
 
1.
 
Акимова  А.  К.  «Салықтар  мен  бюджетке  тӛленетін  басқа  да  тӛлемдер  туралы»  ҚР 
Кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жинақ. Арнайы салық режимі бойынша 
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған. Астана, 2008ж. 
2.
 
Ваш малый бизнес. Кәсіпкерлерге кейбір кеңестер. Алматы, 2006ж. 
3.
 
Малый бизнес: правовые и экономические аспекты. - Алматы. «Әл-Фараби» 2005ж. 
4.
 
Кәсіпкердің      шағын      кітапханасы.    «Кәсіпкерлерге  қызмет  кӛрсететін  орталығы» 
мекемесі, Алматы, 2014 ж. 
 
ӘОЖ  336.148 
БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ЖҦМСАЛУЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ 
 
Ахметова С.С. 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ , Қазақстан  
 
Резюме 
В  статье  рассматривается  организация  финансового  контроля  в  общественном  секторе. 
Докладываются  особенности    и  возможности    его  организации  в  соответствии  с  новым 
законодательством.  Дается понятие государственному аудиту, его целям и задачам. Приводится 
классификация  типов  государственного  аудита.  Целью  государственного  аудита  является 

75 
 
повышение эффективности управления и использования бюджетных средств, активов государства 
и субъектов квазигосударственного сектора. 
 
Summary 
In  the  article  organization  of  financial  control  is  examined  in  a  public  sector.  Features  and 
possibilities of his organization are given a report in accordance with a new legislation. A concept is given 
to the state audit, his aims and tasks. Classification over of types of state audit is brought. The aim of state 
audit  is  an  increase  of  efficiency  of  management  and  use  of  budgetary  facilities,  assets  of  the  state  and 
subjects of sector. 
  
          Бүгінгі  таңдағы  басты  мәселе  бюджет  шығыстарының  тиімді  жұмсалуын 
қамтамасыз  ету  болып  отыр.  Мемлекеттік    активтердің  мақсатсыз,  тиімсіз  және 
негізсіз пайдаланылуына жол бермеуді қатаң бақылауға алу қажет. 
Қазіргі  таңда  «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне 
ӛзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы 
қабылданды,  оған  сәйкес  аудиторлық  қызмет  халықаралық  аудит  стандарттарына 
сәйкес жүзеге асырылады [1]. 
Отандық  және  әлемдік  тәжірибе  кӛрсеткеніндей,  аудиторлық  қызметтерге 
мұқтаждық мынадай жағдайларға байланысты туындады: 
-  осы  ақпаратты  пайдаланушылармен  (меншік  иелерімен,  инвесторлармен, 
кредит  берушілермен)  жанжал  болған  жағдайда  әкімшілік  тарапынан  дәйексіз 
ақпарат беру мүмкіндігімен; 

қабылданған 
шешімдер 
салдарларының 
ақпарат 
сапасына 
байланыстылығымен; 
- ақпаратты тексеру үшін арнайы білімнің болуы қажеттілігімен; 
-  ақпаратты  пайдаланушылардың  ақпарат  сапасын  бағалау  үшін  оның 
кӛздеріне қол жетімділігінің ішінара болмауымен. 
Барлық  осы  алғышарттар  тиісті  дайындығы,  біліктілігі,  тәжірибесі  және 
осындай қызмет түрлерін кӛрсетуге рұқсаты бар тәуелсіз сарапшылар қызметтеріне 
қоғам  мұқтажының  пайда  болуына  алып  келді.  Бұл,  расталған  ақпараттың  болуы 
барлық мүдделі нарыққа қатысушылардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға және 
түрлі  экономикалық  шешімдер  салдарларын  бағалауға  және  болжамдауға 
мүмкіндік беретінімен байланысты. 
Мемлекеттік  аудит  –  бюджет  қаражатын,  мемлекет  пен  квазимемлекеттік 
сектор  субъектілерінің  активтерін,  байланысты  гранттарды,  мемлекеттік  және 
мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен, оның 
ішінде бюджетті атқаруға байланысты тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген 
басқа қызмет кезінде тартылатын қарыздарды басқару және пайдалану тиімділігін 
талдау, бағалау және тексеру [2]. 
Мемлекеттік  қаржылық  бақылау  органдарына  мемлекеттік  бюджеттік  құру 
және  пайдаланумен  байланысты  негізгі  қызметтер  кіреді.  Республикалық 
бюджеттің  қаржыларын  пайдалануды  бақылауын  Қазақстан  Республикасының 
Қаржы  Министрлігінің  қаржылық  бақылау  комитеті  және  оның  аумақтық 
бӛлімшелері  жүргізеді,  олар  бақылау  обьектісінің  қызметтеріне  Қазақстан 
Республикасы бақылау функциясының заңымен сайкес келеді. Бақылау жүргізуде, 
Комитет  және  оның  аумақтық  бӛлімшелері  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясы,  Азаматтық  кодекс,  Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодекс, 
салық 
кодексі, 
Қазақстан 
Республикасының 
заңнамаларын, 
Қазақстан 
Республикасы  Үкіметі  және  Президент  актісін,  басқа  да  нормативтік  құқықтық 
актілерді, Комитет туралы Ережені, қабылданған стандарттар, бекітілген ережелері, 
сонымен бірге сәйкес келетін бақылау бағдарласын қолданады. 

76 
 
Мемлекеттік  ревизиялық-бақылау  органы  қызметінің  негізгі  бағыты 
республикалық және жергілікті бюджеттерге бақылау жүргізгенде ревизиялық және 
тақырыптық тексерісбарысындағы заңдылықты сақтау, жасалған   қаржылық және 
шаруашылық  оператцияның  бекітілуі,  олардың  бақылауы  субьекті  есептемесінде 
және  есепке  дұрыс  кӛрсетілуі,  сонымен  бірге  олардың  қаржылық  жағдайы  мен 
мемлекеттік  ұйымдардың  экономикалық  тиімділігін,  кәсіпорын  және  мекеменің 
қолдануын кӛрсету болып табылады: 
-республикалық бюджетте ішкі бақылауды орындау және жергілікті бюджетте 
сыртқы бақылаудың орындалуын жүзеге асыру; 
Жүйелі  тексерудің  дұрыс  құрылуымен,  республикалық  бюджеттен 
қаржыландыратын,мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарын (шығындар 
сметасы)  бекіту,  бюджет  қаржыларын  мақсатты  пайдаланумен  бірге  бюджет 
қарыздарын және республикалық бюджет бағдарламасының тиімділігі; 
-
 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  кепілдігімен  тартылған  мемлекеттік 
және мемлекеттік емес қарыздарын мақсатты қолдануына бақылау жүргізу;  
-
 
Мемлекеттік  кәсіпорындардың  таза  табыс  үлесін  тиісті  бюджеттерге 
толық  және  уақтылы  аударуы  мен  шаруашылық  серіктестіктердің  табысты 
мемлекет үлесіне, ал Акционерлік мемлекет акция пакетіне қоғамдардың дивидент 
есептелуіне бақылау жүргізу; 
-
 
Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуына бақылау мен 
сыртқы бақылау әдістемесін және әдістеме ғылымын жетілдіру. 
Осы  мақсаттарды  жүзеге  асыруда  бюджет  қаржысының  игерулінің 
заңдылығын  қамтамасыз  ету  мақсатында  тексерулер  ұйымдастырған.  Осы 
тексерулер  орын  алған  заң  бұзушылықтарды  және  Есеп  Комитетінің  мәліметтері 
бойынша  2013-2015  жылдар  аралығындағы  тексерулер  нәтижесінде  тӛмендегідей 
нәтижелер анықталған (Кесте 1.). 
 
Кесте 1. Есеп Комитетімен жүргізілген тессерулер мен анықталған қаржылық 
бұзушылықтар  
 
Бақылау  шаралар 
саны 
Жоспарланған 
бақылау 
обьектілерінің саны  
Анықталған  қаржылық 
бұзушылықтар кӛлемі 
2015 
29 
303 
1,3 трлн.теңге 
2014 
29 
705 
643 млрд. теңге 
2013 
26 
526 
808,4 млрд. 
Дерек  кӛзі:  2013-2015  жылға  арналған  республикалық  бюджеттің  атқарылуы 
туралы  
Есеп комитетінің есебі www.esep.kz.  
 
2014  жылы  шығындар  кӛлемі  2013  жылмен  салыстырғанда  13,5%-ға  ӛсіп, 
6 471,2 млрд. теңгені құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 23%-ға ұлғайған. 
2014 жылы республикалық бюджет шығындарын атқару 26 мемлекеттік орган 
әкімшілік  ететін  560  бюджеттік  бағдарлама  бойынша  15 функционалдық  топ 
бӛлінісінде жүзеге асырылды (2013 жылы – 38 ББӘ). 

77 
 
Шығындардың  жылдық  мәндері  11  функционалдық  топ  бойынша 
орындалмаған. Ең кӛп мына топтар бойынша: «Ӛзгелер» – 8,4 млрд. теңгеге (2,8%), 
«Денсаулық  сақтау»  –  5,6 млрд. теңгеге  (0,9%),  «Жалпы  сипаттағы  мемлекеттік 
қызметтер»  –  4 млрд. теңгеге  (1,0%),  «Кӛлік  және  коммуникация»  – 
2,8 млрд. теңгеге  (0,6%),  «Мәдениет,  спорт,  туризм  және  ақпараттық  кеңістік»  – 
1,9 млрд. теңгеге  (1,8%),    «Ауыл,  су,  орман,  балық  шаруашылығы,  ерекше 
қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер 
қатынастары»  –  1,3 млрд. теңгеге  (0,8%)  орындалмауына  жол  берілген.  Есеп 
комитеті    2015  жылы  303  нысанда  29  бақылау  шарасы  жүргізгенін  мәлімдеді. 
Анықталған  қаржылық  заң  бұзушылықтар  құнының  кӛлемі  2014  жылмен 
салыстырғанда  3  есе  ұлғайып,  1,3  триллион  теңге  болған.  Бақылау  шараларының 
нәтижесі бойынша орны толтырылуға тиіс 128,8 миллиард теңгенің 87,2 миллиард 
теңгесі  ӛтелген.  Есеп  комитетінің  тӛрағасы  жүргізілген  тексерулер  мен  бақылау-
талдау  шаралары  қорытындысы  бойынша  Үкіметке  және  басқа  да  бақылау 
нысандарына  46  ұсыным  мен  180  тапсырма  жолданғанын  айтты.  Бұл  орайда 
ұсынымдар  мен  тапсырмалардың  орындалуы  тиісінше  98%  және  95,8%  болды. 
Қ.Жаңбыршин  бюджеттік  және  басқа  заңнамаларды  бұзғаны  үшін  75  заңды  тұлға 
және  66  лауазымды  тұлға  әкімшілік  жауапкершілікке,  271  лауазымды  тұлға 
тәртіптік  жауапкершілікке  тартылғанын  атап  ӛтті.  Құқық  қорғау  органдарына 
бақылау шараларына қатысты 40 материал берілген [3]. 
Мемлекеттік мекемелерде қаржылық есеп беруіне бақылау жүргізгенде бұрын 
тексерілген  материалдар  бойынша  жойылған  бұзушылықты  тексеру  қажет.  Осы 
мәселені  шешу  кӛзі  бухгалтерлік  есеп  пен  аудитті  жетілдіру  болып  табылады. 
Бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есептілікті  ұсынудың  дұрыстығын  тексеру 
мемлекет  қаржысының  мақсатсыз,  тиімсіз  және  негізгі  пайдаланылуына  жол 
бергізбеуге  сапалы  жүргізілген  аудиторлық  тексерулер  кӛмек  береді.  Осы  аудитті 
жүргізу барысында арнайы аудиторлық бағдарлама мен дайындық қажет.  
Ревизия мен тексеріс, Комитеттің ревизиялық-бақылау жұмысының жоспары 
бойынша    және  оның  аумақтық  бӛлімшелері,  сонымен  бірге  қылмыстық  іздестіру 
мүшелерінің  мемлекеттік  мекемелерде  бюджет  қаржыларын  пайдаланудағы 
бұзушылық  дәлелдер  бойынша  бақылау  жүргізу  қаулысы  негізінде  жүзеге 
асырылады.  Ревизиялық-бақылау  жұмысының  жоспарында  бақылау  обьектісі, 
орындаушылар, мерзімі, аяқталу формасы нақты кӛрсетіледі. 
Бюджет  қаражатының  тиімді  игерілуін  қамтамасыз  етуде  келесілер  маңызды 
болып табылады: 
- толыққанды есепке алуды, мониторингі жүргізуді және сатып алу тиімділігін 
қоса есептегенде,мемлекеттің қаржы активтерін басқаруды қарастыру; 
-  республикалық  бюджеттік  бағдарлама  әкімшілерінің  республикалық 
бюджетті  атқару  кезінде  пайда  болған  дебиторлық  берешекті  ӛтеуі  жӛнінде 
пәрменді шаралар қабылдау
-  мемлекетке  қызмет  кӛрсетудің  нәтижесінде  бюджет  қаражаты  есебінен 
сатып  алынған  негізгі  құралдардың  есебі  мен  қозғалысын  қарастыратын 
нормативтік құқықтық актілерге ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу; 
- Мемлекеттік аудит заңының сақталуын қамтамасыз ету; 
-  Мемлекеттік  бағдарламаларды  қаржылық  қамтамасыз  етудің  негіділігі  мен 
іске асырудың тиімділігін арттыру. 
Ревизия  немесе  аудиторлық  тексерулер  тәуелсіз  эксперттермен  жүргізілуі 
қажет және ол жоспарлы тексеру формасында емес, кенеттен тексеру формасында 
болуы қажет. 

78 
 
Әдебиеттер 
 
1. http://v.anatili-almaty.kz/referats/ [www.topreferat.com]. 
2. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 
жобасы турал
ы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қарашадағы №392-V  
қаулысы. 
3. Қаржы министрлігінің ресми сайты мәліметтері. 
 
ӘОЖ   35.087.43:364(574) 
 
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҤЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК 
НЕГІЗДЕРІ 
 
Магистрант  Әбілдабеков Қанат Айдарбекҧлы 
 
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті 
 
Резюме 
В статье рассматриваются  методические основы развития и формирования пенсионной системы 
РК 
 
Summary 
This article discusses the methodological basis for the development
 
and formation of the Republic of 
Kazakhstan pension system 
 
   Мемлекеттердегі  экономикалық  жағдайлар,  мәдени–тарихи  ерекшеліктер, 
саяси-мәдениет,  қоғамдық  қозғалыстардың  етек  жаюына  байланысты  әр  кезеңде 
мемлекет халықты әлеуметтік қорғауды, соның ішінде қоғамның еңбекке қабілетсіз 
мүшелерін  зейнетақымен  қамтамасыз  етуді  және  қоғамдық  дамуды  тұрақтандыру 
мәселелерін  шешуді  ӛз  жауапкершілігіне  алады.  Барлық  ілімдік  мектептер  мен 
экономикалық  ойдың  бағыттары  әлеуметтік  мәселелерді  шешуде  мемлекетке 
айтарлықтай орын бермейтіндігін айта кету керек
 
[1].
 
 «Еңбекке  жарамсыздар»  санатына  әдетте  жарымжан  немесе  басқа  да 
физикалық  келеңсіздіктер  себебінен  еңбек  етуге  жарамсыздарды,  жетім  балалар 
мен  кедейлерді  жатқызды.  Қартайғандарды  асырау  мемлекеттің  құзырына  кірген 
жоқ  мемлекет  соңғы  «Қара  күнге»  кепілдемелі  табыспен  қамтамасыз  етуге 
ұмтылды. Дербес жағдайда, В. Петтидің ӛзі де «... кедейлердің жалақысын шектеу 
әділ  емес,  себебі  олар  ӛздерінің  мүгедек  болып  қалатын,  жұмысының  болмай 
қалатын немесе қаза болатын уақытына жеке бӛліп қоя алмайды» деп есептеді [2].  
Осылайша  классиктердің  кӛзқарастары  мемлекеттің  орны  әлеуметтік  ортада 
ӛте  аз  (минимальді)  болуы  себептілігімен  түсіндірілді.  Олардың  бастапқы 
әрекеттері  әлеуметтік  мәселелерді  шешуге  қабілетті  саясатты  жасау  емес, 
керісінше, кедейлерге кӛмек кӛрсету тәжірибесі мемлекетті шығынға алып келетін 
ой  болып  қалыптасады.  Зейнетақымен  қамтамасыз  ету  мәселесін  ескере  отырып, 
сол уақыттағы қоғам мен экономиканың дамуы мемлекет алдында қартайғандарды 
асырау керектігі жайындағы мәселені қоймағандығын айта кету керек. 
Мемлекеттік  араласудың  шектері  әлеуметтік  бағытты  қабылдай  отырып, 
кеңейеді  және  сапалы  түрде  ӛзгереді.  Бӛлудегі  барынша  толық  әділеттілік  пен 
жұмысшы  класының  барынша  әл-аухаты,  ӛкілі  мемлекет  болатын  ұлттық  бірлікті 
сақтау шартымен анықталады.  
Экономикасы  дамыған  мемлекеттердің  тәжірибелеріне  сүйене  отырып, 
мемлекеттік  қолдаудың    Дж.  Кейнсиандық  үлгісінің  мемлекеттік  реттеу 
мәселерінде  барынша  жетілгендігін  айта  кету  керек.  Соның  ішінде  кӛп  жақты 

79 
 
жауапкершілік  (мемлекет  жеке  құрылым,  қоғамдық  бірлестік  деңгейіндегі) 
негізіндегі әлеуметтік қорғау облысындағы американдық тәжірибе Қазақстан үшін 
барынша қолайлы болып табылады [3].  
Дегенмен,  зейнетақы  қорының  қазіргі  заманғы  қоғам  ӛміріндегі  орнын  және 
ұлттық  қаржы  жүйесіндегі  алатын  орнын  ескерсек  олардың  іс-әрекетінің  кӛп 
жақтары  мемлекет  тарапынан  бақылауды  қажет  етеді.  Жеке  жағдайда  қорлардың 
қаржылық  есеп  берулері  мен  міндеттемелерін  анықтау  тәсілдері  уақытпен 
белгіленіп,  стандартталуы  тиіс  және  оларды  инвестициялайтын  нысандарының 
сапасына қойылатын талаптар ескертілуі қажет. 
Нарықтық  экономикада  азаматтарды  зейнетақымен  қамтамасыз  етуде 
мемлекет маңызды роль атқарады.  
Үкіметтің  нақты  атқаратын  қызметтерінің  тұрғысынан  қарағанда  нарықтық 
қатынастар  жағдайында  зейнетақымен  қамтамасыз  ету  маңызды  басымдылық 
болып,  мемлекеттің  әлеуметтік  саясатының  нысаны  болып  табалатынын, 
әлеуметтік 
нормативтер 
мен 
зейнетақылық 
сақтандыру 
бағдарламасын 
анықтайтынын,  сәйкес  құқықтық  базасын  жасап,  зейнетақылық  қызметтерді 
кӛрсету  ортасын  құратындығын  естен  шығармау  қажет.  Мемлекеттің  негізгі  ролі 
әлеуметтік  серіктестік  негізінде  зейнетақылық  сақтандыру  субьектілерінің 
кӛзқарастарын  келістірудің  экономикалық  және  ұйымдастырушылық  –  құқықтық 
тетіктерін жасаудан,халықтың әлеуметтік сұранымдары мен оларды қаржыландыру 
кӛздерінің теңгермешілігіне жетуден тұрады.  
Қазақстанда  ұлғайған  жастағы  азаматтардың  қажеттілігін  қанағаттандыру 
бойынша  жауапкершілікті  мемлекет  қандай  да  бір  дәрежеде  азаматтарға  ӛзара 
берді,  қазір  олар  зейнетақымен  қамтамасыз  етудің  кепілдемесіне  толық  кӛлемде 
ӛздері  жауапты  болады,  демек,  зейнетақымен  қамтамасыз  етудің  қаржылық  және 
ұйымдастырушылық жағдайына жауапкершілік пен еркіндікті ӛз қолдарына алады.  
Зейнетақымен  қамтамасыз  ету  тәртібі  мен  ұйымдастыру  бойынша 
жауапкершілікті  мемлекетпен  қатар  жұмыс  берушілер  де,  жұмыскерлердің  ӛздері 
де  бӛлісетіндігін  айта  ету  керек.  Әлемде  ешбір    мемлекет,  экономикасы  ӛте 
дамыған  болса  да,  ӛз  азаматтарын  қартайған  шағында  қамқорлыққа  алу  міндетін 
тек ӛзіне ала алмайды [3]. 
Зейнетақымен  қамтамасыз  етуді  мемлекеттік  реттеу  бюджет,  салық,  несие 
және әлеуметтік саясат арқылы орындалады.
 
Осыған байланысты қаржылық-құқықтық реттеуді талап ететін зейнетақылық 
сақтандыру 
сферасында 
мемлекеттік 
басқарудың 
келесі 
аспектілерін 
қалыптастыруға болады:  
-
 
бюджеттік реттеу, яғни мемлекеттік бюджет құралдарын әлеуметтік 
зейнетақы мен жәрдемақыға
 
бӛлу; 
       - әлеуметтік реттеу (мемлекеттік-әлеуметтік және міндетті-ерікті 
сақтандыру қоса алғанда) 
-
 
зейнетақылық  сақтандыруға  байланысты  мемлекеттік  бағдарламалар  мен 
мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыру арқылы реттеу;  
-
 
бағалық реттеу (сақтандыру тарифтік саясаты). 
-
 
 салықтық реттеу; 
-
 
ақша-несиелік реттеу;  
-
 
шектеулер мен  сұранымдар арқылы реттеу (мемлекеттік лицензиялау және т.б.). 
Зейнетақымен қамтамасыз етуді қайта құрудың зерттеуін жалғастыра отырып, 
бүкіл  әлемдік  банктің  зейнетақылық  жинақтарды  жеке  емес,  мемлекеттік 
мекемелердің  басқаруы,  жиналған  ақшаны  экономиканың  барынша  тиімді 
секторларына инвестициялау жолымен емес, мемлекетке қарызға беру немесе басқа 

80 
 
да саяси мақсаттарға беру үшін пайдалану туралы ескертуін қолға алу керек.  
Бұл  жағдай  Қазақстандық  әрекет  үшін  ӛте  маңызды  болуы  мүмкін.  Себебі, 
зейнетақылық  жарналарды  біріңғай  әлеуметтік  салық  ретінде  бюджеттен  тыс 
қорларға  аудару  ӛзгерулердің  мағынасына  шын  мәнінде  сәйкес  келмейді.  Дербес 
сақтандыру  және  жинақтаушы  салымдарды  енгізген  жағдайда  бұл  мүлдем  сәйкес 
келмейді.  Осындай  құбылыстардың  құқықтық  формасы  мен  экономикалық 
мазмұны арасындағы сәйкессіздік қазіргі кезде түсініксіздеу және  әділетсіз болып 
барады.  Бұрынғы  жүйеде  зейнетақы  құралдарын  бӛлуде  мемлекет  зейнетақымен 
қамтамасыз  етудің  жалғыз  және  абсолютті  кепілі  болатын.  Енді,  зейнетақы 
жұмыскердің  жеке  жинағының  нәтижесі  болған  кезде  мүшелердің  ролі  басқаша 
анықталуы  тиіс.  Зейнет  ақы  құралдары  бӛлу  жүйесінен  жинақтаушы  сақтаушыға 
ӛту  кезінде  мемлекеттің  меншігі  болмайды.  Бұл  құралдар  мемлекетке  сенімді 
басқаруға  ғана  беріледі,  сондықтан  зейнетақылық,  сақтандырудың  мүшелерінің 
арасындағы қатынас тек азаматтық құқықтық қатынастар түрінде ғана болады.  
Қазақстанның  зейнетақы  жүйесiн  қайта  құрудағы  шығындарына  қарамастан, 
оның  ӛзгеруi  бүгiнгi  күннiң  ӛзiнде-ақ  экономиканың  қаржылық-экономикалық 
секторына оң әсерiн тигiзедi. Қаржылық нарықта қорларды екiншi реттi банктердiң 
меншiктi  капиталынан  басым,  жаңа  институционалдық  инвестор  пайда  болды,  ал 
жақын  болашақта  зейнетақы  қорларының  активтерi  банктiк  сектордың 
активтерiмен  толық  теңесе  алады.  Артықшылықтарының  бiрi  бюджеттiк 
қарыздардың айтарлықтай «жеңiлдеп қалуында». Себебi, ендi  әрбiр жұмыс iстеушi 
ӛзiнiң  болашақ  зейнетақысы  жайында  ӛзi  әрекеттенедi.  Екiншiден  –  жинақтаушы 
қорлардағы  салымшылардың  зейнетақыларының  кӛлемi  оның  зейнетақылық 
жинағының  шамасына,  яғни  оның  қалай  жұмыс    iстеп  қанша  жалақы  алғанына 
байланысты  болады.  Ал,  бұрынғы  жүйеде  еңбек  ерімен,  қол  қусырып  жұмыс 
iстегендер  бiрдей   шамамен зейнетақы алатын. Келесi аспектiсi – бұрын елде ақша 
мүлдем  жетпейтiн  уақыттар  да  болған.  Бүгiнде  жүйеде  1  млрд.  доллардан  астам 
қаржы  бар.  Бiзде  ұзақ  мерзiмдi  жобаларға  ақша  салатын  iрi  институционалды 
инвесторлар  құрылған.  Барлық  ақшалай  құралдар  бағалы  қағаздарға  салынған. 
Олар  жансыз  жүк  (ауыртпалық)  болып  жатқан  жоқ,  керiсiнше  экономиканы 
дамытып, салымшыларға инвестициялық табыс әкелуде.  
Зейнетақы  жинақтаулар  бiрқатар  мемлекеттiк  бағдарламаларды    жүзеге 
асыруға,  кӛптеген  инвестициялық  жобаларды  орындауға  мүмкiндiктер  бередi.  Бұл 
ақшалардың  барлығы  мемлекеттiк  бағалы  қағаздар  мен  iрi    Қазақстандық 
компаниялардың  облигацияларына  инвестицияланады.  Олар    елдiң  дамуына, 
ӛнiдiрiс  кӛлемiнiң  ӛсуiне  жұмсалады,  ал  ол  әрқашанда  халықтың  жұмыс 
бастылығымен  байланысты.  Жұмыскерлер  негiзгi  ӛндiрiс    кеңейiп,  қосымшалары 
пайда болғанда қажет бола бастайды. Жаңа жұмыс орындары ӛнiмдi тасымалдауда 
және  ӛткiзуде,  инфрақұрылымдарды  қалыптастыру  мен  дамытуда  пайда  болады. 
Тағы  да  бiр  маңызды  факторы  болып,  зейнетақы  жинақтауларының  арқасында 
Қазақстанның    экономикасының  шет  елдiк  инвесторларға  тәуелділігі  айтарлықтай 
азайғанда  байқалады.  Бұл  ерекшелiктердiң  барлығы  жинақтаушы  зейнетақы  
қорларының алдында тұрған стратегиялық мәселелердiң бiрiнiң оң шешiлгендiгiнiң 
нәтижесi  болып  саналады.  Дегенмен,  оң  жайттармен  қатар  терiс  жақтары  да 
кездеседі. Атқарушылардың кiнәсiмен зейнетақыны қайта құру тиiмсiз болып отыр: 
жалдамалы жұмыскерлердi зейнетақыны сақтандырудың мiндеттiлiгiне қарамастан 
тек 9,2 млн. адамнан астамы ғана, яғни, еңбекпен қамтылған тұлғалардың 80 %-ға 
жуығы ғана  зейнеткерлiк келiсiм-шарттарын бекiткен [2]. 
Қазiргi  уақытта  ешбiр  зейнетақы  келiсiм-шарттарында  қордың  ӛзiнiң 
қаржылық  мiндеттемесi  кӛрсетiлмейдi.  Салымшы  ӛзiнiң  зейнеткерлiкке  шыққан 

81 
 
кезiнде оның зейнетақысының кӛлемi жинақталған сомаға байланысты екендiгiнен 
басқа,  оның  ӛзi  де  жазбаша  түрде  кӛрсетiлмеген,  қандай  мӛлшерде  зейнетақы 
алатынын  немесе  еңбек  ақысының  қанша  пайызбен  алатынын  бiлмейдi.  Оның 
үстiне  Қазақстан  Республикасы  ҰБ-ң  ставкасына,  МБҚ  ставкаларына  қосымша 
есептелетiн жылдық пайыз 3,5,7%-дан кем болмауы тиiс. Жылдық құралдардың ең 
тӛменгi ӛсiмшесi жазбаша түрде кепiлденбейдi.  
Экономикасы  дамыған  мемлекеттерде  зейнетақы  деңгейiне  мемлекет, 
кәсiпорын  және  азаматтардың  ӛздерi  де  жауапты.  Бiзде  мемлекет  1998  жылдан 
бастап  тек  бақылаушы  және  байқаушы  қызметін  ғана  орындайды.  Жұмыс  берушi 
зейнетақымен  қамтамасыз  ету  мiндетiнен  босатылған.  Бірақ  2007  жылдан  бастап 
бала күту мерзімі 1 жыл кӛлемінде аналардың зейнетақы жарнасын қамту кӛзделді 
[3]. 
Күнделiктi  мәселелердiң  ең  ӛкiнiштiсi  –  зейнетақы  жарналарының  толық 
түспеуi.  Олар  табысты  тӛлеу  кӛздерiнен  бӛлiнуi  қажет.  Әрине,  жарналар  жұмыс 
берушiлермен ұштасады, бiрақ зейнетақы қорларына кейбiреулерiмен дер  кезінде 
және барлық уақытта бірдей аударылмайды. Бұл қорларға салымшылар алдындағы 
аз  мiндеттерiн  сапалы  орындауға  мүмкiндiк  бермейдi.  Қосымша  күш  жұмсауды 
талап  етедi,  жарналарды  жинау  кӛп  уақытын  алады  және  салымшыны 
инвестициялық табыстың айтарлықтай бӛлiгiнен құр алақан қалдырады.  
Заңға  сәйкес  Қазақстан  Республикасының  азаматтарына  зейнетақы 
тағайындау келесі кестеде кӛрсетілген.(1-кесте)
  
Кесте 1 – Қазақстан Республикасының азаматтарына зейнетақы тағайындау 
Заң қабылданған жылдар 
Зейнеткерлікке шығатын азаматтардың 
жасы 
ерлер 
әйелдер 
1998 жылдың 1- қаңтарынан 
61 
56 
1998 жылдың 1- шілдесінен 
61,5 
57 
1999 жылдың 1- шілдесінен 
62 
57 
2000 жылдың 1- шілдесінен 
62,5 
57,5 
2001  жылдың  1-  шілдесінен 
бүгінгі күнге дейін 
63 
58 
Ескерту: Теориялық материалдарды  қорытындылау  негізінде автор 
құрастырған 
 
         Тӛтенше жағдайда және радиациялық тәуекелi ең жоғары аймақтарда тұратын 
азаматтарға 1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шiлдесiне дейiн зейнетақы 
тағайындауға құқы барлар: ерлерге – 50 жасқа толып, жалпы жұмыс iстеу жылдары 
25  жылдан  кем  болмауы  керек;  әйелдерге  –  45  жасқа  толып,  жалпы  жұмыс  iстеу 
жылдары 20 жылдан кем болмауы керек 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет