Рдістері, есімдер


Гүлжаһан ОРДА, филология ғылымдарының докторы



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата31.12.2021
өлшемі1,35 Mb.
#21365
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
қәзіргі қазақ әдебиеті бағыт пен бағдар

Гүлжаһан ОРДА, филология ғылымдарының докторы,  

қауымдастырылған профессор 

 

 



 

 

 


117 

ПРОЗАДАҒЫ КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР 

Қоғам  дамуындағы  90-жылдардан  басталған    бетбұрысты  

өзгерістер  рухани  өмірімізде  де  сілкініс  тудырғаны  белгілі. 

Жаңалыққа  жаны  құмар  жастар  уақыт  ағымына  ілесіп,  жаңа 

тынысты  туындыларды  дүниеге  әкелді.  Алайда  бұл  аламанға  ат 

қосқан қарасөз бапкерлерінің барлығының тұлпары мәреге  жетіп, 

асығы алшысынан  түскен  жоқ.  Бірі жалпы  дүрмекке  ілесе  шауып 

орта  жолда  деміксе,  енді  бірі  өткен  ізді  шиырлап  бір  орнында 

қалып  қойды,  енді  бірі  көркем  өнердің  сыртқы  формасын 

келістіргенімен,  ішкі  мәнін  үйлестіре  алмады.  Ал  әдебиетті  арын 

ардақтағандай аялап, заман өзгерісін адам жанының ішкі әлемінің 

айнасы  арқылы  танытуға  талпынған  таланттар  асықпай-аптықпай 

ізденіп,    қызыл  тілдің  қасиетін  қастерлеген  көркем  прозадағы 

келісті дүниелерді тудырды.   

Қазіргі  қазақ  жазушыларының  бір  парасы  бүгінгі  қоғам 

өміріне  жан  бітіріп,  үлкенді-кішілі  туындыларымен  ұлттық 

әдебиетті  замандас  бейнесімен  толықтырып  жатқан  жайы  бар. 

Мира  Шүйіншәлиеваның  әңгімелері  мен  хикаяттары  –  осы 

қатарды  толықтыратын  туындылар.  Ол  –  2001  жылы 

республикалық  деңгейдегі  ХХІ  ғасыр  «Ғажайып  әйел» 

байқауының  «Үздік  әңгіме»  номинациясының  бас  жүлдегері 

ретінде оқырманға таныс. Оның шығармалары жөнінде Қазақстан 

Халық  жазушысы  Ә.Нұрпейісов:    «Біздің  әдебиет  қандай  күйде, 

кім  келді,  не  бітірді?  Соны  білгіміз  келеді.  «Таңшолпан» 

журналының  кезекті  нөміріне  осы  Орал  өңірі  қызының  бір-екі 

әңгімесі жарияланған. Әдебиетте ілгерілеушілік бар деп білеміз», – 

десе,  Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты  Д.Исабеков:  «Нарық 

заманында  өмір  сүріп  жатқан  адамдардың  өмірін  білеміз  деп 

жүргеніміз әлі тым жұпыны екен. Оны бізден кейінгі жастар – сол 

өмірдің бүкіл ауыртпалығын арқалап жүрген, қайнаған тіршіліктің 

қақ  ортасында  жүрген  Миралардың  ұрпағы  біледі  екен»,  –  деген 

болатын. «Жұлдыз»,  «Таңшолпан» журналдарымен бірге «Егемен 

Қазақстан»,  «Қазақ  әдебиеті»  тәрізді  бас  басылымдарда 

шығармалары  жарияланып  жүрген  жазушының  бұған  дейін 

бірнеше  жинағы  жарық  көрді.  Жазушы  соңғы  кітабын  «Өкініш» 

деп  атаған  екен,  хикаят  атымен  аталған  жинаққа  және  бірнеше 

әңгімелері топтастырылыпты. 



118 

Мира әңгіме жанрының заңдылықтарын терең түйсініп, оны  

өзіндік үн, бояу-нақыштарымен әрлей білген. Жазушының мынау 

дүрбелең    дүниеден  ақиқатты  іздеу  жолы,  дәстүрлі  ұғым  мен 

әлемдік  сананың  ықпалынан  туындаған  жаңа  дүниетанымның 

арақатысы,  мәңгілік  өзгермейтін  құндылықтар  сипаты  мен  

кейіпкер  типін  жасаудағы  өзіндік  ізденістері  көңіл  аудартпай 

қоймайды.  Мира  Шүйіншалиеваның  қаламгерлік  ерекшелігі 

тақырып таңдауынан көрінеді. Әдеби ортада да, оқырман арасында 

да  «бүгінгі  күннің  тақырыбы  көркемдік  тұрғыдан  кестеленбей 

жатыр»  деген  пікір  бар.  Ал  Мираның  әңгіме,  повестерімен 

танысқан оқырман да, сыншы да өзін мазалаған көп сауалға жауап 

таба  алары  сөзсіз.  Жазушы  әңгімелерінде  жекелеген  адамдар 

тағдыры  суреттеліп,  бүкіл  әлеуметтік  өмірдің  жетістігі  мен 

кемшілігіне,  жалпы  қоғамның  даму  барысына,  адамның  жалпы 

моральдық  болмысына  философиялық  тұрғыдан  талдаулар 

жасалынады.  Оның  әлеуметтік  шындықты  көркемдік  шындыққа 

айналдыруын танытатын туындысының  бірі – «Служәк» әңгімесі. 

Психологизмнің  еске  түсіру  әдісі  арқылы    санасының  алыс 

түкпірінде 

сақталған 

«служагының» 

бет-бейнесі, 

ерекше 


қасиеттері  біртіндеп  ойына  орала  бастаған  қарттың  он  сегіз  бен 

жиырма  жасындағы  өміріне  ойша    оралып,  облыс  әкімінің 

адамдық  болмысын,  азаматтық  бейнесін  ашудың  құралына 

айналған. 

Қаламгердің  суретті  сөзге  ұқыптылығы  Үмбет  қарттың  

бұрынғы  үйінің  ішкі-сыртқы  сипаты  мен  жедел  жаңарған  сәтін 

салыстыра 

суреттейтін 

тұстағы 

антитезалық 

тәсілді 

қолданыстарынан  байқалады.  Жалпы  Мира  антитеза  құруға 

икемді.  Қарапайым  тұрмыс-тіршілік,  мансапқа  мастанған  өмір, 

қуаныштан шаттанған көңіл, есі кетіп есеңгіреген хал т.б. қарама-

қайшы құбылыстар әңгіме мазмұнында  көрініс табады.  

Ал  «Тақсырет»  әңгімесінің  оқиғасы  өзгеше.  Перзент  сүйе 

алмай  шерлі  болған  қайнаға-абысынына  баласын  қиып  бауырына 

салып  беріп,  жоғын  түгендеп,  ата-аналық  бақытпен  бөлісу  – 

халқымыздың  ежелден  келе  жатқан  игі  дәстүрі.  Осы  әңгімедегі 

Айшуақ  пен  Жанарыс  та  осы  салтты  жан-жүрегімен  сезінетін 

жандар. Сондықтан өзі сұранып, сырттай қарағанда, емешегі үзіліп 

еміреніп  тұрған  қайнағасы  мен  абысыны  Жұмақызға  құлай  сеніп, 

қос құлыншағының тағдырын  тапсырған. Өзінің ең аяулы аналық 



119 

сезімін    алдамшылықпен  алмастырған  Жұмақыздың  аңқау 

жандарды  алдап-соғып,  екі  баланың  сылтауымен    малшылықтың 

ауыр  бейнетін  шеккен  жандардың  «жылы-жұмсағын»  сүліктей 

соруы  оқырман  жүрегін  мұздатады.  Әңгімені  оқып  шыққанда 

ақжүрек  адалдықтың  аярлықтың  алдында  тізе  бүгіп  қала  беретіні 

неліктен?  Адал  еңбек  пен  маңдай  теріне  сүйенген  ерлі-зайыпты 

жандардың  өзіне ғана емес, жан атаулыға жамандық ойламайтын  

ізгі  пейілінің    қайырын    көрмейтін  жазығы  не?  –  деген  сиқты  

өмірдің 


жауабы 

қиын 


сұрақтары 

мазалап 


ойлантады, 

толғандырады.  Авторлық  баяндау  арқылы  кейіпкерінің  қазіргі 

қарттар үйіндегі хал-күйі бейнеленеді.  

«Жасынан  жат  боп  кеткен  Ерасыл  мен  Нұрасыл  бүгінде 

бойынан  күш-қуат  кетіп,  интернатта  тұрып  жатқан  туған 

шешелерін  қайтсін.  Араларын  Жұмақыз  суытқан  соң  аналарын 

мүлдем  ойламайтын,  іздеп,  жоқтамайтын  халге  жетті.  «Қағанақы 

қарқ,  сағанағы  сарқ»  олар  –  туған  шешелерінің  тақсырет  тартып, 

әлі күнге зарығып күтіп жүргенін білмейді, білгісі де келмейді».  

Күнделік  формасында  жазылған  «Әдемі  қыздың  күнделігі» 

атты әңгімесінде автор диологті негізгі көркемдік әдіс етіп алған. 

Қазақ  қоғамында  құндылықтар  ауысып,  ер-азаматтар  жұмыссыз 

қалып,  дәстүрлі    отбасына  қауіп  төнгенде  белін  бекем  буып,  ала 

қап  арқалап  өмірге  бейімділігін  танытқан  қыз-келіншектер  түрлі 

тағдырдың  теперіштерін  басынан  өткергені  белгілі.  Олардың  бірі 

бақыттың  кілтін  тауып,  тағдырмен  тайталаста    жеңіске  жетіп 

мерейі тасыса, енді бірі өз жолынан адасты.  

Ұзақ  жылдар  бойына  халқымыздың  ғасырлар  бойғы 

қалыптасқан  құндылықтарын  көлеңкелеуге  жүргізілген  саясат 

талай жанды тура жолдан тайдырды. Бұл әсіресе жаһандану үрдісі 

белең  алған  замандағы  діни  еркіндіктің  ушығуында  тіпті  күрделі 

мәселеге айналды. Әлемді алаңдатқан бұл мәселенің қазақ жұртын 

да  айналып  өтпегенін  соңғы  жылдардағы  сұмдық  оқиғалар 

растайды.  «Адасқан  ару»  әңгімесінде  осы  жайтты  кейіпкерінің 

жан-жүрегінен өткізіп, бүгінгі күннің аса өзекті мәселесін қозғауда 

да    Мира    өзіндік  өрнек  танытқан.    Ата-анасы  ғана  емес,  бүкіл 

ауыл-аймағы болашағынан мол үміт күткен,  қатарының алды боп, 

түрлі  тілді  меңгеріп,  шетел  асып  дәрежесі  асқан    арманы  асқақ 

арудың білім-ғылымы жайына қалып, бөлек бір болмысқа айналуы 

арқылы  бұл  мәселенің  қаншалықты  қасіретті  екендігіне  сендіре 




120 

алған.  Халықтың  маңдайалды    ұл-қызы  осындай  халге  жетсе, 

басқаның  халі  қандай  болмақ  дейтін  үрейлі  сауал  тудырып, 

жаныңды түршіктіреді. Қаламгердің жетістігі де осында.   

Араға  жылдар  салып  келгенде  құрбыларымен  отырып  бір 

кесе  шәй  ішуге  мұршасы  келмей  әміршісінің  бұйрығын  орындап, 

аптап  ыстықпен  арпалысып,  бала-шағасын  шұбатып  жедел  жолға 

шыққан    Райханның  тағдыры  өкінішке  орай  біздің  қоғамдағы 

кеселді  дерттің  бірі  болып  отырғаны  жасырын  емес.  Адам 

болмысын  танымастай  өзгертіп  жіберетін  алдамшы  аярлыққа  қор 

болған қыз тағдыры  қалың көптің де көңілін құлазытады. Алды – 

жар,  арты  –  тұман  өмірдің  басына  бақ  болмайтынын  іштей 

түйсінгенмен, қол-аяғы маталған дәрменсіз жанның бейнесін автор 

онан сайын тереңдей  суреттейді.  

Жазушы  әңгімелерінің  қай-қайсысы  да  тағдыр  тәлкегіне  

тосылмай,  өмірдің  шуақты  сәулесіне  ұмтылған  ерік-жігерлі 

жандардың  жан  әлемін  ашуға  талпынысымен  ерекшеленеді.  Әр 

кейіпкердің  жан  дүниесінің  терең  қатпарларында  тұнған  құпия, 

сыртқа  беймәлім  жайттарын  ішкі  монолог  әдісі  арқылы  әдемі 

мөлдіретіп берудің тәсілін ұстанады. Осының бір үлгісі – «Жұмбақ 

жан» әңгімесі.  

   Ата-анаға  мейірімділік  –  халқымыздың  ежелден  келе 

жатқан асыл дәстүрі. Алайда өзегін жарып шыққан перзенттерінің 

өз  қағынан  жеріп  жаттануы,    ата-ананың  ақ  сүті  мен  тағылымды 

жолымен  емес,  кері  бағытта  жүріп,  өзіне  де,  өзгеге  де  қасірет 

әкелуі бүгінгі күннің ең өзекті тақырыбы болып отырғаны белгілі. 

«Тұяқ»  әңгімесінің  бастауында:  «Сақалды  басыңмен  біреудің 

баласына  үздігесің  де  жүресің.  Қыздан  өрбіген  бала  саған  бала 

болып  жарытпас»,  –  деп  жан-жарасын  қанататын  көршілерінің 

сөзіне құлақ аспастан, аспан айналып жерге түскен аптап ыстықты 

елемей, екі жиенін бір иіскеуге ынтық болып келе жатқан қартпен 

таныс  боласыз.  Мираның  қауқылдаған  қарттың  қара  жолда 

қалбаңдаған  халін  балағына  оратылып,  жарыса  жөнелген 

қаңбақпен салыстырып, тілдестіру арқылы беруі сәтті шыққан.  

Адам  өмірінде  кездесетін  немқұрайлылық,  жауапсыздық 

сияқты  келеңсіз  жайттардың  адамды  қаншалықты  қасіретке 

ұрындыратындығы  –  «Үш    төмпешік»  әңгімесінің  арқауы.  Кеңес 

үкіметі  тұсындағы  ата-анасы  жаз  жайлауда,  қыс  қыстауда 

болатындықтан  малшы  балаларының    интернатта  тәрбиеленгені 



121 

белгілі.  Қанша  жағдай  жасалғанымен,  ата-ананың  мейірімі  мен 

туған үйдің жылылығына деген сағыныш, аңсау сезімдері білімге 

құштарлықпен  амалсыз  алмастырылатын.  Әңгімеде  он  бес  күндік 

қысқы ұзақ демалыстан соң  интернатқа аз  уақыт бұрын оралған 

бір  үйдің  үш  баласына:  «Туыстарыңа  бара  тұрыңдар,  әлі  іші 

жылыған жоқ», – дейтін жауапсыз тәрбиешінің бір ауыз сөзі түрткі 

болып,  туған  үйлеріне  тура  тартқан    үш  бүлдіршіннің  боранда  

үсіп өлу оқиғасы баяндалады.  

«Аштық»  әңгімесінің  кейіпкері    «аюдай  арқырап,  күндей 

күркіреген»  бастық  болу  мақсатымен  аштық  жариялайды.  Әрине, 

оның  ойлағаны  халықтың  мүддесі  емес.  Жазушы  әңгімелерінде 

еске  алудың  психологиялық  қызметін  тиімді  пайдаланады.  

Сондай-ақ көркемдік деталь арқылы да айтар ойын анық жеткізеді. 

Мәселен,  «Әдемі  қыздың  күнделігіндегі»  жасында  әртіс  болуды 

армандаған Анканың тағдыр тәлкегімен алаяқтыққа ұрынуы, бірақ 

жүрегінде  өшпейтін  көрші  Зәуреш  тәтесінің  мейірімділігі  әңгіме 

ішіндегі  әңгіме  ретінде  композициялық  құрылымға  әдемі 

кірістірілген.  Оқырман  санасында  сән-салтанаты  келіскен  адал 

жар,  айналасына  сүйікті  жанның  бір  сәбиге  зар  болған  қасіретті 

тағдыры,  мейірімін  төгіп  асыраған  мысығының  көзі  жұмылып 

жалғыз қалғанда аяғын мүжіп кетуі жан түршігерлік оқиға. Автор 

табиғат жаратылысының болмысындағы адам миы жете бермейтін 

жайттарға қалам тербеп, ой толғатады. Шынында, аналық сезімін 

адамға  емес,  хайуанға  арнаған  Зәуреш  мұндай  жазаға  лайық  па? 

Бала  кездегі  мысық  жайындағы  ескертпе  тыйымдар  еске  түседі. 

Сезімнің,  музыканың  не  екенін  білмейтін  жандардың  көзқарасы, 

он  екі  мүшесінің,  бала-шағасының  қадірін  білмей    пенде  неге 

жамандыққа  ұмтылады?  Жастық  өмірінің  жарқын  күндерін 

түрмеде  өткізіп,  өмірге  өшпенділікпен  қарайтын  Уәлиллоланың 

біреудің  жалғызын  өлтіргенде  шімірікпеуі  қайдан  келген  қиянат? 

т.б. сұрақтар легі оқырманға жауап іздетеді. «Тұяқ» әңгімесіндегі 

Мырзаш  қарттың  сағынған  немересіне  ауылдан  асық  жинап 

әкелгенде  қалалық  құдағиының  «вирус  жұғады»  деп  лақтыртып 

тастауы да қазақтың қанына сіңген киелі ұғымдардың дағдарысқа 

ұшырауын  көрсетеді.  Бір  қарағанда,  Мира  әңгімелерінің 

кейіпкерлері  сан  қасіретті    басынан  кешірген,  өмірдің  қызығын 

көрмеген  трагедиялық тағдыр иелері сияқты көрінеді. Жазушы өз 

кейіпкерлеріне тым  қатаң үкім шығаратындай ұғылады.  



122 

Жоғарыда  талданғандай,  тіршілік  қамымен  ауыр  бейнет 

шеге  жүріп  перзенттерінің  бақытын  көруден  қағылған  қасіретті 

ата-ана,  немқұрайлылық кесірінен  мына өмірден баз кешкен қос 

мұңлық, 

үкілеген 

үміті 

ұл-қызының 



алқаш, 

тасбауыр 

қатыгездігінен  жалғыз  қалып,  жабырқаған  жанына  жиен  

немерелерін  жұбаныш  еткен  қам  көңіл  қария,  заманның  күрт 

өзгерісінен базар жағалап, бейнетін сатқан қыз, арын сатқан әйел, 

арамдық,  екіжүзділік,  сатқындық,  мансапқорлық,  қатыгездік 

секілді келеңсіз мінездер мен  мәңгілік таза махаббат, адал достық, 

шынайы  сүйіспеншілік  сезімі  де  өзеннің  қос  ағысы  секілді  алма-

кезек ауысып жатады. Бұл тақырыптың қай-қайсы да жалпы адам 

баласы  үшін  уақыт  таңдамайтын  келелі  мәселелер.  Алайда 

тақырып бар да, сол  күнделікті өзіне таныс өмірдің қалтарысында 

жатқан құпиясын ашып, көркемдік жолмен безендіріп, оқырманын 

ойға  жетелеу  үшін  шынайылық  керек.  Біз  оқып  шыққан 

әңгімелердің  барлығы  да  жазушының  ыждаһатты  ізденісінің 

жарқын куәсі.  

М.Шүйіншәлиеваның 

«Өкініш» 

хикаятына 

мәңгілік 

тақырыптардың бірі – махаббат негіз болған. Бұл тақырып ұлттық 

әдебиеттің  әр  дәуірінде  бірсыпыра  қаузалғаны  белгілі.  Біздің 

ұғымымыздағы махаббат Еңлік пен Кебек, Қалқаман мен Мамыр, 

Төлеген мен Жібек тәрізді бір-біріне  қосыла алмай арманда кеткен 

ғашықтардың 

өшпейтін 

ыстық 


сезімдерімен, 

мәңгілік 

мұраттарымен  өрбитін.  Алайда,  жазушы  бұл  туындысында 

өмірдегі  махаббаттың  жырлардағыдан  өзгеше  болатындығына 

көңіл  аударған.  Біз  өмір  сүріп  отырған  қоғамда  құндылықтардың 

орын  ауысқаны,  замандастарымыздың    махаббат  мәселесіне 

тұрақсыздық  танытып  жатқаны  белгілі.  Жазушы    қазіргі  таңда 

рухани  құндылықтардың  екінші  кезекке  шығып,  бірінші  кезекті 

материалдық байлықтың иемденгендігін өмірден алынған шынайы 

кейіпкерлердің өмірі арқылы нанымды суреттеген. 

Сонымен  бірге бұл хикаятта қазіргі қоғамдағы әйел-аналар 

бейнесі  және  бір  қырынан  толыққан.  Тіршілікке  нәр  беруші 

аналардың  болашақ  ұлт  тағдырына  тікелей  жауапты  екендігін  әр 

дәуірде өмір сүрген аналар мен бүгінгі таңдағы замандастарымыз 

өмірінен  көріп  жүрген  жайымыз  бар.  Бұл  туындыда  әйел-аналар 

бейнесі  арқылы  тәуелсіздік  тұсындағы  қазақ  қоғамының  өзекті 

мәселелеріне  көңіл  аударылған.  Бір  отбасы  төңірегінде  өрбитін 



123 

оқиғаға  қатысушылар  әртүрлі  жастағы,  түрлі  кәсіп  иелері  

болғандықтан, 

өзімізбен 

қатар 

өмір 


сүріп 

жатқан 


замандастарымыздың тағдыр тәлейін ұғынуға негіз бар.  

Хикаяттың  мазмұнын  негізгі  үш  бөлім қамтиды. «Тоғысқан 

тағдырлар»,  «Махаббат  машақаты»,  «Екіге  айырылған  жол»  деп 

аттары  айтып  тұрғандай  мұндағы  оқиғалар  да  осы  төңіректен 

табылып жатады. Негізгі оқиға институтты жаңа бітіріп, мектепке 

қызметке  келген  психолог  Ақкүн  мен  физик  Саматтың  Аман 

Байқонақұлының  өндіріс орнынан мектеп жанындағы интернатқа 

үтік  пен  самауыр  сұрай  келуінен  басталады.  Нарық  келгелі  етек-

жеңін  жия  бастаған  кәсіпорынның  қазір  бұл  шаруамен 

айналыспағанымен,  әккі  басшының  өткір  көзі  талшыбықтай 

майысқан қыздың аш белінен ұстай алып атын сұраумен-ақ оның 

жүрегіне жол салғандығы мына үзіндіден байқалады.  

 –  Қарындас,  –  деді  көз  жанары  ұясынан  шыға  жаздап.  – 

Атыңды да сұрамаппын ғой. Есімің кім? 

– Ақкүн. 

– Күйеуің бар ма? 

– ? 

–  Бірден  бұлай  сұрауым  орынсыз  болса,  кешірім  өтінемін. 



Бірақ  жауабыңды  білгім  кеп  тұр.  Бұл  мен  үшін  аса  маңызды»  [1, 

4],  –  деп,  сауалдың  астына  ала  жөнелетін  ағасын  Ақкүн  осы 

пысықайлығы үшін де жақсы көріп қалған тәрізді. Оны Ақкүннің 

«Мейлі,  не  де  болса  жылы  жерге  оралып,  ұя  салған  құс  секілді, 

жүрегіме  ұя  салды  ғой.  Енді  сол  ұяны  қалай  да  бұзбауға 

тырысайын.  Осы  қаланың  ішінен  бұл  ағамды    қалайда  іздеп 

табайын. Өзімен бір ауыз болса да сөзге келіп тілдесейін», – деген 

монологі  растайды.  Осылайша  кіршіксіз  сезім  жетегіндегі 

бойжеткен  әккі  де  айлакер,  көзіне  іліккен  сұлуды  тырнағымен 

бүрмей тынбайтын Аманға тап болады. 

Бас  кейіпкер  –  алпысқа  аяқ  басқан  жігіт  ағасы  Аман. 

Жазушы  кәсібі  дөңгеленген  кәсіпкер  Аманның  өткен  өміріне 

лирикалық  шегініс  жасау  арқылы  оқырманға  ол  туралы 

толыққанды  мағлұмат  беруге  тырысқан.    Жоғары  оқу  орнын 

бітіріп  келген  жігіттің  жас  сұлу  Асылханға  құлай  ғашық  болуы, 

оның  ата-анасының  ризалығынсыз  үйленіп  алуы  –  махаббат  атты 

тылсым  күшке  ешкімнің,  ешнәрсенің,  ешқашан  тосқауыл  бола 

алмайтындығын    байқатады.  Алайда,  осындай  ыстық  сезімнің 




124 

араға көп уақыт салмай суи түсуі түсініксіз. Жазушы оны  «Қазақ 

байыса,  қатын  алады»  деген  мақалдың  аясында  суреттейді.  Бар 

ғұмырын  мал  соңында  өткізген  Аманның  ата-анасы  дүниеден 

өткенде олардың жиған-терген ірілі-ұсақты  төрт  түлігі  түгелімен 

баласына мирас болып қалуы табиғи заңдылық. Үйленгелі үй бетін 

көрмей,  сүйген  жары  мен  үш  ботасын  ертіп,  ата-анасына  сәлем 

беруге  жарамаған  Аманның  әке-шеше  мұрасына  ие  болып  шыға 

келуі – тірісінде немерелерін бауырына баса алмай еңбегі еш, соры 

тұз  болған  ата-ананың  мүшкіл  хәлінін  шынайы  бейнеленуі. 

Меншігіне  тиген  бар  малды  сатып,  аяқ  астынан  жеке  кәсіпкер 

болып шыға келген  Аман  кәсібінің дөңгелене кетуі  бір қарағанда 

ешқандай күмән туғызбайды.   

Мектепте  жүргенде  күнде  хат  жазатын  Есбол,  институтта 

жүргенде  үйіне  шақырып,  алып  қалуды  көздеген  Қанат  тәрізді 

жігіттердің  үлкен  сезіміне  илікпеген    Ақкүннің  Аманға  құлай 

ғашық  болуы  –  өмір  шындығы.  «Көрсеқызар  адамдардан 

қорқамын»  деп  жүретін  қыз  жүрегіне  жылы  сөзбен  жол  салған 

Аманның  әйел  дегенде  «тәжірибесі  мықты»  екендігі  нанымды 

бейнеленген.  Кластасы  Кенжебекпен  көңіл  қосып,  араларына 

дәнекер  болсын  деп  бойына  біткен  шаранасын  қолына  ұстамақ 

болғанда  үйлі-жайлы  жігіттің  басы  ашық  қарсы  болғаны,  одан 

тездетіп  құтылу  керектігін    қатаң  ескертуі  Ақкүннің  оған  деген 

кіршіксіз  сезімінің  күлін  көкке  ұшырды.    Осыдан  кейін  жігіт 

атаулыға  көз  қырын  салмай,  бәрінен  күдер  үзіп  жүрген  қыздың 

әкесіндей  кісіні  құлай  сүюінің  басты  себебі  де  Аманның  иненің 

көзінен  өткен  пысықайлығында,  қыз-қырқынға  деген  ептілігінде 

еді. Кенжебектен жылы сөз естіп көрмеген қыздың «Жаным!», «Ақ 

көгершінім!», «Періштем!», «Бақытым!», «Алтын балығым!», «Ақ 

мамық  құсым!»  тәрізді  жылы  сөздерге  құлай  кетуі  –  жалғыз 

Ақкүннің  емес,  жалпы  әйел  затының  көзіне  емес,  құлағына 

сенетіндігінің мысалы.  

Ақкүнге  ренжимін  деп  жүріп,  апалы-сіңлілі  Зухра  мен 

Зияданың  арбауына  түскен  сылқым  серінің  кейінгі  өмірі  адам 

аяғандай.  Хикаяттың  екінші  бөліміне  махаббат  машақаты  негіз 

болған.  Шығармада  көзге  түсетін  жайттың  бірі  –  наным-

сенімдердің  көптеп  қолданылуы  болса,  соның  бірі  –  қара  магия, 

яғни  дуа  жасауға  қатысты  оқиғалар  осы  апалы-сіңлілі  қыздарға 

қатысты  оқиғалар  төңірегінде  өрбиді.  Кез  келген  менмін  деген 



125 

азаматтарыңның басын айналдырып, мәңгүрт күйге түсіретін қара 

магияның  күшіне  көңіл  бөлген  жазушы  оны  жасаған,  жасатқан 

жандардың 

болашағы 

да 


адам 

шошырлық 

болатынын 

кейіпкерлердің қилы тағдыры арқылы бейнелеген.  

Бақсы-балгерлерді  жағалаған  Ақкүннің  қала  сыртындағы 

Валя  кемпірге  жем  болып,  қолындағы  барынан,  қолы  мен 

мойнындағы алтыны мен күмісінен жұрдай болғанынан екі нәрсені 

аңғаруға  негіз  бар.  Оның  біріншісі  –  қыз-келіншектердің 

тығырықтан  шығар  жол  таппай  қиналғанда  Ақкүннің  кейпін  киіп 

тентіреп  кететіндіктері  болса,  екіншісі  –  арам  жолмен  келген 

дүниенің қолдан оп-оңай сусып кете баруы, сүйікті ағасының мол 

тартуы қалай келсе, кетуі де сондай жылдам болуы.  

Хикаят  соңында  бес  жыл  күткен  Аман  ағасы  келіп,  бар 

жылы сөзін айтса да міз бақпаған Ақкүннің құлай түспей, кесімді 

шешімге  келіп,  Кенжебекпен  той  күнін  белгілеп  жатуы  –  басын 

тасқа  да,  тауға  да  ұрған  қыздың  ұзақтан  іздеген  бақыты  қасында 

екендігіне  көзінің  жеткендігі.  Иә,  қаншама  қыздар  осы 

замандасымыз  тәрізді  бақыттың  не  екенін  түсінбей  шатылып 

жүргені жасырын емес.  

Келесі  кейіпкер  –  Аманның  кезінде  сүйіп  алған  жары 

Асылхан. Алғашында  титтей  сәбилерінің  түнгі мазасыздығынан 

қашқақтайтын  Аман  үш  бала  дүниеге  келген  соң,  жеке  бөлмеге 

шығып,  тіпті  басқалар  мазаламасын  деп  ішінен  кілттеп  алатынды 

шығарған.  Алдынан  өткен  қыз-қырқынды  құры  жібермейтін 

Аманның  пайғамбар  жасынан  асқанда  балаларындай  жас  қызға 

ғашық болып, оның суретін қалтасына салып алғаны Асылханның 

неше  жылдан  бері  әбден  жіңішкерген  шыдамының  үзілуіне  алып 

келді. Отағасының тапқаны кім көрінгенге кетіп жатқанын білген 

ол  жыл  сайын  Қытай  асып  Хайнаннан  шықпайтынды  шығарды. 

«Жүзім»  сұлулық  салонының  бастығы  Чын  Чайон  ханымның 

айтқанын мүлтіксіз орындауының арқасында отыз жасқа жасарып, 

жарты  салмағын  тастап,  «Аманым  енді  маған  Мәжнүндей  ғашық 

болады»  деген  сенімінің  күл  талқан  болуы  оқиғаны    ширықтыра  

түседі.  Отбасының  ынтымағы  үшін  ел  асып,  жер  асып,  қолынан 

келгеннің  бәрін  жасаған  Асылханның  бұл  әрекеті  шаңырақты 

шайқалтпауды  көздегенін  байқатса,  күйеуінің:  «Алжуың  жақын 

шығар сен қатынның! Қартайғанда ерігіп! Қытайға осы үшін бара 

жатқаныңды білгенде, қолыңа көк тиынды да татырмайтын едім», 




126 

–    деуі  еңбегінің  еш,  тұзының  сор  болғандығын  көрсетеді.  Оны 

жазушы кейіпкер  сөзі  арқылы  былай жеткізген:  «Жарайды, сонда 

маған  ерегісіп  бетіңді  тарттырдың  ба?  Бетіңді  не  істесең  де  өзің 

біл.  Ал  сонша  неге  арықтадың?  Бұдан  бұрынғы  семіздігің 

әлдеқайда  тәуір  еді  ғой.  Ас-суға  жарымаған  адамдай  қап-қара 

болып қатып қалыпсың. Тым арық адамның сырт көзге кәрі болып 

көрінетінін  білмеуші  ме  ең,  –  деді  Аман  бәлен  күннен  бері  тым 

құрыса  агент  арқылы  балаларымен  де  хабарласпай,  із-түзсіз 

жоғалған әйелін жақтырмай» [1, 67]. 

 «Семіздікті  қой  ғана  көтереді»  дегендей,  дүниенің  өзі 

көтере білген адамға бітетінін Аманның өмірі растайды. Ата-анаға 

жасағаның  бала-шағаңнан  қайтатыны  Аманның  шетелдегі  үлкен 

баласының  тіршілігімен  суреттелген.    Әке-шешеден  бір  хабар 

алмай,  туған  жерден  жырақта  жүріп  жат  болып  кеткен  бала 

Аманның  жастық  шағын  еріксіз  еске  түсірсе,  ХХІ  ғасыр 

жастарының шетел асып,  білім қуып, қызмет бабымен кіндік қаны 

кескен жерінен суысып бара жатқаны да өмір шындығы.  

Хикаятқа  араласатын  бір  топ  қыз-келіншектердің  қилы 

тағдыры  оқырманға  ой  салады.  Балалардың  «Ұяда  не  көрсе, 

ұшқанда  соны  ілетіні»  оқиғаға  арқау  болған  қыздардың 

тіршілігімен  суреттелген.  Ақкүн  –  қазіргі  таңдағы  оқыған 

қыздарымыздың  жиынтық  бейнесі.  «Көк  етікті  кездеспей,  көне 

етіктіні  менсінбей»  уақытын  өткізіп,  кәрі  қыздардың  санын 

көбейтетіндер  де  оқу-білім  соңында  жүрген  жоғары  білімді 

қыздарымыз.  Шалғайда  жатқан  шағын  ауылдардан  жыраққа 

шығып, үлкен қалалардан білім алып, қолына дипломы тиген соң, 

елге қайтқысы келмей, шаһардың қым-қуыт тірлігімен, қым-қиғаш 

жұмыс 

бабымен 


жүріп 

уақытын 


оздырып 

алатын 


замандастарымыздың  тыныс-тіршілігі  оқырманға  бесенеден 

белгілі.  

Жазушы  жекелеген  кейіпкерлердің  тағдыры  арқылы  біздің 

қоғамның  шешімін  таппаған  көкейкесті  мәселелерін  көтерген. 

Соның  бірі  –  оқу-білім  саласында  қызмет  ететін  ұстаздар 

қауымының  әлеуметтік  жағдайы.  Ақкүннің  алғашында  жұмыс 

бабымен танысып қалған кәсіпкер ағасын мектепке демеуші болса 

деп  іздеп  келуі  айлықтан  айлыққа  өлместің  күнін  көріп  жететін 

ұстаздардың  өзіне  емес,  шәкірттері  үшін  неге  де  даяр  екендігін 

растайды.  Жиырма  мың  теңгемен  күнелтіп  жүрген  Ақкүн  мен 




127 

күнде бір шетелдік машинасын ауыстырып мінетін, он бес пәтерлі 

бес  қабатты  үйде  жалғыз  тұратын  Аманның  қызы  Дәрияның 

тыныс-тіршілігі  салыстыруға  келмейді.  Бір  үйдің  бір  подъезін 

түгелдей  сатып  алып,  еврожөндеуден  өткізген  бикештің 

жекеменшік  үйінде  өзінен  басқа  тірі  жан  жоқ.  Мемлекеттік 

бюджетте  жұмыс  істейтіндердің  бір  айлық  еңбекақысының 

пысықайлардың  мейрамханадан  бір  рет  ішетін  ас  мәзіріне 

жетпейтіні  де  өмірден  алынған  шындық.  «Тоқ  бала  аш  баламен 

ойнамайды» деген тәмсіл осындайда айтылса керек. Жасы отызға 

жаңа  толған,  ұшақтан  ұшаққа  ауысып,  алыс-жақын  шетелдерді 

үздіксіз  аралайтын  Дәрияның    әкесінің  тапқанын  желге  шашып 

жүргені  белгілі.  Оның  тұрмысын  жазушы  былай  сипаттайды: 

«Жекеменшік  тікұшағы  болмаса  да,  әуежайдағы  ұшқыштар  мен 

стюардессаларға дейін азиаттық  пішіндес қыр  мұрынды, атжақты 

келген  сүйкімді  аруды  жазбай  танып  алған.  Қанаты  құстай 

талмайтын  Дәрия  қыз  емге  жалғыз  жүрген  емес.  Қыдырып  қайда 

барса  да  шетелдің  төсі  жүн-жүн,  бет-аузын  қылшық  қаптаған 

еркектерімен  шүйіркелесе  кетеді.  Бір  жаман  әдеті  емге  еркек 

талғамайды».  

Шығармадан  адам  жанының  екіге  жарылуына  да 

мысалдарды  көптеп  келтіруге  болады.  «Көңілімнің  ақ  құсы 

алдамайды.  Қиялым  қиылып  түспеу  үшін  баянды  бақытыма 

жолығуым  керек.  Менің  бақытым  –  сол  кісі!  Осы  қалада  тіс 

емдейтін дәрігер құрып қалғандай, бағасы аспанға секірген қымбат 

емханаға  ешкім  мені  зорлап  әкелмеген  шығар.  Бір  Алланың 

ұйғарымы бәрі де», – деп іштей жанұшырған Ақкүнге ішкі түйсігі: 

«Шырағым, үйі-күйі, бала-шағасы бар, қабырғасы қаланбақ түгіл, 

баяғыда  қатқан,  төбесі  көк  күмбез  жамылған,  кірпіші  мәрмәр 

таспен қапталып өрілген дәу еркектің жанұясын таудан тас әкеліп 

құлатсаң  да  бұза  алмайсың.  Алып  қамалды  қарғадай  басыңмен 

қайтіп  бұзбақсың?!  Әбден  ойлан.  Асарын  асап,  жасарын  жасаған 

еркектің  соңынан  босқа  шауып,  шашылып  қалма!  Оның  сенен 

отыз  жасқа  жуық  үлкендігі  бар.  Тіпті  ұл-қызы  да  сенен  бұрын 

ержеткен»  [1,  8],  –  деп  тежеу  салады.  Міне,  осы  тәрізді  кейіпкер 

жанының  екіге  жарылуына  әрбір  кейіпкерге  қатысты  мысалдар 

жеткілікті.  

Хикаятта  көзге  түсетін  көркемдік  тәсілдің  бірі  –  монолог. 

Монолог  арқылы  әрбір  кейіпкердің  болмыс-бітімі,  өмірлік 



128 

ұстанымы,  өмір  туралы  көзқарстары  айшықталған.  Сондай 

монологтің  Асылхан  мен  Ақкүннің  бейнесін  толықтыруға    көп 

септігі  тиген.  Аманның:  «Әжемнің  соңғы  сапарға  аттанар  сәтінде 

қолыма ұстатқан орамалын көзімнің қарашығындай сақтамағаным 

үшін  айрандай  ұйыған  отбасымның  құстың  ұясындай  быт-шыты 

шығып,  тоз-тоз  болуы  дұрыс  та  шығар  деп  өзін  кінәлап,  жерден 

алып, жерге салды. Бұл қылған қателігім аздай, талай әйелдің де, 

тіпті  жазықсыз  Ақкүннің  де  көз  жасы  жібермеген  шығар»,  –  деп 

және  іштей  тон  пішті»  [1,  312]  деген  монологі  оның  өзіне  сын 

көзбен  қарауын  білдірсе,  Ақкүннің:  «Қайран  ғана,  ағатайым-ай! 

Біз екеуміз бір кездері қандай тату-тәтті едік. Бір-бірімізбен өліп-

өшіп  табысқанда,  дәл  осылай  құтылғанша  асығып,  тез  арада 

қоштасамыз  деп  ойлап  па  ек.  Сол  бір  іңкәр  сезіміміз,  арадағы 

қимас кездеріміз, достығымыз – бәрі-бәрі бір сәттік сәуледей жарқ 

етіп  жоқ  боларын  кім  білген.  Осы  кезге  дейін  сізге  деген 

махаббатым  үшін  жанымды  салып  күресіп  едім.  Арпалысып, 

айқасып  едім.  Бірақ  өкінішке  орай,  соңы  осылай  бітті!  Сіз  де 

аяғына  дейін  менімен  бірге  күрескенде  мұндай  халге  түспеген 

болар  едіңіз.  Екеуміз  де  сезімнің  ауыр  сынағынан  өте  алмадық. 

Қайтейін,  ағатайым,  бұл  да  пешенемізге  жазылған  тағдырымыз 

шығар.  Екеуміздің  де  жүрегімізде  өмірлік  өкініштің  ізі  қалды. 

Тоғыспаған  тағдырымызға  сіз де  өкінесіз,  мен  де өкінемін. Бірақ, 

бірақ құр өкініштен енді не шара» деген монологі бақыт үшін бір 

адам ғана емес, екеуі бірге қол ұстасып күрессе ғана жететіндігіне 

мегзейді.  

Кейіпкер  бейнесін  сомдауда  диалогтің  да  өзіндік  қызметі 

жетерлік. Кейіпкер сөзі арқылы жекелеген кейіпкерлердің тұлғасы 

толығып  отырады.  Ақкүнді  студент  кезінде  үйіне  қонаққа 

шақыратын  курстасы  Қанаттың  әжесі  мен  екеуінің  диалогына 

үңіліп  көрелік:  «Қызым,  жүрсеңші  бері,  анау  кең  жаққа  барып 

сөйлесейік.  Бір  нәрсе  сұрайын  деп  едім,  –  дейді  әжей  басында 

сусылдап  тұрған  жібек  орамалын  әлсін-әлсін  жүзікке  толы 

саусағымен  сипап.  –  Өзің  иненің  көзінен  өткен  сүйкімді  бала 

екенсің.  Тіфә,  тіфә  тіл-көзім  тасқа.  Манадан  бері  бәріміздің 

назарымыз сенде. Айтпақшы, қай жақтың тумасы едің? 

– Оралдың.  

–  Е,  Орал  деген  мына  тұрған  жер  ғой.  Пойыз  болса  жүріп 

тұр. Әке-шешең бар ма еді? 



129 

– Иә, бар. Ауылда тұрады.  

– Кіндіктен өрбігені қанша? 

– Менімен үшеу. Мектепте оқитын екі інім бар.  

–  Құдайға  шүкір  екенсің,  шырағым.  Мына  мен  шешемнен 

қарғадай  кезімде  қалыппын.  Жоқшылық  заманда  бізді  қалай 

асырарын  білмей  қиналған  әкем  егістен  бір  уыс  бидай  ұрлаймын 

деп  сотталып  кетіпті  жасы  отызға  толмай.  Содан  жер 

аударылыпты. Оны түрмеден осы жақта туған Шыман деген қарт 

көріпті.  Екеуі  абақтыдан  шығып,  поезға  мініп,  одан  бәлен  күн 

жерді  шарлап  адасыпты  дейтін  білетіндер.  Біз  ол  кезде  жалаңбұт 

баламыз ғой. Есімізде түк жоқ. Шешем байғұс өгіз арбамен көрші 

ауылдан  колхозға  тамақ  әкеле  жатқанда  жолда  үсіп  қалыпты.  Ол 

кездің  бет  қаритын  сақылдаған  сары  аязына  шыдамаса  керек. 

Оның  үстіне  аш,  жалаңаш  уақыты.  Мына  біздің  тесік 

тамағымызды ойлап, колхозбен екі ортада митіңдеп жүрген білем. 

Қарғадайымнан бәрін ерте жалмап, кіндіктен жалғыз өстім. Мана 

дастарқан басында аузы-аузына жұқпай «төсті айтқан» соқыр қарт 

менің шалым болады. Бір кеште көзі ашылмай қалды. Не болғанын 

доғдыр  да  білмейді,  өзі  де  білмейді.  Қой  десең  болды  ызаланып, 

қолына  іліккен  нәрсені  лақтырып  қалатын  жаман  ғадеті  бар.  Сол 

отырғанда  бірбеткей,  шапшаң  адам.  Соқыр  боп  қалған  соң  ашуы 

шапшаң» [1, 9-10]. Осы үзіндідегі әңгімеден бір кейіпкердің өткен 

өмірі  арқылы  қазақ  елінің  қилы  кезеңдеріне  көңіл  аудару 

байқалады.  

Жазушы бата, қарғыс, алғыс тәрізді ұғымдарға ерекше көңіл 

аударған. 

Мәселен, 

Аман 

мен 


Асылханның 

шаңырағы 

шайқалуының  бір  себебін  кезінде  әжесі  мен  әке-шешесінің  ақ 

батасын  бермеуінен  іздеуге  болады.  Әжесі  Сақыпжамал  мен 

шешесі Тотияның Аман мен Асылханның бас құрауына басы бүтін 

қарсы болғанын жазушы былай суреттейді: «Екеуінің жайлауға да 

келгіштеп,  уәде  байласып  жүргенін  сезіп  қалған  Сақыпжамал 

кемпір аттай тулады бір күні.  

–  Бәленшенің  қызын  неге  алмайсың?  Тұл  жетімді  осы  үйге 

біржолата  ертіп  әкелмекпісің?  Әкесінің  сықпыты  анау.  Ол  да 

өзінің  туғаны  емес  көрінеді.  Шешесі  баяғыда  құрт  ауруынан 

қайтыпты.  Өзің  байдың  тұқымысың!  Сөйте  тұра  сіңірі  шыққан 

кедейдің  қызын  аламын  деп.  Оқып-тоқымаған  клубтың 

күзетшісіне қай бетіңмен үйленесің?! Шешең екеуміз қаладан қыз 




130 

алушы  болма  деп  қақсағанмен,  ауылдың  қу  кедейін  алсын  деген 

жоқ едік қой! Сенің күректей қызыл дипломың бар. Ал оның бүкір 

үштікке толы көк қағазы да жоқ қалтасында. Ол қыз біздің теңіміз 

емес. Бізге иық тірестіріп жұрт қатарлы жүретін, ұятқа қалдырмай, 

жөн білетін дұрыс құда мен  құдағи керек, балам! Мынауың дым 

көрмеген.  Бүгіннен  қалмай  көзін  құрт!  Екінші  әрі  әкелме  үйге 

жаман  үйретіп.  Ас  көрмегендей  ашқарақ.  Қыз  басымен  нанға 

тоймайды. Қымызды күбісімен төңкеріп ішеді, – деп, шешесі екеуі 

құлағының етін жеп, миының суын ағызды» [1, 87].  

Олардың  бақыттары  баянсыз  болуының  екінші  себебін 

әжесінің  соңғы  сапарға  аттанарда  басындағы  ақ  жаулығын: 

«Келінге  осы  орамалды  апарып  бер.  Сақтап  қойсын.  Осы 

орамалды  адам  аяғы  баспайтын  жерге  қойсаңдар,  атаң  Қамыс 

екеуміздің аруағымыз сендерді желеп-жебеп, үрім-бұтақтарыңмен 

аман  жүрерсіңдер.  Бастарыңда  бақ  та,  байлық  та  болар.  Ең 

бастысы,  бала-шағаңның  қызығын  көріп,  Асылханмен  қоса 

қартаярсың,  балам»  –  деп  екі  алақанын  жайып,  бата,  бергенімен, 

сол аманаттың аяқ асты болып кетуінен де іздеуге болады [1, 311]. 

«Жолың  осы  орамалдай  аппақ»  болсын  деп  ырымдап  берген 

кейуана  жаулығының  аяқ  асты  болуын  ит  пен  мысықтай 

ырылдасып  жүрген  ерлі  зайыптылардың  тіршілігіне  сыйғызған 

жазушы  аманатқа  қиянат  жасауға  болмайтындығын  пенделердің 

есіне салады. Құс жастығыңның ішіне салып қой деген жаулықтың 

қайда  қалғанын  білмейтін  Аманның  бар  ырысы  сол  орамалмен 

бірге жоғалып кеткендей еді. Оны автор кейіпкер монологі арқылы 

былай берген: «Екеуі де Асылханға ерегісіп, немерелерін көрмей-

ақ  дүние  салды.  Дұрысында  Асылханды  ауылға  ертіп  апарып, 

үлкен  кісілерден  кешірім  сұрауым  керек  еді  ғой.  Болар  іс  болған 

соң,  баяғыда  өткен  реніштің  орнын  жуып-шайып,  әжеме 

балаларымды  иіскеткенімде  ғой...  Өз  тарапынан  кеткен  қателігін 

мойындап, өкініштен өзегі күйген әжем санаулы минөттері қалған 

шақта  жаулығын  сыйлап  үлгерді.  Әжем  мен  әке-шешемнің 

батасын  алмағаныммен  қоймай,  қазір  сол  орамалдың  да  қайда 

қалғанын білмеймін» [1, 311]. 

Кейбір    жағдайларды    авторлық    ұстанымды    кейіпкер  сөзі 

арқылы  беруге  болатынын:  «Жә,  Әбеке,  соншама  қамығып 

қайтесіз.  Дәл  қазір  он  тоқал  алсаңыз  да  құдіретіңіз  жетеді. 

Асылхан  шалға  тимек  түгіл,  жас  жігітпен  қолұстасып  Қытайға 



131 

асып кетсін. Сақыпжамал әжең осындай жағдайдың түбі боларын 

сезіп, оны күнінде келін етіп қабылдамаған шығар. Бетін ашпаған 

шығар.  Құдай  бір  жамандықты  сездірсе,  үлкен  кісілер  әріден 

болжайды.  Егер  ақылды  әйел  болса,  құмнан  қия  аттап  көрмеген 

кейуанаға ерегіспей, кешірім сұрап бармай ма. Сонда шөберелерін 

иіскеп, мауқын басқанда ғой», – деген үзіндіден байқауға болады.  

Жазушы  лирикалық  шегініс  жасау  арқылы  кейіпкерлер 

туралы  толыққанды  мәлімет  бере  білген.  Аманның  атасы  Қамыс 

қарт  жайлы  оқиғадан  адамдар  арасындағы  ашқарақтықты, 

тойымсыздықты көруге болады. Обал-сауабынан қорықпай, күнде 

қоян  атып  әкелетін  қарттың  көршісі  Құсайынның  қолынан  қаза 

табуы – екі аяқты пенделер арасындағы бітпейтін бақталастықтың 

мысалы.  Кемпір  мен  шалдың  баласы  болып  «Малсыз  таңдары 

атып,  кештері  батпайтын  Байқонақ  пен  Тотия  қырда  қала  берсін. 

Ал сені совхозға әкеліп, шағаладай ғып киіндіріп қоямын. Үстіңе 

шаң  тигізбейтін  боламын»  дейтін  немеренің  әжесі  хәл  үстінде 

жатқанда «Әжең атүсті ауырып жүр еді. Енді төсек тартып жатып 

қалды. Тез жет!» деген шақыртумен келуі – білім қуған жастардың 

кіндік  қаны  тамған  жерден  жырақта  жүріп,  ағайын-туыс,  туған-

бауырға суынып кететіндігінен хабар береді.   

Қамыс қартқа қатысты келтірілген оқиғалар Алла тағала жан 

беріп  жаратқан  тіршілік  иелерінің  бәрінің  де  киесі  бар  екендігіне 

сендіреді.  Жазықсыз  көжектерді  қызық  үшін  атуға  құныққан 

қарияның  артында  қалған  ұрпақтарының  тағдыр  тәлкегіне 

ұшырауынан  қоянның  киесі  ұрды  ма  деген  ойдың  мазалауы  да 

мүмкін.  

 

Осындай  лирикалық  шегініс  Асылхан,  Ақкүн,  Зияда,  Зухра 



тәрізді  кейіпкерлердің  бейнесін  де  толықтыра  түскен.  Асылхан 

әке-шешеден  ерте  қалып,  туысқан  ағасы  Бөкенбайдың  қолында 

өсті.  Асырап  алған  ауру-сырқау  шешесінің  қас  қабағына  қарап 

өскен  қыз  он  жылдық  біліммен  шектеліп,  ауылдағы  клубтың 

әкімшісі болып жүргенде Аманға кездесіп, айы оңынан туған жан 

ретінде  танылса,  Ақкүн  –  ата-ана  тәрбиесімен  өскен  ибалы  қыз. 

Ақкүн  мен  Аман  арасындағы  махаббаттан  екі  нәрсені  ұғынуға 

болады. Біріншісі, ғашықтардың арманына айналған қол жетпейтін 

кіршіксіз сезім болса, екіншісі нәпсінің құлы еткен өткінші сезім. 

Аман үшін бұл уақытша ермек  не уақыт өткізудің бір түрі болса, 




132 

Ақкүн үшін жұдырықтай жүрегіне мәңгі өшпейтін із салған үлкен 

сезім еді. 

Кейіпкерлер  бойынан  «Ұяда  не  көрсе,  ұшқанда  соны  іледі» 

деген  тәмсілді  көру  оңай.  Мәселен,  «Ұры  Мұстақ»  пен  шұлғауы 

шұбатылып  жүретін  Қазипаның  қыздарының  жеңіл  жүріске 

салынуынан тәрбие бастауы отбасында екендігі көрінеді. Көздерін 

ашқалы  ұрлықпен  келген  жылы-жұмсақ  тамақпен  өскен 

қыздардың ес біліп, етек жапқан кезінде тәндерін сатып жүруі әке-

шеше  тәрбиесінің  айғағы.  Осындай  мысал  Аманның  қызы 

Дәрияның  бойынан  да  байқалады.  Ол  да  әкесі  тәрізді  жеңіл 

жүрістің  адамы.  Оның  бұл  екі  қыздан  айырмасы  –  ішіп-жемінің 

молдығы,  әлеуметтік  жағдайының  түзулігі.  Тұрмыстық  жағынан 

айырмашылық болғанмен, әкесінен дарыған жаман әдетінен еркек 

талғамайтындығы  бар.  Осындай  мысалдар  балаға  тәрбиенің 

ананың сүті, әкенің қанымен берілетіндігін растайды.    

Шығарманың  интеллектуалды  қыры  аспан  денелеріне 

қатысты 


Аман 

Байқонақұлының 

астрологиялық 

ілімінен 

танылады.  Жазушы  кейіпкерлер  диалогі  арқылы  оқырманға 

Гиппопотам,  Жетіқарақшы,  Бүркіт,  Лира,  Аққу,  Пегас,  Қарақұрт, 

Андромеда,  Кіші  аю,  Темірқазық,  Сиыршы,  Тазы,  Цефеид, 

Үшарқар-Таразы,Үлкен  Арлан,  Кіші  Арлан  тәрізді  жұлдыздар 

туралы мағлұмат берген.  Осы тұста аспан денелері туралы аңыз-

әңгімелер де тиімді пайдаланылғандығын баса айтқан жөн.  

Француз  жазушысы  Жюль  Ренар:  «Күнделік  –  адам 

жанының  айнасы»,  –  деген  екен.  Осы  қағидаға  сүйенетін  болсақ, 

хикаяттың  «Екіге  айырылған  жол»  атты  үшінші  бөлімінің 

мазмұнын Ақкүннің күнделік жазбалары қамтиды. Аман ағасымен 

танысқан  күннен  бастап  жазылған  күнделік  жазбалары  Ақкүннің 

өмір  жолын  ғана  танытып  қоймайды,  сол  арқылы  оның  бейнесін 

толықтыра  түседі.  2010  жылдың  14,  25  қараша,  1,  15,  25,  30 

желтоқсан, 2011 жылдың 24 қаңтар, 18, 25 ақпан, 1 наурыз күндері 

жазылған  күнделік  жазбалары  шығарманың  деректік  сипатын 

арттырып  тұр.  Ал,  «Хат  –эпистолярлық жанрдың  бастау  көзі» 

дейтін  болсақ,  шығармада  телефонмен    қысқа  түрде  жазылған 

СМС  хаттар  жиі  кездеседі.  Кенжебек  пен  Ақкүн  арасындағы 

жайтты  толықтыруда  осындай  қысқа  хаттардың  атқарып  тұрған 

қызметі жоғары.  




133 

Сонымен  бірге  ақындардың  өлең  жолдарынан  келтірілген 

көптеген  үзінділер  Ақкүн  жанының  нәзіктігін,  оның  сезімге  толы 

сыршылдығын  аңғартады.  Оны  А.Құнанбаевтың,  М.Мақатаевтың 

«Поэзия 

махаббатпен 

басталып, 

парасатпен 

аяқталады», 

А.Бақтыгереваның «Қыз болған соң сұлу болмау күнә ғой» тәрізді 

өлең жолдары мен Б.Шойбековтің сөзіне жазылған «Жамалым» әні 

және басқа мысалдар растайды.  

Жазушы 

шығармалары 

жөнінде 

әдебиеттанушы 

С.Шарабасов:  «Автордың  «Жалғызбасты»,  «Өкініш»  атты 

әңгімелері  бүгінгі  замана  бейнесін  анық  та  айқын  бейнелейді»,  – 

деген  екен  [2].  Расында  бүгінде  өзіміз  өмір  сүріп  отырған 

қоғамның  сүреңсіз  келбетіне  қан  жүгірткен  жазушы  қазіргі 

әдебиеттің  геройларын  қатардағы  замандастарымыздан  алған.  Бір 

қарағанда, апырай сонша жыл төзгенде енді неге аяқ астынан мінез 

көрсете  қалды  деп,  пайғамбар  жасынан  асқан  Асылханды 

кінәлағың келеді. Алайда оның да ет пен сүйектен жаралған пенде 

екенін  көріп  отырып,  өмірі  жылы  сөз  естімеген,  өз  үйінде 

күтушінің  қызметін  атқарған  жанның  сырты  бүтін,  іші  түтін  күй 

кешкенін білгендіктен жамандыққа қимайсың. Теріс қылығы, арам 

пиғылы,  жеңіл  мінезі  жоқ  ананың  үш  баласын  аяқтандырған  соң, 

өзіне де жайлы қоныс іздегені, қадірін білген жанмен басын қосып, 

тыныш  өмір  сүргені  үшін  жазғырғың  келмегенмен,  отбасының 

ынтымағы  екі  адамға  ортақ  екенін  ұқтырады.  Бұл  оқиғадан 

ерегеспен  іс  бітпейтініне,  ерлі-зайыптылардың  бір-біріне 

кешірімді  болу  керектігіне  қанығамыз.  Пайғамбар  жасынан 

асқанда шаңырақтары ортасына түскен Аман мен Асылханның бұл 

тіршілігі  ешкімге  де  үлгі  болмасы  анық.  Ал,  жер  ортасы  жасқа 

келгенде  не  балаға,  не  басқаға  керек  болмай,  араласатын  адам 

таппай  жалғыз  басы  сопайып  қалған  Аманның  тіршілігі  жастық 

пен ақшаның буын көтере алмай, ең жақын адамдарының жүрегін 

жаралаған  ессіздерді  тәубаға  шақырса  керек.  Қызметтің  бабы, 

ақшаның  буы  ұшпаққа  апармайтындығы,  «Қызмет  қолдың    кірі» 

екендігі  жасы  ұлғайғанда  бармағын  тістеп  отырған  Аманның 

аянышты  өмірімен  нанымды  суреттелген.  Хикаятқа  негіз  болған 

бір топ қыз-келіншектердің өмірі де замандастарымызға ой салуға 

тиіс.  Өмірі  өкінішпен  өткен  Асылхан,  ұшарын  жел,  қонарын  сай 

білетін Дәрия, қазақтың талай қаракөз қыздарын алдап та, арбап та 

теріс  жолға    салған  Зияда,  апасына  еріп  бармағын  кеш  шайнаған 




134 

Зухра, Сүлеймен Пайғамбардай «Бәрі де өтпелі» деп үмітін үкілеп 

отырған  Ақкүндердің  барлығы  –  бізбен  бірге  өмір  сүріп  отырған 

тәуелсіз  қазақ  елінің  азаматшалары.  Негізгі  кейіпкерлердің 

барлығы  да  типтік  дәрежеге  көтерілгенін  еске  алатын  болсақ, 

жазушы  жүздеген,  мыңдаған  замандастарымыздың  қасіретті 

тіршілігі  арқылы  қоғамымыздағы  шешімін  күтіп  отырған 

көкейтесті  мәселелерді  бір  жерге  жинақтап,  қоғам  дертіне  шипа 

іздеген.  Дертке  дауа  дәруменді  оқырмандар  кейіпкерлер 

өмірлерінен алса керек.  

Қорыта айтқанда, Мира шығармаларының көпшілігіне ортақ 

қасиет  –  психологиялық  зерделеу  тәсілінің  бірі  –  еске  алу,  еске 

түсіру,  түс  көру,  елес  әдісін  шеберлікпен  меңгергендігі.  Автор 

сыртқы  сұлулық  үшiн  сөз  тiзбегiн  жоқтан  қиыстыруға  бармайды. 

Оның  әрбiр  сөзi,  сөйлемi  жатық,  табиғи.  Жазушы  қаламынан 

төгілген ой ағындары, сезім сырлары, көңіл-күй ағындары  ешбiр 

кiдiрiссiз,  тау  суындай  тұнық  әрі  әсерлі.  Бұл  қаламгер 

туындыларына  негіз  болған    жайларды  терең  танып-біліп,  өз 

жүрегінен,  ақыл-ойымен  қорытып,  көркемдік  көрігінде  қорытып 

барып ұсынатын талғампаздығынан болса керек.   

Бұл  жылдары  Ж.Самитұлы,  З.Сәнік  шығармаларынан  бізге 

таныс  қытай  еліндегі  қандас  бауырларымыздың  тыныс-

тіршілігінің бір пұшпағы Ғ.Қалибекұлының шағын әңгімелеріне де 

негіз  болғанын  байқауға  болады.  Жазушының  «Бақытты  өлім» 

әңгімесіндегі  оқиғаға  не  бары  үш-ақ  кейіпкер  араласады.  Жасы 

тоқсан  төртке  келген  Қажыға  отыз  жеті  –  мүшелінде  қайтыс 

болған Рыздықтың өлімін естірте келген Сәбден және арғы беттен 

атамекенге  көшіп  келген  Рыздықтың  немере  ағасы  Нұрислам 

тәрізді кейіпкерлердің әңгімелерінен олардың өмір жолдары, олар 

өмір сүрген қоғам қасіреттері анық аңғарылады. Бір сәттік шағын 

оқиға  Қажының  өмір  белестері  туралы  лирикалық  шегінісі  мен 

жаназаға  келген  екі  кейіпкердің  әңгімесімен  толыға  түскен. 

Мұндайды  қазақ  «Маңдайға  жазғанды  көрмей  көрге  түспейсің» 

деп  түсіндіреді.  ХХ  ғасырдың  жиырмасыншы  жылдарындағы 

ашаршылық, отызыншы жылдардағы жаппай қудалау, қырқыншы 

жылғы Ұлы  Отан соғысы тәрізді алапаттардың бәріне куә болып, 

бел ортасында жүрген Қажының қаптаған оқ пен оттың арасынан 

он екі мүшесі сап-сау, аман-есен елге оралуы «Қырық жыл қырғын 

болса да ажалды өледі» деген халық даналығын қайта тірілтіп тұр.  



135 

Әңгіменің  ұлттық  бояуы  қанықтығын  тоқсаннан  асқан 

қарияның  Қажы  атануынан  байқаймыз.  Халық  ол  кісінің  азан 

шақырып  қойған  есімін  ұмытып,  Қажы  атап  кеткен.  Бұл, 

біріншіден,  қазақ  халқының  ат  қою  ерекшелігін,  екіншіден, 

үлкенге  жасаған  құрмет  екенін  танытар  штрих.  Дегенмен 

Қажының  «Азамат  еді,  ер  еді!  Амал  қанша,  жас  кетті!  Кәрі 

өлетінін,  жас  өлетінін  бір  Алла  біледі,  тоқсанға  келіп,  томардай 

болып отырған түр мынау, жаман-жәутікті не қылсын, құдайға да 

жақсы адам керек. Қап, қап-ай!» – деген күйзелісінен көп нәрсені 

ұғуға мүмкіндік бар. Біріншіден, ол – аузында Алласы бар, Құдай 

деген  жан,  екіншіден,  Жаратқан  иемнің  құзырындағы  екі  аяқты 

пенделерге беймағлұм тылсым құпиялар өте көп.  

Мәселен,  жас  желең  жігіт  кезінде  жасаған  бір  оспадарлығы 

тоқсанның  төртіне  келгенде  алдынан  шығып  тұрғандығына  не 

дерсің?  Желігі  басылмаған  жігіттердің  қытай  елінде  жатқан 

қазақтардың  жылқысын  барымталап  келуі,  жылқышы  жігітті 

сойылға  жығып  байлап-матап  кетуі  –күші  бойына  сыймай 

жалаңдап жүрген жігіттердің жастықпен жасайтын аңғалдығының 

мысалы  болса,  сол  жігіттің  артында жалғыз қалған  Нұрисламның 

басынан  өткерген  ауыр  күндер  арғы  беттегі  бауырларымыздың 

бүкіл 


ғұмырын 

көз 


алдымызға 

елестетіп  тұр.  Қытай 

республикасында  өткен  ғасырдың  жетпісінші  жылдары  жүзеге 

асқан «мәдени төңкерістің» құрығынан аман қалғандар некен-саяқ 

болғаны тарихтан мәлім. «Халық жауы» ретінде танылған олардың 

біразы  түрменің  тар  қапасына  жөнелтілсе,  енді  бірсыпырасы 

еңбекпен түзеу лагеріне айдалды. Сондай ауыр күндерде шешесін 

жалғыз  өзі  қара  жерге  тапсырған  Нұрисламның  Рыздық  өлімін 

бақытқа балауы да түсінікті. Міне осы екі түрлі жастағы, екі елді 

мекен  еткен  екі  кейіпкердің  өміріне  жасалған  лирикалық  шегініс 

олардың  ғана  емес,  сол  қоғамның  шындығын  ашуға  қызмет  етіп 

тұр.    


«Қажы  Нұрисламның  бас-аяғын  шола  қарады.  Жауырыны 

қақпақтай,  иықты,  еңселі  көрінді.  «Текті  жерден  шыққан  жігіт 

екен» деп ойлады ішінен. 

–  Әкең бар ма? 

–  Қайтыс болған. 

–  Иманды болсын! 

–  Әумин! 



136 

 Құдайдың ажалымен кетті ме, жоқ әлде, қытайдың қолынан 

өлді ме? 

 Жас  кезінде  жылқы  қайырып  жүргенде  сәбеттің  жігіттері 

сойылға  жығып,  жылқысын  барымталап  кеткен  екен,  басына 

зақым  келіп  содан  оңала  алмай  кетті,  жарықтық!..»  [3]  –  деген 

жолдарды оқып отырғанда Қытайда жүрген жігіттің Қазақстанның 

қазағының  қолынан  өлгеніне  күйінесің.  Сол  желіккен  жігіттердің 

ішінде  бүгінде  елге  сыйлы  Қажының  болғаны  оқырманын  да 

ойландырады.  Барымташылардан  қалғаны  –  Қажы  болса,  сол 

«қытай  үйір»  аталып  кеткен  жылқыдан  қалғаны  –  астындағы 

Керторы. Әңгіме: 

 «Қажы асығыс аттанды. 

Керторы  арбаны  сүйрейтіп  ілбіп  барады»,  –  деп  аяқталған. 

Осы  жолдарды  оқып  отырғанда  «Өлімнен  ұят  күшті»  екеніне 

көзіміз  жете  түссе,  ілбіп  бара  жатқан  Керторы  зулап  өтіп  жатқан 

уақыттың өлшеуіндей елестейді.   

«Құдалар»  атты  әңгімеге  жас  күндерінен  бір-біріне  жақсы 

таныс, бірге жүрген Сақаба мен Шайжүніс құдалардың әңгімелері 

негіз  болған.  Құдай  қосқан  құдалардың  арасындағы  қалжың 

әңгімелер  қазақтың  «Әзілің  жарасса  атаңмен  ойна»  дегенін  еске 

түсірсе,  олардың  бір-біріне  жұмақпен,  тозақтан  орын  сайлап 

отырғаны  күлкі  шақырады.  Ел  ішінде  молда  аталып  жүрген 

Сақабаның:  «Әй,  көкіме.  Қанша  молда  дегеніңмен  жалғыз 

қызымның  құдалығында  құдайға  шет  келсем  де  ішемін.  Сен 

сияқты  арамзалығым  жоқ,  жүрегім  таза,  ниетім  түзу.  Жұмаққа 

кірмесем де «қоңырға» барамын. Ал сен қылқұрттың сонда келіп: 

«Сарсүйек  едік,  дос  едік»,  –  деп  жатта  кеп  жалынып,  шалғайыма 

жабысқаныңды  бір  көрсем.  Ха-ха-ха!..»  –  деген  сөзі  –  кешегі 

атеистік  тәрбиемен  өскен  бүгінгі  ақсақалдарымыздың  Аллаға 

деген  дүдәмал  көзқарасын  танытатын  көркемдік  деталь.  Ел 

арасында  молда  болып  жүргенмен  адал  мен  арамның  арасын 

ажыратуға  келгенде  пендешіліктері  басып  кететін  ақсақалдардың 

құлқынның құлына айналып кеткенін де жасыра алмаймыз.    

Кейіпкердің:  «Мен  атақты  Шәйжүніс  аңшы    атып  алған 

Қажымұраттың  ұлы  –  Қадырбаймын»  деген  сөзі  Шәйжүністің 

кәнігі  аңшы  емес  екенін  байқатса,  Сақабаның  аюға  құрған  аңына 

түсіп,  аяғын  кестіріп  «шойнақ»  атанатын  Дәуітке  таңылған 




137 

аттарды қазақтың тауып қоятыны да ұлттық ерекшеліктерді ашуға 

қызмет етіп тұр.  

«Кәрі  жезде»  әңгімесіндегі  балдыз  бен  жезде  арасындағы 

қалжыңның астарында шындық жатқаны жасырын емес. Ұлы Отан 

соғысының  ардагері  ретінде  сый-құрметке  ие  болып  жүрген 

жездесінің  майдан  шебіне  енді  жеткенде  соғыс  бітіп  қалып,  елге 

көкірегі  медальға  толып  оралуы  бір  қарағанда  күлкі  үйіреді. 

Алайда  бір  аяғы  жоқ  орыстың  Зоя  деген  мосқал  әйелдің  бір  төбе 

туралы  әңгімесі  –  сұрапыл  соғыстың  кәрі-жас,  бала-шаға,  қатын-

қалаш демей мыңдаған, миллиондаған жандардың өмірін қыршын 

қиғанын байқатар штрих.  

«Шойнақ» 

әңгімесіндегі 

Ғайыпхан 

мен 


Мүтәліп 

құрдастардың  бір-бірінің  сыртынан  сөз  шығарып,  даң  етіп  жүруі, 

олардың жастық шақтағы қызықты оқиғаларын жаңғыртып айтып 

отыруынан,  «Мүтәліпті  ат  сүйретіп  өлтірді,  сүйегін  арттағылар 

әкеле жатыр» деген әңгімелерінен көруге болады.  

Жазушы әңгімелерін оқып отырып оларды өз ішінен бірнеше 

топқа 

бөлуге 


болады. 

Балалар 


мен 

жасөспірімдерге 

арналғандарының қатарында «Тыртық Қабыл»,  «Шар» және «Кім 

кінәлі?»,  «Түс»,  «Майтабан»  тәрізді  шоғырлы  әңгімелерін  атауға 

болады.  Бұл  әңгімелерді  оқып  отырғанда  мектеп  жасында 

жеткіншек  балалардың  таным-түсінігіне  бірде  тәнті  болсаң,  енді 

бірде  еріксіз  күлуге  тура  келеді.  «Тыртық  Қабыл»  әңгімесіндегі 

ауылдың  ардақты  ақсақалы,  соғыс  ардагері,  еңбекқор,  ақжарқын 

жанның  бала  күнінде  күйгеннен  қалған  тыртығынан  қорқып 

әзірейіл  көргендей  қашатын  балалардың,  «Шар»  әңгімесіндегі 

мектептегі  мерекеге  аға-жеңгелерінің  тығып  қойған  шарын  ұрлап 

алып,  үрлеп  алып  баратын  Ерсайын  мен  «Мизамның  жындысы» 

атанған  Сүлейменнің,  оқуға  ықыласы  жоқ  Айдын  мен  сабаққа 

алғыр  Айбынның  күшіктерін  сабынмен  шомылдырамыз  деп 

өлтіріп қойған іс-әрекеттері мен таным-түсінігі – жазушының бала 

психологиясын жақсы игергендігіне мысал.   

Жазушы  әңгімелеріндегі  ұлттық  колорит  кейіпкерлердің 

азан  шақырып  қойған  атының  ұмытылып,  олардың  лақап  атпен 

аталуынан  байқалады.  Мәселен,  «Бақытты  өлімдегі»  Қажы, 

«Құдалар»  әңгімесіндегі  атақты  Шәйжүніс  аңшы,  «Шойнақ» 

әңгімесіндегі Шойнақ, «Шар» әңгімесіндегі Мизамның жындысы, 

«Тыртық Қабыл» әңгімесіндегі Тыртық Қабыл тәрізді кейіпкерлер 




138 

жекелеген  ерекшеліктері,  не  болмаса  мінез-құлықтары  бойынша 

аталып, өз есімі ұмыт болған жандар.  

Бұл  қатарда  Ғ.Қалибекұлының  шағын  әңгімелермен  бірге 

«Ақерке»,  «Өмір-ай...»  хикаяттарын  да  атауға  болады.  «Ақерке» 

хикаятының  негізгі  кейіпкері  –  қаладан  келген  тілші  жігіт. 

Тесікбейітке  іссапармен  келген  жазушының  көзімен  бейнеленген 

оқиғаның  өмірден  алынғаны  анық.  Негізгі  оқиғаға  төрт-бес 

кейіпкер қатысқанмен, олардың әрқайсысының жас шамасы, өскен 

ортасы  әртүрлі.  Ауыл  жігіті  Нұрхат  пен  қаладан  келген  тілшінің 

арасындағы  ұқсастық  болғанмен,  айырмашылық  олардың  іс-

әрекеттерімен  ашылады.  Нұрхат  нәпсінің  құлы  болып  кеткен 

кейіпкер ретінде оқырманның ойында қалса,  тілші жігіт нәпсісін 

жеңе білген азамат ретінде танылады.  

Оқиғаға араласатын келіншектер  де әркелкі жандар. Ақерке 

–  темір  тордың  аржағындағы  сүйгенін  күткен  жас  келіншек. 

Алайда  ол  нәпсінің  құлы  емес,  енесін  күтіп,  жас  сәбиін  аялап, 

сүйгенінің  жолына  қарап  отырған  ару.  Жары  Көкіш    туралы  да 

оқырман  Ақеркенің  әңгімесінен  толыққанды  хабардар  болады. 

Жазушы Ақеркенің әңгімесі арқылы махаббаттың тылсым күшіне 

назар  аударуға  тырысқан.  Бір-бірін  сүйіскен  жастардың  бәрі  ай 

десе  аузы,  күн  десе  көзі  дейтіндей  таңғажайып  сұлу  болмаса  да, 

олардың  арасында  тілмен  жеткізуге  келмейтін  алапат  күштің 

болатындығынан байқалады.  

Күлзиханның  тағдыры  одан  да  қиын.  Жас  күнінде  еріккен 

бір  дөкейдің  құрығына  іліккен  қыздың  ғұмыр  бойы  тағдыр 

тауқыметін  тартуы,  жігіт-желеңнің  бір  күндік  ермегіне  айналуы 

өкінішті.  Ауыл  жігіті  Нұрхат  –  Күлзихан  тәрізді  жетім-

жесірлерден  тоят  тапқанына  масайрап  жүрген  жігіт-желеңдердің 

жиынтық бейнесі.  

Мүнира  –  жеңгетайлық  өнерімен  жігіттердің  тілін  тапқыш 

жеңеше.  Отағасының  үйде  жоғын  пайдаланып,  бастаңғы  жасап, 

ащы  суға  сылқия  тойып  алатын  Мүнираның  өмірі  адам 

қызығарлық  болмағанмен,  ол  да  өмірден  алынған  шынайы 

кейіпкер.  Азған-тозған  ауыл,  сол  ауыл  тәрізді  өздері  де  ешкімге 

керек  болмай  қағаберісте  қалған  кейіпкерлердің  өмірі,  олардың 

адам  аярлық  әлеуметтік  жағдайы  –  бүгінгі  өзіміз  өмір  сүріп 

отырған ХХІ ғасырдың шындығы. Хикаятқа негіз болған оқиға да, 

оның  кейіпкерлері  де  өмірден  алынған  шынайылығымен 



139 

ерекшеленеді.  Әдебиеттің  өзі  өмірдің  шынайы  болмысын  жасау 

болса, жазушының осы тұрғыда жетістікке жеткені рас.  

 –  Мынау  не?  –  дедім  мен  Нұрхатқа  төбені  нұсқап,  –  тоғы 

жоқ үйде Қожанасырша лампы орнатып қойғаны қалай? 

 Бұл ауылда кезінде ток болған, «мәдениет төңкерісінде» бір 

белсенді  келіп,  саяси  күресті  мықты  ұстаймын  деп  жарықты 

өшіртіпті,  мақсаты  –  «сасық  зиялылар»  кітап  оқып  қояды  десе 

керек,  –  деген  үзінді  –  Қытай  еліндегі  қазақ  ауылдарының  хал-

жағдайынан  хабар  берер  штрих.  Май  шаммен  отыратын,  күздің 

қара  суығында  отынды  үнемдеймін  деп  өздері  тоңып  жүретін 

халықтың қалт-құлт еткен күнкөрісі оқырманға жете таныс. Тар да 

қараңғы  көшелер  мен  кейіпкерлер  үстіндегі  тозған  киімдер, 

жиектері  желінген  жеңдер  –  олардың  әлеуметтік  жағдайының 

көрінісі.   

   Жазушының  «Өмір-ай!...»  хикаяты:  «Жоңғар  даласы, 

айналайын, сенің мәрттігіңнен! Сенің ыстық қойныңда қаншалаған 

адам  баласы  қайнаған  тіршілік  базарын  мекен  етіп,  күйкі-

күйбіңмен  шұқынып,  жасау  үшін  емес,  өлмеу  үшін  құлшынып 

жатқанын  білсең  нетті?..»  –  деп  басталады.    Осы  үзіндіден-ақ 

адамзат  баласының  өмір  үшін  күресіп  келе  жатқандығы 

байқалады.  Негізгі  оқиға  қалаға  қамалған  Мәңкейдің  төрт  күннен 

бері  Алтайға  баратын  көлік  таппай  тұрғанынан  басталады.  Ұзақ 

жолға  мәйіт  артқан  көлікпен  бірге  келе  жатқан  Мәңкейдің  өткені  

мен  артында  қалған  сүйген  жары  Балқия,  бір  жасар  қызы 

Патиханың  кейінгі  өміріне  лирикалық  шегініс  жасалып  отырады. 

Негізгі  оқиға  бір  отбасы  төңірегінде  өрбісе,  сол  оқиғаға 

араласатын бірнеше жанама кейіпкер бар.  

Хикаяттың  ұлттық  бояуын  қанықтыра  түскен  жайттардың 

бірі – бір ауылда тел өскен Мәңкей мен Балқияны бала кезден бірі-

біріне  айттырып  қою  болса,  келесісі  –  жалғызілік  кейуананың 

үйіндегі  құдандалы  жиынға  келіп  отырған  отызға  жуық  

құдалардың кәденің санын көбейтіп жатуы, Шәкуді соңғы сапарға 

шығарып  салу  үшін  қарбаласқан  ауылдастар  тірлігі  т.б.  Бұл 

қатарды жекелеген кейіпкерлер бойындағы ұлттық мінез-құлықтар 

да  толықтырады.  Оның  бірі  –  «кіммен  қарайсаң,  сонымен  ағар» 

деп  түсінетін  Балқияның  Шәкудің  дегеніне  көніп,  өз  басын 

құрбандыққа шалуы және басқа жайттар мысал бола алады.   




140 

Оқырман  алғашында  тірсегін  соққан  қолаң  шашты  арудың 

алақ-жұлақ,  ыржың-ыржың  етіп  жүргенімен  кездеседі.  Бір 

қарағанда сымбатты сұлудың «Келбетті жүзі ойын баласынікіндей 

сатпақ-сатпақ, маңдайына жіпше әжімдер түскен. Жырым-жырым, 

сауыс  кір  шапан-шалбар  киіп,  аяғына  түйе  табан  еркектің 

бәтіңкесін іліпті. Жан қалтасына жүн-жұрқа, шүберек, қағаз, тағы 

бірдемелерді  сықап  алған»    күйі  оқырманға  ой  салады.  Артында 

қалған  қызын  осындай  есалаң  күйге  жеткізіп,  үйінен  қуып 

жіберген  өгей  әкенің  мәйітімен  бірге  келгенін  Мәнкей  ол  кезде 

білген  жоқ  еді.  Осы  оқиғаның  өзінен-ақ  Алланың  құрығынан 

ешкімнің  құтыла  алмайтынын  аңғаруға  болады.  Елден  жырақта 

көз  жұмған  Шәку  мәйітінің  ұзақ  жолда  қиналғанына  қарап 

отырып, тіріде істегеніңнің өтеуін о дүниеге барғанда тартатыныңа 

сенесің.  Аймақ  уәлиінің:  «Іскер  жігітсің,  партия  сендей  азаматқа 

сеніп  батпан  жүк  артты,  бағыт-саясатымыз  анық,  тартынба!  Тап 

жауларына,  кері  төңкерісшілерге  сілейте  соққы  беруде  атойлап 

алға  шық!  Аспанда  тор,  жерде  қақпан,  армия  бізді  қорғайды. 

Кеуделеп  істейтін  кезің  келді,  серпіл!»  [1,  279]  –  деген 

алдарқатуына  сенген  Шәку  «қып-қызыл»  жүрегін  жан-тәнімен 

«төңкеріске»  арнап,  өз  бауырларына  қырғидай  тиіп,  дегеніне 

жүрмегендердің  қаралау  құжаттарын  рәсімдеп,  қылмыстың 

құйрығын  ұзарта  түсті.  «Мәдени  төңкеріс»  басталғанда  аудандық 

«төңкеріс  комитетінің»  бастығы  болып  шыға  келген  Шәкудің 

зиянкестік  әрекеттері  Қазақстандағы  отызыншы  жылдардағы 

«халық жауларымен» жаппай күрес науқанын еске салары даусыз.  

Жазушы  шынайы  өмірден  алынған  шынайы  кейіпкерлерін 

типтік дәрежеге көтере білді. Жиырма жылға жазықсыз сотталған 

Мәңкей, шен-шекпен үшін ешкімді аямаған шолақбелсенді Шәку, 

өмірі қор болған Балқия, жастайынан ауруға шалдыққан Патиха – 

бәрі  де  тағдыр  тауқыметін  тартқан  жандардың  жиынтық  бейнесі. 

Кейіпкерлер басындағы бірінен-бірі ауыр тағдырлар жинала келіп, 

қазақ басындағы қасіреттен хабар береді. Қытай еліндегі «мәдени 

төңкерістен»  сыртта  жүрген  қазақ  баласының  көрген  жан  азабы 

бірнеше  ұрпақтың  болашағына  балта  шапқанына  осы  шығарма 

кейіпкерлерінің қасіретке толы өмірлері дәлел бола алады. 

Соңғы 10-15 жылдың көлемінде әдебиетке тағы бір топ буын 

өкілдері  келіп  қосылды.  Олардың  да  қазақ  әңгімелерінің  тарихи 

даму  үдерісінен  жаңылмағаны  байқалады.  Алайда,  уақыт  түрлі 



141 

құндылықтарды  алға  тартқаны,  рухани  дүниемізге  ықпал  еткені, 

дәстүр мен жаңашылдық аясындағы кейбір мәселелердің өзгеріске 

түскені рас.  

2006 жылы «Жалын» баспасынан «Жас толқын» деген атпен 

ІІІ  томдық  жинақ  шықты.  Соның  ІІ  томы  прозаға  арналған.  2009 

жылы  «Жібек  жолы»  баспасынан  Қ.Әбілқайыров,  М.Алжанбай, 

Қ.Мүбарактармен  қатарлас  жас  қазақ  жазушыларының  «Қарақат 

тере  барғанда»  атты  әңгімелер  жинағы  Тұңғыш  Президент 

қорының  демеуімен  жарық  көрді.  Ал  «Жалын»  баспасы  «Жас 

толқын»  сериясын  ары  қарай  жалғастырып,  2012  жылы  9  жас 

жазушының  прозалық  жинақтарын  жарыққа  шығарды.  Авторлар: 

Лира Қоныс, Мақсат Мәлік, Дархан Бейсенбек, Арман Әлмембет, 

Алмас  Мырзахмет,  Әлібек  Байбол,  Алмас  Нүсіп,  Әсем 

Қоспағарова,  Үміт  Зұлхарова,  Мирас  Мұқашев,  Айнұр 

Шамшейтова.  Сонымен  қатар,  жекелеген  прозалық  кітаптары 

шыққан,  баспасөз  беттерінде  әңгімелері  жарияланып  жүрген  жас 

жазушылар:  А.Мантаева,  С.Сарыбаев,  Б.Сарыбай,  Е.Әбікенұлы, 

М.Отарбай,  М.Алжанбай,  Қ.Әбілқайыр,  Қ.Тілеухан,  Н.Қабдай, 

М.Қосын т.б. жоғарыдағы тізімге қоссақ, олардың жалпы саны 20-

дан  асып  түседі  екен.  Бұлардың  бәрі  –  тәуелсіздіктің  түлектері, 

жазып  жүргендері  де  бүгінгі  күннің  тақырыптары.  Ал  осылар 

алдыңғы  буын  –  Ш.Мұртаза,  М.Мағауин,  Қ.Жұмаділов, 

Т.Нұрмағамбетов, 

Н.Дәутайұлы, 

Ә.Асқаров, 

С.Асылбек, 

Ж.Шаштайұлы,  Р.Отарбаев,  Қ.Түменбай,  Н.Ақыш,  М.Байғұт, 

К.Рахымжан,  А.Кемелбаева,  Ж.Қорғасбек,  А.Алтай,  Д.Амантай, 

Д.Қуат, Д.Рамазан, М.Омаровалар қатарлас қаламгерлердің жалпы 

санынан  кем  емес  екен.  Себебі,  тәуелсіздік  кезеңінде  тоқырап 

қалмай,  әлеуметтік  қиыншылықтарға  да  қарамастан  әңгімелер 

жазуды  жалғастырып  жүрген  жазушылар  осы  аты  аталғандар. 

Жазушылықты  жаңа  бастаған  жастарда  болатын  жастық 

максимализмнен гөрі сарабдал ақыл басым. Сондықтан өткен өмір

жастық  шақ  бүгінгі  күнмен  салыстырыла  баяндалып,  көбінесе 

мұңлы  да  мәңгілік  құндылықтары  өрнектеумен  ерекшеленеді. 

Мұны  настолгиялық  әдебиет  деп  жүр.  Бұл  –  біржақты  пікір. 

Мысалы,  аталған  аға  жазушылар  бүгінгі  күннің  тақырыбын 

өмірлік  тәжірибелерінің  сүзгісінен  өткізіп,  жан-жақты  жазып 

келеді.  Ал  өткен  шақ  оқиғаларын  суреттеу  жастарда  да  бар.  Осы 

тұрғыдан  келгенде,  «Жас  толқындар»  бұл  жазушыларлардан 




142 

сапалық  жағынан  қаншалықты  ерекшелене  алды  деп  емес,  өсіп 

келе  жатқан  ізбасарларының  молдығымен  қуантады.  Жастардың 

арасында 

өз 

әңгімелерінің 



сапасы 

жайында 


көрнекті 

жазушылардан  жылы  лебіздер  естігендері  де  аз  емес.  «Жыл 

келгендей  жаңалық  сезіп»,  ақ  батасын  айтып,  болашағынан  үміт 

күтетінін  білдірген  аға  буынға  қазіргі  жастар  жауапкершілікпен 

қарап  келеді.  Айталық,  Қ.Әбілқайыр,  Д.Бейсенбектерге  – 

драматург,  жазушы  Д.Исабеков,  Е.Әбікенұлына  –  белгілі 

ғалымдар:  А.Серікқызы,  Қ.Мәдібай,  С.Асылбек,  Ж.Мәмбетов, 

жазушы  Н.Ораздар  жылы  пікірлерін  білдірген.  А.Мырзахметтің 

прозалық  кітабына  Д.Амантай  жақсы  алғысөз  жазған.  Ал, 

Ө.Әбдіхалық 

«Шабыт» 

фестивалінің 

лауреаты 

болса, 


Б.Сарыбайдың  әңгімелері  жайында  баспасөз  беттерінде  қызу 

талқылаулар  жазылды.  Бұлардан  басқа,  «Жас  толқын»  қатарында 

кітабы  кездеспеген,  бірақ  әдеби  порталдарда  шығармалары  бар, 

«Тамыр»  журналында  және  осы  айдағы  «Қазақ  әдебиетінде» 

«Сезімдер  қозғалысы»  деген  әңгімесі  жарияланған  Мерей  Қосын 

туралы  Ә.Қодар  жаңа  бағыттың  туып  келе  жатқанына  назар 

аудартады.  Міне,  осындай  түрлі  қолдаулардан  (жеке  адамдық) 

аталған жас жазушылар қағыс қалып жатқан жоқ.  

 «Жас  толқын»  сериясымен  «Жалын»  баспасынан,  «Алтын 

қыран  қорының  демеуімен  «Фолиант»  баспасынан  кітаптары 

шыққан  аталған  авторлармен  қоса,  «Жұлдыз»,  «Қазақ  әдебиеті», 

«Үркер», «Жалын» т.б. газет-журналдар жастар шығармашылығын 

мүмкіндігінше жариялап келеді.  

Жоғарыда  аталған  20-дан  аса  жазушының  прозалық 

кітаптарын  оқып  шығып,  стилі,  ізденістері,  көркемдік  деңгейі, 

көтерген  тақырыбы,  жаңашылдығы,  тілі  т.т.  байланысты  топтап 

келіп,  бәріне  ортақ-ау  деген  алты жазушының әңгімелерін  талдау 

нысаны етіп алдым.    

Жазушы Қ.Әбілқайырдың «Ұмыт мені» кітабындағы «Қағаз 

қала»,  «Бәрін  де  Басекем  біледі...»  дейтін  сатиралық  әңгімелері 

бүгінгі  қоғамдық-саяси  жағдайлар  мен  соған  сәйкес  мінез-

құлықтарды  баяндайды.  Ал  қыста  салынған  30  қабатты  үй  күн 

күрт  жылынғанда,  терлеп-тепшіп  төмен  түсе  береді.  Сөйтіп,  25-

қабатқа  жетеді.  Суықта  қақырай  жарылады.  Бұл  төтенше  жағдай 

ешкімді  селт  еткізбейді.  Келуге  тиіс  мекемелер  мен  жауапты 

тұлғалар  жоқ.  Келсе  де  кешігіп  келеді.  Айтатын  уәждері  ақылға 




143 

қонбайды.  Қысқаша  айтқанда,  тіл  мәселесі,  қауіпсіздік  (жедел 

жәрдем,  полиция,  өрт  сөндірушілер  т.б.),  сосын  құрылыс 

жұмыстарындағы жөнсіздіктер ащы юмормен баяндалады. «Бәрін 

Басекем  біледі...»  әңгімесі  бүгінгі  қоғамдық-саяси  ахуалды  арқау 

еткен.  Мұнда  өтірік  өркен  жайып,  шындықтың  өлгені, 

жағымпаздық  пен  жалпы  моральдық  азғындау  сөз  болады.  Жеке 

адамның  шектен  шыққан  үстемдігі  суреттеледі.  Оқиға  авторлық 

баяндаудың  І  жағында  айтылады.  Екеуі  де  ертегілік  элементтерді 

бойына сіңірген сатиралық әңгімелер. Ал «Сурет» әңгімесінде аға 

мен  інінің  бауырластығы,  балалық  қабылдаулардағы  құпиялар, 

жылы  сағыныш  ұлттық  таным  тұрғысынан  баяндалады.  Ағасы 

үйленген  соң  інісінен  алыстай  бастайды.  Осыны  өзіне  соққы 

сияқты  қабылдаған  інісі  біразға  дейін  тығырыққа  тіреліп  қалады. 

Жеңгесін ұнатпай жүреді. Ағасымен түскен оның суреттерін түгел 

жыртып  тастайды.  Кейін  жеңгесі  жол  апатынан  қайтыс  боп, 

артында  жалғыз  суреті  қалады.  Өмірдің  құпиясы  біреуге  белгілі 

бола  бастағанда,  енді  біреу  осы  жолдан  енді  өтіп  келе  жатады. 

Мұнда юмор жоқ. Жылы лирика бар. Алғашқы екі әңгімеде өмірде 

болмайтын,  алайда  астарлау  арқылы  адамға  тән  болмыстарды 

көрсететін әдеби әдіс қолданылса, «Сурет» – реалистік әңгіме.  

«Мәңгілік  сағыныш»  атты  прозалық  кітаптың  авторы  Лира 

Қоныс  жоқшылық  көрген,  жетімдікке  тап  болған,  белгілі 

себептермен  жолдары  қиыс  кеткен,  тұрмыстың  асуларында  аты 

арып,  тоны  тозған,  қаза  көріп,  қайғы  шеккендерді,  әсіресе,  жас 

адамдардың  өмірлерін  баяндағанда  көңілге  ауыр  да    ащы  мұң 

ұялайды. 

«Тиын»  дейтін  қайғылы  әңгімесінде  Лира  өзінің  қандай 

тақырыптарды  жазуға  қабілетті  екенін  көрсеткен.  Ол  «Мәңгілік 

сағыныш»,  «Ертегі»,  «Бір  дорба  бақыт»,  «Құрқылтайдың  ұясы», 

«Бала ғашық» әңгімелерінде адам өмірінің мұңлы да қасіретті әрі 

сағынышты жақтарын түрлі нысанада зерттеп, нанымды баяндауға 

тырысады.  Соның  нәтижесі  «Тиында»  әлеуметтік,  адамдық, 

психологиялық  жағымен  дәлелденіп,  жан-жақты  әңгімеленген. 

Мұнда  бес  жасар  баланың  көкесі  «ай  белгісі  жарқыраған 

қорымдағы  жер  тереңіне»  аттанғаннан  кейінгі  тағдыры  арқау 

болған.  Әкесіне  көк  дөненге  мінсе,  әп-сәтте  жетіп  барарына  нық 

сенетін  ол  бұл  ойын  атасына  айтып  та  көреді.  Сонда  тығырыққа 

шындап тап болған қария немересіне: «Біз көк дөненмен ол жаққа 



144 

бара  алмаймыз.  Ортада  үлкен  көл  бар...»  –  деген  уәж  айтады. 

Ақыры,  ойдан  шығарған  осы  «ертегісі»  тағы  бір  қайғының 

туындауына  себепші  болатынын  сол  сәтте  атасы  ойламапты. 

Содан  бастап,  бала  нағашысына  барғанда  дариядан  өткізетін,  сол 

еңбегі  үшін  көп-көп  тиын  алатын  қаба  сақал  қара  шалды  есіне 

түсіреді.  Оған  үміттің  көкжиегі  қайық  боп  ашылып,  жас 

ерекшелігіне  сай  өзінше  дами  бастайды.  Бала  енді  балмұздаққа, 

беташарға  деп  атасы  ұстатқан  тиындарын  асқан  ұқыптылықпен 

жинай  бастайды.  Тіпті,  жүрген  жерінен  тиын  іздейтін  болды. 

Тапқанын  қалтасына  сала  береді.  Сөйтіп  жүргенде,  құдық 

басында,  біреудің  екінші  біреуге  жыланның  терісін  әкеп  берсең, 

ақша  беремін  деген  өзара  әңгімесін  естіп  қалады.  Жылан  терісі 

сағатқа  бау  болады  екен.  Арманының  орындалуының  сәт  сағаты 

соққанын  сәби  түйсікпен  сезінген  ол  атасы  намазға  бас  қойған 

сәтте  «көкесінің  асына  сақталған  тұл  дөненнің  маңынан  көрген 

жыланды»  ұстауға  шығады.  Ақыры,  жылан  шағып,  күп  боп  ісіп 

жатып  қалады.  Нендей  жағдай  болғаны    мәлім  боп,  келіп  жеткен 

молданың:  «Беті  бері  қараудан  кетіп  қалыпты»,  –  деген  сөзін 

естігенде,  бала  осы  сөздің  бір  жарым  жыл  бұрын  көкесіне 

айтылғаны  есіне  түсіп,  оны  көретін  болдым  деп  қуанып  кетеді. 

Адам  өмірінің  аралық  кезінде  айтылатын  жалғыз  ауыз  сөз, 

бақұлдасу  –  балаға  да  жат  болмайды.  Қайықшыға  төлейтін  тиын 

есіне  түскен  ол  атасына:  «Ата  қайықшыға  төлейтін  тиын  бер»,  – 

дейді.  Осы  сөзді  үш  қайталағанда,  қайғыдан  қара  жамылған  қарт 

жүрек  немересіне  бергісі  келмеген  тиынды  амалсыз  ұсынады. 

«Онда енді қайықшыға беретін тиын бар...».   

Әңгіме  қайғылы  шешімімен  шарықтау  шегіне  жетіп,  бала 

жүрегі  өзінің  соғуын  мезгілсіз  мәңгілікке  тоқтатады.  Оқиғаның 

басынан  бастап,  ақырына  шейін  баланың  басындағы  ауыр  халге 

ортақтас  оқырмандардың  көңіл  күйі  мен  адами  сезімдерін 

сынайтын  автор  қайғы  мен  қасіреттің  кермек  дәмін  олардың 

жүрегіне  жеткілікті  құйып,  саналарына  аяушылық  сәулесін 

түсіреді.  

Осы  тұрғыдан  келгенде,  Лираға  балалық  шақтың 

есте қалдырған өмірлік материалдары ескерусіз қалмай, оқырманға 

«Бала  ғашық»,  «Мәңгілік  сағыныш»,  «Тиын»,  «Бір  дорба  бақыт» 

т.б.  боп  жетуі  –  әдебиеттің  әлгі  бір  функциясы  жөніндегі  айтқан 

пікірлерімізге  дәлел  болмақ.  Жазушы  аталған  әңгімелерінде 

жасөспірімдердің 

көзімен, 

солардың 

сана-сезім, 

таным-



145 

түйсіктерімен болып жатқан және болып өткен оқиғаларды І жақта 

баяндауға  ықыластылығын  танытады.  Мәтіндегі  авторлық  баянда 

оқырманға  өз  бейнесін  білдіріп  отыруды  да  артық  санамайды. 

Себебі, баяндалып жатқан оқиғаға түрлі жастағы балалар кейіпкер 

болған.  Оның  әңгімелеріндегі  автор  мен  кейіпкерді  ажыратып 

айтудың қажеті жоқ. Бізге маңыздысы – көбіміз көрген әрі көбіміз 

көркем  дүниеге  айналдыра  алмаған,  өмір  деп  аталатын  тылсым 

әлемнің  таусылмайтын  адами  болмыстарын  алдымызға  тартып, 

сол  арқылы  өзінің  үнін,  ұстанымын,  ойын  білдіргісі  келетін  жас 

жазушының  дүниетаным  кеңістігінде  қорытылып  шыққан  көркем 

әңгімелері.  

Біз қазіргі әдеби ортада айтылып қалатын мынадай сөздерді 

де жиі естіп жүреміз: жаза алатын жазушыға оқиға дегеніңіз толып 

жатыр  дейтін.  Бұл  рас.  Әйтсе  де,  сол  оқиғалар  шығармашылық 

жолын  жаңа  бастаған  жастарға  оп-оңай  жалынан  ұстата  қояр  ма 

екен?! Ал бұған да қарамай, жастық жігермен өмірдің қарапайым 

көріністерін  күрделі  тақырыптарға  айналдыруды  армандамайтын 

қаламгер  кемде-кем.  Осы  жағынан  қарасақ,  қазіргі  жастардың 

ұтып та, ұтылып та жүрген тұстары аз емес сияқты. 

Мысалы,  «Ханшайымның»  авторы  Алмаз  Мырзахмет 

«Жазушының  жазбасында»  дәстүршіл  жазушылыққа  сын  айтады.

 

Оқиғалары,  кейіпкерлері,  кеңістігі,  шешімі  бірінші  сөзінен-ақ 



белгілі  бола  қалатын  әңгіме  жазған  жазушы,  автордың  баяндауы 

бойынша,  Данияр  деген  кейіпкерін  өлтіріп  ап,  оның  қызы 

Нұргүлдің  наласына  қалыпты.  Жазушының  кесірінен  қайғы 

шеккен кейіпкер оның өзін қыспаққа алады. «Өлтірдің бе, тірілт!» 

–  дейді.  Ал,  жазушының  қолынан  ондай  құдірет  келмейді  екен. 

Ақыры, жазушы мен кейіпкер бірге өмір сүре бастайды.  

Оқырманға  автордың  осы  әңгімесінен  шындық  іздеудің 

қажеті жоқ. Тек қана әр нәрсеге жауапкер екеніңді сезінсең болды. 

Нақтырақ  айтқанда,  кейіпкерлер  тағдырына.  Әңгіменің  шартты 

түрдегі соңында пәтердің ішінде елес-кейіпкердің «толық бейнесі 

сыртқа  көрініп»  өртеніп  жатқанын  оқыған  сәтте  жазушының 

қолжазбасы  да  жанып  кетпесе  екен  деп  тілейсің.  Себебі, 

қолжазбада Нұргүл өмір сүріп жатыр. Әңгіменің шешімінде автор: 

«Қолжазбаны  өртеп  жібердім»,  –  дейді.  Алмаздың  өз  сөзімен 

айтсақ,  «психологиялық  таластар  мен  миға  шабуыл»  жасайтын 

эксперименттік әдіс керемет әңгіме жазудың кілті екен.                                                                             




146 

Ал «Автопортрет» әңгімесінде өз суретін өзі салған суретші 

айтылады.  Бұл  –  фәлсафалық  әңгіме.  «...Аппақ  әлемге  қара 

бояумен  сурет  салып  жүрген»  суретші.  Өзінің  мәнді  де  мәнсіз 

өмірін баяндаған адам туралы не айтуға болады? Ал «Жазушының 

жазбалары»  үзік-үзік  оқиғаларды,  сол  тәрізді  ойлар  мен  болмыс 

сырларын топтастырған тоғыз бөлімнен тұратын пунктир-повесть 

(көлемі 9-10 бет).  

«От  ару»  кітабының  авторы  Қ.Мүбарак  әңгімелерінде 

мистика  басым.  Оның  «Мүрде»,  «Тағдыр  кітабы»,  «Қара  қазан», 

«Қарғыс»,  «Аштық»,  «Дақ»  әңгімелері  мистикалық  бағытта  көп 

ізденгенін және бірыңғай осы тәсілмен жазып жүргенін көрсетеді. 

Ол  осы  әдіспен  бүгінгі  күндегі  кейбір  келеңсіздіктердің 

жантүршігірлік  жақтарын  оқырманға  өте  қысқа  әрі  түсінікті 

жеткізеді.  Айталық,  «Мүрдеде»  азапқа  түскен  жан  мен  тәннің 

диалогі,  «Тағдыр  кітабында»  өлім  туралы  және  өз  күнәсін  өзі 

ұрлап  шығуы,  «Қара  қазанда»  шахтадағы  жарылыс,  онда  қаза 

болғандарды  тартып  әкететін  «құдіретті  қазан»,  «Аштықта»  шеті 

тұйықталған  жер  шары  мен  аштықтан  бір-бірін  жеп  бітірген  ері 

мен әйелі, онымен қоймай, тағы да өмір сүргілері келуі, ал «Дақ» 

әңгімесінде  арға  түскен  қара  дақтың  адамды  батпаққа  (қызды) 

айналдырып бара жатқаны бейнеленеді. Бұл әңгімелердің бәрінде 

болмысқа 

қатыссыз  құбылыстар 

мен 

мистикалық 



сана 

қозғалыстары  реалды  өмірдің  кейбір  жағымсыз  жақтарын 

бейнелей  отырып,  екі  басқа  әлемнің  ортақ  шындықтарын  ашады. 

Қ.Мүбарак  –  соңғы  кезде  осындай  кафкалық  структураға  барып 

жүрген қаламгердің бірі.  

«Жұмбақ  кiтаптың»  авторы  Мақсат  прозада  өз  қолтаңбасы, 

өз мәнерi, өз ойы бар екенін дәлелдеді. Оның әңгiмелерiнде күйбең 

тiрлiктiң  күйкiлiгiнен  ары  кетiп,  жалпы  адамзаттық  ойлармен 

тамырласатын  дүниелер  бар.  Мәселен,  «Ажалмен  бетпе-бет», 

«Ажалды  қуған  жiгiт»,  «Бассыз  бөрi»,  «Жердiң  жаназасы», 

«Жұмбақ  кiтап»  сияқты  әңгiмелердiң  жұмбақтап  отырғандары 

оқырманды  ойландырмай  қоймайды.  Жер-ананы  күнде  өлтiрiп 

жүрген  адамдар  оның  жаназасын  шығармайды,  ал  мұндай 

оқиғалардың  болуына  автор  оқырманға  күдiк  келтiрмейтіндей 

күйге  жеткізе  отырып  суреттейді.  Мысалы,  басынан  айырылған 

бассыз  бөрi.  Ал  оның  адам  басын  иемденуге  келiскісi  жоқ. 

«Адамдардың  өздерi  де  бастары  жоқ  бөрi  емес  пе?  Ұлимыз  кеп, 



147 

бiрақ  не  пайда:  бас  жоқ  қой!»  –  дейді.  Ал  «Қабiр  түнi»  дейтiн 

әңгiмесiнде  Мақсат  азаптың  тәнге  емес,  жанға  тиесiлi  екендiгiн 

баяндайды. Және, күнәнiң аты күнә: оның ауыр я жеңiлi болмайды 

дейдi.  Бұл  –  бұл  ма,  адам  пенденiң  тiрiде  тартар  тауқыметi 

ақыретте  жаныңа  көшiп,  iстеген  күнәңа  сай,  мәңгiлiкке  артыңнан 

қалмайтыны  айтылғанда,  оқырманның  жаны  түршiгiп  кетедi. 

Бойыңды  қорқыныш  сезiмi  кернеп,  көз  алдыңа  кейбiр  iс-

әрекеттерiң 

тiзбектелiп 

келе 

қалады. 


Демек, 

осындай 


қорқыныштар – кiсiнi тәубаға түсiрiп, жамандықтан жырақ болуға 

ықпал  етедi.  Осы  жағынан  келгенде,  Мақсаттың  әңгiмелерi  ойлы 

көрiндi. 

Мысалы, 


оқырман 

Мақсаттың, 

Қойшыбектің 

шығармаларындағы  көр,  жаназа,  ажал,  өлiм  сияқты  сөздердің 

оқиғалық қызмет атқарып қана қоймай, жазушылар о дүние мен бұ 

дүниенің  арасына  еркін  өте  салатынын,  уақыт  пен  кеңістіктің 

қалыпты  өлшемдері  соншалықты  маңызды  емес  екенін  көргенде 

қандай  сезімді  бастан  кешетінін  болжау  қиын.  Әйтсе  де, 

жазушылардың  нені  астарлап  отырғанын  олар  сезеді.    Жазушы 

ақыл  сатып  алмақшы  боп  кезекке  тұрып  қартайған  адамдарды 

бiзге  текке  термелеп  отырған  жоқ:  күлкiлi  және  өте  қайғылы... 

Ол  кәсіби  маман  тарапынан  қазіргі  қазақ  прозасындағы 

мистикалық  стильді  меңгерген,  ең  басты  жаңалығы  фентези 

жанрын қалыптастырушы, төл әдебиетіміздегі Төлен Әбдіков пен 

тұңғыш  қазақтың  фантаст-жазушысы  Ш.Әлімбаевтың  ізбасары, 

шетелден  Х.Л.Борхестен  тәлім  алған  жас  жазушы  ретінде 

бағаланған.   

Келесі  автор  –  Мерей  Қосын.  Әдебиет  порталында, 

Қазақстанның  ашық  кітапханасында  (электронды)  «Олардың 

тарихы»  беллетристикасы»  деген  кітабы  тұр.  Көлемі  –  25-30  бет. 

Мерейдің әңгімелері 2-3 беттен аспайды. «Аккаунттағы тербеліс», 

«Буве  нүктесі»,  «Жамандықты  қорғау»,  «Нерд»,  «Тозақты  есту», 

«Салқындық»,  «Бар  болу»  деген  әңгімелер  жазған.  Жоғарыда 

жастардың  шығармаларына  сергек  қарап,  өзінің  кәсіби 

біліктілігімен 

бағасын 


беретін 

мәдениеттанушы 

Ә.Қодар 

«Мерейдің  минималистік  қосы»  деген  шағын  мақаласында  жас 

авторды  постмодернистердің  бір  бұтағы  боп  саналатын 

минималистік  бағыттағы  жаңа  есім  деп  атаған  еді.  Ә.Қодардың 

пікірлеріне  алып-қосарымыз  жоқ.  Мерейдің  «Нерд»  деген  бір 

әңгімесіне  ғана  тоқталайық.  Жақшаның  ішінде  ағылшыншасы  да 




148 

жазылған,  қазақшасы  «оқымысты»  деген  сөзге  келеді  екен 

(ботаник).  Екі  беттей  әңгіме.  Қысқаша,  автордың  өзінің 

баяндауымен  айтсақ  былай:  Онлайн  дос  пен  Ол  екеуінің 

арасындағы  диалог.  Олар  бір  реакция  туралы  сөйлеседі.  Ол  оған 

видеосын  жібереді  (онлайн  досына).  Сосын  Ол  дәретханаға 

бармақшы  боп  өз  бөлмесінен  шығады.  Ол  үй  ішіндегі  бірнеше 

әйелдің  анасы  қайсы,  басқасы  қайсы  жақсы  тани  қоймаса  да, 

қолын  шошайтып  суық  амандаса  салады.  Өзін  «Телқоңыр»  деп 

атағанына қарағанда олар бұған туыс сияқты... Бірақ, ол сөзді өзі 

ешқашан түсінген емес. Өз бөлмесіндегі химиялық сұйықтықтарға 

толған  ыдыстар  мен  тәжірибеге  арналған  физикалық  түрлі 

заттардан  шыққан  иіс  өзіне  жағады  екен.  «Адам  ағзасының  жаңа 

қуаты» деген «22» әріптен тұратын сөз бүкіл жұмысы мен өмірінің 

мәніне айналғанына көп болса да есіне түсіре алмайды. Стэнфорд 

университетіндегі 

Онлайн 

досы 


екеуі 

бұл 


жобаларын 

Силикондағы  зерттеу  орталығына  ұсынуды  жоспарлап  қойыпты. 

Оның  жаны  терлейді.  Бір  формулаларды  жазған.  Әлден  уақта 

бөлмедегі  жарық  сөніп  қалады.  Ал  басқа  бөлмеде  шулаған  бөтен 

адамдар.  Бағанағы  әйелдер  бөтен  боп  шықты.  «Ол:  өлімсіз, 

аурусыз өмір «Жаңа әлемді тудырады» деген ойға кетеді. Тағы да 

жаны терлейді. Құлағына бір зарлы үн естіледі. Жарық әлі жанған 

жоқ,  жануға  да  асығар  емес.  Ол  құлағын  басып  ап,  қуыс-қуысқа 

тығылады.  Бұл  дауыс  бөтен  емес  екенін  сезеді.  Ол  ақыры  далаға 

жүгіріп  шығады.  Баспалдақтардан  аяғы  көтеріліп  ұшып  келе 

жатқандай көрінеді. Ол дала ауасына кіріп кетеді. Қыстың қаңтар 

айы екен, бірақ далада жаңбыр жауып тұр дейді. Алматының ауа-

райы туралы ол ойланып көрмепті. Енді оған көшедегі көліктердің

жаңбырдың дауысы естілмейді. Бірақ, әлгі зарлы үн әлі естіліп тұр. 

Байқаса:  ол  сырттан  емес,  өзінің  ішінен  шығып  жатқан  сияқты. 

«Өлімнің  зары»  оны  жұтып  бара  жатты.  Оның  жаны  соңғы  рет 

тағы терлейді. Жаңбыр әлі жауып тұр. 08.02.2016».  

Жалпы,  Мерейдің  кейіпкерлері  «Тозақтың  дауысын»  да 

естиді.  Әңгімелері  шамамен  осындай.  Онда  реалды  уақыт  пен 

кеңістік  бұлдыр,  белгісіз.  Кейіпкерлердің  аты-жөндері  де  жоқ. 

Мысалы,  ол,  онлайн  адамдар,  аккаунттағы  таныс,  тірі-өлі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет