«развитие науки и инновации в современном мире: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет21/49
Дата03.03.2017
өлшемі4,76 Mb.
#6701
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49

                                                                          Литература 
 
1. Конституция Республики Казахстан. – Алматы, 2011. 
2. Бюджетный кодекс Республики Казахстан от 24.04.2004 года. 
3.  С.С.Капсалямова.  Правовое  регулирование  института  финансового  контроля  в 
Республике Казахстан, Астана, 2009. 
4. Концепция проекта Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений 
в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам Счетного комитета 
по контролю за исполнением республиканского бюджета». 
5.  Д.О.Абленов    «Финансовый  контроль  и  углубленный  аудит:  теория,  методология, 
практика», Алматы, Экономика 2007 г. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

181 
 
 
 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ 
ЕСТЕСТВЕННЫЕ НАУКИ 
NATURAL SCIENCES 
______________________________________________________
 
ӘОЖ 57:001.12/.18 
 
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҚОЛДАНЫП ОҚУШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН 
АРТТЫРУ 
Асылбекова Б.,  Мамирова Н.А

 
                                               ХГТУ, Шымкент, Қазақстан
 
 
Резюме 
Творческий  потенциал  учащихся  развивается  в  процессе  деятельности  при  решении 
различных  задач.  Возникшая  проблемная  ситуация  требует  определенного  решения,  которая  в 
творчестве может быть выражена объективно или субъективно для каждого человека. 
 
Summary 
The creative potential of pupils
 develops in the course of business in solving various problems. The 
problem  situation  requires  a  specific  solution,  in  which  creativity  can  be  expressed  objectively  or 
subjectively for each person. 
 
Ел  президенті    Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  арналған  Жолдауында 
―Біздің  болашақтағы  жоғары  технологиялық  және  ғылыми  қамтымды  ӛндірістері 
үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет‖ деген сӛздері бар. Демек, оқушылардың 
ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін 
дамыту,  қазіргі  техниканы  тиімді  пайдалану  мәдениетіне  тәрбиелеу  –  мектептің 
басты бағыттарының бірі. ―Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай 
дамыту 
үшін 
ең 
бастысы 
жағдайлар 
жасау 
қажет‖. 
Оқушының 
шығармашылығының  дамуы,  қабілетінің  ашылуы  кӛбінесе  мұғалімнің  кәсіби  
біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты.  
Қазақстан  Республикасы  мемлекеттілігінің  және  демократиялық,  нарықтық 
экономикасы  бар  құқықтық  қоғамды  құрудың  күрделі  үрдісін  басынан  кешіруде. 
Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.Ә.Назарбаевтің  халыққа  жолдауында 
елдің  2030  жылға  дейінгі  стратегиялық  басымдылықтары  анықталған.  Онда 
айтылғандай,  алдағы  ғасырға  экономикалық  және  әлеуметтік  ӛрлеудегі  басты 
фактор  «адамдардың  ӛздері,  олардың  еріктері,  күш-  қуаты,  табандылығы  және 
білімдері»  болып  табылады.  Қойылған  міндеттерді  шешу  үшін  республиканың 
интеллектуалды  және  шығармашылық  мүмкіндіктерін  дамыту  және  шығармашыл 
балалармен  жастардың  дамуы  үшін  ӛркениетті  жағдайлар  жасау  қажет.  Балалар 
шығармашылығын  зерттеумен  және  ерекше  балаларды  оқыту  және  тәрбиелеудің 
психологиялық-  педагогикалық  сұрақтарын  қарастырумен  Қазақстанда  ұзақ  уақыт 
бойы  ӛте  аз  айналысты,  тіпті  айналыспады  десекте  болады.  Қазіргі  күнде  ерекше 
қабілетті  балаларды  іріктеп,  олардың  әрі  қарайғы  дамуы  үшін  жағдайлар  жасауы 
керек екендігі анық. Себебі баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу ӛзіне 
ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады.  

182 
 
Олай  болса,  егеменді  еліміз  Қазақстанда  шығармашыл  баланы  дамыту  мен 
анықтаудың қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды ӛзгерістер 
жыл сайын жаңа ӛмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері 
мен  әлеуметтік  сұранысын  қамтамасыз  ету  мақсатында  шығармашылық  тұрғыда 
ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу 
– бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі таңда жалпы білім беретін 
мектептердің  дамуында  жағымды  ӛзгерістер  және  оқыту  мен  тәрбиелеу  ісінің 
ұтымды  жақтары  ашылып  жатқанымен,  оқушылардың  жеке  басының  қабілеттілік 
жақтарына  терең  үңіле  бермейміз.  Қазіргі  кезде  мектептердегі  білімдер  жүйесінен 
бір  дағдарыс  кезеңдерін  кӛруге  болады.    Мұның  мәні  –  оқыту  әдіс-тәсілдерінің 
жеткіліксіздігі  емес  немесе  мектеп  ӛмірін  басқаша  ұйымдастыру  емес.  Бүгінгі 
күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, 
шығармашылық  таныммен  тікелей  қатынас  жасай  алатын  жаңаша  ойлай  алатын 
творчестволық  адамға  айналдыру.  Балаларда  әлемнің  кӛп  бейнелі  жақтарын 
шығармашылық  таным  негізінде  қабылдай  алу  қабілетін  дамыту  қажет.  Осының 
негізінде  интеллектуалды,  креативті  (шығармашылық  қабілетті),  шығармашыл 
ұрпақты тәрбиелеп оқыту, психология- педагогикалық маңызды мәселелерінің бірі 
деп білеміз. 
ХХІ  ғасырдың  жан-жақты  зерделі,  шығармашыл,  талантты  адам 
қалыптастыру  бағытындағы  білім  беру  ісі  бүгінгі  күн  талабы.  Қазақстанның 
дамуына  білім  мен  ғылымның  әр  етуі  үшін  дүниежүзілік  кеңістігіне  ену,  оқыту 
жүйесін заман талабына сай үйлестіре алуға, оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар 
қойылуда.  Осы  тұрғыдан  алғанда  бүгінгі  таңда  мұғалімге  білім  берудің  тиімді 
жолдарын  қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.  
Оқушы  қандай  бір  педагогикалық  проблеманың  шешімін  таба  білсе,  ойлау 
қызметінің  нәтижесінде  рахаттанады.  Ӛзін  сол  жаңалықты  алғаш  ашқандай 
сезінеді. Қазіргі қоғам талабы- мұғалімнен баланың жан-жақты дамуына мүмкіндік  
тудыра  отырып,  әрбір  бала  бойындағы  дара  қабілетті  анықтап,  оны  әрі  қарай 
дамытуды қалайды. 
Әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны ӛзі игеріп, 
ізденіп,  пікір  таластыру  деңгейіне  жетіп,  даму  үстінде  болуын  қалайды.    Біздің 
педагогикалық  технологияны  құруға  қажетті  тұжырымдама.  Рубинштейннің 
еңбектерінде  айтылған  «ойлау  барысында  ойлау  объектісін  жаңа  байланыстарға 
қосуға педагогикалық, психологиялық берік негіз бар»  деген ойынан алынған.  Ол 
бойынша  ӛнертапқыштық  пен  жаңалықтар  ашуға  жетелейтін  баланын  жаңа 
қасиеттерін ашуға болады екен. 
Технологиямыздың тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория 
Т.С. Высотскийдің «оқыту процесінде оқушынын ақыл-ойының дамуы»  актуальды 
даму  аймағынан  «жақын  арадағы  даму»  аймағына  ауысуы  туралы  теориясы.  Бұл 
ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған 1-ші деңгейден ӛрімді іс-
әрекетті  қажет  ететін  жоғарғы  деңгейлерге  ауысу  негізіндегі  іс-әрекет  арқылы 
жүзеге асады. Осындай іс- әрекет деңгейлері арқылы оқушылар оқу материалдарын 
әр түрлі  деңгейде қабылдайды . 
В.П.Беспалько  бұл  деңгейлерді  тӛртке  бӛледі:  бірінші  деңгей-  ―міндетті, 
оқушылар‖, 
екінші-алгоритмдік, 
үшінші-эвристкалық 
және 
тӛртінші-
шығармашылық деңгейлердегі  қабылдау. Сондықтан да, оқушылардың білім, білік, 
дағдыларын  жетілдіру  үшін,  оқытудың  жаңа  технологиясы  бойынша, 
дифренциалды  және  дербес  деңгейлік  принциптерінің  талаптарына  сәйкес 
ӛткізілетін  әртүрлі  сабақ  түрлеріне  арналған  жаңа  тұрпаттағы  оқулықтар  мен  оқу 

183 
 
құралдары  қажет.  Бұлар:  әңгімелеуші  оқулықтар  және  оларға  қошымша  тӛрт 
деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері. 
Әңгімелеуші  оқулық  бойынша  оқушылар  жаңа  тақырыпты  ӛз  бетімен 
меңгеріп,  анықтама,  ережелерін  ӛзі  шығарады.  Қарапайым  жаттығу  мысалдармен 
оларды  бекіткеннен  кейін,  жұмыс  дәптерлеріндегі  денгейлік  тапсырмаларды 
орындауға кӛшеді. Қоғам шығармашылықтың ӛзі ӛнім екенін түсініп келеді. Жаңа 
технологияларды  іс-жүзіне  енгізу  ӛндірістік  және  әлеуметтік  ӛмірге  жаңа  мазмұн 
кіргізетін,  болашаққа  қатысты  жаңа  міндеттер  қойып,  шеше  білетін 
шығармашылық  ақыл-ой  қабілеті  бар  адамды  қажет  етеді.  Мемлекеттің  даму 
барысында  ақыл-ой  және  шығармашылық  әлеуметтің  рӛлі  орасан  зор. 
Шығармашылық қабілетті дамыту ойлау қызметін жетілдірумен тығыз байланысты. 
Баланың  ойлау  қабілеті  мен  белсенділігін  дамыту  мәселесі,  мектеп  тәжірибесінде 
үлкен орын алады. Оқушы қабілетіне қарай ең басты мәселені  айыра білсе, демек 
ол күрделі шығармашылық мәнді тапсырмаларды орындай алады. 
Педагогикалық  технологияның  тиімділігі  педагогикалық  және  материалдық 
шарттарға  байланысты.  Педагогикалық  технологияның  табысты  болуын 
анықтайтын  педагогикалық  шарттарға,  ең  алдымен  ,  педагогтың  дербес 
ерекшеліктері:  тұлғалық  даралығын,  мәдениеттілігін,  қызығуын,  т.с.с.  жатқызуға 
болады. Сонымен бірге, оқушылармен қарым-қатынас жасау біліктілігі мен кәсіби 
шеберлігі де ерекше мәнге ие болады.  
         «Инновация»  ұғымын  қарастырсақ,  ғалымдардың  кӛбі  оған  әр  түрлі 
анықтамалар  берген.  Мысалы,    Э.Роджерс  инновацияны  былайша  түсіндіреді: 
«Инновация  –  нақтылы  бір  адамға  жаңа  болып  табылатын  идея».    Майлс  
«Инновация – арнайы жаңа ӛзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, 
шешімдерін күтеміз» дейді. 
       Ендеше  «инновация»  ұғымы  –  педагогикалық  сӛздік  қорына  ежелден  енген 
термин.  Ол  кейбір  ғалымдардың  еңбектерінде  «жаңа»,  «жаңалық  енгізу»  деп 
кӛрсетілсе,  кейбіреулер  оны  «ӛзгеріс»  деген  терминмен  анықтайды.  Инновация 
термині  қазірде  білім  берудің  теориясы  мен  тәжірибесінде  кеңінен  қолданылып 
жүр.  Бірақ,  ғылымда  бұл  терминнің  нақтылы  анықтамасы  белгілі  бір  категория 
ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың кӛпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең 
таныта  алмайды.  Инновацияны  «білім  беру  жүйесіндегі  жаңалық  енгізу»  деп 
айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік. 
       «Инновация»  ұғымы  ең  бірінші    XIX  ғасырда  мәдениеттанушылардың 
зерттеуінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу 
дегенді  білдіреді  және  және  бұл  ұғым  этнографияда  әлі  күнге  дейін  сақталған. 
Инновация латыншадан аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. 
Яғни,  С.  Ожегов  сӛздігіне  сүйенсек,  инновация  бірінші  рет  шыққан,  жасалған, 
жуық арада пайда болған, бұрын-ғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан 
таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады.  
        «Инновация» ұғымын әр елде әр түрлі  түсінген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ, 
Нидерланды)  бұл  термин  кең  таралған,  ал  Арабия,  Жапония  тәріздес 
мемлекеттерден кездестіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай 
кӛзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, 
саяси  әдебиеттер  мен  баспа  беттерін  зерттей  келе,  Ресейде,  шет  елдерде,  ТМД 
елдерінде,  Қазақстанда  «инновация»  ұғымына  кӛптеген  анықтамалар  берілгенін 
кӛреміз.     
  
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламаларында  «...білім  берудің  тиімді  жұмыс  істейтін 
қазақстандық  жүйесі  қалыптасып,  қазіргі  әлемде  Қазақстанның  лайықты  орын 

184 
 
алуына  мүмкіндік  беретін  оқыту  мен  кадрларды  даярлаудың  сапалық  білім 
деңгейіне  қол  жеткізетін  болады»  деп  атап  кӛрсетілген.  Яғни,  «жаңа»  қоғамға 
«жаңа»  сапалы адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру  – қазіргі заманғы білім 
беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. 
       1970 жылдардың басынан бастап кӛптеген елдердің жоғарғы оқу орындарында 
оқу  іс-әрекетінің  дәстүрлі  әдістері  мен  түрлерін  сыни  қарау  мен  модерндеу  іске 
асырылуда,  олардың  жаңа  және  тиімділері  іздестірілуде.  Содан  бері  білім  беру 
саласында  бірқатар  «дағдарыстар»  қоғам  талаптарына  сай  қазіргі  күннің 
қажеттілігін  қамтамасыз  ететін  оқыту  әдіс-тәсілдерімен  байытылуда.  XXI  ғасырға 
жаңа аяқ басқан заманда кӛптеген қазақстандық жоғары оқу орындары еуропалық 
стандарт  бойынша  несиелік  жүйеге  кӛшуде.  Осы  жоғары  мектеп  оқытушылары 
студенттердің  ӛз  бетімен  жұмыс  жасауына  бағытталған  жаңа  әдістерді  оқу-тәрбие 
үрдісінде  кеңінен  пайдалануда.  Солардың  бірі  –  оқытудың  белсенді  әдістері. 
Жоғарғы  оқу  орны  оқытушыларының  негізгі  күш-жігері  тәжірибелік  жолмен 
жүзеге  асатын  танымдық  іс-әрекетті  белсендіру  әдіс-тәсілдерін  іздестіруге 
бағытталған. 
       Соңғы  жылдары  Республикамызда  оқушылардың  оқу-таным  әрекеттерін 
белсендіру, мәселелік оқыту, оны ұйымдастыру, әдіс-тәсілдерді жетілдіру жайында 
зерттеу  жұмыстары  жүргізіліп  келеді,  мәселен,  И.  Нұғыманов,  Ж.  Қараев,  Р. 
Әлімқұлова,  Ш.  Таубаева,  Г.  Нұрғалиева,  А.  Әбілқасымова,  Т.  Сабыров,  Т. 
Әлимұхамбетова,  З.  Ибрагимова,  Ғ.  Құсайынов,  А.  Тамаев,  А.  Дайрабаева    және 
басқалар. 
         Елбасы Н. Назарбаевтың білім мен ғылым қызметкерлерінің III съезінде білім 
сапасын  арттыру  жӛнінде  тұжырымды  ой  айта  келіп  ,  мұғалімдерге  де  үлкен 
міндеттерді жүктегені мәлім. Ендеше, келешекте Қазақстанның қарыштап дамуына 
ӛз үлесін қосатын бүгінгі оқушы – ертеңгі азамат болғандықтан оқу-тәрбие үрдісін 
жаңартып,  білім  сапасын  арттыру  мұғалім  құзырындағы  жауапты  іс.  Жаңашыл-
педагогтардың  негізгі  мақсаты  –  оқушылардың  алатын  білімін  сапалы  ету,  оның 
толыққанды  жеке  тұлға  болып  қалыптасуына  негіз  қалау.  Осы  орайда,  жаңашыл-
педагогтардың  педагогикалық  техно-логиялары  кӛптеп  саналады:  Эрдниевтің  ірі 
блокпен  оқыту  технологиясы,  Занковтың  дамыта  оқыту  жүйесі,  Неменскийдің 
әсемдікке  баулу  жүйесі,  Амонашвилидің  ізгілікті  тұлғаны  оқыту  технологиясы, 
Монтессори  технологиясы,  Эльконин,  Давыдовтың  дамыта  оқыту  технологиясы, 
т.б. 
Білімдік  әрекеттер  –  тұлғаның  ӛз  ӛмірін  ӛзгертуге  бағытталған  әлеуметтік 
белсенділігі.  Білімдік  әрекетте  оқушы  жаңалықты  ашып,  оның  дамуының 
диалектикасын  меңгереді,  «ӛткен  тәжірибеге  қайта  қарап»,  «оның  құрылысын 
жаңартады»,  сол  арқылы  ӛзін  -  ӛзі  таниды,  табады,  айналаны,  қоғамдық  ӛмірді 
ӛзгерте  алатын  белсенді  субъектілік  жағдайына  келеді.  Қазіргі технологиялардағы 
жаңашылдықты  тану  тиімді  қолдану  барысында  оқушының  шығармашылық 
әлеуетіне негіз болатын қасиет – сапалары іске қосылып, танымдық процестерді ӛн 
бойына  ӛткізеді.  Дұрыс  мақсат  қойып,  нәтижені  интуитивті  түрде  жобалай  алу, 
оның  оқушының  дамуының  іргелес  аймағына  сәйкес  болып,  қызыға  еңбек  етуге 
әкелетін жоспарын құру, ұйымдастыра алу – сӛзсіз, шығармашылықтың нәтижесі. 
Қорыта  келе  айтарымыз,  «шығармашылық  –  проблемалық  сипаты  бар, 
барлық  ішкі  байланыстарды  біріктіретін,  нәтижеде  жаңа  материалдық  және 
идеалдық  құндылықтар  алынатын  адамның  мақсатты  әрекет»  деген  тұжырым 
жасауға  болады.  Оқушының  ӛз  білімін  кӛтеруге  қатысуы  оның  әлеуметтік,  кәсіби 
әрекетіндегі  мәселелерді  табысты  шешуін  қамтамасыз  етеді,  басқаша  айтсақ 
шығармашылығын дамытады. 

185 
 
Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты жүйесі білім берудің 
ұлттық  моделіне  ӛту  арқылы  жас  ұрпақтың  білім  деңгейін  халықаралық  дәрежеге 
жеткізу.  Мемлекеттің  күшеюі  мен  ұлттық  гүлденуі  қабілеттілерге,  таланттыларға 
тәуелді  екені  белгілі.  Ал  шығармашылыққа  тәлім  тәрбиенің  алдыңғы  шегінде 
жүрген  оқытушылар  алдына  шығатыны  сӛзссіз.  Осы  бағытта  химия,  биология 
сабағында  оқушылардың  инновациялық  технологиялар  арқылы  ойлауы 
шығармашылық белсенділігін пәнге қызығушылығын арттырады.  
                                                      Әдебиеттер
 
1.
 
Караев Ж.А., Жадрина М.Ж. Теоретические основы развития школьного образования в 
Казахстане. Алматы: РИК, 2000ж 
2.
 
Омарова Р.С. Оқу процесінде студенттердің ізденімпаздығын қалыптастыру. Алматы – 
2001ж 
3.
 
Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. Москва: Педагогика. 2001ж 
4.
 
Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. 2004ж 
5.
 
Кобдикова Ж.У. Орта мектепте білім алуды технологияландыру.2001ж 
6.
 
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құралдар. №1,3. 2001ж  
7.
 
К.Ж. Бүзаубацова. Жаңа педагогикалық технологиялар. Алматы, 2003ж  
8.
 
 "Деңгейлеп-саралап оқыту"  Ж.Қараев, 2006
 ж  
 
ӘОЖ 57.017.35 
ЭКСТРЕМАЛДЫ ФАКТОРЛАР ӘСЕР ЕТУ КЕЗІНДЕГІ КЛЕТКА 
МЕМБРАНАСЫНЫҢ КҤЙІ 
 
  Байжаханова А.Ш., Асылбекова Б.Ж. 
 
Халықаралық гуманитарлық техникалық университеті, Шымкент қ., Қазақстан 
 
Резюме 
Методы повышения устойчивости клеточной мембраны к воздействию экстремальных факторов. 
 
                                                                 Summary 
Methods of increasing the cell membrane resistance to extreme factors. 
 
Организмде  гомеостазды  сақтау  оның    жүйе  мен  мүшелерінің  үйлесімді 
қарым-қатынасы  нәтижесінде  болады.  Олардың  маңызы  организмге  экстремалды 
факторлар әсерінен жоғарылай түседі және бұл жүйелер қатысының кӛрсеткіштері 
әртүрлі  мүшелерде  олардың  функциялық    айырмашылықтарына  байланысты 
ауытқып отырады. 
Осындай  экстремалды  факторларға  улы  заттардың  организмге  әсері  де 
жатады. Солардың бірі - ауыр металдар. Мӛлшері қоршаған ортада жылдан жылға 
кӛбейіп келе жатқан ауыр металдардың тұздары клетканың биологиялық құрамдас 
бӛліктерімен ӛзара әрекеттесіп, организм қызметіне айтарлықтай әсер етеді. Белок 
металдардың  зиянды  әсеріне  ӛте  сезімтал.  Қалыпқа  келмес  конформациялық 
ӛзгеріске  ұшыраған  макромолекулалар  мен  әлсізденген  ферменттер  бірқатар 
метаболиздік  процестерді  ӛзгеріске  ұшыратуы  мүмкін.  Биологиялық  мембраналар 
қызметінің бұзылуы патологиялық процестердің себебі ғана емес, сол процестердің 
ӛршуінің салдарынан болуы да мүмкін.  
Сүтқоректілердің  эритроцитттері  ядросыз,  гомогенді  цитоплазмасы  бар   
қызыл  қан  түйіршіктері.  Ол  қанның  негізгі  бӛлігін  құрайды.    Қозғалыс  кезінде 
қанда  эритроциттердің    екі  жағы  ойыс,  диаметрі  7-9  мкм  келетін  сфероид  
формалары  басым  болады.  Эритроциттер  белок  пен  липоидтан  тұратын  сыртқы 

186 
 
қабықшадан,  строма  және  ішкі  белок  қабығынан  тұрады.  Қан  тарату  жүйесіндегі 
эритроциттедің  айналымы  қалыпты  жағдайда  45  сек  жүзеге  асады.  Эритроцит 
құрамының 64% судан, ал 36% басқа заттардан, ең бастысы гемоглобулиннен (34%) 
тұрады 

2

.  
Эритроциттер  миелоидты  ұлпада,  немесе  сүйек  майында  пайда  болады. 
Эритроциттердің  пайда  болу  процесін  гемопоэз  деп  атайды.  Жас  балалардың  бұл 
ұлпалары  барлық  сүйектерінде,  ал  ересек  адамдарда  негізінен  бас  сүйектерінде, 
қабырғада, тӛс сүйегінде, омыртқада, сегізкӛзде және жауырында пайда болады. 1 
мл қанда 5 млн-ға жақын  эритроциттер болады, бірақ бұл шама жасына, жынысына 
және денсаулығына байланысты ауытқып отырады .  
Эритроциттердің  ӛмір  сүру  мерзімі  тӛрт  ай.  Одан  кейін  ол  бауыр  мен 
кӛкбауырда  ыдырайды.  Ескірген  сайын  эритроциттер  аса  нәзік  бола  береді. 
Құрамындағы белок компоненттері оны құрайтын амин қышқылдарына ыдырайды, 
ал  гемнің  құрамындағы  темір  бауырда  ұсталынып  қалады  да,  ферритиннің 
құрамында сақталады. Гемнің қалған бӛлігі ӛт пигменттерін тудыра ыдырайды. 
Эритроциттердің  саны  кей  кезде  физиологиялық  жағдайларға  байланысты 
бірде  кӛбейіп  (полицетимия),  бірде  азайып  (эритропения)  ӛзгеріп  отырады. 
Мысалы,  бұлшықет  қызметінде,  әртүрлі  стресс  факторлар  әсерінен  қандағы 
эритроцит саны артады. Кейбір қан жүйелеріндегі патологиялық ӛзгерістер кезінде 
эритроцит  санының  азаюы  анемия  деп  аталады.  Бұл  кӛп  қан  кетуі  кезінде  және 
эритроциттер  түзілуінде  ауытқулар  болған  жағдайда  болады.    Гипотониялық, 
гипертониялық ерітінділердегі эритроциттердің осмостық тӛзімділігін анықтаудың 
практикалық  маңызы  зор  .  Сыртқы  ортаның  әртүрлі  әсеріне  бейімделудің  барлық 
кезеңдерінде  организмнің  бүкіл  күйі  жайлы  мәліметтерді  эритроциттердің 
тӛзімділігі кӛрсете алады

3

 . 
Суды  сіңіріп,  оны  қанға  ӛткізуде  эритроциттер  микроосмометр  қызметін 
атқарады.  Эритроциттер  гипотониялық  ерітінділерде  суды  сіңіріп  ісінсе, 
гипертониялық  ерітінділерде  бойындағы  сұйықтығын  жоғалтып  жиырылады.  Бұл 
кезде  гипо-  және  гиперосмостық  қысымдарға  тӛзімділігі  тӛмендеп,  гемолизге 
ұшырайды. Гемолиз әсерінен эритроцит мембранасы зақымдалып, ондағы тӛменгі 
молекулалы заттар мен гемоглобин ерітіндіге шығады .  
Клетканың  сыртқы  және  ішкі  ортасындағы  осмостық  концентрациясының 
тепе-теңдігін сақтап тұратын мембраналық иондық сорғыш қызметінің бұзылуынан  
клеткалардың  осмостық  гемолизі  пайда  болуы  мүмкін.  Клетка  ішінде  және 
сыртында  тұздардың  осмостық  концентрациясы  теңескенімен  клеткадағы  белок 
концентрациясының  жоғарылауы  осмостық  қысымнан  ісінеді.  Бұл  ӛз  кезегінде 
мембрананың жарылып, эритроциттердің гемолизге ұшырауына әкеледі.  
Эритроцит  мембранасының  тӛрт  қабатты  болатындығы  белгілі  .  Сыртқы 
қабаты  қанның    антигендер  топтарының  соңғы  бӛліктерінен  құрылған 
олигосахаридтерден (гликокаликстен) тұрады және бұл қабатта қандағы плазманың 
белоктары  сіңіріліп  отырады.  Одан  кейінгі  ортаңғы  екі  қабат  фосфолипидтер, 
холестерол,  интегралды  белоктардан  тұрады.  Ішкі  тӛртінші  қабаты  актин  және 
спектрин  белоктарының  жиынтығынан  құрылған.  Дискоид  формасын  сақтауда 
спектрин белогы жетекші рӛл атқарады.  Оның қалыпты жұмыс істеуі үшін АТФ-
ның  энергиясы  қажет.  АТФ-энергиясы  қорының  тӛмендеуі,  оның  пішінінің 
бұзылуына  әкеледі  .  Шамамен  актиннің  әрбір  бес  молекуласына  бір  молекула 
спектриннен  келеді  де,  плазма  тӛменгі  жағында  фибриллярлы  тор  құрылады. 
Актиннің  спектринмен  жиынтығы  4.1  компонеті  атымен  белгілі  протеинмен 
тұрақтандырылады.  Фосфолипидтік  қосқабат  оның  ішкі  және  сыртқы  бетіндегі 

187 
 
перифериялық  белоктарымен  және  мембрананы  тесіп  ӛтетін    (кейде  бірнеше  рет) 
белоктарымен қоса плазмалық мембрананың құрылымының негізін құрайды .  
Мембраналардың  липидтік  және  белоктық  компоненттерінің  бейберекет 
қалпынан  гетерогендік  қалыпқа  қайтару  қасиеті  мембрана  арқылы  ақпаратты 
беруге мүмкіншілік береді.  
Иілімділік  –  эритроцит  мембраналарының  ӛзінің  формасын  ӛзгерте  алатын, 
яғни оған әсер етуді тоқтатқан кезде бастапқы қалпына қайта келе алатын қасиеті. 
Оның  бұл  қасиеті  құрамындағы  фосфолипидтердің,  атап  айтқанда  мембрана 
тұтқырлығына  тәуелді  липидтік  компоненттердің  қозғалыста  болуын  сипаттайтын 
қасиетіне  байланысты.  Эритроциттердің  in  vivo  жағдайында  ескіруі  оның 
құрамындағы фосфолипидтер мен холестериннің мӛлшерінің тӛмендеуінен болады 
және  бұл  жағдайда  мембрана  белоктарының  шамасы  ӛзгеріссіз  қалады.  Бұл 
эритроциттердің  микрокапиллярлар  арқылы  ӛту  кезіндегі  деформациялануының 
тӛмендеуін,  яғни  эритроциттер  пішінінің  ӛзгеруі    ӛмір  сүру  мерзімін  кӛрсететін 
қасиеттерінің бірі.  
   
Эритроцит  мембранасының    қасиеттері  жалпы  биологиялық  мембранамен 
ұқсас, яғни эритроцит қабықшалары мен стромасында липидтер (фосфолипидтер - 
58%,  бос  холестерин  -  23%,  бейтарап  майлар  -  12%,  холестерин  эфирлері  -  7%), 
құрамы  жағынан  әртүрлі  белоктар,  сол  сияқты  металдар  -  темір,  калий,  натрии, 
магний,  мыс,  мырыш  және  марганец  бар.    Клеткаларды,  соның  ішінде 
эритроциттерді  энергиямен  қамтамасыз  етуде,  гликолиздің  маңызы  зор. 
Гликолиздік циклдің  негізгі  ферменттерінің  бірі  фосфофруктокиназа,  гексокиназа. 
Қызыл қан түйіршіктерде энергияның пайда болуы тек анаэробты болатыны, демек 
гликолиздік жол арқылы іске асатыны белгілі. Эритроциттердің гликолиздік жүйесі 
қызметіндегі  глюкоза  тасымалдауда  беткі  қабатында  ұсақ  тесікшелері  бар 
эритроцит  қабықшаларының  маңызы  зор.  Эритроцит  мембраналарында 
протеолиздік ферменттер орналасқан

3

 . 
Кӛптеген авторлардың мәліметтеріне қарағанда эритроцит мембраналарының 
бетінде  белоктар,  макро-  және  микромолекулалы  заттар  адсорбцияланатындығы 
айтылған.  Клетка  мембранасында  белсенді  адсорбциялық  қабілеті  үлкен  зонасы 
бар.  Адсорбция  коваленттік,  донорлы-акцепторлы  және  сутектік  байланыстар 
арқылы, Ван-дер-Ваальс және Лондон-Лившиц күштері негізінде жүзеге асады.  
Эритроциттерде  белоктардың  адсорбциялануы  күрделі  процесс.  Ол 
эритроциттердің  мембранасы  мен  цитоплазмасының  күйіне,  белоктардың 
қасиетіне,  сол  сияқты  сыртқы  факторларға  байланысты.  Эритроциттердің  бетімен 
сіңірілген  молекулалар  саны  ортада  Na

концентрациясын  кӛбейткенде  едәуір 
кӛтеріледі, ал К
+
 мӛлшеріне байланысты емес. Ацидоз эритроцит мембраналарында 
белоктардың сіңірілуін кӛтереді. 
Жоғарыда  айтылғандарды  ескере  отырып,  әртүрлі  әсер  ету  заттардың 
адсорбциясына  және  онымен  байланысты  эритроциттердің  қызметі  мен  қасиетіне 
ықпалы болуы тиіс.     
Эритроциттер  газ  алмасу  процесінде,  қышқылдық-негіздік,  иондық  тепе-
теңдікің  реттелуінде,  транскапиллярлық  алмасуда,  белоктар  мен  глюкозаның, 
аминқышқылдарының тасымалдануында,  қанның  ұюына  ұшырауында,  организмге 
иммунологиялық гомеостазды сақтауда маңызы зор. Белоктардың эритроцитарлық 
мембранамен  байланыса  отырып,  иммуннокомпетентті  агрегаттар,  гормондар, 
бӛтен және денатурацияға ұшыраған белоктарды жасап шығатындығы анықталған.  
SH-тобы  бар  белоктармен  байланысу  арқылы  эритроциттер  мембранасының 
белоктік-липидтік  құрылымы  ӛзінің  тұрақты  фосфолипидтік  ассиметриялық 
қалпын  сақтайды.  Қызыл  түйіршіктердің  физиологиялық  қалпын  сақтауда 

188 
 
эритроциттердің  осындай  арнайы  құрамдарының  маңызы  зор  және  ол 
микроциркуляциялық  айналымда  ӛзгерістердің  болмауын  қадағалайды.  Бұл  - 
мембраналардағы  құрылымдық-қызметтық  қатынастың  негізі  спектрин-актин 
белоктарынан тұратын тор.   
Қоршаған  орта  мен  ӛндіріс  ортасының  жағымсыз  факторларының  әсері 
денсаулыққа  тигізетін  залалы,  ағзаның  қорғану-бейімделу  реакциясының 
бұзылуына әкеледі. Ауыр металға жататын қорғасынның қанға әсері қанның, оның 
ішінде эритроциттердің клеткаларының қасиеті мен құрылымын ӛзгеріске ұшырата 
жүретін  гем  синтезінің  ферментативті  процестерімен  араласуында  негізінен 
қорғасын  темірдің  гемға  қосылуынына  катализатор  болатын  феррохелатаза 
белсенділігін  тӛмендетеді.  Соның  нәтижесінде  сүйектің  қызыл  кемігіндегі 
ретикулоцит  митохондрияларында  ферритин  және  темірлі  мицеллалар  жиналады. 
Бұл  ӛз  кезегінде  қызыл  сүйек  кемігінде,  сонымен  бірге  шеткі  аймақтағы  қанда 
сидеробластардың  санының  кӛбеюіне  әкеледі.  Сол  сияқты  қорғасынның  иондары 
эритроциттерде гемолиз тудырады деген мәліметтер де бар. Бірақ бұл құбылыстың 
механизмі әлі толық анықталмаған. 
Кейбір  ауыр  металдардың,  соның  ішінде  қорғасынның  гемолиткалық  әсері 
бар  деген  де  жорамал  бар.-  ол  эритроциттер  мембраналарындағы  асқын  тотығу 
процестерінің  ӛршуімен  байланысты,  себебі  мембранадағы  деструктивті 
ӛзгерістердің  пайда  болуына  липидтердің  асқын  тотығы  ӛнімдері  деңгейінің 
жоғарылауы  жағдай  жасайды.  Липидтердің  асқын  тотығуы  тромбопластикалық 
белсенділікті  жоғарылатып,  фибринолитикалық  және  антитотықтырғыштық 
белсенділігіні  тӛмендетеді  және  ол  эритроциттердің  гемолизіне  әкелетіндігі 
анықталған.  
Малонды  диальдегид  (МДА)  жиналуы  мен  асқын  тотығудың  тұрақтылығы 
арасында  тікелей  корреляциялық  байланыс  бар  екендігі  анықталған:  МДА 
концентрациясы ӛскен сайын гемоглобиннің шығу жылдамдығы жоғарылайды., ал 
оның тоқтауы МДА-ның ең тӛменгі концентрациясымен сәйкес келеді. 
Ауыр  металдардың  ішіндегі  уландырғыш  әсері  аса  қауіптілерінің  бірі  - 
кадмий.  Ол  табиғатта  бос  күйінде  кездеспейді.  Кадмий  иондарымен  қоршаған 
ортаның  ластануы  кейінгі  онжылдықтарда  мырыш  және  мыс  кендерін  игеруге 
байланысты,  әсіресе  электротехника  мен  атом  ӛндірістерінде  кең  пайдалануына 
байланысты  болып  отыр.  Кадмийдің  ұзақ  әсері  кезінде  егеуқұйрықтардың  бауыр, 
бүйрек,  ми  құрылымындағы  глутатионпереоксидаза  және  каталаза  сияқты 
тотықтырғыштарға  қарсы  ферменттердің  басытқыланатындығы  байқалған.  Оның 
уландыру  механизміне  тотықтырғыш  стресінің  де  қосылуы  мүмкіндігін  кӛрсетеді. 
Кадмий иондары абсорбциялану арқылы эритроциттерге түсіп, плазмаға таралады. 
Әрі  қарай  ол  плазма  белоктарымен  қосылып,  ұлпаларға  енеді.  Эритроциттерде 
кадмийдің тек 70% қалады 

3

.  
        Кадмий тәрізді ауыр металдардың бірі - мырыш. Ол тағамның барлық түрінде 
кездеседі.  Мырыш  –  организмге  қажетті  элементтердің  бірі.  Адамның  мырышты 
пайдалану  мӛлшері  мысқа  қарағанда  он  есе  кӛп.  Мырыштың  80-ге  жуық 
ферменттердің  құрамында  кездесетіндігі  анықталған.  Осындай  ферменттерге 
нуклеин 
қышқылдарының 
полимерлері, 
лактатдегидрогеназа, 
алкогольдегидрогеназа  және  ретинолдегидрогеназа,  сонымен  бірге  фосфатаза, 
протеазалар және т.б. жатады.  
Мырыштың  организмде  жетіспеушілігі  аталған  ферменттердің  қызметінің 
бұзылуына байланысты болатын  әртүрлі  белгілерден байқалады. Тағамда мырыш 
жетіспеушілігі  жасӛспірімдер  мен  балалардың  ӛсуінің  тежелуіне,  жараның 
жазылуының нашарлануына әкеледі. Мырыш ӛздігінен қауіпті элемент емес, бірақ 

189 
 
оның  мырыш  ӛндірісінде  ауадағы  мышьяк,  кадмий,  маргенец,  қорғасынмен 
қоспалары металл буларымен тыныс алған жұмысшыларда металды безгек ауруын 
тудырады.  Мырышпен  улану  кӛбіне  пестицидтермен  жұмыс  істегенде,  мырышты 
гальваникалық  ыдыстарда  сақталған  мырыш  препараттарын  терапевтік  ұқыпсыз 
пайдаланғанда  болады.    Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының  (ДДСҰ) 
зерттеулері  бойынша  мырыштың  тағаммен    күндік  пайдалану  мӛлшері  ересек 
адамдар  үшін  22  мг.    ДДСҰ  мәліметтері  бойынша  мырыштың  адам  ағзасына  ең 
қауіпті  түсу  мӛлшері  тәулігіне  200  мг.  Мырыш  нашар  сіңіріледі  де,  асқазанның 
шырышты бӛлігін тітіркендіреді. Организмге мырыш түскеннен кейін лоқсу, құсу, 
асқазан  қызметінің    бұзылуынан  байқалатын  улану  белгілері  ӛте  тез  кӛріне 
бастайды  (бірнеше  минуттан  2-3  сағатқа  дейін).  Мырышпен  улануға  ересек 
адамдарға қарағанда балалар  кӛбірек сезімтал келеді . Ол организмде динамикалық 
тепе-теңдікте,  яғни  қоршаған  ортада  жоғарғы  концентрация  кезінде  жылжып 
отырады.  Су  қоймаларындағы  мырыштың  рұқсат  етілу  шегі  (РЕШ)  1.0  мг/л  ді 
құрайды. (жалпы санитарлық лимиттік зиянды кӛрсеткіші ) 

2,5


Жаңа  туылған  егеуқұйрықтарда  мырыш  жетіспеушілігі  РНК  мен  мидағы 
белок синтезінің мӛлшерін тӛмендетіп, мидың жетілуін нашарлатады Организмдегі 
мырыш жетіспеушілік ергежейлілікке, жыныстық дамудың кідірісіне әкелсе, оның 
ағзаға мӛлшерден кӛп түсуі канцерогенді ықпал етіп, жүрекке, қанға т.б. улы әсер 
етеді.    Мырыш  препараты  ерітінді  түрінде  (мырыш  сульфаты)  және  ұнтақ,  май, 
шырақ,  паста  құрамында  (мырыш  тотығы)  медицинада  бырыстыратын  және 
залалсыздандыратын дәрі ретінде пайдаланылады.    
       Ғарыштық–ракета  қызметінің  денсаулыққа  және  қоршаған  ортаға  зиянды  әсер 
ету  мүмкіндігі  бар  аймақтардағы  тұрғын  халықтың  медициналық-экологиялық 
қорғау  заңдылығы  механизмімен  қамтамасыз  ету  жӛніндегі  негізгі  нормативті-
заңдылық  құжаттарына  жасалған  талдау,  қазіргі  уақытта,  сол  сәтте  жасалынатын 
шаралар мен жете зерттелген теориялардың бар екенін кӛрсетті. Бірақ, ғарыштық-
ракета қызметінің алыс қашықтықтағы әсерінің денсаулыққа және қоршаған ортаға 
әсерінің  зардабы  іс  жүзінде  зерттелмеген  және  ұлттық  қауіпсіздіктің  доктринасы 
ресми түрде қарастырылмаған. 
Сонымен  бірге  экологиялық  қолайсыз  аймақтардағы  ағзаға  әсер  ететін   
әртүрлі зиянды  факторлардың біріне жылдан-жылға қоршаған ортада кӛбейіп келе 
жатқан улы зат, гидразиннің туындыларының бірі - 1,1-диметилгидразин (1,1-ДМГ) 
жатады. Қоршаған ортаның 1,1-ДМГ-мен ластануы Қазақстан үшін айрықша ӛзекті 
мәселе.  Себебі,  оның  территориясындағы  Арал  апат  аймағында  Байқоңыр 
космодромы  орналасқан.  Әдебиеттердегі  мәліметтерге  жүгінсек,  бұл  ӛңірдегі 
тұрғылықты халықтың денсаулығының нашарлауы салдарынан  түрлі мүгедектікке 
әкеліп  соғуы  күннен-күнге  кӛбейіп  келе  жатыр.  Кӛптеген  әдебиеттердегі 
мәліметтер гидразиндердің плазмалық  мембраналар үшін  уландырғыш қасиеті  ӛте 
жоғары  екенін  кӛрсетеді.  1,1-ДМГ-нің  химиялық  формуласы  (СН3)
2
N
2
H
2

молекулалық массасы 32.05 Д

5,6

 . 
    
 
 
               1 сурет - 1,1-диметилгидразиннің құрылымдық формуласы 
 
Гидразин мен оның мыңдаған туындылары, гидразидтер, гидразондар және де 
соған 
жақындас 
қосылыстар 
ӛнеркәсіптің 
әртүрлі 
салаларында, 

190 
 
ауылшаруашылығында,  медицинада  кеңінен  қолданыс  тауып  отыр.  Олар  мұнай 
ӛнеркәсібінде антитотықтырғыш ретінде пайдаланылады. Аэроғарыштық ӛндірісте 
гидразин, 1-1-ДМГ және олардың қосылыстары зымыран жағармайында жанармай 
компоненті  ретінде,  металлургияда,  химияда  -  бояулар  мен  пластмасса  шығаруда 
пайдаланылады. Ауылшаруашылығында гидразиннің туындылары  ӛсімдіктің ӛсуін 
реттегіш ретінде және гербицид ретінде қолданылады. 
Ғарыштық  зымыран  техникасын  пайдалану    экологиялық  зиянсыз  емес.  Кез 
келген  ғарыштық  зымыран  жүйесі  3-5%  аспайтын  ―жалпы»  әсеріне  ие  (пайдалы 
жүктің жалпы старттық массаға қатынасы) екені мәлім. Қалған массаның 97-95% - 
жағармай,  конструкция  қалдықтары  т.б.  –  жанып  құлап,  қалдықтарға  айналады. 
Зымыран тасығыштарының ұшыру және ұшу алдындағы дайындықтардың барлық 
сатыларының  ұшыру  технологиясында  бүкіл  экожүйе  ластанады.  Қоршаған 
ортаның  ластануының  кӛзі  жанармай,    оның  ыдырауы  және  жану  кезіндегі 
ӛнімдері,  сонымен  қатар  оларды  тасымалдау  кезіндегі  апаттар,  зымырандарға  май 
құю және жанармайларды сақтау кезінде болады. Зымыран тасығыштарын  ұшыру 
кезінде  орын  алатын  апат  жағдайлары  экожүйеге  орасан  зор  қауіп  тӛндіреді. 
Мысалы,  1999  жылы  екі  «Протон»  ракета  тасығыштары  апатқа  ұшырап  құлаған 
аудандардағы  халықтың  денсаулықтарына  жасалған  зерттеулері  нәтижесінде, 
жергілікті халықтың жалпы ауруларға шалдығуының кӛтерілгендігі, атап айтқанда: 
балаларға  жасалған  зерттеулерде  олардың  физикалық  дамуындағы  ауытқулардың 
жиілігінің 
жоғарылағандығын, 
ағзаның 
функциялық 
жағдайының 
қанағаттандырғысыз  екендігін  кӛрсетсе,  ересек  жастағы  адамдардың  реттегіш 
жүйелерінде, атап айтқанда асқорыту органдарында, зат алмасу және эндокриндік 
жүйелері аурулары кең орын алғандығы байқалған. 

4

 
Отандық  аэроғарышта  да,  шетелде  де  ең  кӛп  қолданылатын  «Аэрозин  50» 
зымыран жанармайының негізгі компоненті  - симметриялы емес, немесе 1,1-ДМГ. 
Бұл  сонымен  бірге  фармацевтік  ӛндірістерде,  инсектицидтер  алуда,  сурет 
шығаруда, металдарды коррозиядан сақтауда пайдаланылады.  
Басқаша айтқанда, 1,1-ДМГ адамның  ӛмір сүру процесінде күнделікті үнемі 
кездесіп 
отыратын 
қосылыстарға 
жатады. 
1,1-ДМГ-нің 
адамдар 
мен 
лабораториялық жануарлар организміне уландырғыш әсері де белгілі .   
Организмге гидразин мен оның туындылары әртүрлі жолдармен түсуі мүмкін 
және де оның уландырғыш әсері организмге қалай түскеніне байланысты емес. Улы 
заттардың  әсері  кезіндегі  макромолекулалардың  қайталанбас  конформациялық 
ӛзгерістерге ұшырауы мен ферменттердің басылуы клеткада бірқатар метаболиттік 
процестердің  ӛзгеруіне  әкеледі.  Кӛп  жағдайда  қолайсыз  факторлар  негізінен  жеке 
түрде  емес,  бір-бірімен  тығыз  байланысқан  бірнеше  факторлардың  біріккен  тұтас 
топтарының  әсері  болуы  мүмкін.  Ортаның  экстремалды  факторлары  әсері  кезінде 
мембрананың  липидті  компоненттерінің,  сонымен  бірге  онда  шоғырланған  
ферменттік  жүйелердің  күйі  ӛзгереді  де,  ол  иондық  гомеостаз  бен  клетканың 
метаболизмін    бүлдіреді.  Бұл  факторлар  адам  мен  жануарлар  организміне  тікелей 
және  жанамалық  әсер  етеді.  Ол  ӛз  кезегінде  қанның  және  зәрдің  құрамындағы 
белсенді  қосылыстардың  мӛлшерін  ӛзгертіп,  әртүрлі  патологияға,  соның  ішінде 
жүрек-қан тамырлар жүйесі, қан айналымы, ас қорыту ауруларына әкеледі.  
Кадмий,  қорғасын,  сынап,  мырыш  сияқты  бірқатар  ауыр  металдардың  жеке 
және бірлескен әсерінен ауаның химиялық ластануы нәтижесінде эритроциттердің 
морфофизиологиялық қасиеті ӛзгергені, эртироциттердің, лейкоциттердің санының 
азайғаны, гемоглобиннің концентрациясының тӛмендегендігі анықталған.  

1

        
Гидразиннің 
әсерінен 
клетка 
мембраналарындағы 
супероксидтік 
радикалдардың концентрациясы кӛбейетіндігі анықталған және де ол екі жолмен  - 

191 
 
гидразин  туындыларының  тотықтырғыш  метаболизмінің  нәтижесінде;  аяғында 
супероксидтік  радикалдар  генерациясының  ӛсуіне  әкелетін  микросомалардың 
оттегі-детоксикациялау жүйесінің тӛмендеуі нәтижесінде жүзеге асады . 
Гидразиннің  тағыда  бір  туындысы  –  нитрозодиметиламиннің  (НДМГ) 
егеуқұйрықтар  қанындағы  нуклеин  қышқылдарының  алмасуына  әсеріне  жасалған 
зерттеулерінде,  НДМГ  берілгеннен  кейінгі  алғашқы  сағаттарда  нуклеин 
қышқылдарының  ыдырауы  басталады  және  қышқылды  ерітінді  фракциясының 
деңгейі  1,5  есе  кӛбейсе,  зәр(мочевая  кислота)  қышқылының  негізінде  1,3  есе 
кӛтеріледі.  Әйтсе  де  аденодизиндезаминаза  белсенділігі  2  есе  тӛмендеп,  ДНК 
деңгейі  2  есе  кӛтеріледі,  яғни  бұл  организмде  ӛте  кӛп  мӛлшерде  жаңа 
эритроциттердің пайда болуына әкеледі деп болжам жасауға болады дейді . 

6

.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет